«Жауапты қазақ қызметкерлерiнiң 1921 жылғы 10 желтоқсан күнгi Кеңесiнiң қаулысын тыңдап:
Кеңес қабылдаған қаулы түгелiмен мақұлдансын және қорытынды шығару үшiн аштарға көмек комиссиясына берiлсiн. Көмек комиссиясының шешiмi 17 желтоқсан сенбi күнi ҚазЦИК-тiң секретариятына хабар дар етiлсiн, 17 желтоқсан, сенбi күнi РКП қазақ обкомының талқылауына ұсынылсын» – деп қаулы қабылданды.
Мұхтар Әуезов төрағалық, Әбдiрахман Байдiлдин хатшылық еткен мәжiлiстiң шешiмi мынадай:
«2-ші Бүкіл қазақтың құрылтай кеңесі делегаттарының 1921 жылғы 4 қазан күнгі коммунист-қазақтардың мәжілісінің хаттамасы.
Қатысқандар: РК обкомының мүшелері ж. Меңдешев, Мырзағалиев және Асылбеков, Түркістан республикасының төрағасы т. Ходжаев, Семей, Ақмола, Орал, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе және Бөкей губернияларының делегаттары, жиыны 51 дам қатысты.
Мәжіліс төрағасы Әуезов.
Күнтәртібіндегі мәселелер:
-
Қазақ арасындағы жұмыстарды күшейту және кеңес аппаратын жөнге келтіру.
-
Сәдуақасов жолдастың мәлімдемесі.
Тыңдалды: Қаулы етті:
І.Жер-жерден хабарламалар. 1. Отарлаушылармен аяусыз
1.Кіндік аппарттың губерниялардан күрес жүргізілсін, оларды
қол үзіп қалғандығы. КССР –дің жерінен аластатуға,
партиядан шығаруға дейінгі
шаралар қолданылсын.
2. Қыр адамдарын кеңес пен партия 2. Сондай-ақ, партиядағы жол-
жұмысына тартудың жеткіліксіздігі. Дастарды ұлтшыл шовинис-
терменде аяусыз күресуге
шақыру және кейбір жол-
дастардың ұлтшылдыққабет
бет алғанын сынау.
3.Қыр елінің мұқтаждығы мен ерек- 3. КЦИК пен КСНК құрамын
шелігін ескеруге дәрменсіз және сайлағанда қазақ кедейлері мен
оған құлықсыз отаршылдардың зор- еңбекшілерін кеңінен тарту,
лығы, сондай-ақ тамыр-таныстық орыстармен тығыз байланысты
пен арандату арқылы тартысты сақтап, қатаң бағыт ұстау және
күшейтіп отырған қызметкерлерді құрылтайдың шешімдерін
қызметтен алу. Жүзеге асыру.
4.Кейбір аса мүдделі және 4.Орталық мекемелердегі сьез-
тәжірибелік мәні зор мәселелерді дің шешімдерін орындауда
жүзеге асыру үшін қатаң тәртіп әрбір жауапты қызметкерлер
орнату және ұлт мәселесі жөніндегі дің сессия алдындағы
Х сьездің қаулысын орындау. Жауапкершілігін арттыруды
талап ету және жауапты
қызметкерлерді ауыстыра бере-
тін өктемдікті жою.
Қаулының жалғасы:
5.Жергілікті халық өкілдері партия, кеңес орындарына тартылсын.
6.Партия қатарын тазалау жөніндегі губерниялық және уездік комиссиялардың құрамында кемінде жергілікті халықтан шыққан бір коммунист кіретін болсын. (Осы қаулыны шығарған М.Әуезовтің өзі сол тазартуға ілігіп, «тазарып» кетті ғой – Т.Ж.)
ІІ. Сәдуақусов жолдастың мәлімдемесі.
Қаулы етілді:
Сәдуақасов жолдастың қысқаша мәлімдемесін тыңдағаннан кейін мәжіліс мынадай қаулы қабылдады. Оның бейберекеттікке жол беріп, отаршылдық саясатын жүргізген Семей губерниялық атқару комитеті мен губревкомын таратқаны жөніндегі шешімі өте дұрыс деп табылсын. Сәдуақасов жолдастың Семей губерниясындағы іс басына қыр елінің азаматтарын тартып, отаршылдарды жұмыстан босатқан ісі де дұрыс деп табылсын, сондықтан да обком мен бақылау комиссиясы құрылтай кезінде қабылданған Сәдуақасов жолдас туралы шешімді қайтадан қарап, Сәдуақасов жоласты ақтау туралы мәселе көтерсін. Және обком мен бақылау комиссиясы Сәдуақасовтың ісі туралы Семей мен Ақмола губерниясының өкілдеріне жолығып, қосымша материал жинауды қамтамасыз етсін.
Жиналыс төрағасы- М.Әуезов.
Хатшысы- А.Байділдин».
ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Дар ағашына баспақтап бара жатқан адамның жанталасы мен жанжүйесiн түсiну қиын. Қанша батыр, ержүрек болса да төнiп келе жатқан ажалдан сескенбеуi, тiтiркенбеуi, түршiкпеуi мүмкiн емес. Дегенмен де «Алаш iсiндегi» қайраткерлердiң екi –үш елеусiз айыпкерлерден басқасы ешкiмдi сатпаған. Тек әр түрлi айла – амал қолданған. Мысалы, Мұхтар Әуезов түгiн сыртына салып:
«Бiздiң аймақтың барлық қоғамдық шаруашылық қалпын капиталшылдың жолынан социализм жолына аударып, бұрып салу үшiн ол шаралардың қажет екенiн есептемедiм. Жекелеп айтқанда байлар мен ру басыларын конфискелеудiң қажеттiлiгiн iштей қабылдамадым, үкiметтiң колхоз, совхоз құрылысының тұсында iстеген берiк ұлы шараларына да басында сенiмсiздiкпен қарап, қарсы болдым», - деп «кiнәсiн» мойынына алды.
Кемтар мен кеще, аяр мен ақымақ, мешеу мен мещан, қызғаншақ пен қорқақ, сараң мен сауатсыздар кекшiл келедi. Кеңес өкiметiнiң үкiмет мүшелерiнiң бәрiнiң бойында осындай бір кiнәраттар мен кiлтипандар бар болатын. Тiптi бүкiл мемлекеттiк құрылымның өзi сол кек пен кекшiлдiкке құрылып, өздерiнiң қастаншықпағыр пиғылын бүркемелеу үшiн «езiлген таптың күресi» деген сылтауды ойлап тапты. Әуелi өмiрге кеткен есесi мен өкпесiн Ресейден қайырып, ендi төрткүл дүниенiң астан-кестеңiн шығарды. Аш адамның ашкөздiгiнен обыр ештеңе жоқ. Билiк пен байлық қолына көшкен кезде олар ұлттың игiлiгiн бір-бiрiнен қызғанып, өзара қырық пышақ болып, бiрiн-бiрi арандатты.
«Алаш iсi» де сондай «қанды науқанның» қарсаңындағы соңғы дайындық болатын. Ал, олардың ең осал тұсы – жалған идеология едi. Өздерiн де, өзгелердi де сол жасанды даурықпаға сендiрiп бақты. Сондай сәтте «алашорданың екi көсемi өзiнiң ұлтшыл-буржуазияшыл көзқарасынан бас тартып, өткендегi қателiктерiн кеңес өкiметi мен еңбекшiлерiнiң алдында ашық мойындауы» оларға таптырмайтын саяси-идеологиялық құрал едi. Соны желеу ете отырып тобырдың санасын тұмандандырды, екiншiден, тұлғаларды үнемi үреймен өмiр сүруге мәжбүр еттi.
Достарыңызбен бөлісу: |