Т°рбие мен оіыту процестерi арасында±ы йлесiмдiлiктiі психологиялыі- педагогикалыі негiздерi



бет4/7
Дата20.06.2022
өлшемі0.59 Mb.
#459375
1   2   3   4   5   6   7
kur -tarbie-men-oqytu-procesteri-arasyndagy-uylesimdiliktin-psihologijalyq-pedagogikalyq-negizderi

Оқыту процесiнiң мақсаттылық принципi
Әрбiр сабақға дайындалу үшiн ең алдымен оның мақсатын анықтайды мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейдi. өйткенi оқыту әдiстерi олардың мақсаттарына байланысты осыған орай, әрбiр баланың және ұжымының ерекшелiктерiн еске алып, мұғалiм оқыту жұмысының формаларын, мазмұнын, әдiстерiн iрiктеп алады.


Оқытудың ғылымилық принципi.
Бұл прицнип табиқат қоғам, мәдениет, ойлау, дамудың заңдылықтарын бiлудi талап етедi. Ғылымилық принцип оқу бақдарламаларын, оқулықтарды жасақанда алынып, оқыту процесiнде жүзеге асырылады. Ғылымилық принцип оқушылардың таным қабiлетiнiң дамуына, дүниеге көзқарасының және жоқары адамгершiлiк қасиеттерiнiң қалыптасуына әсер етедi.


Түсiнiктiлiк принципi.
Түсiлiктiлiк принциптi оқытуды оғшылардың дайындық деңгеiне сай ұымдастыруды талап етедi. Сонымен бiрге оқушыларға тапсырма “ең таяу даму санасына” сәйкес берiлуi тиiс, яғни тапсырманы мұғалiмнiң басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету керек. Егер тапсырма аса ауыр болса, онда оқушының ықыласы төмендейдi, сенiмi кетедi, күшiне зиян келедi.


Сапалылық пен белсендiлiк принципi
Сапалылық пен белсендiлiк принципi дегенiмiз бiлiмдi сапалылықпен белсене қабылдап, оның өмiр және практикамен байланысын тереңдету, оқылатын фактiлер мен құбылыстардың мәнiн түсiну сабақ үстiнде берiлген тапсырмаларды оқушылардың сапалылық пен орындауды, олардың белсендiлiгiн арттырады. Мысалы: Тiл сабақтарында грамматикалық ережелердi теория – тұрғысынан терең ұғыну қажет болса, ол сәйлемдердi сөз таптарына, сәйлем мүшелерiне ажыраты бiлу оқушылардың iскерлiк пен дағдыны саналылықпен игеруiн көрсетедi.


Көрнекiлiк принципi
Көрнекiлiк принципiн алқам зертеп, оған мәндi үлес қосқан Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский т.б. педагогтар болды. Осы принцип негiзiнде Я.А. Коменский алғашғы оқытудың әдiстемесiн жазды. К.Д. Ушинский көрнекiлiк жайындағы iлiмдi дамыту келiп, көрнекiлiк - баланың психологисының ерекшелiктерiне жауап бередi, балалар заттардың пiшiнi, дыбысы, баяны арқылы ойлайды дедi. Көрнекiлiктiң түрлерi:
Табиғи көрнекiлiкке коллекциядағы кептiрiлген әсiмдiктер, хайуандар мен ғұстардың тұбылы, минералдар және т.б. жатады.
Заттар мен бейнелу көрнекiлiгi: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура кескiндеме және мңсiн үлгiлерi жер бетiнiң бедерi т.б.
Символдық көрнекiлiкке карталар, картограммалар, схемалар кестелер жатады.
Көрнекi құралдар оқу материалдарын, әсiресе, теориялық ережелердi есте жақсы сақтау және жеңiл түсiну үшiн қолданылады.


Педагогикалық процесiн бақытылық принципi.
Жеке адамның әр жақсы дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесiмдiгiне ықпал жасайды. Ағыл - ой адамгершiлiк және еңбек тәрбиесiн тығыз бiрлiкте қамтамасыз ету педагогикалық процестiң бақыттылық процесiнiң негiзiн құрайды “Еңбек бiлiм берумен қатар жүрмейiнше, тәрбиелiк пайда келтiрмейдi бейтарап процесс болады” – дейдi А.С. Макаренко.
Сонымен, тұтас педагогикалық процесте кешендi ықпал жасау бұл әр түрлi iс - әрекеттен нақты жоспарлау әр түрлi жұмыстарды (саяси - идеялық, қоғамдық пайдалы және әнiмдi еңбек т.б.) табиғи бiрлiкте жүзеге асыру.
Баланың қабiлеттiлiгi мен бейiмдiлiгiн дамыту, қоғамдық белсендiлiгiн арттыру, еңбекке, кәсiби бақдар беруге, ғылым мен техникақа, әнерге, әдебиетке, спортқа, ұлттық дәстүрлерге құштарлығын тәрбиелеу, олардың мәдени демалысын бас уақытын, дұрыс ұйымдастыру мақсатында осы жұмыстардың бәрiн мектептен тыс бiлiм және тәрбие беру мекемелерi ұйымдастырады. Мұндай мекемелерге: балалар клубтары мен парктер,балалар кiтапханалары, балалар театралары мен кино, жас техниктер, жас наутралситер станциялары, балалар стадиондары, спорт, музыка мектептерi және мектептен тыс басқа да балалар мекемелерi жатады.
Балаларға мектептен тыс бiлiм және тәрбие беру мекемелерi мектептерге жан - жақты көмек көрсетедi, мектептермен бiрiге отырып, оқушыларды әржақты жұмысқа тартады мектеп оқушылары ауыл шаруашылық тәжiрибелiк және табиқатты зерттеу мен қорған жұмыстарына, әр түрлi байғаулар мен сайыстарға, слеттер мен көркемәнерге қатысады. Мысалы, жас натуралистер станциясы ауыл шаруашылығына және табиқатқа бейiмдiлiгiн, қызығушылығын көрсете бiлген оқушылар үшiн үйiрмелер, жас натуралистер, жас механизаторлар, жас метеоролтар, жас агрохимиктер қоғамдарын үйымдастырады.
Сонымен, барлық мектептен тыс бiлiм және тәрбие беру мекемелерiнiң жұмысы өздерiнiң ережелерi мен бақдарламасына, оқушылардың өз iс - әрекеттерiне негiзделе жүзеге асырылады. Тәрбие мен бiлiм беру жұмыстарын оындай принциптердi негiзге ала - отырып жүргiзудең нәтижесiнде, оқушылардың түрлi iс - әрекеттерiнде қызығушылығы
Мән бейiмдiлiгi байқалады, таным қабiлетi дамиды саналы тәрбие, терең және тиянақты бiлiм алу жолындағы күресте белсендiлiгi артады. Мiне, осылардың нәтижесiнде олардың өмiрге, дүниеге ғылыми көзқарасытары кеңидi, қалыптасады.
Мектептен тыс халықа бiлiм және тәрбие беру жүйесiне саяси мәдени ақарту мекемелерi де кiредi. Оларға кiтапханалар, клубтар, әлеуметтiк саяси орталық кино, театрлар, түрлi көркемдер мен музейлер, спорт мекемелерi жатады. Бұл мекемелер халық арасында күнделiктi өмiр талаптарына жауап беретiн саяси және мәдени ақарту жұмыстарын жүргiзiп, уақыздайды.
Оқыту процесiнiң ғылыми теориясы оқушының танымдық iс - әрекетiн ұйымдастыруды, олардың бiлiмнiң ғылыми жүйесiн тиiмдi игерудi қамтамасыз ететiн iскерлiкпен дағдылануды танымдық күштерiн дамытуды, ақыл - ой iс - әрекетiнiң нақтылы амалдарын пайымдайтын, қабiлеттiлiктi, дүние дамыту және жеке басты дамытуды қалыптастыру тәсiлдерi мен амалдарын зерттейдi, қарастырады. Оқыту процесiнде жалпы құралы ретiнде тәрбие мақсаты, мiндеттерi, мазмұнын амалы, түрлерi, әдiстерi, методикалық тәсiлдерi, оқушыларға берiлетiн тапсырмалар айқындалады оқытудың тәрбиелiк функциясы - оқытудың тәрбиелiк ықпалы жайындағы идея Я.А. Коменскийдiң, И.Ф. Гербарттын, Ф.А. Дистервентiң Н.И. Пироговтың және К.Д, Ушинскийдiң еңбектерiнде мазмұндалған.
И.Ф. Гербарт оқыту адамгершiлiк тәрбиесiн сiз мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.
Н.И. Пирогов пен К.Д. Ушинский алқам рет педагогика тарихында оқытудың тәрбиелiк сипатын, оның ғылыми мазмұнына, тәуелдi дедi.
К.Д. Ушинскийдiң педагогикалық теориясында оқыту және оқу тәрбиенiң кңдiреттi құралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып оқыту Ушинскийдiң айтуы бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байғақымтығын, ойын, есiп, ғиялын дамыту, оны әлеуметтiк және еңбек iс - әрекеттерiне дайындау тәрбиелей отырып оқыту ғылыми - теориялар мен ережелердiң оқушының дүние танымы мен сенiмiне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мiнез - құлқы игеруiн қамтамасыз етуге әсер етедi. Оғыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмiрге, бiлiм алуға тәрбиелейдi, ақыл - ой қабiлетiн дамытады, адамгершiлiк қасиетiн қамыптастырады.
Сонымен, оқыту оқушыларды терең бiлiммен қаруландырады ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейдi.
Тәрбие процесi өзiнiң құрылысына бақыт - бақдарына қарай диалектика заңына негiзделген. Сондықтан да педагогика ғылыми – диалектикалық ғылым деп санаймыз, өйткенi, тәрбие процесiнде әлеуметтiк, психологиялық және педагогикалық факторлар бiр - бiрiмен ңштасып бiрлiкте болатындығын қалымдар дәлелдеуде. Тәрбие процесiнiң заңдылықтары мен ғөзғаушы күшiн психологтар мен педагогтардың Н.И. Болдырев, М.А. Данилов, Ф.Ф. Королев, Г.С. Костюк, Г.И. Шукина, Б.Т. Лихачев т.б. еңбектерiнде дәлелденген. Тәрбие процесiнiң диалектикалық мәнi, оның даму үстiнде болып белгiлi сатымен диалектикалық икемдiкте өзгерiп отырады. Себебi, тәрбие процесi әлеуметтiк талапға негiзделiп дами отыра оқушының жас және өмiр тәжiрибелерiне орай өзгерiске түсiп, кейбiр балалардың өмiр жағдайларын ескерiп басқаша да құрылады. Мысалы: бiр оқушыға жасалынған педагогикалық әдiс, тәсiл немесе амал бiр жағдайда нәтижесiн берсе, екiншi жағдайда ешғандай пайда бермейдi. Бңкiл тәрбие процесi ұйымдастырылып жүргiзiлудiң әрбiр кезеңдерiнде iшкi қарама - қайшылықтарға кездесiп отырады.
Тәрбие процесiнiң iшкi қарама қайшылықтарының мәнi – оқушыға жасалынатын сыртқы әсерлер педагогикалық ықпалдар мен баланың iшкi позициясы яғни жол дүниесi мен қызығушылығы аралықтарында туындайды.
Тәрбие процесiнiң заңдылығы деп педагогикалық құбылыстар мен процестердiң бiр - бiрiнен объективтi түрде байланысып жатуымен сипатталынады. Тәрбие процесiнiң заңдылығы (мен жеке тұлғаның даму заңдылығына тән) қоғамдық құбылыс ретiнде тәрбие заңдылығымен жеке тұлғаның даму заңдылығына тән. Әрбiр жеке адамның iс - әрекетi мен қызметi және басқа адамдармен қарым - қатынасы, оның әлеуметтiк өмiрiн құрайды. Оқушының сапасын, мiнез - құлқы, сала сезiмдерi, талап - тiлектерi мен мұқтаждықтарының қалыптасуы мен дамуы мақсатты және бақыт - бақдарлы ұымдаса тәрбие жұмысының қорытындысы терiнде, оларды қоршақан ортаның тiкелей ықпал жасауымен қалыптасады себебi жеке адамның айналасын қоршақан заттар мен нәрселер, табиғи және әлеуметтiк құбылыстардың барлығы, оның сана - сезiмiне, мiнез - құлқына, рухани дүниетанымына өзiндiк iзiн қалдырады. Сондықтан да тәрбие процесiнiң мазмұндары қоғамдық ортаның объективтiк және субъективтiк факторларымен тығыз байланыста болатындығы – тәрбие процесi заңдылықтары болып есептеледi.
Бiлiм беру саласында оқыту процесiнiң мәнi өте зор, ойткенi осы кездегi қоғамдық - әндiрiстiк қатынастың дамуы оқытудың ғылыми - практикалық деңгейiне байланысты. Оқыту процесiн ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бiржағынан оқыту объектiсi, екiншi жағынан оқыту субъектiсi болады. Оқыту процесiнде мұғалiмдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулерiне зор сүйенiш болады оқытудың субъектiлер мен объектiлерi арасында әр түрлi байланыстар пайда болады. Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетiлген. Сондықтан педагогиканы А.С. Макаренко диалектикалық ғылым деп санайды оқыту және тәрбие процесiнiң диалектикасы оның өзара байланысында, үздiнсiз дамуында, жылжы магiлығында және қарама - қайшылығында ашылады. Педагогикалық процестiң заңдылықтары Ю.К. Бабанскийдiң, И.Я. Лернердiң, И.Ф. Харламовтың еңбектерiнде де кездеседi. Оқыту процесi бiлiм беру тәрбие және даму процестерiмен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жол жақты дамуына көмектесе отырып, бiлiм беру, тәрбие және даму функцияларының бiрлiкте iске асуына мүмкiндiк туғызады. Л.С. Выготскийдiң айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының “ең таяу даму занасын” жасайды, баланы iзденуге талаптандырады және дамудың бiрнеше iшкi процестерiн қозқалысқа келтiредi. “Ең таяу даму занасы” одан әрi “актуалды даму зонасына” кемуi тиiс, яғни бұл зонада оқушы тиiстi тапсырмаларды өз бетiмен орындайды.
Педагогиканың пәнi категориясы оқыту және тәрбие бiр - бiрiмен өзара байланысып тұтас педагогикалық процеске айналады. Бiрақ осы ұғымның өзiнше ерекшелiктерi бар. Қазiргi кезеңде тұтас педагогикалық процестiң мәнi өте зор ойткенi қоғамдық - әндiрiстiк қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бiрлестiгi принципiнiң толық iске ауын талап етедi. Орта, жоқары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесiнде бiлiм беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесiн тұтас педагогикалық процесс немесе оқу - тәрбие (мiндеттерiн толық шешу үшiн сабақ) процесi деп айтамыз. Бiлiм беру мен тәрбие мiндеттерiн толық шешу үшiн сабақ үстiнде әрбiр тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестiрiп өткiзу озi - тәрбие процесiнiң басты шарты Педагогикалық процестi ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бiр жағынан тәрбие объектiсi, екiншi жағынан тәрбие субъектiсi болады. Осыған орай, оқу, тiрбие процесiнде мұғалiмдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулерiне зор сүйенiм болады. Тәрбиенiң субъектiлерi мен объектiлерi арасында әр түрлi байланыстар пайда болады. Тәрбие мен оқыту процестерi бiрте - бiрте өзiн - өзi тәрбиелеу және өз бетiмен бiлiм алу процестерiне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процестi оқыту, тәрбие, бiлiм және даму процестерiнiң табиғи бiрлiгi деп қарастырамыз.
Тұтас педагогикалық процестiң мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, формалары және әдiстер қоғамның әлеуметтiк – экономикалық талаптарына, саясатына байланысты мектепте оқу - тәрбие жұмысын ғылыми техникалық ңдеу негiзiнде ұйымдастыру үшiн педагогикалық процестiң заңдылықтарында көрсетiлген мiндеттердi толық iске асыруда педагогикалық ұжымға, оның әрбiр мүшелерiнiң iскерлiк, бiлiмдарлық, шығармашылық қабiлеттерiне сүйену қажет. Оқыту мен тәрбие тұтас педагогикалық процесте табиғи өзара байланысты.
Бұлардың бiрлiгiн бiр - бiрiнен ажыратуға болмайтындығын дәлелдейдi. Оқыту және тәрбие процесiнiң арасындағы байланысты тiкелей аралық қатынастан байғауға болады осындай тұтастық педагогикалық принциптерiнiң жүйесiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет