Түсінік хат «Абайтану»


сынып Аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат



бет4/6
Дата12.01.2024
өлшемі55.24 Kb.
#488882
1   2   3   4   5   6
9-10-11 Абайтану (2)

10 сынып
Аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат





Тақырыптар

С/с

Мерзімі

Қосымша

Ескерту

I жартыжылдық, 16 сағат

І тоқсан, 9 сағат

1

1

Кіріспе. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла»

1










І.

«Абай мұрасының XX ғ. 30-40 жылдары зерттелуі»

2










2

1

Абайтану мәселелері

1




Зерттеушілер пікірі




3

2

Абай еңбектеріне қатысты зерттеулер, ой- пікірлер. 

1







ІІ.

«Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы»

6










4

1

Адами қасиеттер туралы ой тұжырымдар

1










5

2

«Талапты ерге нұр жауар»өлеңі. Отыз екінші қарасөзі

1










6

3

«Еңбек етсең ерінбей»

1




Білім, өнер туралы мақал-мәтелдер




7

4

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі

1







8

5

Сөз асылы - поэзия

1







9

6

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

1







ІІ тоқсан, 7 сағат

ІІІ.

«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер»

7










10

1

Табиғат лирикасы«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі

1










11

2

«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңі

1










12

3

«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі

1










13

4

Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным, толғам

1




«Қарасөздер» жинағы




14

1

Шығармашылық жұмыс

1







15

5

Отыз жетінші қарасөз

1







16

6

«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа»

1










ІІ жартыжылдық, 18 сағат

ІІІ тоқсан, 10 сағат

17

7

«Түбінде баянды еңбек егін салған»

1










IV.

«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек»

6










18

1

«Би екеу болса, дау төртеу болады»

1




Адам өмірі жайлы тұжырымдар




19

2

Үшінші қарасөз

1







20

3

«Көңілім қайтты достан да дұшпаннан да» өлеңі

1







21

4

«Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман»

1







22

5

«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап»

1










23

6

«Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек»

1










V.

Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармалары

4










24

1

«Улы сия, ащы тіл» өлеңі

1




Сатира




25

2

«Адасқанның алды жөн арты соқпақ» өлеңі

1










26

3

«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңі

1










IV тоқсан, 8 сағат

27

4

«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

1










VІ.

Абай аудармалары

2










28

1

Абай және Лермонтов

1




Аудармалар




29

2

«Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл»

1










VІІ.

Поэмалары

3










30

1

«Масғұт» поэмасы

1




«Мың бір түн» ертегілері




31

2

Поэмадағы шығыстық сарындар

1







32

3

«Әзім әңгімесі» дастаны

1







33

2

Шығармашылық жұмыс

1










34

1

Қорытынды

1










Барлығы

34











Түсінік хат
«Абайтану» курсы Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы
маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында 11-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді. «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген.
Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы 11-сыныпқа арналған «Абайтану» курсының жылдық оқу бағдарламасына 34 сағаттан бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.
«Абайтану» бағдарламасы мектеп оқушыларына Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын жан-жақты саралай отырып, терең ұғындырып, Абайтанудың тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін танып білуге баулады.
Тақырыптардың өзара сабақтастығы, мазмұны жағынан топтастырылуы, жалғастығын табуы курстың басты ұстанымы етіп алынған.
Курсты оқытудың мақсаты: ұлы ақын шығармалары арқылы елжанды, ұлттық идеологияны бойына сіңірген, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:

  • қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану;

  • ақын шығармашылығындағы тұлға концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау;

  • ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын үлгі ету;

  • ақынның қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

  • ақынның туындыларын оқыту арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу;

  • Абайдың ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы айтқандарын оқыту арқылы жастарды өмірден өз орнын табуға шақыру.

Курс жүктемесінің көлемі:
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан жүргізілмейді.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық. 
Бағдарламада:

  1. Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

  2. Ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

  3. Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

  4. Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

  • қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:

  • ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;

  • шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

  • Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

  • Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын таныту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет