Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей



бет3/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#142835
1   2   3   4   5   6








  • Жауап: Тек қана: Қазақ респубшликасы. Алаш – ұлттық идеяның символы болуға тиісті.

Сұрақ: Еңбегіңіз жана түссін! Алаш идеясы жөнінде орталық телеарналарда неге көп айтылмайды? Қатарларыма Алаштықтар жайында айта бастасам, селт етпейді. Меніңше, не екенін білмейтін секілді.Және газет беттерінен гөрі арналардан көбірек айтылса, себеіб газетті бәрі оқи бермейді. Қаракесек.





  • Жауап: Алаш туралы материалдарды сайлау өткенше уақытша тоқтатыңдар – деп ресми түрде жоғары жақтан нұсқау, бұйрық берілгенін анық білемін Оның уақыты енді өткен шығар. Ал өзіңе айтарым, жөніңді білдіріп, ныспыңды жасырсаң, майсыздана бересің!

Сұрақ: Сұрайтын нәрсе көп, бірақ сұрағым жоқ. Ұзақ жасаңыз аға! Өмір өтіп барады. Қалған ғұмырыңызда Аллаға деген құлшылығыңыз кемелдене берсе екен!...
Алтайдың баласы








  • Жауап: Алтайдың басын бұлт шалмасын. Енді қара арғымақтың бауырын оқ кеспесін, қара атанның бұйдасы үзілмесін. Жондарыңда құлжалар жортсын.

Сұрақ: Тарихты зерттей бергенше қалған ғұмырыңда Аллаға құлшылықпен өткізіңіз деген тілек пе, бұл?





  • Жауап: Жақсы тілек жарым ырыс емес пе. Алланың алдына қамсыз бармасын деген имани ниет қой. Қабыл алдым.

Сұрақ: Тұрсын аға, армысыз? "Абайдың" қонағы болғаныңыз үшін алғысым шексіз. Соңғы кездері қазақ қоғамында зиялылардың ішінен сіздің үніңіз, жанайқайыңыз қатты шығып жатыр. Ризамын. 1) Тарихымыз бұрмаланып жазылып жатыр деген ой айттыңыз. Осы тарихымызды қайтсек дұрыс жазамыз? 2) Жоғарыда бір ағамыз жазғандай, не істеу керек? Алаш идеясын бүгінгі өмірімізге оралту үшін қандай қарекет қылмақ керек? 3) Біздің арманымыз қашан орындалады? Қазақтың ұлттық мемлекет құру идеясының жүзеге асуы мүмкін бе және ол қашан болады деп ойлайсыз? 4) Қазақ әдебиетінің ірілі-ұсақты өкілдері неге жағымпаз болып кетті? Жауабыңызға рахмет. Заңғар Кәрімхан.








  • Жауап: Біз қазір тәуелсіз елміз. Ұлттық мемлекетті құру жолындағы күрес, міне, жүріп жатыр. Егер бойкүйездене, ойкүйездене бермей, рухты сілкіп ұстасақ, сөзсіз жетеміз. Әйтпесе, не үшін өмір сүріп жүрміз өзі.

  • Жазушыларды жағымпаз еткен – күн көріс. Баспана. Мұқтаждық. Қызыл қарын баланың қамы. Қазір тым асауси берсең, балаңды тұқыртады. Софы ағамыздың, тағы да басқа қаламгерлердің азамат балаларын қызметтен тегін ысырды дейсің бе?

  • Кім немерсінің тоқ жүргенін жек көреді дейсің.

Сұрақ: Олжастың алжасуына қалай қарайсыз? өз тіліне қарсы, өз ұлтын алдауды ат шығарудың капиталы ететін арсыз элита туралы не айтасыз? Тарихшылар кейде кешеге көп қарап жалтақ болып қалу ауруына ұшырайтынын сезесіз бе? Болашақтың биігіне шыққан ойшылдың көзімен тарихқа қарайтын әулие текті ұлтшыл тарихшылар қашан қалыптасады бізде. Мәлім бір дәуір шындығын біршама қаузағандарды ғана тарихшы деудің қандай қисыны бар? Тарихшы тарихтың қисынымен болашаққа жол сілтер еді ғой? Ондай көрегендік неге там-тұм, сирек? сосын Мен, Мен деген осынау мұрын ұшындағы арсыз мүддешілік ауруынан, атаққұмарлық ауруынан қазақ зиялылары қашан арылады? т.т.





  • Жауап: Мені де осы сұрақтар күніне мың рет мазалайды. Кейде сіз емеуірін етіп отырған адамдардың сұлбасын көргеде сырт айналып кетемін.

  • «Арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда?» – деген емес пе Абай атаң.

  • Бір анығы: арсыз адам – қаракөктің қатарына жатпайды. Олардың орыны – тарихтың күлтөбесі мен жемтікте.

Сұрақ: Қазіргі билікке көзқарасыңыз қалай?











  • Жауап_:_Бұрынғыша_басқаруға_болмайтынын_біледі,_дәл_бүгін_қалай_басқарып_жатқанын_өзі_де_білмейді,_ертеңгі_күнді_елестеткісі_келмейді.'>Жауап: Бұрынғыша басқаруға болмайтынын біледі, дәл бүгін қалай басқарып жатқанын өзі де білмейді, ертеңгі күнді елестеткісі келмейді.

  • Анығы: олар халықтан іргесін ажыратып алды, ғылымды да, білімді де, мәдениетті де бетіне жіберді. Тек «ақша» кіріп шығатын інді ғана аңдып отыр. Ашық мұхитқа бет алған айсберг сияқты жағадан алыстап барады. Оқшантайдағы оқсыз патрондарды ауыстыруды ғана ермекке айналдырған сияқты.

  • «Танымадық,

  • Жарымадық,

  • Жақсыға бір іргелі.

  • Қолына алып,

  • Пәле салып,

  • Аңдығаны өз елі» (Абай).

Сұрақ: Тұрсын аға! Өзіңіз еңбек ететін ЕНУ-дің ректоры Б.Әбдірайымды біз өте жек көреміз, ал сіз ше?

Студент









  • Жауап: Балам! Мен қақпанға түскен аяғын шайнап тастап құтыла–құтыла жіліншігі молтақ біткен тақыс көкшуланмын. Сондықтан бұл қақпанды да айналып өтіп кеткеніме кешір.

Сұрақ: Тұрсын аға, "Он ғасыр жырлайды" антологиялық кітабында Абайдың өлеңдері өзгеріске ұшырады. Ғалымдар өздерін қорғап ақталды. Мәселен, А.Сымақова: "Абайдың қолжазбасында Аллаһ деп жазылған!" деді. Абайтанушы ретінде Сіз бұған не дей аласыз? Сіз де Айгүл секілді: "Бір әріпті қозғағандардың артында үлкен ұйымдар тұр!" деп ойлайсыз ба? Жеке азамат ретінде ойыңызды айтсаңыз. Жалтақтықты жаным сүймейді. Бибүгіл Жексенбай бұл мәселені 7-арнадн көрсетті. Сөз кезегі Сізде!








  • Жауап: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешқашанда жалған болмас!» (Абай).

  • «Алла айтқызбай ішіңді біледі, ойла!» (Абай).

  • «Алла!» деген сөз жеңіл...» (Абай).

  • Осыдан артық қандай тура сөз керек.

Сұрақ: Абай мұрасы кришналардың қағидаттарына айналып шыға келді. Не деріңіз бар аға?





  • Жауап: Бұл тағы не пәле? Ол қайдан шықты? «Ел бұзылса, салады, шайтан өрнек» (Абай) деген осы.

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, Тұрсын аға! Сідзің Алаш арыстары туралы зерттеу еңбектеріңізді оқыған сайын өзіме рухани күш аламын. Еңбектеріңізді оқыған сайын алаш ауруымен ауыра бастадым. Алаш қайраткелерінің өмірі, қайраткерліктерін зерттеулердің нәтижесін сараптай келе біздің елдің ұлттық идеололгиясын, осы кісілердің ұстанған жолы, идеясын жалғастырушы болашақ қазақ ұлттық мемлекеттік қайраткерінің болмысын жасау және қалыптастыру үшін мектептегі жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудің негізін қалаудың мезгілі жетті деп ойлаймын. Тек қана ғылыми-зерттеу немесе тек жұртшылыққа таныстыру ғана емес тұтас ұлттық құндылыққа, идеяға айналдырудың механизмдерін жасау керек. Өзіңіз және басқа да ғалымдар, мысалы Мәмбет Қойгелдиев сияқты ғалымдармен бірлесе отырып Алаш арыстары туралы деректі фильм де жасасаңыздар жақсы болар еді. Бізге бұдан басқа дұрыс жол, ұстаным жоқ. Сіз қалай ойлайсыз?








  • Жауап: Мен алаш идеясын насихаттау үшін неге де болса дайынмын. Хомейнидің: «Ғылымды игеру үшін шайтанмен де тіл табысар едім» – деген сөзін мұражайында өз көзіммен оқыдым. Ал таяуда бір әйел: «Алаш және келісімпаздық идеясы» деген тақырыпта кино түсіруге мол қражы бөлінді. Кеңес беріңіз» – дегенде қатты ыза болдым. Бұл насиха емес, жалған ғылым, бір, алашқа жасалған қиянат. Шындықты өткізу үшін өтірік айтатын заман өтті. Енді алашты таза ұстауымыз керек.

1. "Ұлы Отан соғысы" деген ұғымды - "Екінші дүниежүзілік соғысы" десек қалай болады? Себебі Россия біз үшін Ұлы емес қой! Олар Ұлы орыс дегенге құнығып алған.
2. "Қазақстан - отар мемлекет болды. Бізді Ресей отарлады" деп жазады қазақ тарихшылары. Одан да бізді малдандырды, малға айналдырды деп неге ашық жазбайды? Сонда оларда намыс жоқ па? Отар деп малға айтса керек еді олар. Әлде біздің тарихшыларымыз адам мен малды ажырата алмай ма? Қазақ оқулықтарынан осы оңбаған сөзді алып тастау керек пе?





  • Жауап: 1. Дұрыс, Екінші дүние жүзілік соғыс. Халықаралық термин солай.

  • 2. Мұхтар Мағауин «Бодан» терминін енгізді. Турасына көшкенде, отарланған ел – қашан да отардағы малдың кебін кешеді. Атаудың түпкі мағынасы да сол.

Сізді Олжас туралы пікір айтудан қорқады дейді. Сіз қорықсаңыз да біз жастар қорықпаймыз! Намыс журналында берген сұхбатыңызда Сіз қазақ салт-дәстүрлеріне қарсы шығыпсыз сол рас па?








  • Жауап: Дейді, дейді – дейтін түгі жоқ. 1. Қорықпаған адамнан қорқамын. Ол батырлық та, өжеттік те емес. Әзірше, Олжакең маған қару алып, соғыс жариялай қойған жоқ. Тіпті, сондай бола қалған күннің өзінде де, бейбіт бітім табамыз деп ойлаймын. Ал қорықпағанда не істейсің?

  • 2. «Намысқа» сүқбат бергенім рас. Онда, Абай айтқан, діни рәсімнің Имам Ағзамның жолының төрт–бесеуіне тоқталғанмын. Салт, дәстүр бір басқа, әдет бір басқа. Рәсім бір басқа. Қазаққа салт, дәстүрін сақатата алмай жүргенде, олай уағыз айтпасам керек. Оқып, нақтылап көрсетерсің. Пәрәнжі, шалма, шадірә, өлім, жітім рәсімі туралы болса, айтқаным – айтқан.

Сұрақ: Мен өз басым оралмандарды аса қатты ұнатпаймын! Сіз ше?








  • Жауап: Әттең, атыңызды және оның себептерін айтпапсыз. Мәселе – оралманда емес, адамында. Екінші, ол үлкен тағдырдың еншісіндегі тауқымет. Үшінші, өзіңнің айналаңа бір қарап алшы. Бәлкім тағы біреуді жек көріп қаларсың. Менің пікірім: «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» (Абай).

Сұрақ:Оралман емес бауырларыңызды ұнатып жүрсеңіз де жетеді. Сөзіңіздің төркініне қарағанда, сіз өзіңізден басқа еш кімді "аса қатты ұнататын" адам емес көрінесіз...
Мұндайда қазақ "көпке топырақ шашпа, көмусіз қаласың" дейтінін естіген боларсыз?!






  • Жауап: Ащы айтқансыз. Бірақ шындық бар.

Сұрақ:Оралмандардың Отанға, яғни тарихи атамекенге оралып келгені өтірік пе? Қай елге барды, сол елдің сұм-сұрқиясын көрген олардан мен де үлкен қауіптің төнерін сеземін. Құдай сақтасын, алағай да бұлағай заман туып, бастан дәурен көшкенде тумаған Қазақстанын тастап кету түк емес шығар оларға. Оралмансыз да күніміз ашық, таңымыз жарық. Қазақ жеріндегі қайғы-қасіреттің сан түрін көрсе де бас сауғалап қашпаған, қолдың кірі мал-дүниесін санап, жаттың жерін баспаған өз қазағымды сүйемін. Мейлі коммунистердің мазағын көрсін, атеистердің қорлығын көрсін, ол өзінің туған жерінде, туған топырағында отыр ғой. Сонысы үшін сүйемін. Десем қайтесіз?

Жауап: Осы сөзді, шынымен, Сіз айтып отырсыз ба? Қайтемін, «қарғайын десем...»...








  • Жариялаған Қонақ

  • сб, 04/09/2011 - 00:02

  • Жауап беру

  • #

  • минус

  • 0

  • плюс

Қазіргі жас ақындар бір атақ алса болды асып-тасып кетеді. Көздерін шел басады. Мен мықтымын деп ойлайды. Ал жазып жүргендері қара бастарының қамы, мұңы ғана. Болмайтын нәрселерді қыртып жүреді сөздің ашығы. Жастар пессимист болып алған. Жылай берсем бірдеңе боп қалар деп есекдәмеленеді. Сол жастарға қандай ақыл айтасыз?









Сұрақ: Кезінде сіздің Қытайда туғам жоқ деп Брежновке үш рет хат жазғаныңыз рас па?








  • Жауап: Тусам да, тумасам да, Менің – Брежневте, Брежневтің – менде не құны бар еді? Сұрақта – мән, құмарлықта парық деген болмай ма екен осы.

  • Сонда не сұрауым керек еді? Бұрын да, қазір де ондай қажеттілік туған жоқ.

  • Менің әкем мен шешемнің көрпесінің арасына кіріп, шығып жүрген бұл кім болды екен?

Сұрақ:Сіздің көзіңізбен қарағанда Н. Айтұлы қандай ақын? Оның арғы беттен келген елге тигізген себі бар ма? Қайссың ұлтшылырақсың?





  • Жауап: Қазақтың маңдайына бұйырған ақын. Оның әр шумағы «елім, ерім» деп еңіреп тұрады. Ал мен ұлт тағдыры туралы жазғаныммен, «ұлтым» деген сөзді қолданбасам керек. Сондықтан менен көрі ол нағыз барып тұрған ұлтшылдың өзі.

  • #

Сұрақ:Тұрсын аға, Яссауидың атын жамылып ата-бабаларымыздан қалған асыл жол сопылықты былғап жүрген зікірші-исматуллашыларға деген көзқарасыңыз қандай?Сіздің ойыңызша Орталық Азияда болған Яссауи жолымен,қазіргі бар Нақышбанди жолын, екеуі де қожа,бөліп қарауға бола ма?Осы таласты қолдан тудырып жүрген исматуллашыларға не айтасыз?Бұл мұсылманның, қазақтың арасына іріткі салу деп ойламайсыз ба?Неге Абайда,Шәкәрім де,Алаш ардақтылары да бәрін тастаңдар тек Яссауидың жолымен жүріңдер демеген? Неге оларда Яссауи туралы бір ауыз сөз жоқ? Имам Ағзам мазһабының өкілі,сопылықты құрметтеуші ініңіз-Алашбай.








  • Жауап: Алашбай інім! Иассауидің ұстанған тарихаты мен Нақшбандия тарихатының арасында рәсімдік болмаса, танымдық айырашылық бар деп айтуға, білімім жетпейді. Иассауи де зікірді жоққа шығармаса керек. Қателессем, алла кешірсін. Дегенмен де, Абайдың «Отыз сегізінші» сөзін байыппен оқып шықшы. Сонда софлықтың жолы туралы ойлы пікір болса керек. Ал, Шәкәрімнің тарихаты – «Ар ілімінің тарихаты». Рухани, ағзалық тазалық пен ар тазалығы. Ардың өзін иман деп білсе керек.

Сұрақ: Бұл кіснің ғұмыр түйнін беру керек еді.Бреу білед, бреу блмейд. Тұрсыеке, өзіңіз туралы қысқаша айтып өтсеңіз, еңбектеріңз хақнда





  • Жауап: «Алпысқа келген жасымыз бар, ағарған сақал, шашымыз бар». Ұстанымым Аманат, аманатқа қылма қиянат.

  • Байлығым – бас еркіндігім, еркін ойым.

  • Жұбанышым – үрім, бұтағым.

  • Ұнататын сөзім – Болмасын, Деген оңбасын.

  • Жеккөретінім – сауатты надандар мен екіжүзділер, яғни, өзінің табиғи мінезінен айырылып қалғандар.

  • Ұнататын мінезім – қойдан қоңыр, жусаннан аласа болу, барынша қарапайым, елеусіз боп жүрсем – соғұрлым өзімді емін еркін сезінемін.

  • Кемшілігім толып жатыр, соның ішінде өзіме ұнамайтыны – ақылымның мінезіме симағандығы.

  • Біреуді жұмсағанша, өзім істей салғым келіп тұрады.

  • Адал адамдардан қорқамын. Байқаусызда көңіліне сызат түсіріп алуым мүмкін ғой.

  • Тілегім – жұрт та тыныш, мен де тыныш, аман жүрсек екен.

  • Арманым... Е, оған кім жеткен? Ессіз ғашық болғым келеді.

  • Жә, «Өлең шіркін өсекші...» – деген Абай атам.

Сұрақ:Тәуелсіз тарихшлар қаумдастығын құруға неге крспейсіздер?

Жауап: Мен тарихшы емеспін ғой. Ондай қауымдастық бар да болуы мүмкін.









Сұрақ: Жә, Тұрсын аға, ҚазҰУ-дің журналистика факультетіне кездесуге шақырсақ, келесіз бе?







  • Жауап: Өзінің білім отауын сағынбайтын шәкірт бола ма? Өзім де соны ойлап қоямын. Намазәлі барда бәрі де қолда сияқты еді. Қазір мені білетін студент те аз шығар.

Сұрақ: Айналайын-ау, Абай кім, Яссауи уім? Ясауидың тұсында қазақ деген ұлт болмаған әлі. Ясауи тек қазақтың емес, бүкіл түркінің пірі, ақыны, атасы, әулиесі. Абай қазақтың бірінші ақыны, хакімі ғана. Солай емес пе, Тұрсеке!








  • Жауап: Ал Абай бүкіл адамзатқа ортақ дана. Егер осылай салыстырсақ, онда сиынатын әулие де, пір де қалмайды. Әр тұлғаны тарихаты мен мағрифатына қарай, өзіңнің талғамыңа қарай өз жүрегіңнен орын берген дұрыс-ау деймін.

Басты сұрақ: Смағул Сәдуақасулының майіт кулі жерленетін болды ма? Не хабарыңыз бар?





  • Жауап: Диханның айтуынша: мамырдың 31 күніне жоспарланып отыр. Күлі нақты қай зиратқа қойылатыны әзірше белгісіз.

  • #

Сұрақ: Тұрсеке,қазіргі қазақты қалай біріктіруге болады.Дініміз быт-шыт,әртүрлі ағымдар.Рушылдық дерті.Алаштың ардақтыларын да бөліп қарайтындар бар.Зиялы қауым дегеніміз өлі. Секталардың жетегіндегі ақын-жазушылар, ғалымдар.Не істеу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет