5. ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, құрметті студенттер, бүгінгі сабақтың негізгі мағынасын мына мақал – мәтелдермен қорытындылап:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
10. Тіл қылыштан... (өткір)
11. Піл көтермегенді,...(тіл көтереді)
12. Тілден артық...(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -...( атылған оқ)
18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан...(інінен шығады)
19. Басқа пәле -...(тілден)
20. Білім кілті -... (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)
Топ жетекшісі: «Тіл – ұлттың тірегі!» атты тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.
6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Сыныптан тыс жұмыстар
- Кезекті басылымдар
- Қазақтың мақал-мәтелдері
Достарыңызбен бөлісу: |