Түрлі денелердің ұзындықтарын өлшеу



бет9/9
Дата12.04.2024
өлшемі4.72 Mb.
#498465
1   2   3   4   5   6   7   8   9
мфет 41 экс

Тақырыбы:Көлбеу жазықтық бойымен қозғалған денеге әсер ететін теңәсерлі күшті және үйкеліс коэффициентін анықтау.
Ж ұмыстың мақсаты: Денеге бір мезгілде бірнеше күш әсер еткенде дененің қозғалысын зерттеу.
Қажетті құрал - жабдықтар:
1.Көлбеу жазықтық.
2.Метр
3.Секундомер
4.Өлшеуіш дене.
Жұмыс барысы:
1.
2.
3.
4.

Қорытынды.


Көлбеу жазықтық бойымен төмен қарай сырғанай қозғалған дененің тең әсерлі күшін қарастырдық.Бұл жағдайда денеге қозғалыс бағытына қарсы бағытталған үйкеліс күші,дененің центрінен тік төмен қарай ауырлық күші,дененің центрінен тік жоғары бағытта тіреудің реакция күші әсер ететінін анықтадық
Тақырыбы:Ньютон заңдары(Vascak.)
Жұмыстың мақсаты: Ньютон заңдарымен танысу.
Қажетті құрал - жабдықтар: (Vascak.) виртуалды модельдеуші бағдарлама.
Қысқаша теориялық түсінік:
Ньютонның механика заңдары – Исаак Ньютон тұжырымдаған (1687) классикалық механиканың негізгі үш заңы.
Ньютонның механика заңдары микроәлем нысандары (атом, молекула, элементар бөлшектер) үшін және жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалған денелерге қолдануға келмейді.
 Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, немесе түзу сызықты және бір қалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл өздеріне таныс инерция заңы. Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.
Инерция заңы орындалмайтын санақ жүйелері болады екен. Мұндай санақ жүйелерінде дененің қозғалыс жылдамдығы өзара әрекеттесуден ғана емес, сол жүйенің үдемелі қозғалысынан да туындай алады. Ондай санақ жүйелері инерциялық емес санақ жүйелері деп аталады.
Ньютонның екінші заңы
Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және ол күшпен бағыттас болады, ал оның массасына кері пропорционал:
Эквивалентті формуласы:F=ma a=F/m
Мұндағы  – нүктенің массасы – үдеу,
F – әсер етуші күш.
Қарапайым бақылаулар, егер әр түрлі денелерге бірдей күшпен әрекет жасаса, олардың түрліше үдеу алатының көрсетеді.
Ньютонның механика заңдары Г. ГалилейХ. Гюйгенс,Ньютон және басқа ғалымдардың бақылаулары мен зерттеулерінің нәтижелерін қорытындалу арқылы тұжырымдалды. Қазіргі көзқарас және терминология бойынша бірінші және екінші заңдардағы денені материалдық нүкте деп, қозғалысты инерциалдық санақ жүйесіне қатысты қозғалыс деп түсіну керек.
Ньютонның үшінші заңы
Әрбір әсерге оған тең, бірақ кері бағытталған қарсы әсер болады, басқаша айтқанда, екі дене бір-біріне шама жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы күштермен әсер етеді.F=-F

Жұмыс барысы:


- Vascak виртуалды модельдеуші бағдарламасы арқылы Ньютоннның үш заңымен танысып эксперименттік тұрғыда орындаңыз.
_Алынған нәтижелер арқылы қортынды жасаңыз.
Қорытынды.
Vascak виртуалды модельдеуші бағдарламасы арқылы Ньютоннның үш заңымен танысып,формулаларын дәлелдедік және эксперименттік тұрғыда тәжірибені орындадық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет