|
-
Жауап:
-
1. «Айқындағы» мақаланың зиялы ортада пікір тудырғаны мені қуантады. Ол – әшкерелеуге емес, ой қозғауға арналған мақала. Ал ол деректерді ғылыми айналымға түсіру – сол саланы зерттеп жүрген және сол деректерді архивтен тапқан ғалымдардың еншісі. Оған менің кірігуім әдепсіздік. Ол оқымыстылар өзінің пікірін толық қорғай алатын толық ғалымдар. Мен өзімнің пікіріме керекті дәйекті ғана алдым. Шындығына көшсек, бұл ешқандай жабық деректер емес. «Алаш қозғалысы» атты көп томдыққа кірген. Ресейдің «Архив құжаттары» деген жинақтық басылымдарында жарияланған, ғылыми сипаттама берілген, ғылыми диссертациялар қорғалған ашық деректер. Ал оның қазақ баспасөзінде жарияланбауына, ол деректерді шындыққа жетудің құралы емес, әшкерелеуші материал деп үрейлене қарайтын белгілі бір топтар мен билік иелерінің ықпалы тиіп отырғаны анық. Бір топ зиялының сол деректерді айналымға түсірген диссертанттың соңынан арыз жазып, бекіттірмей тастауы, соның бір айғағы.
-
2. Ал кімдердің, қандай дәлелмен қарсы мақала жазғандарын білмеймін. Оқығамын жоқ. Не десе де, факті біреу ғой. Және сол мақаланы оқып, қарсы пікір жазғанмен де, олардың пікірі өзгере қояды деп есептемеймін. «Күндестігін қоздырып, Әуреге қалма езбеден», – деп Абай айтқандай, олармен тәжікелесетіндей менің уақытым да, ықыласым да жоқ. Архивтен қарап, шындығына көзі жетіп, көңілімен пікір білдірсе, рахметтен басқа айтарым жоқ. Алкеуделей берсе, бетінен жарылқасын.
-
3. Егерде сіздің бір ғалым ағаңыздың сізге: "Тұрар да, Сәкен де: «Қазақстанды қазақ басқара алмайды» деген емес, дәл сол сөзді 1919 жылы Ахмет Байтұрсынов Сталинге айтқан» – деп айтқаны рас болса, онда ол адамды ағаңыздың қатарында қалдырыңыз да, ғалымдардың есебінен сызып тастаңыз. Себебі, мектеп оқулығынан мәлім мына хрониканы есіңізге салайын.
-
Қазақстан автономиясы қай жылы құрылды, қай жылы териториясы бекітілді, оны жүзеге асырған кім? – 1920 жылы, тамыз – қазан айларында Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың тікелей кеңесші дауысы арқылы Ә.Ермековтің баяндамасының негізінде бекітілді. А.Байтұрсынов – 1919 жылы Қазақ өлкелік әскери революциялық кеңесінің мүшесі, яғни, үкімет басында отырғанның бірі өзі. Егер Ленин солай сұрай қалса: «Бөкейханов!» – деп жауап беретіні сөзсіз. Бөкейханов тұрғанда және ол «Алашорда» үкіметін басқарып тұрғанда, сол үкіметтің атынан өзі Ленинмен уәкіл ретінде сөйлесуге барғанда, басқаша жауап беруі мүмкін бе? «Лениннің өмірінің хроникасында» әр сөзі қағазға түскен. Бір жылдан кейін Қазақ автономиясының териториясы мен мемлекеттік құқын Лениннің алдында жоғарыдағы үшеуі үкімет комиссиясының мүшесі және бас баяндамашы ретінде қорғады. Пестковский, Жанкелдин, Меңдешев, Сейфуллин т.б. жергілікті ревкомитеттің өкілдері ретінде шақырылып, мәжіліске қатысты. Оларға сөз де берілмеген (Пестковский анықтама ғана берген, оның өзінде Ә.Ермековтің «подсказкасына» сүйенген). Талқылауға да қатыспаған. Бөкейханов кеңестен соң Ленинмен он бес минут жасырын есік жағдайында кеңескен. Екі күннен соң қол қойылған. Сонда, әлгі ағаңыз, осылардан тыс Қазақстанды билейтін қандай адам туралы айтып отыр? Ол кездегі Қазақ өлкесі мен Алашорда үкіметіне қатысты қазақ даласындағы қайраткерлердің аты жоғарыда түгелдей аталды. Енді кім ұсынылуға тиіс еді?
-
Ал қатар жағдайда өмір сүрген Уақытша өкіметтің, соңынан Жұмысшы, солдаттар кеңесінің дәргейімен құрылған Түркістан өлкелік атқару комитеті мен «Мұсбюро», «Түріккомиссиясы», шартты түрде айтқанда, Ташкент үкіметі (Қоқан, Бұқара, Хиуа үкіметінен тыс) туралы мәселе басқа. Оған кейінгі сұрақтармен сабақтастыра жауап бергенім дұрыс болар.
-
4. Соңғы кездері: «Алашорда» – қазақ мемлекетінің жауы, Бөкейханов – қазақтың дұшпаны; алаш идеясы – қазақтың тәуелсіздігі идеясына қайшы келеді. Тәуелсіздік мәселесі – 91 жылы ғана қозғалды. Сол жыл ғана Қазақстан орнады – деген сандырақтар белгілі бір «жандайсымақ» тарихшылардың авторлық оқулықтарына, жоғары оқу орындарының бағдарламаларына еніп кетті. Референдум тұсындағы өрекпулер сияқты жоғарыдағы сандырақтарды таратып жүргендер де сол өрекпіген «сымақтар». «Сымақ» демеске болмайды. Өйткені, оларда бет жоқ, сүлдер бар. Тек әлдеқайда кіріп бара жатқанда, не шығып келе жатып жалт бұрылғанда «құйрықтары ғана» шолтаң етіп көрініп қалады. Сол екі ортаның өзінде «пыс» еткізіп үлгереді. Егер бұл сұрақ Мұхтар Мағауинге берілсе, оларды «Сүмелектер!» – деп атар еді. Оған біздің дәтіміз барса да, кегежеміз жібермей тұр. Сүлік деген орынды шығар. Сүлік – арам қанды, сарысуды сорады. Ал жаңағы сүліктер де тарихи ойдың арам қанымен күнелтеді.
-
Менің өз жеке басым – Әлихан Бөкейхановты қазақтың ары мен намысының, ұлттық идеясының ұстыны, символы деп есептеймін. Сондай адамға: «Ұлы жүзді бөліп тастамақшы болған, Алаштың басын біріктіре алмаған» – деген сияқты пасық, дүмше жаланы айтуға қандай наданның батылы барғанына таңым бар. Жанындағы жарынан, бауырындағы баласынан, ертеңгі немересінен қымсынбай ма екен тым болмаса! Саңлауына сына қағу үшін үш мәселеге қысқаша ғана тоқталайын:
Бірінші массондық партияға кіруі туралы: Конституциялық демократия партияның 1905 жылғы саяси мақсаты: патшаны құлату, конституциялық мемлекет орнату, барлық ұлттарға тең құқық беру, олардың өзін өзі басқаруына, автономия құруына мүмкіндік беру, сайлауға қатыстыру, Думаға депутаттыққа сайлану, дін, тіл еркіндігі, өз жазуын қолдану, оқу орындарын ашу, экономикалық дамуына еркіндік беру, жер реформасын жүргізу. Тура сол кезде қазақ арасында ондай саяси талаптар қоя алатын орта болды ма? Жоқ. Сондықтан да, Әлихан Бөкейханов саяси қуаты күшті сол партияның мүшесі болып кіріп, қазақтың мүддесін қорғады. М.Тынышбаев «Автономияшылардың» құрамында сондай мақсаттар қойды. Сол партияның құрамында жүріп қазақ даласының әр тұсынан жиыны жетпіс мыңнан аса адамның қолын жиып, «Құзырхат» (Петиция) жазып, патшаға жолдады. Соңында Думаға сайлануға мүмкіндік алды. Сол партияның құрамында жүріп 1914 жылы Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайын шақыруға қол жеткізді. Сонда тәуелсіз автономия мәселесі көтерілді.
1916 жылы ақпан айында қазақтардан қара жұмысқа адамдар алынатыны туралы жарлықтың дайындалып жатқанын біліп, Самодержавиенің әскери мекемелеріне барып: «Қазақ та өзге ұлт сияқты халық. Оларды қолына күрек беріп, окоп қаздыруға ғана пайдаланып, алдыңғы шептегі зеңбіректің оғына қасап малы ретінде құрбандыққа шалу – намысқа тиеді. Бізді де башқұрттар сияқты әскерге үйретіп, қолымызға қару беріңіз. Өлсек те кегімізді жастанып өлейік» – деп талап қойды. Бүкіл қазақ даласынан, соның ішінде жаңағы «бөлшектеп тастады» деп отырған Жетісу, Әулиеата, Ташкент, Әндіжан, Түркістан, Ақмешіт уездерінен қара жұмысқа алынғандардың мүддесін қорғап, қазақ оқығандарын майданға аттандырып, ең соңғы қазақ қайтып оралғанша Мәскеу, Петербург, Брест, Минскі, Смоленскі, Саратов қалаларында әскери штабтың қасындағы бұратаналар бөлімінде вокзалда түнеп қызмет етуді ұйымдастырған кім? Жазалау әскері жаппай қырғынға ұшыратқан, жерін тартып алған Жетісу, Әулиеата, Ташкент, Әндіжан, Түркістан, Ақмешіт уездеріне Уақытша үкіметтің төрағасы Керенскийді шақыртып, арнайы тексеру комиссиясын құрып, жерін, малын, шет елге ауған, ашаршылыққа ұшыраған бір жарым миллион адамды қоныстарына қайырған Уақытша үкіметтің комиссарлары Бөкейханов пен Тынышбаев емес пе! Жайнақов басқарған Алашорданың Жетісу бөлімшесі емес пе! Осы оңтүстік уездері мен Хиуаға дейінгі ашаршылыққа ұшырағандарға 6 миллион сом бөлдіріп, солтүстік облыстардан қаражат жиып, керуенмен астық, киім тасытқан алашорда үкіметінен басқа үкімет бар ма еді?
Ана арандатушы сасық рушылға: Бұл неғылған сандырақ өзі! Сол кезде, айтпайын десем де болмады, үйсін мемлекеті бар ма еді? Олар жоғарыда аталған уездердің азаматтарының қатарына жатпай ма? Жайнақов кім? Сол зобалаң тұста сіз емеуірін етіп отырған қайраткерлер қайда еді, не істеп жүр еді? Өмірбаянын білетін шығарсыз. Оқыңызшы. Осындайда сараместік бола ма екен. Жаңағы қырғын мен ашаршылықтан құтқарылған отбасының ішінде сіздің де атаңыз бар шығар. Сізді бөліп тастап па еді? Бұл – қасиетсіздік болады. Тым құрығанда сол құтқарылған жандардың алғысының алдындағы көз жасынан, ұрпағыңыздан именсеңіз етті! – деп жауап беремін.
Ал: «Ә. Бөкейханов ... 1931-1932 де аштықта Мәскеуде отырып түк бітірмеген» деген топас сұраққа тосаң сұрақпен жауап берейін. Расында да, 2,5 миллион қазақ қырылып қалғанда «Алашордашылар» неге түрмеде отырып, шетінен тектен текке «еріккеннен» атылып жатты. 71 алашордашының бірі қалмай неге түрмеге қамалып қалды? Бөкейханов неге Мәскеудегі «тергеу изоляторында» малдасын құрып текке отыра бергенше, қашып шығып барып: Құрметті Совнаркомның орынбасары! Біз: қазтың малын кәмпескелесе, коллективтендірсе, аштан қырылады – деп Сіз: «Коолективтендіру мен байларды кәмпескелеуді таздетейік» деп баяндама жасағанда бекер болжал жасаппыз. Сол айтқанымыздың дәл келгенін қарашы. Сізде жазық жоқ, біздің сәугейлігіміздің кесірі. Сондықтан да орыныңызда отыра беріңіз. Ашаршылықтың обалын түрмеде отырған біз, соның ішінде саяси бақылау астындағы, пәтерден тергшеушінің рұқсатынсыз сыртқа шығуға құқым жоқ мына мен мойныма алшамын – деуі керек пе ед»?
Бұл мәселенің толық мағлұматын осы «Абайда» жарияланып отырған «Ұраным – Алаш!» әфсанасынан толық таныса аласыздар.
Бөкейханов үшін жалғыз-ақ мүдде бар, ол – жалпы қазақ мүддесі.
Сұрақ: Ассалаумағалейкүм, Тұрсын аға! Сіздің жақын ініңіз Саят Ыбырай абақтыға қамалғанына жарты жылдан асты. Оған араша түсіп хатқа қолқойғаныңызға үлкен рахмет. Саят Ыбырай Иассауи жолының көрнекті қайраткері. Шығыс Қазақстан топырағынан туған тұлғалардың барлығы дерлік осы жол үшін күресіп келе жатқан азаматтар деп ойлаймын. Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай арасындағы келіспеушілікте осы тұстан шыққандай көрінеді. Өйткені Мұстафа Шоқайдың нақышбандияның өкілі Зәки Уәлидимен ымы-жымы бір болған. Екеуі дос болды. Әлихан қазақтың сарттанып кетуінен қауіптенді. Сол себептен орта азиялық одақты құптамады.Әлі ерте деп есептеді. Өзге діни ағымдар қазақ ұлтшылдарының жауы. Нағыз ұлтшылдар тек Иассауи жолынан шығады. Сіз бұған қалай қарайсыз?
|
|
|
-
Жауап:
-
1. Бауырым! Алла ісіне ұлтты кіріктіруге болмайды. Сен – нағыз ұлтшыл қазақ, бірақ мұсылман болмауың мүмкін ғой. Ал мұсылманның бәрі қазақ емес қой. Мұсылмандықтың жолын қатты ұстап, қазаққа жаның ашымауы мүмкін ғой. Алланың алдында барлық ұлт бірдей. Демек, Иассауидің тарихатын ұстанғандар ғана нағыз қазақ деу күпірлік болар. Біз алланың құлымыз, Мұхаммедтің үмметіміз. Имам Ағзамның жолындамыз. Абайдың айтуынша оның көшпелі түркі жұртына берген он жеті фатихасының бесеуін білемін. Қалғанын Семейдегі Бекен Исабаев дегдар білуге тиіс. Бұл үшін «Отыз сегізінші» сөзді бір қарап шыққаныңыз жөн болар.
-
2. Мұстафа мен Әлиханның арасында ешқандай пенделік өштік болған емес. Себебі, Әлихан 1914 жылы Мұстафаны бірінші мұсылман құрылтайының іс қағазын жүргізуді ұсыну арқылы саяси күреске тартқан. Мұстафа – 1918–1919 жылдары «Алашорданы», Қоқан Республикасын жақтады. Ол Қоқан, Бұқара, Хиуа республикасының, мұхараммшылардың, яғни, басмашылар қозғалысының басын қосып – Түркістан республикасын құруды мақсат етті. Ал Рысқұлов осы төртеуінің басын қосып, кеңестік Түркістанды құруға ұмтылды. Қожанов сол Түркістанның ішінен Қазақ автономиясын құруды ұсынды. Бұл Түркістан мемлекетінің идеясы – Әнуар паша бастаған мұхаррамшылар ұстанған жалпытүркіге ортақ мемлекет құру дегеннен көрі, нақты Өзбекстан республикасының басын біріктіруге бейімдірек болатын. Ол идеясы жүзеге аспаған соң «Солтүстік Түркістан» идеясына қосылу үшін Челябідегі құрылтайға келе жатқанда чехославактардың бүлігіне тап болып, Атырау, Баку, Тбилиси, Станбол арқылы Парижге барды. Өйткені, Ататүрік Әнуар пашаның түркілік ұстанымын қостамай, оны үкіметтен ысырған болатын. Мұстафа сондықтан да Түркияда тұрақтап тұра алмады. Ал Заки Уәлидидің идеясы Қазақ пен Башқұрт автономиясы болатын. Екеуінің араздығы мен достығының Накшбандияға еш қатысы жоқ. Мәселе мемлекеттік, ұлттық ұстанымда.
-
3. Саят Мұратұлы ЫБЫРАЙ – аса ірі ойшыл оқымысты. Инауатты, тәрбиелі, салауатты отбасынан. Ыбырай (Абай) Әуезовтің «Көксерегінің» прототипі болған адам. Шәкеріммен өте жақын болған. Сондықтан да отыз жастан асқанда ғылым докторы болған Саяттың діни таныммен айналысуы заңды. Үкімет оны түрмеге қамауын қамап алып, қалай босатарын білмей отырған сияқты. Мен Мұрат аға, жеңешем, келінім айтқан адамдармен хабарластым. Олардың бірі бас тартты, екіншісі танымаған болды.
-
Бізде діни бостандық бар, діни көзқарасқа бостандық жоқ. Ол қалай?
Сұрақ: Сіздің "Ұраным Алаш" зерттеу еңбегіңіз қашан жарыққа шығып, халықтың қолына түседі, "Алашорда" туралы фильмге сценарий жазу туралы жоспарыңыз бар ма. Сол Алашорда арыстарының деректі фильмдегі бейнетаспалары мен үнтаспалары архивтерде бар ма екен. Рақмет
Нариман
|
|
Жауап: Бірінші кітабі – 2007 жылы «Елшежіре» баспасынан шықты. Екінші кітабі биыл сол баспадан жарық көреді. Ал үшінші кітәбі дайын, ол қашан шығады, белгісіз, Бәйменов бауырым емеуірін танытып еді, мүмкін сол азаматтың көмегімен жариялануын жылдамдатуым да ықтимал.
Бейне таспалардың сақталуы неғайбылдың ғайыбына жатпақ. Үнтаспаның жоғы анық.
Сценарии – менің жанрым емес. Ол өзі өтірікке, жалған әсерге жетелейтін жанр. Сондықтан да, Нариман бауырым, ондай жоспарды ойыма алған емеспін.
Сұрақ: «Ұраным-Алаштың» алғашқы кітабын түгел оқып шықтым. Маған қатты әсер етті. Қалған томдары қашан шығады? және қандай жинақтар құрастырмақ ойыңызда бар?
Жауап: «Біртұтас алаш идеясы» атты жинақ құрастыруым мүмкін. Жүйесі, деректері, құрылымы дайын.
|
|
Сұрақ: Мен оңтүстіктің қазағымын. Түркістанның маңайынан. Сіздің сұхбаттарыңыз бен мақалаларыңызды оқып шығып,Алаштықтардың ерлігіне тәнті болдым. Егер Әлихандар, Әлімхандар күреспесе біз шынында да Өзбекстанның бір бөлшегіне айналып кетеді екенбіз-ау. Құдай сақтапты. Позицияңыздың осы жағы маған қатты ұнады. Қоқан, Сібір автономияларын құрғысы келгендердің мақсаты не болған?
|
|
-
Жауап: Сібір мемлекетін Колчак жариялаған. Бұл идея Ресей тарихында әлі де өшкен жоқ. Тоқсаныншы жылдары сол оқиға қайталана жаздады. Егер Ресей империясы тағыд да саяси, экономикалық тоқырауға ұшыраса, бұл идея тағы да көтерілуі мүмкін. Ал,1917 – 1020 жылдардың арасында қазіргі Өзбекстанның териториясында үш үкімет, бір ұлттық қозғалыс өмір сүрген. 1. Уақытша үкіметтің орынын Большевиктер мен теміржол жұмысшылары, солдат депутаттары орнатқан кеңестік Түркістан 2. Бұқара үкіметі. 3.Қоқан үкіметі. 4.Хиуа үкіметі. 5. Мұхарамшылар қозғалысы. Біз осы республикалардың басын қосып Түркістан (Өзбекстан) республикасын құру мақстын жалпы түркілік идеямен кейде шатастырып алып жүрміз.
Сұрақ: Тұрсеке! Байқаймын бұра тартып жүрсіз. Алаштықтарды түркістандықтарға қарсы қойып, артық көресіз бе, қалай? Арқа деп бөлектеп, бүйрегіңіз бұратындай ма, қалай өзі? Рысқұловты тым көтеріп жүргеніміз рас. Ал Қожанов, Төреқұлов кімнен кем? Кеше алаштықтар Түркістан, Ташкентке тығылып, бас сауғалағанда, Мағжан мен Жүсіпбекке, Мұхтарға қамқор болған арыстар емес пе? Ежелден татар билеген Семей ешуақытта Түркістаннан аса алмайды. Осыны да ескеріп жүргейсіз. Түркістандық бауырыңыз
|
|
Жауап: Егер менің түркістандық бауырым екеніңіз рас болса, онда мына сұрақты қоймас едіңіз. Мен жорғарыда Түркістанда бір мезгілде қатар тайталаса өмір сүрген 5 үкіметті атадым. Қайталап келтірейін: 1. Уақытша үкіметтің орынын Большевиктер мен теміржол жұмысшылары, солдат депутаттары орнатқан кеңестік Түркістан 2. Бұқара үкіметі. 3.Қоқан үкіметі. 4.Хиуа үкіметі. 5. Мұхарамшылар қозғалысы.
Сіз осы бес үкіметтің қайсысының құрамынан «Алаш автономиясын» көргіңіз келеді, қайсысының қолтығына кіргенін қалайсыз? Нәшір Қожамқұлов, Садық Өтегенов, Алмас Омаров, ағайынды Қожықовтар неге алаштың құрамында жүр? Алмас Омароы Торғайда неге қаза тапты? Әлде «Алашорда» үкіметінің құрамын мен жасақтаппын ба?
Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет, Міржақып, Халел, Жаһанша, Мұхамеджанның, Мұхтардың Ташкентте тұруына құқы жоқ па еді? Мұхамеджан Тынышбаев пен Әлихан Бөкейханов 1916–1920 жылдарғы ашаршылықта Түркістан, Ақмешіт, Шымкент, Әулиеата, Жетісу жұртына 6 миллион сом мен бидай жинап апарғанда, бір үзік нанды бөлісуге түркістандықтар қарсы болмаған шығар? Ол әуелі кімнің жері өзі? Сұлтанбектің бе, Нәдірдің бе? Өзбектің бе, жоқ, жалпы қазақтың ба? Әлде олардың рухани ұлт көсемдеріне жасаған ұлттық, патроиттық көмегіне мұрагері ретінде ақы сұрап отырсыз ба? Сондағы жазған оқулықтары арқылы алашордалықтар «қазақ алдындағы айыбын» өтемеп пе еді?
Түркістан – жалғыз қазақтың емес, исі түркінің астанасы. Түркістанның атына мәңгілік ескерткіш қойған Мағжан өлеңі үшін де өзінің сегіз ай паналап барғанын кешіруге болатындай еңбегін сіңірген шығар. Әуезов те, Жүсіпбек те Түркістанның атына кір келтірмеген шығар. Татар билеген Семейдің сізсіз де табаға ұшырап, облыс атынан айырылып, абыройы түсіп тұр. Мынаған қарағанда Семей бұдан әрі орыстана берсе, татарлана берсе, құлдырай берсе, жаныңыз жай таба беретін сияқты. Айтпақшы, осы Қожановқа Алматыдағы көше атын беру кезінде, осы сайттағы Қожановтың тергеу сұрау істеріне кеңес тұсында қозғау салған кім екен? Түркістанның қазанының қайтып оралуына Марғұлан бастатқан ғұламалардың хатын сіз ұйымдастырдыңыз ба? Тіпті, 97 жылы Түркістанда Нәдірдің тойына шақырып, шапан жауып, «акалап» шығарып салған Қоқан қаласының әкімінің орынбасары бара салып, Нәдірдің атындағы мектептің атын өшіртіп, тақтасын алып тастағаны туралы хабар беріп, мектеп директоры Багдасарованың өтінішін Қазақстанға жеткізген кім екен? Әттең, ол талпыныстан нәтиже шықпадығаны өкінішті.
Мен, Семей сорласа – Түркістан бақытты өмір сүреді дегенге сенбеймін. «Ақ па, қызыл ма, бәрібір, тек қазақтың мүддесін көздесе болды» – деп рухани әкем Байтұрсынов айқтандай, маған «дт»-ы ма, «қт»-ы ма, Құлбек пе, Көпен бе, Мекемтас па, Бердібек пе, бәрібір, қазақтың мүддесін көздесе, менің туысым. Сен де менің туысымсың. Өйткені қазаққа жаның ашымаса, мына сайтты оқымас едің ғой.
Сұрақ:Деңгейің төмен екен бауырым! Даңғойлықты қою керек қой? ел болғың келсе
|
|
|
-
Жауап: «Дулыға» атты екі томдық әфсанада «Анақарыс» атты тарау бар. Менің бар білгенім соның ішінде қамтылды.
Сұрақ: Тұрсын аға, алаштанушы ретінде біршама еңбектеніп жүрсіз, алаш атынан рахмет! Алайда, зерттеушіге тән салқынқандылық пен байсалдылық жетіспей жүрген секілді сізге, өзіңіз осыны ойланбайсыз ба? Менімше сіз алаштанушылардың ағасы болып бәрін біріктіргеніңіз орынды және соны бастасаңыз екен. Сонда билікті иліктіріп, бәлкім, грант алып тиянақты дүние шығар. Әйтпесе, сіздің еңбегіңізді өзіңіздің эмоцияыңыз басып, дұшпан көбейтіп жүргендей әсер бар. Аман болыңыз, алашқа керексіз!Жершілдікке шыдамды болыңыз...
|
|
-
Жариялаған Серікжан
-
Жауап: Бауырым Серікжан! Жанашырлағыңа шын ризамын. Жазушының міндеті – шіміркендіру, ойланту. Қазір шымшымасаң – шіміркенбейді. Бұл да бір әдеби тәсіл. Әйтпесе, сенатор Ғарифолла Есім айтқандай, «Тұрсын қайғы» атанып, атымды шығарайын деген ойым жоқ. «Қайғы шығар ілімнен» деген де бар емес пе? Соны академиктер неге ескермейді екен. Әлде... оларда уайым болмай ма?
Сұрақ: Еліміздің "Қазақстан Республикасы" деген қазіргі атын өзгертіп, болашақта "Алаш Республикасы" деп атасақ қайтеді. "Алаш автономиясын" құруды мақсат еткен арыстарымыз осы Алаш атауымен болатын елді арман етті емес пе.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |