Түсінік хат «Өзін –өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамыту» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒпббсо) дайындаған, Қр білім және ғылым министрінің 2013 жылғы


III тарау Адам және әлем тұтастығы III-тоқсан (10 сағ)



бет15/23
Дата26.09.2022
өлшемі0.6 Mb.
#461377
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
1-11сын өзін-өзі тану күнт жоспар-1-1

III тарау Адам және әлем тұтастығы III-тоқсан (10 сағ)

19-20

Алтын бесік Атамекен



Туған жердің, туған елдің адам өміріндегі маңыздылығы. Адамның атамекенді қадірлеп, қастерлеуі. Атамекеннің адам тұлғасына ықпалы.

2








21-22

Құдіретті Жер-Ана



Жер - Ананың қадір-қасиетін бағалау. Ауа, су, топырақтың – тіршілік көзі екендігі. Табиғат құбылыстарының (апаттардың) адам өміріне әсері.

2










23-24

Ғаламшар ғажаптары

Адамдардың нәсілін, дінін, көзқарасын түсініп, қабылдай білу (толеранттылық). Ғаламды түсіну.

2










25-26

Өмір, қымбатсың маған!

Өмірге құштарлық, өмірді сүйе білу, қадірлеу, өмірді мәнді өткізуге тырысу.

2










IV тарау Жасампаздық жарасымы IV-тоқсан (8 сағ)

27-28

Халық дәстүрі- асыл қазына

Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам өміріндегі мәні, маңызы. Өмірлік бағдарын, айқындамасын, ұстанымдарын белгілеудегі орны.

2










29-30

Ұрпаққа өшпейтіндей із


қалдырған

Өнер, ғылым, білім, діл, дін, мәдениет, даналық, олардың адам өміріндегі маңызы.Мәдени мұраның

құндылық әрі ұстаным ретіндегi орны.



2










31-32

Жасампаздық жемісі

Адамның шығармашылық қабілеттері. Шығармашылықтың қайнар көзі.
Көркемдік мәдениет және әсемдікті сезіну.

2










33-34

Жақсылық – жан азығы

Адамның әлемге және өзіне деген көзқарасының, жан дүниесінің, іс-әрекетінің әсемдігі арқылы өмір сүру жолдары. Адам өмірін ізгілендіру.

2










Барлығы:34 сағат





Түсінік хат
ІІ. Мектептің негізгі сатысы (5-9-сыныптар)
Бағдарлама мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының бесінші, алтыншы және жетінші деңгейлеріндегі күтілетін нәтижелерді анықтауға бағытталған.
Мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерде көрсетілген көп деңгейлі мақсаттар жүйесінің сәйкестігі, сонымен қатар оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып, мазмұнда көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді.
Пән мазмұны арқылы эстетикалық талғам, қоршаған орта және ондағы адамның орны туралы білім қалыптастыру және дамыту; қоғамдағы адамның рөлі, адам мен табиғаттың, әлемнің бірлігі мен үйлесімінің мәні, үйлесімді дамыған тұлғаны толықтай дамыту үдерісінің түрлі қырларын ашу; өзге адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; адамзаттың рухани тәжірибесінде жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіру қарастырылады.
Жалпы орта білім беруге арналған өзін-өзі тану бағдарламасы оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне, рухани-адамгершілік және дене жағынан дамуына, адам тағдырын, өмірдің мәнін түсінуге кең мүмкіндіктер ашады.
«Өзін-өзі тану» пәні мектептің негізгі сатысында білім берудің құндылықтық мәнін күшейте отырып, адамдарды сүйе білу, өзіне-өзі сену, жақсылық жасау, мейірімділік таныту, өзгелерге қамқор болу, сыни ойлау, адамгершілік таңдау жасай білу, дәстүрді дәріптеу және дамыту, жасампаздық, өзіне жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін ашып, дамытуға бағытталған.
Пән мазмұны оқушылардың өзара түсінісу білігіне, адамдар арасындағы қарым-қатынаста татулық пен келісім орнатуға әр адамның жауаптылығы туралы түсініктерін тереңдетуді; «өзара қарым-қатынас», «өзара түсіністік» ұғымдарының мағынасын кеңейтуді нысана тұтады.
Бұл кезеңде адамның жақсылық, сыпайылық, сыйластық, ықылас білдіру, елгезектік, жаны ашырлық сияқты басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектесетін адамгершілік қасиеттерін ашуға көңіл бөлінеді. Сыныптарда қамтылған өзара қарым-қатынас негізінде қыздар мен ұлдар арасында достық орната білу, отбасы қарым-қатынасында жауапты болу қабілеттерін дамытуға баса назар аударылады. Сонымен қатар оқушылардың татулық, келісім, тату адам сияқты ұғымдар туралы түсініктерін тереңдете отырып, мазмұнда адамдардың нәсіліне, ұлтына, дәстүрі мен көзқарастарына қарамастан, олардың арасындағы қарым-қатынас этикасы тұрғысынан мінез-құлық мәдениетіне; сыпайы және ізетті болу, басқаларды түсіне білу, айналасындағы адамдарды сыйлау, оларды шаттыққа бөлеу, олармен тату болу біліктерін дамытуғада көңіл бөлінеді.
Мектептің негізгі сатысында рухани-адамгершілік білім берудің маңыздылығы адамның әлемде алатын орны, «өмірлік мақсат», «өмірдің мәні», «адамның орны» ұғымдарының мағынасын терең түсіндіру арқылы қоғамға қызмет ету ниеттерін дамыту болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың бойында табиғатты, әлемді әсемдік ретінде түсініп, оны қадірлей білуге, ғаламшар деңгейінде шығармашылықпен қабылдауға, әлем туралы көзқарастарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
5-9-сыныптарда білім беру оқушылардың ұлттық мәдени мұраның өзін-өзі тануда алатын орны, адамзаттың мәдени мұрасының рухани негіздері туралы түсініктерін кеңейте отырып, адамның үздіксіз рухани кемелденуіне, оның шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етуге бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет