Тақырыбы:Блок
Жұмыстың мақсаты:
Қ ажетті құрал - жабдықтар:
Штатив негізі 1
Штатив өзегі 1
Жүктер жиыны 50гр,6
Динамометр 2
Жіп
Блок тегері 1
Қысқыш панель 1
Қысқаша теориялық түсінік:
Блок дегеніміз — өз осінің төңірегінен айнала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік.
Блок науасы арқылы арқан, трос немесе шынжыр тасталады.
Блоктар жылжымалы және жылжымайтын болып екіге бөлінеді:
_ Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блок — жылжымайтын блок деп аталады.
_Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады.
Жылжымайтын блок жылжымалы блокпен бірге ғана ұтыс беретіндігін көрсетеді.
_ Блок көмегімен және блоксыз орындалатын іс-әрекетті салыстырады.
_ Кез келген таразы моменттер ережесіне бағынатындығын ерекшелейді, жай механизмдердің тұрмыста және өндірісте өте пайдалы екендігін жақтайды.
Жұмыс барысы:
Қорытынды.
Тақырыбы:Судың бетіндегі толқын ұзындығы.
Жұмыстың мақсаты: Судың бетіндегі толқын ұзындығын анықтау
Қ ажетті құрал - жабдықтар:
Су толтырылған ыдыс.
Әртүрлі салмақтағы жүктер жиыны.
Секундомер
Метр
Штатив
Жұмыс барысы:
1.
2.
3.
4.
Қысқаша теориялық түсінік:
Суға лақтырылған тастың түскен жерінде пайда болады. Тас түскен жердегі су ығысады да, ол жерде ойыс пайда болады. Ойыс төңірегінде ығысқан су дөңгелек сақина пішінді өркеш түзеді. Бұл өркеш сол мезетте-ақ жан-жағына қарай кеңейе отырып, тастың түскен жерінен алыстай бастайды. Біріншіден кейін екінші, содан соң үшінші, т.с.с. өркештер пайда болады. Өркештер бір-бірінен ойыстармен бөлінеді. Бұл процесс толқындық қозғалыс болып табылады. Мұндағы ең маңызды анықтап алатын жай — судың толқынмен бірге ығыспайтыны. Егер сол толқын бетіне суда қалқып жүретін кез келген денені (қалтқы, ойыншық қайық, тал қабығы, т. б.) тастасақ, онда олардың жағалауға жақындамайтынын, тек сол толқынның өркештеріне келгенде көтеріліп, ойыстарына келгенде төмен түсіп, тербеліп қана тұратынын байқауға болады.
Тербелістің ортада таралу процесін толқындық қозғалыс деп, ал өзара байланысып тербелетін материялық нүктелер жиынтығын толқын деп атайды. Тербеліс таралған кезде энергия қоршаған ортаға беріледі, сондықтан үздіксіз толқын таралу үшін сол серпімді ортада орналасқан тербеліс көзі болу керек. Толқындық қозғалыс кезінде кеңістіктің бір аумағынан екінші аумағына бөлшектер емес энергия тасымалданады. Егер ортаның бір бөлшегі тербемелі қозғалыс күйіне келсе, онда дәл осы күйге сол жүйемен байланысқан барлық жүйенің де бөлшектері тербемелі қозғалысқа келеді, бірақ уақыт бойынша кешігеді.
Қорытынды.
Тақырыбы:Гук заңы.
Жұмыстың мақсаты: Серіппе ұзындығының өзгеруі мен серіппеге әсер ететін күш арасындағы байланысты түсіну
Қажетті құрал - жабдықтар:
1 штатив негізі.
1 штатив өзегі 50см
Цилиндр тәрізді жүктер жиыны.
Рулетка
Қысқыш муфта
Серіппе
Қысқаша теориялық түсінік:
Гук заңы тәжірибе негізінде көптеген серпімді денелер үшін белгілі бір шекте жүктемелеу арқылы расталады. Гук заңы тура пропорционал болып табылатын тегеуріннің ең жоғары шегі — пропорционалдық шек болып табылады. Бұл заң ұлғаю, сығу және ығыстыру кезіндегі Гук заңы болып бөлінеді.
Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады.
Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады.
1.күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды.
2.Денеге күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды.
Серпімді деформация үшін Гук заңы
Деформация кезінде пайда болатын серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (сығылуына) тура пропорциональ және деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған.
Fсерп=-kx
Мұндағы: k- дененің қатаңдығы, x- деформация.
Қорытынды.
Тәжірибе нәтижесінде дене ұзындығының өзгеруі мен серіппеге әсер ететін күш арасындағы байланысты зерттей алдық.Диаметрі 1,5 см серіппенің қатаңдығы 0,1Н/м,ал диаметрі 2 см серіппенің қатаңдығы 0,25 ге тең болды.Яғни,диаметрі кіші серіппенің қатаңдығы,диаметрі үлкен серіппенің қатаңдығынан үлкен болады.Гук заңына сәйкес серіппенің созылуы немесе сығылуы кезіндегі серпімділік күшінің модулі серіппе ұзындығының өзгеруіне тура попорционал болады
Тақырыбы:Қатты заттың көлемін,тығыздығын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Құю ыдысының көмегімен заттың көлемін,тығыздығын анықтау
Қажетті құрал - жабдықтар:
Мензурка
Ыдыс
Жүктер жиыны
Таразы
Жұмыс барысы:
1.
2.
3.
4.
Қысқаша теориялық түсінік:
Достарыңызбен бөлісу: |