Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет123/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

мұрагерге. Дастанды өзбек тіліне аударған Қ.Каримов осы бәйітке 
«сұрақтан [гөрі оның] жауабы көбірек» болады ғой деген ескерту 
жасайды. 
1022. Беріпті атақ, сыйлық небірін де, Тағатын әшекейлі 
темірін де. Бұл жерде патшаның Айтолдыға берген уәзірлік 
дәрежесі (қызмет орны), тамға (мөр), құрметті атақ (айағ), ту 
(туғ), дабыл, (қыйағ) сияқты сый-құрметтері туралы сөз болып 
отыр. Қ.Каримов айағ сөзін «идиш» (ыдыс, аяқ- табақ) деп 
аударған (шынында, ол «құрметті атақ» деген мағына береді). 
Қыйағ бұл аудармашы «таяғ» деп оқу керек шығар деп ескертеді 


548
де, бірақ оны «жиға» деп аударады. Өзбек тіліндегі жиға сөзі – 
этнографиялық термин: ер адамдардың түрлі-түсті асыл тастар 
тізіп, үкі таққан бас киіміне безеп тіккен жарты ай сияқты темір 
әшекей (соның аты). С.Н.Иванов бұл бәйіт туралы арнаулы 
түсінік беріп, уәзірге тән сыйлықтардың қатарына сауытты да 
(қольчуга) қосады [1036-бәйіт], бірақ ол «Наманган» нұсқасында 
кездеспейді. Орысша аудармасында қыйағ сөзі аталмай қалған, ол 
сөз «ДТС» деген еңбекте де көрсетілмеген. А.Егеубаев былай деп 
аударған: «Уәзір атақ берді, байрақты, Таңба беріп, көңілін бір 
жайлапты» [1036-бәйіт]. Тиісті түсінік берілмеген. Түпнұсқада 
байрақ емес, туғ (яғни ту), таңба емес, тамға – бұл сөздер қазақ 
тілінде де бар.
1038. Жеміріліп, сөніп тынды толған ай – Айтолдының қайтыс 
болғаны туралы айтылып отыр. Бұдан әрі оның қалай ауырғаны 
туралы әңгіме болады. «Құтадғу біліктің» орысша және қазақша 
аудармаларында ондай ұғым жоқ. Орысша: «И вот уж луна – 
перед убылью света» [1052- бәйіт] және қазақша: «Тола-тола 
жіңішкеріп Ай қалды» [1052-бәйіт]. Демек, бұл – «Айтолды әлі 
қайтыс болған жоқ» деген сөз.
1039. Төрт болмысым ішімдегі қармасты, Бірі жеңіп, үшеуін 
де сол басты. С.Н.Ивановтың берген түсініктемесі бойынша, 
ежелгі Шығыс елдерінің медицина ілімі адам баласының 
бойында төрт сұйық элемент бар деп есептейді. Оларға түсі мен 
тегіне қарай қызыл – қан, сары – от, қара ірің және ақ элемент – 
сілекей деп жіктейді. Бұлардын арасындағы тепе-теңдік бұзыла 
қалған жағдайда адам әртүрлі ауруларға ұшырайды. Гиппократ 
адам денесінде төрт түрлі сұйық зат – сол болады деп үйретеді. 
Кісінің мінез-құлығы осы заттарға (қан, сілекей, сары өт, қара өт) 
байланысты қалыптасады деп көрсетеді. 
1050. Шалиса бер, тарияқтың нәрін бер, Митридус, өгіт, 
чурни – бәрін бер. Бұл жерде ауырып жатқан Айтолдыға берілетін 
дәрілердің аттары келтірілген. Оларды Қ.Каримов былай 
түсіндіреді: шалиса – жан-жақты пайда беретін дәрі; тарияқ 
(терияк) – әр алуан қоспалардан жасалып у-ға қарсы жұмсалатын 
дәрі; Митридус – әртүрлі нәрседен қосылып жасалған дәрі, 
соны жасаған кісінің атымен аталған; чурни – сүргі дәрі; өгіт 
– зафранға (запранға) қарсы бірнеше нәрселердің күрделі 


549
қоспалары қосылып жасалған дәрі. «Құтадғу біліктің» орысша 
басылымында бұл дәрілердің аттары аталмайды («зелье, травы, 
яды, отрава, смеси-услады» деп беріледі [1064-бәйіт]. Қазақша 
басылымында былай аударылған: «Балыңды бер, жаныңды бер 
– бәрібір, шырыныңды, барыңды бер – бәрібір» [1064–бәйіт]. 
С.Н.Иванов та, А.Егеубаев та арнаулы түсінік бермеген.
1096. Шипа тілеп Раббымнан жайды қол. Раббы деген сөз «1) 
Құдай, билеуші; 2) мырза, тақсыр; 3) ие, қожа; 4) басшы, бастық, 
басқарушы» деген мағына береді (Н.Ондасынов). 1168-1169 
бәйіттер рубаят сияқты өзара ұйқасып келеді. С.Н.Ивановтың 
еңбегінде бұлар екі бәйіт ретінде жеке-жеке аударылған [1182-
1183 бәйіттер]. А.Егеубаев аудармасында да осылай [1182-1183 
бәйіттер]. 
1183. Бұл ажалды тияр болса мал-мүлік, Өлмес еді әкім беріп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет