|
-
Жауап: Егер басқа дінді қабылдаған ақын, жазушы болса, онда ол қазақ жазушысымын демей, ұстанған жолын ныспы қып алсын. Өйткені, жазушылық – ардың ісі. Ары таза болмаса, өзін де, елді адастырмасын.
-
Сол сұрақтың жауабын Абай да таба алмаған. Біздің де пешенемізге сол бұйыпып тұр-ау, осы.
Сұрақ: Тұрсын аға, ҚР-ғы 2000 мыңға жуық мешіттердің бәрі де қалталы азаматтардың қаражатынан салынған. Бір де бір мешіт мемлекеттік бюджет есебінен салынбаған. Ал Бас мүфти, Дін істері комитеті толығымен мемлекетке қарайды. Сонда қалай? Мәселен: Нұр Астана мешітін Катар мемлекеті салды. Шұбар мешітін Қ.Сатыбалды салды. Учхоздағы мешіттін кәсіпкер Манаев салдырған болатын. Тағы да солай кете береді. Барлығы да өз күндерін өздері көреді.
Ал Қазақстандағы шіркеулерді Ресей басқарады. Ресей қаржы бөледі. Бірақ осы барлық шіркеулер Қазақстан мемлекетінің бюджетінен салынады деп естідім. Осы қаншалықты әділеттілікке жатады?
Мен мешіт салғым келеді. Брақ анда жүгіремін, мұнда жүгіремін, іс бітер емес. Қазақстан емес - Қағазстан құдды. Қағаз, қағаз бітпейтін бір. "Жалғыздың үні шықпас" деген рас екен. Жаным жылайды. Көкірегім қарс айрылады. Қолдан келер шара жоқ. Ұлт зиялысы, қайраткері ретінде осыны неге айтпайсыз жоғары билікке? Сізді тыңдамағанда бізді тыңдай ма? Қол қусырып қарап отыра береміз бе?
|
|
-
Жауап: Дін туралы жаңа заңның жобасына орай өзім білетін Алдан Смайыл, Ғарифолла Есім, Бекболат сияқты азаматтарға ол заңның Патша тұсындағы миссионерлік-шоқындыру жобасының бүгінге негізделген көшірмесі екенін айтқамын. Олар сенбеген. Міне, соның зардабын сіз тартып отырсыз. Алда одан да үлкен қысымды бастан кешіресіз. Қапа киюге, сәлде орауға, қоғамдық жерде намаз оқуға тиым салатын заң жобасының да бар екенін естен шығармаңыз. Христиан дінінің астанасы Рим мен Парижде қабылданбаған заңның, Қазақстанда ойға келуі таңдандырады. Егерде біздің идеологтарымызға – қарсы қозғалыс керек болып отырса, сол кезде жауабын алатын болады деп есептеймін. Біреуге: «Наших бьють!» деген сылтау керек болып отырған жоқ па екен осы. Біздің үкімет мүшелерінің ішінде шоқынғандар бар деп естимін. Өтірік болғай!
Сұрақ: Мешіт салғанша мектеп пен балабақша салсаңдаршы, ақшаларың тасып бара жатса. сауабы мешіттен артық болмаса, кем болмайды.
Жауап: Алланың ісіне ақыл жүрмес болар.
|
Құрметті Тұрсын аға, осы сіз Асау ТАРПАҢ емессіз бе?
|
|
| -
4
-
Сұрақ: Құрметті Тұрсын аға, осы сіз Асау ТАРПАҢ емессіз бе Жауап беру
-
Жауап: Бас асаулығымның да, тарпаңдығымның да бары рас. Егер бұл мінездерді
-
Байқатсам, онда шынмен тосыннан ашуланғаным.
Сұрақ: - Тұраға,Астанада зиялы қауым қалыптасты ма? Жаңа буын туралы айтам.Аға буыннан жиналғандардың ішінде билікке ықпал етіп, ұлттың мүддесін өткізіп жүргендер бар ма?
- Мырзатай ағамыз бастаған топтың сайлау науқанындағы қызметін қалай бағалайсыз? Сізді линкомға шақырса, не істер едіңіз?
- Қазақ халқы азаттыққа қол жеткізде ме? Тәуелсіздікке ше? Жетсе, белгілерін атаңызшы.
- Біздегі қазақтілді Орта және жоғары білім беру деңгейі қалай?
|
|
-
Жауап: 1. Жас буын да, жаңа буын да бар. Ортасы жоқ шығар деп ойлаймын. Олар күш алу үшін әлі де он –он бес жыл керек. Солардың бастары да қосыла бермейтін сияқты.
-
2. Ұлттың мүддесін өткізу үшін оны түсінетін үкімет, саналы, мәдениетті шенеунік керек. Ондай адамдардан, құдайға шүкір, үкіметіміз толық арылып болып қалды.
-
3. Толық азаттыққа Ресейдің де қолы жеткен жоқ. Олар да батыс пен АҚШ қа тәуелді тұстары бар.
-
4. Мырзакең емтихан алды, сайлау науқанының үгіт, насихатына араласқанын көрген емеспін. Ол кісі мені бауырына тартқан емес.
5. Әй, қайдам! «Кемшілігіміз әр жерден көрініп тұр-ау»
Сұрақ: Армысыз,аға!Мен соңғы кездері бір үлкен мәселе көтеріп жүрмін.Ол мынадай,менің ойымша Әлихан БӨКЕЙХАН атамызды тарихта АЛАШАТА (АЛАШ-АТА,Алашата) деген атпен қалдырсақ дұрыс болар,сіз алаштанушы ретінде қалай қарайсыз?Бұл мәселе жайлы жақында мақала жазатын ойым бар.
Алаш баласы Ерлан АХМЕДИ
|
|
-
Жауап: жоғарыда жауап берілген.
Сұрақ: Қытайдағы Қазақстан елшілігі Қытай қазақтарын визадан тарықтырып отыр, Үрімші Қаласындағы Қазақстан Елшілігі алдында мынадай құлақтандыру тұр екен,Ақпан айының онбесінде жапсырылған бұл құлақтандыруда визаға кезекке тұрған Қазақтардың саны ОН МЫҢНАН асып кеткендіктен,қазыр визаға кезекке тұрғызбайтындығы жазылған,демек,он мың адам ақпан айына дейін виза ала алмаған,ал,біз көргенде,былтыр жаздағы МАМЫР айында мұнда кезекке тұрған ақсақалдың кезегі осы күнге дейін келмеген,мұндағы виза алып жатқандар,былтырғы осы мезгілдегі кезекке тұрған адамдар екен,ал,кезекке тұрғызу дегені мынау екен:елшілік алдына келіп,ондағы есік қараушы Қытай күзетшілеріне құжаттарыңызды өткізеді екенсіз,ол құжаттарға қарап,олар сізге бір шумақ сан жазылған қағаз береді екен,бұл сіздің кезек номеріңіз екен,соны алып,ауылға қайтады екенсіз,сосын,жарты жыл шамасы күтеді екенсіз,ал,соңғы кезде,елшілер күніне жирма адамға ғана виза беретінді тауыпты,ал,елшілік алдында жылап сықтаған шал- шауқан,кемпір - кешекте есеп жоқ, Қазақтар зарлап жылап жүргенімен,ҚЫТАЙЛАР МЕН ҰЙҒЫРЛАР жымың қағып жүр,себебі,олар еш кезек күтпейді екен,Елшіліктер оларды еш кедергісіз қабылдайды екен,себебі,олардан ашық пара алатын болса керек дейді сырттағы қазақтар,ал,Қазақтардан пара алқу үшін,осылайша виза жағдайын қолдан қыйындтып отыр екен,шыдамағандар,жалмаң қаққан делдалдарға пара беруге мәжбүр болады екен,ал,делдалдар,қазақтарға берілетін тегін визаны үш мың юан шамасында ашып береді екен,ал,пара бермесеңіз,жыл бойы күтеді екенсіз,Елбасының баяғыда Қазақ құрылтайында айтқан Шеттегі қазақтарға тегін виза беру туралы жарлығы Қытайда осылай атқарылып жатыр екен, мұнан да анық -қанық ақпарат алғыңыз келсе,бізге жауап жазыңыз,біз сіздерден көмек күтеміз,мұндағы қара қазақ баласы.
|
|
-
Жауап: кешегі жауабымда кеңінен тоқталып ем, әттең...Қадыр марқұмның: «О, ант атқан! Ант атқан! Осал жерін ерлердің қалай дәл ттапқан!» – деген өлең жолдары бар еді. Қалай дәл тапқан. Бұл мәселе қазір Елбасына дейін белгілі жайт деп ойлаймын. Кейде: екі жақтың құпия уағдаластығы жоқ па екен деген де күдік келеді.
-
Пара – түйенің теңі сияқты екі жаққа да аунап тұр ғой. Сіздерде, бастауыш мектепті қазақша оқуға кең жол ашылды деп естідім. Құтты болсын. Виза кешігіп болса да ашылар, мектеп жабылмасын деп тілеймін.
Сұрақ: Осы сұраққа қалай қарайсыз? Қытайдағы қазақ көші тоқтады,оған кінә Қазақстан елшілері ғана,себебі,Парақор
|
|
-
Жауап: Өте алаңдап қараймын. Мешкей деген жақсы атақ деп кім айтты?
Сұрақ: Аға қайда тұрасыз? Астанада болсаңыз студенттермен кездесу жасатсақ қалай қараайсыз?
|
|
-
Жауап: Ергүл! Есімдесің айналайын. Мен де сендерді, Бейжіңді, барлық студенттерді, Сы чи тайхуды (Зы жу юаньді) сағынып жүрмін. Мұхтар профессор биыл шақырмақ еді. Реті келмеді ғой деймін. Гың лаужиеге, Мұхтарға, Жанға, Еркінге, Нұрбақанға, Тоқтар мен Нұргүлге, бәріне сәлем айт. Еркінжан біздің орталықта қызмет істейді. Анар осында. Құрмангүл мен Өмірбек біраз болды, шайтанқұлақпен хабарласпағалы. Бір барып қайтуым керек болып тұр. Бәріңе де мәңгілік «О, айни!» тілеймін. Бақытты болыңдар, айн.алайындар!
Сұрақ: Құрметті Қазақстандық туыстар,Жоғарыдағы жолдаманы көріп,Қытайдың қазақтары сауатсыз жазады екен демеңіздер,бізде төтеше жазу қолданылады,Ахмет Байтұрсындікі,біз осы төтеше АРАБША жазуымызды Кирилшеге ТӨТЕ аударатын бағдарламалар арқылы аударып кеп жібергенімізде,жоғарыдағыдай болады,себебі,бізде отыз үш қарып,сіздерде қырық екі дегендей,егер,төтеше мен кирилшені аудару керек болса,мына араны көрерсіздер,http://www.tangjareh.com/juman/ сол арқылы Қытайдағы виза азабын арқалап,Қазақтың парақор елшілері қолдан жасаған жасанды тығырықран сіздер бас болып,қазақтың ұлтжанды азаматтары құтқарып шықса екен деп тілейміз
|
|
-
Жауап: Көмегіңе рахмет бауырым. Мәселе – таза ниетте. Ұстаз бен шәкірттің сағынышында. Осы, бертін ешкім болмаса – алатын қол қашанғы сөзылып тұра бермек. Оның да талып, қарысып қалатын кезі болатын шығар.
Сұрақ: Дулат Исабек: "Егер мен Мырзатай болсам үйімнен шықпай ауырып жат едім!.." деп жазды "Дат" газетінде. Елге қарар беті жоқ дегені ғой. Қолдаймыз. Бірақ Мырзатай ауырмақ түгілі одан сайын жағымпазданып жатыр. Өзінің орталығында Жамбыл Дүйсенов деген 6-7 жасар ақынының жыр кешін өткізді. Сіз бардыңыз ба? Сонда әлгі ақыны Нұр Отанды жырлады. Саясатты жырлады. Бұл не деген сұмдық?! Әлде тумай жатып іштен оқып туған бәле болып кеткен бе балалар? Неге одан да Астанада қаңғырып жүрген жас ақындарды ойламайды. Бір жыр кешін қып-қызыл шығынмен өткізгенше (1 миллион теңге кетті деп естідік!) орыстадың үйін жалдап, тапқан теңгесін айдың басында сықырлатып тұрып санап беретін шығармашыл жастарға берсе ғой! Ең болмаса 3-4-еуіне. Соны салтқаайналдырса. Әй, бірақ олар да сосын Мырзекеңнің ақылымен жүріп-тұратын шығар. Осындай рамкадағы айтыс, жыр кештері керек пе бізге? (Тек жалтақтамай, маған қатысы жоқ сұрақ демей, ол жерде болғам жоқ, жауап бере алмаймын демей, оны Жазушылар одағы шешсін демей, Астанадағы Әкім Тарази мен Несіпбек Айт біледі деп жауап бермей-ақ қойюыңызды өтінемін!). Сұрақ менен, жауап Сізден!
Астана қаласы. Медет.
|
|
-
Жауап: Медет-ау, кәдімгідей сес көрсеткен екенсің. Сен – қорқытқан бол, мен – қорыққан болайын.
-
1.Сол баланың обалы, бірінші, әке-шешесінде, жас сәбидің өзегін күйдіріп алмаса нетті? Жүйкесі бұзылады. Бұл ерте ашылған таланттың дені ұшырайтын дерт. Жылдам психологпен ақылдасуын өтінемін.
-
2. Мырзакең мені бауырына басып көрген емес. Сондықтан да бір нәрсені ойына алса, Мырзекең менімен ақылдаспайды. Ондай қаражатты шашатындай жомарттықты Мырзекеңнен өз басым көрген еемеспін.
-
3. Айтыстағы сөзге, ең бірінші, ақындардың өздері жауап беруге тиісті. Талантын қайда жұмсайтынын білетін түйсікке бәрі де ие. Екінші, демеуші дегеннің шарты бар емес пе? Қалайда айтысты тоқтатпаған дұрыс. Сол қателіктің өзі де сабақ.
Сұрақ: Қазақ қыздары кейбірі жалаңаштанып барады. Емшектерін ашық көрсетеді. Газетке береді. Время газетін қараңыз. Айша деген қазақ қызы туралы оқыдыңыз ба? Осы дұрыс па? Айша деген құрметті атты былғау ғой бұ! Назерке.
|
|
-
Жауап: Мақаланы оқығамын жоқ. Әдепсіздікті ұнатпаймын. Қостамаймын. «Енесіздің емшегі үлкен» деген. Сол қыздың анасы, әпкесі, жеңгесі қайда қарап жүр?
Сұрақ: Мен де Назеркеге келісемін. Время деген газет нағыз қазаққа дұшпандық саясаттағы арандатушы, азғындатушы басылым. Бізде соны көрмейтін "ақпараттық кеңістікті қорғағыш" депутаттар мен министрлер соқыр ма? Әлде олар да қазақтың дұшпандары ма?
|
|
-
Жауап: Жәдидтік таным – Алаш идеясының көктамыры. Жәдидтік қозағлыстың нәтижесінд, бүкіл мұсылман әлемі, түркі қауымы тәуелсіздікке қол жеткізді.
Сұрақ: Жәдидшілік деген қандай секта, ол тағы?
|
|
| -
Жауап: Ол секта емес, дүние танымдық қозғалыс. Өркениеттік, рухани азаттық жолы.
Сұрақ: құрмеte tuke aha :
меның оз басым шалғаи ауылда оқтушымын. быр аида быр жол ғана мектебымызден рұхсат алу еркындыгымыз бар. қызметке келып- кету барсында быр кұнде 4 рет қол қоямыз. ар жолғы қол қою уақты 15 минот қана сол аралықта қол қоя алмасаң « себепсыз жоқ» есептелып жалақыңнан ақша тартады. мыне осында и уақыт шықпаитын сорлы кұиде жұрып ата мекен қазақстанға барып ол жақтың даму жетыстыгын козбен корып, коңылге тұиып келу сынды когылдыр арманды ыске асыру қаншама қиын екенын тұсыну уақыт кеңыстыгы санасында жоқ адамдар ұшын тұк емес. адете паспорт бытру ұшын 10 мың шақырым жол баспасаң есеп емес оның ұстыне дұисенбы кұны орталық ауданға бармасаң апте аяғында жұмысың бытпеиды, даиым дұисенбы саиын рұхсат берып жұретын қытаи бастығың арине бырге тұған ағаң емес. мектебымызде азыр мен емес коп азаматтар амалдап жұрып паспортын бытырседе ұрымжыге барып ұиза аштыруға уақыт жағдаиы келмеи пасортын 1-2 жыл боиы сандығының тұбыне басып тастап ане- мыне деп ұмытын ереңге артып жұрген жаиы бар. ал ұрымжыге номыр алу ұшын быр жол, ұиза ашытру ұшын жане быр жол бару қызмет басымдлығы ауыр келып, жалғыз жалақы мен быр ұилы жанды асырап отырған быз секылды адамдар ұшын оңаи шаруа емес қои ?ұрымжыге тұнде барып, ертесы таңертең ошыретке тұрып бытыре сап, таңертең қаита қаитып келып алуға болса быр сары. бырне ше кұн жатуға тұра келсе амал не?
тыпты қазақстанға барсақ тек жаздық дем алыста ғана баруға жағдаи келеды. сол мезгылге тұралап ұиза аштыра алмасаң бекер арам тер боламыз. мыне осы секылды коп ақуалдар мен секылды коп санды азаматтарды тығырыққа тыреп отырған соң ашынбаи қаитеды? осы жағдаиға озгерыс болса деп арман етумен бырге сыздерден жылап тұрып отынш етер тылегымыз: қазақстан сыртқы ыстер мынстерлыгыне аитып бұл жақтағы <<номыр берумен>> <<ұиза аштыру>>дың бырын қысқартқызып , жане быр жылда, быр жолда коп марте ұиза ашуға жағдаи жасацаңыздар демекпыз. бұл бұл жақтағы қалың қазақтың тылегы...
құрметпен : торжоға ..
|
|
-
Жауап: Торғожа! Бұл өзі әбден намысқа тиетін шаруа болды. Не дерімді білмеймін. Кейде: келісіп ап істеп отырған іс емес пе деп те қаламын. Аңсарыңды басатын күнге тезірек жет, Алла қолтығыңнан демесін! Ал бұл мәселеге Елбасы да хабардар болар деп сенемін. Өйткені, көптің тілегі осы. Биыл Қазақ қауымдастығының құрылтайы өтеді. Сондағы басты әңгіме де осы болар деп ойлаймын.
Сұрақ: құрметты аға , мен быр қытаи елынде туып-оскен қазақ азаматымын , мен жоғары былым алғамын , осы депломыммен қазақстанға барсам деимын , семям , быр балам , аэлым бар , аэлым де жоғары оқу орнын тамамдаған , быз тек орс тылын былмеимыз , быз осы ұрпағымыз ұшын қазақ мемылекетыне , оз елымызге кошып барғымыз келеды , сонда бызге ылаиықты қызымет табу ұшын қандаи даиындықтармен баруымыз керек ?
|
|
-
Жауап: Сіздің жеке басыңызды білмеймін, ал ұрпағыңыз үшін алаңдамай-ақ келе беріңіз. Үш айдың ішінде құлындай кісінесіп, тайдай тебісіп кететініне мен кепіл.
-
#
Сұрақ: Түсімде Анахарсистен естуімше Қассақ – қайсар, қатал, жаратымпаз, жаугер адам болыпты, ал Сұссақ – сүйретпе, сүйкімсіз, сұрқия адам болыпты. Қассақ пен Сұссақтың шайқасы екі түрлі рухтың, екі түрлі талғамның, екі түрлі жолдың қақтығысы екен. Қассақ өзінің санаулы болсада санға бергісіз адуын жаугерлерін бастап Сұссақтың қалың тобыр қолымен сан мәрте айқасқан. Ақыры Сұссақ өліп, Сұссақтың қалың қолы Қассаққа бағынған. Үстемдікке ие болған Қассақ ұлан даланың қақ төсінен алып кеңістікті ілгері-кейінді жаулап, оны ұрпағына енші етіп қалдырыпты, әрі өз өмірі арқылы Қазақ Рухының түпнұсқа үлгісіне айналыпты. Алғашында Сұссақтың сойылын соққандар енді Қассаққа адал болуға құлшынып баққанымен, Сұссақтан жұққан сорақы да, сұрқия әдеттерден арыла алмаған олар Қассақтың өршіл өлшемінен толық шыға алмаған. Сонымен олар көріністе Қассаққа бағынғансып, көмескіде Сұссақтың сорақылығы мен сұрқиялығын жалғастырудай тың өнер тапқырлапты. Кейін Қассақ және оның адуын нояндары ілгерінді-кейінді жарық дүниеден аттанған соң Сұссаққа адал сүйретпелердің бірі мәлім бір тарихи сын сағат кезеңінде Қассақ атында үстемдікті жалғастырған. Міне содан бері біз байқағанымыздай Сұссақтың сорақылықтары мен сұрқиялықтары Қассақтың атын малдынып жалғасып келеді. Ал Ата Қассақ рухындағылардың саны сиреуімен қоймай, Қассақ атын жамылған Сұссақтың қалың сойылсоғарлары жағынан қақпайланып, ығыстырылып, қағыстықта тентіреуге мәжбүр болды. Қассақ пен Сұссақтың ең өзекті айырмашылығын тану, түпнұсқадағы Ата Қазақ Рухын ояту, Ата Қазақ үстемдігінің түп үлгісіне қайту Қассақ атындағы осынау Сұссақтың қалың сойылсоғарларымен түрлі майдандарда табанды күресуден дерек бермек.
Тұрсын аға, сіз менің бұл түсіме қалай қарайсыз? Анахарсис маған шын айтып тұр ма?
Асау ТАРПАҢ
|
Достарыңызбен бөлісу: |