Қорытынды:
Маятник жібінің ұзындығы артқан сайын,тербеліс периоды көбірек болады. Еркін түсу үдеуі болса периодқа кері пропорционал,яғни еркін түсу үдеуі артқан сайын тербеліс периоды кемиді,ал жиілік керісінеше себебі ол периодқа кері шама демек,жиілік еркін түсу үдеуіне тура пропорционал болады.Сонымен қатар маятниктің тербеліс периоды тербеліс саны да,тербеліс амплитудасына да тәуелді емес.Тек ғана маятник жібінің ұзындығына тәуелді болады.
Тақырыбы:Көкжиекке бұрыш жасай лактыру лақтырылған дененің қозғалысын қарастыру.
Жұмыстың мақсаты: Горизонтальға бұрыш жасап лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу
Қажетті құрал - жабдықтар:АКТ құралы, Физика в картинках платформасы
Қысқаша теориялық түсінік
К өкжиекке α бұрышпен белгілі бір бастапқы жылдамдықпен лақтырылған дененің қозғалысы көкжиекке бұрышпен лақтырылған дене қозғалысы деп аталады. Көкжиекке бұрышпен лақтырылған дене қозғалысын екі карапайым түзу сызықты қозғалыстың үйлесімі ретінде қарауға болады: горизонталь бойынша бірқалыпты қозғалыс және вертикаль бойынша жоғары бағытталған теңбаяулайтын қозғалыс (лақтырылған дене максимальды биіктікке жеткенге дейін), сонымен қатар, дене максимал биіктікке жеткеннен соңғы құлау еркін түсу деп сипатталады.Көкжиекке бастапқы жылдамдықпен бұрыш жасай лақтырылған дененің ұшу қашықтығы бастапқы жылдамдық пен лақтыру бұрышына тәуелді.
Дене 0х осімен тұрақты: жылдамдықпен қозғалады.
Оу осінде максимал көтерілу биіктігіне жеткенше дене теңкемімелі қозғалыста болады,бастапқы жылдамдық мына формуламен анықталады
Траекторияның жоғары нүктесінде 0,содан кейін дене төмен түсіп,теңүдемелі қозғалыста болады.
Жұмыс барысы:
1 .Физика в картинках платформасына кіріңіз
2.Жылдамдық пен бұрышты өзгерте отырып экспериментті орындаңыз.
3.Алынған нәтижелерді талдау арқылы қорытынды жасаңыз.
Қорытынды:
Горизонтальға бұрыш жасап лақтырып, дененің қозғалысын, ұшу бұрышын, ұшып өткен жолын таптық.Физика в картинках платформасы арқылы экспериментті дәл мәнде анықтай алдық.
Достарыңызбен бөлісу: |