Түстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/261-V



бет10/18
Дата23.02.2016
өлшемі2.68 Mb.
#3275
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Суармалы жүйелерінің жағдайы

Су-жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру - шөлейтті және жиі қоныстанған өлкеде ауыл шаруашылығын қайта өркендетудің ең маңызды негізі болып табылады.

Суару жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз болғандықтан, су ысырабы орын алып отыр. Суару техникасы мен әдістерінің жетілмеуінен су алу көлемінің 20-30 пайызы тасталуда, бұл өз кезегінде топырақтың эрозияға ұшырауына және қайта тұздануына, берілген тыңайтқыштардың шайылып кетуіне әкеп соғады. Облыстың барлық су жүйелерінде коллекторлық - дренаж жүйелері әлсіз дамыған, олардың меншікті ұзақтығы 2-3 п.м/га аспайды, бұл жердің батпақтануына және тұздануына, су жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті төмен мәнге ие болуына себепкер.

Қазіргі таңда, пайдалы әсер коэффиценті мәні 0,5-0,6 -дан аспаса, тиісті суару жүйелерін қалпына келтіру барысында бұл көрсеткішті 0,8-0,85 ке дейін жеткізуге болады.

Жоғарыда аталғандарды ескере келе, суару жүйелерін жетілдіру және суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту арқасында ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған суармалы жерлерді қайта айналымға қосып әрі қарай суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік туады.

Орман шаруашылығының жағдайы

Қазақстанның басқа аумақтарымен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі бай. Облыста ҚР геоқоры кітабына енген 178 түрлі жануардың 83-і, құстардың 377 түрлері тіркелген. Оңтүстік Қазақстан облысында тіршілік ететін сүтқоректілердің 18 түрлері (Қазақстан бойынша 42 түрінен) сол сияқты құстардың 38 түрі (Қазақстан бойынша 56 түрінен) ҚР Қызыл Кітабына енген.

2014 жылдың 1 қаңтарына Оңтүстік Қазақстан облысының орман қоры жерінің жалпы көлемі 3125686 га, оның ішінде орманмен көмкерген алқабы 1564033 га, ағаш сүрек қоры 3,0 млн текше метр. Облыста өсімдіктердің 1700 түрлерінен астамы өседі, оның 122-сі Қызыл Кітапқа енген, ал 68 түрлері эндемиктер болып табылады, яғни тек Оңтүстік Қазақстан облысында өседі.

Орманның халық шаруашылығы мен адам өміріндегі үлкен маңызын ескере отырып, орманды қорғау мен дамыту қазіргі күннің негізгі проблемасы болып табылады.


Бәсекелестікті дамыту

Бағдарламаның басты мақсаттарының бiрi ол оң факторлар басым болатын қолайлы бәсекелестiк ортаның жасалуы, тиiмдi кәсiпорындардың ұзақ мерзiмдi қаржы тұрақтылығын, сонымен бiрге нарықта минималды бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, тиiмдi және инновациялық кәсiпкерлердің экономикалық мүдделерiнiң қорғалуы болып табылады.

2009-2010 жылдар аралығында Оңтүстiк Қазақстан облысы нарығында жеке тауарлар бәсекелестiгінің деңгейi, талдау жасау кезінде өзгерiстерiнiң жоқтығын растады.

Облыстаға бәсекелестіктің жағдайы олардың құрылымымен, нарыққа кіруге тосқауылдардың болуымен, сонымен бiрге инвестициялық ахуалының ортақ күйiмен шартталған.

Талдаулар жасау кезінде бәсекелестiктiң дамуына нарықта қажетті келесi негiзгі тауарлардың болатынын анықталды: темiр жол жылжымалы құрамының жөндеу және техникалық қызмет көрсетуi, мұнай өнiмдерiнiң қабылдау, сақтау және тарату, цементтің көтерме сатылуы, шығарылған электр энергиясының көтерме бағамен, электр энергиясының бөлшектеп бағамен таратылуы, пошталық байланыстың қызметi, ақылы ақпараттық қызметтiң қызметi, астықтың сақтауы және тағы басқалар.

Сонымен бiрге, нарықта 1 ден 5–6 дейін аралығында субъектілер монополиялармен, дуополиялармен және олигополиялармен ұсынылғаны анықталды.

Бәсекелестiктiң дамуына әкiмшiлiк (рұқсат беретiн процедуралар, қызметтi лицензиялау), экономикалық (қаржылық салулары, қажеттi технологиялық базаның қажеттiлігі), сонымен бiрге сыртқы сауда тосқауылдары, кәсіпкерлікті жүргізу стратегиясы, инфрақұрылымның жеткiлiксiз дамуы және қол жетімділігі, сонымен бiрге инвестициялық жағдай (инвестицияның тартымдылық еместiгі), сұраныс бойынша шектеу тосқауыл болады.

Сонымен бiрге, ауыл шаруашылығы облыс экономикасының басты салаларының бiрі болып табылғанын есепке ала отырып (топырақ-климаттық шарттар, ең бай жайылым қоныстары), ауылшаруашылық өнiмін өткiзу үшiн iшкi және сыртқы нарықтардың болуын есепке алып және АӨК саласының өнiмдерін өңдеуді дамыту көзделген.

Сонымен бiрге, агроөнеркәсiптiк кешендегi бәсекелестiктiң дамуын шектейтiн келесі факторлар ықпал етедi:


  • заттық және қаржы қорларының жетіспеушілігі;

  • ауыл шаруашылық шикiзатын өңдеу бойынша өндiрушiлердің өндiрiс саласында жеткiлiксiз дамуы;

  • ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындырының аздығы;

  • мемлекеттiк – жеке әрiптестiктiң болмағандығы;

  • жеңiл өнеркәсiптiң дамымағандығы;

  • ауылшаруашылық кешендерiнiң технологиялық паркiнің моралді және физикалық тозушылығы;

  • жайғасынған өткiзу нарығының жоқтығынан, өндірілген ауыл шаруашылық өнiмдерін ішкі және сыртқы нарыққа өздіктерінен (немесе арашашылардың аздығынан) шығаруға майда тауар өндiрушiлерiне өз алдына кедергi келтiредi;

  • коммуналдық нарықтардың жеткiлiксiздiгiнен өндiрушiлер өз ауыл шаруашылық өнiмдерiн делдалдардың қатысуынсыз тiкелей нарыққа шығаруға мүмкіндіктері аз, делдалдар өз кезегiнде өнiмнiң түпкi құндарына ықпал етедi.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығының жүйелiк мәселесi суарылатын судың тапшылығы болып табылады.

Бәсекелестiк ортаны жақсарту үшiн ауыл шаруашылық саласында кәсiпкерліктің жұмысқа деген ынталары және мүмкiндiктер.туралы шаралар қарастырылады:



  • iшкi нарықта азық-түлiк тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету (меморандумдарға қол қою, әлеуметтiк - кәсiпкерлiк корпорацияларды тарту және тағы басқа жолдармен);

  • экспорттық және жоғары технологиялық өндiрiстерге инвестиция тарту үшiн тартымды шарттар жасау;

  • сонымен бiрге, ауылшаруашылық өнiміндерін өңдейтін инфрақұрылымды дамыту;

  • ауыл шаруашылық өнiмiнiң өндiрiсiне жаңа технологияларды енгiзу (жылы жайлар мен көкөнiс қоймаларының аудандарының көлемiнiң кеңейту, картофел қоймаларын, құс фабрикаларын, фермаларды, сүт және ет өнiмдерін өндiру және өңдеу бойынша цехтарды жаңарту және қалпына келтiру);

  • суды үнемдеу технологиялары арқылы дәндi дақылдардың аудандарының көлемiнiң ұлғайту;

  • мал бордақылау алаңдары санының көбеюі;

  • су сақтайтын технологияларды кірістіру арқылы суару тиiмдiлiгін жоғарлату (тамшылап суару әдісін енгізу);

  • майда шаруа қожалықтарын iрiлендiру және ынталандыру.

Басқа тауарлық нарықта экономикалық көрсеткіштерді жетілдіру мақсатында облыста жергілікті атқарушы органдар қызметі бәсекелестік жағдайды жақсартуға бағытталады (кәсiпкерлерге кәсiпкерлiктің жаңа мүмкiндiктерін ашу, бәсекелестiктiң дамуына кедергi келтiретiн тосқауылдарды төмендету).

Бәсекелестікті нарықта дамытуға мұнай өнімдері бойынша мұнай өнімдерін сақтау, қабылдау және жіберу, көлемдерін ұлғайту, қабылдау, сақтау және жіберу қызметтiң сапасын жақсарту шараларын қарастыру қажет.

Шара ретінде көтерме шығарылған электр энергиясын нарыққа бағыттау, электр энергиясының бөлшектеп iске асыруы бойынша ЖЭО-3, ЖЭО-5 жабдықтарының қалпына келтiрiлуі және қосымша кіші ГЭС, ВЭС құрылысын іс –шарада қарастырылған.

Бәсекелестiкті шектейтiн нормалардың анықтау және жойылу мақсатында кәсiпкерлiктiң төңiрегiде жасалатын нормативтiк құқықтық актілерiн монополияға қарсы органмен келiсу ескерiледi.

Бәсекелестiктің артықшылықтарын барлығына ортақ түсiндіру мақсатында,оны тиiмдi насихаттау қажет. Бәсекелестіке адвокаттау бәсекелестігін дамытуға шарттар жасасуға жергілікті атқарушы және монополияға қарсы органдарды өзара тиімді әрекеттесуге мүмкіндік береді, сонымен бірге, бәсекелестіктің мәнін барлық тұлғаларға (кәіспкерлер, тұтынушылар) экономикалық тиімділік және экономикалық даму тұрғысынан түсіндіруді қамтамасыз етеді.

Бәсекелестікті қорғау аясында жаңа кәсіпкерлерді тарту үшін, сондай-ақ тауарлар және қызметтерді қажеттілігі жаңа кәсіпкерлерді ынталандыру үшін, сонымен қатар, жергілікті билік органдарының қызметінің ақпараттық шынайылығын арттыру мақсатында аймақтық рыноктар туралы мәліметтер жинауды ұйымдастыру, сараптама және жариялау жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және басқа жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының қызметі Бүкіләлемдік экономикалық форумының (БЭФ) Глобалды индексі (БГИ) аясында «жергілікті бәсекелестіктің интенсивтілігі» субиндексін жақсарту бойынша нақты шаралар көруге бағытталады. Оның ішінде, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) және мемлекеттік жеке серіктестік (МЖС) арқылы.

Бұдан бөлек, бағдарламада айқындалған өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыру, агроөнеркәсіп кешені және құрылыс индустриясын дамыту, жайлы кәсіпкерлік климатты қамтамасыздандыру жөнінде және басқа да шаралар өркениетті бәселелестік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.

Өндірістік сектордың дамуы, облыстың өнеркәсібіне шетелдік және отандық инвестицияларды тарту каналдарының кеңеюі арнайы экономикалық (АЭА) және индустриялық аймақтардың (ИА) тартымдылығын арттыру арқылы жүзеге асырылатын болады, ол өз кезегінде рыноктың жаңа қатысушыларына тартымды болатын бәсекелестік ортаның жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
2.2.2. Әлеуметтік сала

Демографиялық потенциал

Оңтүстік-Қазақстан облысы туылу деңгейі жоғары, тұрғындар тығыз орналасқан аймаққа жатады. 2007 - 2009 жж. тұрғындар 98,0 мың адамға немесе 4,2 % артқан және 2429,5 мың адамды құраған. Тұрғындар санының жыл сайынғы өсімі орта шамамен 2,0 % құрайды. Жалпы саннан қалалық тұрғындардың саны 37,5 % (912 мың адам), ауылдық – 62,5% (1517,5 мың адам). Қалалық жерлерде тұрғындардың 1000 адамына 30,2 туылу, ауылдық жерде – 29,9 туылу келеді.

2009 жылы 20,9 мың неке қию және 2,6 мың ажырасу тіркелген (2005 жылмен салыстырғанда тиісінше 22,4 % және 29,0 % өсімі байқалады).

2011 – 2012 жж. тұрғындар 56,4 мың адамға немесе 2,2 % артқан және 2676,3 мың адамды құраған. Жалпы саннан қалалық тұрғындардың саны 39,1% (1 047,5 мың адам), ауылдық – 60,8 % (1 628,8 мың адам). Қалалық жерлерде тұрғындардың 1000 адамына 30,2 туылу, ауылдық жерде – 29,9 туылу келеді. 2012 жылы 22,7 мың неке қию және 3,4 мың ажырасу тіркелген.

Облыс бойынша 2013 жылы халық саны 2766,9 мың адамды құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 52,9 мың адамға немесе 1,9 % артты. 2014 жылғы көрсеткіш бойынша қала халқының саны 1088,5 мың адам, ауыл халқының саны 1678,4 мың адамды құрады. 2014 жылы 1000 адамына шаққанда 29,9 - туылу, 5,67 - өлгендер, 24,23 - табиғи өсімді көрсетеді. 2013 жылы 9,7 мың неке қию және 1,58 мың ажырасу тіркелсе, 2014 жылы 8,32 мың неке қию және 1,57 мың ажырасу тіркелген.
Денсаулық сақтау

Демографиялық жағдайдың оң өзгерістеріне қарамастан ана мен нәресте өлімнің көрсеткіштері әлі де тұрақтанбай тұр. Ана өлімінің көрсеткіші 2005-2007 жылдар аралығында 100 мың тірі туылған нәрестелерге шаққанда 36,1-дан 56,1-ге дейін өсіп отыр. Бұл көрсеткіш 2011-2013 жылдар аралығында 39,3 % дейін төмендеген. Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін азайту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған салалық Бағдарламасын жүзеге асыру ана өлімінің көрсеткіштерін 100 мың туылған нәрестелерге шаққанда 37,8-ге дейін төмендеуге жағдай жасады. 2011 жылы өлім орны бойынша 13 әйел қайтыс болды, көрсеткіш - 16,8 %. 2012 жылы - 16 әйел қайтыс болды, көрсеткіш - 20,6 %, 2011 жылмен салыстырғанда 18,4 % өскен. 2012 жылы ана өлімінің көрсеткішін 100 мың тірі туылған нәрестелерге шаққанда 20,6 дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2013 жылы 8 әйел қайтыс болды, көрсеткіш-10,2 %, 2012 жылмен салыстырғанда 50,5 % төмендеді. Мекен жайы бойынша - 10 жағдай, көрсеткіш - 12,8, 2012 жылмен салыстырғанда 44,8 % төмен.


Нәресте өлімінің көрсеткіші

2008 жылы республика көлемінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының тірі және өлі туу критерийлерін енгізуіне байланысты, 2005 жылы 1000 тірі туылған нәрестелерге шаққанда 15,9-дан 2008 жылы 25,56-ға дейін, 60,8% өсуге ықпал жасады. 2009 жылы 20,98-ден 2013 жылы 13,1-ге дейін, 37,6% төмендеді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, еңбек жасындағы тұрғындардың шығыны көп жағдайда қан айналымы жүйесінің органдары, қант диабеті сияқты жұқпалы емес аурулардан себебінен болуда. Осыған қарамастан, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының өмір сүру деңгейі 2005 жылдағы 67,36-дан 2009 жылда 69,49-ға жетті, 2011-2013 жылдары 69,86–дан 70,69 - дейін жоғарлады, алайда, туберкулез, қатерлі ісік аурулары әлі де жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік бермей отыр.

Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім 2011жылы 168,58-ге; 2012 жылы 137,31-ге; 2013 жылы 111,45-ке төмендеді, жарақаттанудан өлім-жітім үш жылда 67,99–дан 65,56–дейін төмендеді, онкопатологиядан 54,92-тен 52,92-ге дейін төмендеді. Облыс халқының арасында профтексеру, скринигтер, санитарлы-ағартушылық жұмыстардың сапасы жақсарды. Әсіресе, 16-62 жас аралығындағы жұмысқа жарамды тұлғалар жалпы көлемнің едәуір бөлігін құрайды. ОҚО-да 2007-2009 жылдарға арналған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту Бағдарламасының бекітілуі мен жүзеге асырылуы арқасында 2008 жыл мен 2009 жыл аралығын салыстырғанда өлім-жітім көрсеткіші 17,4 %, 2011 - 2013 жылдар аралығын салыстырғанда 36,2 % төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 276,2-ні құрап, 2011-2013 жылдары 168,58-ден 111,45-ге дейін төмендеді (2007 ж-343,2, 2008 ж-334,3). Стационарларда миокардтың жедел инфактынан өлу көрсеткіші 1990 жылы 16,9 % 2009 жылы 9,8 % құрауына қарамастан, стационарға дейінгі этапта төмендемеуде. Көрсетілген көрсеткіш жалпы өлім-жітім көрсеткішісінің құрылымында 1 орында алады.

Қан айналымы ауруларынан өлім-жітімнің динамикалық төмендеуі соңғы үш жылда профтексерулердің сапасының жақсаруынан, уақытылы анықталып, диспансерлік есепке алу (97 пайыз). Уақытылы жақсарту шараларын жүргізу, ЖМК госпитальға дейінге кезеңде тромболизис жүргізу («Актилизе» препаратын 621 науқасқа енгізді), тегін дәрілермен қамтамасыз ету, жоғары технологиялық араласуларды ендіру: жіті коранарлы жетіспеушілікте кезінде және жіті инфаркт миокарды стентирлеу жүргізу (2681 стентирлеу), уақытылы оперативтік араласуларды жүргізу ( аорто-корарлы шунтирлеу 502 ауруға жүргізу. Жарақаттану, жазатайым оқиғалар мен улану көрсеткіштерінің 2005 жылы 95,0-ден 2009 жылы 75,2-ге төмендеуіне қарамастан жалпы өлім-жітім құрылымында екінші орынға ие, 2011 - 2013 жылы 8,1 % төмендеді. 2011 жылы 67,99, 2012 жылы 10,8 % төмендеп, көрсеткіш 60,64, 2013 жылы 8 % өсті, көрсеткіш 65,56 құрады. Жарақаттану арасында өлім-жітімнің көбею тұрмыста және өндірісте қауіпсіздік шараларының сақталмауы, автотранспортын 81,6 % көбейді. Үшінші орынды қатерлі ісік аурушаңдығы 2009 жылы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 96,8-ды, бұл республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге төмен (182,6) құраған, 2011 жылы 100 мың адамға шаққанда 98,7-ды, бұл республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге төмен (183,0) құраған. 2012 жылы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 93,3, бұл республикалық көрсеткіштен 2,1 есе төмен (190,6). 2013 жылы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 98,6 құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 2,0 есе төмен (193,9). Тұрғындардың өлім-жітімі 2005 жылдан 100 мың тұрғынға шаққанда 61,45 –тен 2009 жылы 56,6-ға дейн төмендеп, тұрақтанды (ҚР-сында 2005ж-114,3, 2009ж-111,76) 2011 жылы - 54,92, 2012 жылы - 54,0, 2013 жылы - 52,92-ге дейін төмендеді.

Төртінші орынды қант диабетіне шалдыққандар құрады. Қант диабетіне шалдыққандар санының 2005 жылда 17152-ден 2009 жылы 23758 адамға көбейгені анықталып отыр. 2011 жылы - 127,5; 2012 жылы - 131,4; 2013 жылы - 131,5 көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда. 2008-2009 жылдар аралығында қант диабетіне шалдыққандар мың адамға шаққанда аурушаңдық көрсеткіштері 830,5-тен 992,7-ге дейін өсіп, қалқанша безінің ақауы 1940,2-ден 2043,0-ге дейін, гипофизарлы нанизм - 20 %, ал балалардың ерте есею аурушаңдығы 15 % өсті.

2005-2009 жылдара аралығында туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып отыр. Аурушаңдық көрсеткіші 20,6 % төмендеп, 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда 98,4-ден 2009 жылы 78,1-ге, 2011 жылы 67,1; 2012 жылы 63,0; 2013 жылы 59,5-ке дейін төмендеді. Алғашқы анықталғандар арасында туберкулездің асқынған түрлері 72,9 % төмендеді. Өлім-жітім көрсеткіші 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда 10,8-ден 2009 жылы 9,6-ға немесе 7,4 %, 2011 жылы 100 мың адамға шаққанда 6,0; 2012 жылы-5,0; 2013 жылы-3,9 - 100 мың адамға шаққанда 6,0-ден 3,9 төмендеді. төмендеді. Өлім-жітімнің негізгі себебіне, туберкулез процессінің созылмалы түрге айналуы мен дәрі-дәрмекке тұрақтылығы себеп болуда.



Жүйке аурулары бұзылуларымен есепте тұрғандардың санының өсуі байқалуда. 2005 жылы 24469 науқастан 2009 жылы 29858-ге өскен ( ауылды жерлерде - 15400), Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуларымен сырқаттанушылық 2011 жылы-118,1; 2012 жылы -95,2; 2013 жылы -90,1 100 мың тұрғынға шаққанда 118,1-ден 90,1-ге дейін төмендеген.

Олардың ішінде, әйелдер - 13246, ерлер - 8907, балалар мен жасөспірімдер - 7705-ті құраған.

ВИЧ-инфекциясы тіркелінген уақыттан бері облыста (1993 ж.) 2010 жылдың 1 қаңтарына 1691 адам, 2014 жылдың 1 қаңтарына 2375 адам анықталып, СПИД диагнозы 113, 2014 жылы 159 тіркелініп, оның 46-сы, 2014 жылы 68-і қайтыс болды. «ОҚО-дағы ЖҚТБ/ АҚТҚ- жұқпасының алдын алу және емдеудің 2007-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының» іске асыру арқылы АҚТҚ-жұқпасының концентрациялық сатыда таратылуы тұрақтандырылды (орташа республикалық көрсеткіш 1,1 %, 2014 жылы 0,6 %, ал, ОҚО-да өткен жылдары 0,2 %, 2014 жылы 0,1 % болып отыр).

Профилактикалық іс-шаралардың өткізілуіне қарамастан, жыныстық жолмен таралатын жұқпалармен аурушаңдық 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 9,2 % өскен, 2012 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 251,6-дан 243,5-ке дейін төмендеді. 2009 жылы соз (гонорея) ауруына шалдыққандар саны көбейді, 2005 жылы 100 мың халыққа шаққанда 88,1–ді құраса, 2009 жылы 63,0-ды құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылы - 39,0, 2012 жылы - 30,3, 2013 жылы - 21,9 төмендеген. Сифилиске шалдыққандардың жалпы санының 80,2 %, 2011 жылы 20,3 %, 2012 жылы - 24,2, 2013 жылы - 28,9 % 18-45 жастағы еңбекке жарамды халық құрады.

Бүгінгі таңда облыста балалар стоматологиялық қызметін дамыту қажет. Профилактикалық тексеру нәтижесінде 2009-2011 жылдар ішінде балалар арасында тіс жегісінің таралуы 65-70 % құраса, аудандарда 80-85 % құрайды. 2012 жыл ішінде қалада балалар арасында тіс жегісінің таралуы 64,5-70 % құраса, аудандарда бұл көрсеткіш 79,5-85% құрайды, 2013 жылы 64-69,5 %, бұл көрсеткіш аудандарда 79-84,5 % құрайды.

Халық денсаулық деңгейінің төмендеу себептерінің бірі ақпараттық жұмыстарының жеткілікті жүргізілмеуі, салауатты өмір салтын ұстау, аурудың алдын алу, дұрыс тамақтану мәселесі бойынша халықтың қызығушылығын тұдыру. Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыру жүйесін дамыту мақсатында «Салауатты өмір салты» 2008-2016 жылдарған арналған мемлкеттік бағдарламасы іске асырылуда. Зерттеулерді жүргізу нәтижесінде 2009 жылы облыстың халқы арасында темекі шегуінің таралуы 16,4 %, 2013 жылы темекі шегуінің таралуы мен алкоголизмнің таралуы 19,5 және 15,0 % құрады. Әртүрлі жастағы топтар арасында шылым шегу деңгейі байқалады, тек қана кіші жастағы топтар арасында шылым шегушіліктің таралуы қауіп төндірумен қатар, әйелдер мен қыздар арасында шылым шегушілік саны көбеюде.

2005 жылы шылым шегетін әйелдер мен ер адамдар арасында 1-ге 5 құраған. Темекі шегетін әйелдердің ең жоғарғы деңгейі 18-19 жас (20 %) және 20-29 жастағы (17,2 %) топтар арасында байқалады.

Облыс үшін өзекті мақсаттардың бірі – санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру болып саналады. Вирустық гепатитпен «В» аурушаңдық көрсеткіш 2005 жылы 170,0 болса, 2009 жылы 92,9 –ке дейін төмендеді, 2011 жылы 13,83 болса, 2013 жылы 35,7 құрады, ал жіті ішек аурулары 2009 жылы 232,0 (2005 жылы - 262,53), 2011 жылы 171,3-тен 2013 жылы 111,71-ге дейін төмендеген, бруцеллез 2009 - 28,3 (44,3) болған, 2011 жылы - 17,84-тен 2013 жылы 16,11-ге дейін төмендеген. 2 жастағы балаларға вакцина егудің арқасында «А» вирустық гепатитпен аурушаңдық көрсеткіші төмендеді. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 166,86 болса, 2009 жылы 89,9-ды құрады, 2011 жылы 29,52 болса, 2013 жылы 6,76-ды төмендеді.

Жергілікті атқарушы органдардың тиісті бағдарламаларды іске асыруы арқылы су құбырлары суымен қамтамасыз етілген халық саны көбейді, 2008 жылы 68,3 % қамтылса, 2009 жылы тұрғындардың 76,5 % қамтамасыз етілді.

Құтыруға шалдығу бойынша қиын жағдай әлі де сақталынуда, аурушаңдық деңгейі 2006 жылы 0,13-тен 2009 жылы 0,4-ке дейін өсті, 2011 жылы 3 жағдай тіркелген, 2013 жылы 1 жағдайға дейін төмендеген. Конго-қырым қанды безгегінің тіркеу тенденциясы да байқалуда. 2007 жылы тіркелінген 2-5 жағдайдан, 2009 жылы 22 жағдайға өскен, 2011 жылы тіркелінген 10 жағдайдан, 2013 жылы 5 жағдайға дейін төмендеп отыр. Аурушаңдықтың өсуіне малдармен бірге кенелердің таралу шекарасының кеңеюі бірден бір себеп болуда. Тұрғындардың денсаулығы мен өлім - жітім көрсеткіштеріне, дәрігер кадрлардың жетіспеушілігі, кәсіби дайындығы сапасының төмендігі, кәсіби білімнің үздіксіз жүйесінің жоқтығы кері әсерін тигізуде. 2010 жылы облыс тұрғындарына медициналық көмекті 17 197 2013 жылы 31 598 медициналық қызметкерлер, оның ішінде 6539 дәрігер, 2013 жылы 8701 дәрігер, ауылды жерлерде 2121 дәрігер, 2013 жылы 2619 дәрігер қызмет атқарады. 18 169 орта буын медицина қызметкері болса, 2013 жылы 28897 , оның ішінде 8537, 2013 жылы 7688-і ауылды жерлерде қызмет атқарады. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтылуы 26,9 (ҚР- 30,5), 2013 жылда 31,8 (ҚР- 39,2), ауылды жерлерде 13,9 болған, 2013 жылы 15,7 болды, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтылуы 56,26-ны, 2013 жылы 46,2-ні құраған. Дәрігерлермен жасақталу орта буын медицина қызметкерлерімен жасақталу 95,93 % құрады. Медициналық ұйымдарды педиатрлар, анестезиолог-ренаиматолог, жедел жәрдем көмекгі дәрігерлері, неонатологтар, балалар кардиоревматологы, аймақтық терапевтер мен педиатрлар, паталоганатомдармен қамтамасыз ету үлкен мәселе болуда. Жергілікті атқарушы органдарымен әлеуметтік пакет беру арқылы аулыды жерлерге жас мамандарды тарту жұмысы, облыстағы кадрлардың жетіспеушілігін толық жаппай отыр. 2005 жылы мен 2009 жыл аралығында жалпы саны 1461 жас мамандардың 234-і немесе 16 % 93,8 млн. теңгені, 2011 жылы мен 2013 жыл аралығында жалпы саны 315 жас мамандардың 355,7 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілді, бұл қаражат әлі де жетпейді.

Дәрілік заттарға жеткіліксіз қолжетімділік пен сапа медициналық көмек сапасы деңгейінің нашарлығымен түсіндіріледі. 2005 жылдан бастап амбулаториялық деңгейде халықтың жекелеген санаттарын, сондай-ақ айқындалған ауру түрлерінің тізбесі бойынша науқастарды дәрі-дәрмекпен жеңілдікті шарттармен қамтамасыз етудің енгізілуі халықтың емделуге бетбұрысын жақсартуға жетуге, науқастарды амбулаториялық кезеңде емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Алайда жыл сайын амбулаториялық кезеңде дәрілік заттар жеңілдікті және тегін босатылатын аурулар тізбесінің кеңейгендіктен, осы мақсаттарға қаражат жеткіліксіз бөлінеді.

Халықты және медициналық ұйымдарды дәрілік қамтамасыз етуді фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар 860 объекті, 2013 жылы 1249 объекті іске асырады. Мемлекеттік медицина ұйымдарының құрылымында 27 дәріхана, 2013 жылы 66 дәріхана бар. 749 бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің 179-да дәрілік заттарды сатуды ұйымдастыру қажет, 570 объектінің дәріханалары бар, қалған 148 елді мекендерде бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдары арқылы медикаменттерді сатуды ұйымдастырудың қажеттілігі жоқ, өйткені бұл елді мекендер көршілес жатқан елді мекендермен қосылып кеткен.

Денсаулық сақтаудың өзекті бір проблемасы ретінде тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі мен оның сапасы жатады. Медициналық ұйымдарды медициналық көмекті көрсетудің халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін медициналық ұйымдардың қызметін айқындау бойынша шаралар жүргізілді. Алға қойған міндеттерге жету үшін ішкі аудит мен сыртқы тәуелсіз экспертиза қызметтері құрылды.

Облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 2005 жылдан 2,5 есеге өсіп, 40,2 млрд. теңгені құрады, 2013 жылы 2011 жылдан 1,7 есеге өсіп, 65,789 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілденген көлемінің шығынына 13,7-ден 33,9 млрд. теңгеге артты, 2013 жылы 2011 жылдан 34,5-тен 54,7 млрд. теңгеге артты. ТМККК аясында бастапқы медициналық-санитарлық көмекті көрсету 2009 жылы 39,1 пайызды, 2013 жылы 39,2 % құрады.

Позитивті өзгерістерге қарамастан аймақты қаржыландыру әлі де жеткіліксіз болуда.

Жыл сайын бөлінетін қаржының ұлғаюына қарамастан Оңтүстік Қазақстан облысында 1 адамға шаққандағы қаржыландыру көрсеткіші 2009 жылы 18 727 теңгені, 2013 жылы 24 582 теңгені (2005 жылы 8001 теңге, 2011 жылы 17 139 теңге) орташа республикалық көрсеткіш – 28 965 теңге, 2013 жылы 26 741 теңге (2005 жылы-12298 теңге, 2011 жылы-21 881 теңге).

Денсаулық сақтау саласындағы проблемалары, басқару мен қаржыландырудың түпкілікті нәтижеге емес, жүйені қолдауға бағытталуымен байланысты болып отыр. Әлі де медициналық қызметке біркелкі жету мен медициналық қызметтің сапасының төмендігі сақталуда.

2005 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға шығындардың көбейгені анықталып отыр. 2011-2013 жылдар аралығында 12 % ұлғайған (2011 жылы 5046,1 млн. тенгеден 2013 жылы 5663,6 млн. теңгеге артқан). Медициналық қызметпен науқастарды тексеруге арналған медициналық құрал-жабдықтар алынды: магнитті-резонансты томограф, компьютерлі томограф, ангиограф, жылжымалы медициналық комплекс, дистанционды литотриптер, реанимобилдер, УДЗ аппараттары.

2005-2009 жылдар аралығында Ордабасы және Мақтарал аудандық орталық ауруханалары, Арыс, Отырар аудандық туберкулезге қарсы диспансерлері, облыстық қан орталығы, медициналық бұйымдарды залалсыздандыру орталығы, облыстық кардиологиялық орталығның кардиохирургиялық корпусы салынып, халыққа қызмет жасауда.

2005-2009 жылдар аралығында жергілікті бюджет қаржысы арқасында 231 нысанда жалпы сомасы 1 057,5 млн. теңгені құрайтын, оның ішінде РБ-тен -1020,4 млн тенге, ЖБ-тен- 498,9 млн. тенге, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 324 нысандарда жалпы сомасы 782,5 млн. теңгені құрайтын ағымдағы жұмыстар жүргізілді. 2013 жылы 38 денсаулық сақтау объектісінде 3,9 млр. тенгеге күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілді.

Объектілердің күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ғимараттарды жөндеу, инженерлік жүйелері мен жылу жүйелерінің сапасын жақсақту арқасында жылыту маусымы кезінде температуралық режимнің нормативтік көрсеткішіне қол жеткізілді. Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстардың арқасында ведомстваға бағынысты ұйымдарда халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарды.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Техникалық –экономикалық көрсеткіштері» ақпараттық базасының мәліметі бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 27,2 %, 2013 жылы 56,66 % жабдықталды, орташа республикалық көрсеткіш 56,4 % құрады, ал ауылды жерлерде 23,48 % құраған. Ауылдық дәрігерлік амбулаториясында бұл көрсеткіш 35,72 %, ауылдық учаскелік ауруханаларда- 24,1 %, медициналық, фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік бекеттерде 23,57 % құрады.

Аудан деңгейіндегі медициналық ұйымдардың замануи лабораторлық құрал-жабдықпен, халықаралық стандарттарға сай диагностикалық және инструменталды құрал-жабдықдар жоқтың қасы. Облыстық клиникалық және балалар, 6 аудандарда құрылған телемедицианлық жүйесінің арқасында, облыстық клинкалық және балалар ауруханасының білікті мамандарымен телемедициналық кеңестерді беру жолға қойылды.

Сонымен қатар, медициналық персоналдың компьютерлік сауаттылығының төмен деңгейде болуы және емдік-профилактикалық процессті толық автоматтандырудың болмауы облыстық денсаулық сақтауда ақпараттық технологияларды дамытуға жол бермеуде. (533 нысан, 57,2 % компьютермен қамтамасыз етілген).

904 нысан телефон желісімен қамтамасыз етілген, бұл 97 % құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет