2.2.Аймақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайын талдау
2.2.1. Экономикалық даму
Жалпы аймақтық өнім
млрд. теңге
2142,4
1870,6
1507,2
1205,3
925,5
731,3
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Жалпы аймақтық өнімнің көлемі 2009 жылы ағымдағы бағамен 925,2 млрд. теңгені, құрады, адам басына шаққанда ЖАӨ мөлшері 366,7 мың теңгені құрады. ЖАӨ құрылымында өндірістің үлесі – 39,4 %, қызмет – 57,4 %, 2012 жылы 1870,6 млрд. теңгені, республикадағы үлесі 6,2% құрады. Адам басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 705,8 мың теңгені құрады. ЖӨӨ-гі өндірістің үлесі – 41,8 %, қызметтің – 58,2 % құрады.
2009 жылы ЖАӨ бойынша Республика аймақтарының орналасуында облыс 7 орынға ие болып, оның үлесінің өсімі байқалды. 2012 жылы жалпы өңірлік өніміндегі өңірлердің үлес салмағы 6,2%, 2013 жылы 6,1 % құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінде облыстың ЖАӨ үлесі 8,8 % құрап, бұл көрсеткіштің төмендегені байқалды, мәселен 2007 жылы бұл көрсеткіш 11,2 % құраса, 2009 жылы – 9,55 %. Бұл мақта өндірісінің төмендеуіне байланысты болды, ол өз кезегінде мақтаға әлемдіқ нарықта бағаның төмендегеніне байланысты болды. Ал, 2013 жылы жалпы өңірлік өніміндегі өңірлердің үлес салмағы 12,4% құрады.
Өнеркәсіптің жалпы көлемінде облыстың ЖАӨ үлесі 2007 жылы – 2,57 %; 2008 жылы – 2,18 %, 2009 жылы – 3,77 %, 2013 жылы 5,5 % құрады.
ҚР құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде облыстың үлесі 2009 жылы 6,9% құрап, өсімі байқалады (2007 жылы – 3,58 %, 2008 жылы – 4,57 %). Ал, 2013 жылы жалпы өңірлік өніміндегі өңірлердің үлес салмағы бойынша 6,9 % құрайды.
Көлік және байланыс бойынша жалпы республикалық көлемдегі ЖАӨ облыстың үлесі 3,96 %, саудада – 3,42 %, басқа қызметтерде – 7,37 % құрады. Ал, 2013 жылы көлік үлесі 6,2 %, ақпарат және байланыста - 1,5 % құрады.
Өнеркәсіптің дамуы
Облыстың даму Бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013жж.) жүзеге асырылуы экономика қызметінің қорытындысы бойынша өнеркәсіп дамуының болымды динамикасының сақталғанын көрсетеді.
Өңірдің индустриялды-инновациялық даму стратегиясын іске асыруы өнеркәсіптің жекелеген салаларының дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, аудандар мен қалалардың өндірістік әлеуеті артты.
Нақты сектордың тұрақты экономикалық дамуы инфляция деңгейін тежеумен; кәсіпкерлікті дамытумен; қолайлы инвестициялық климатпен; тұрғындардың өмір деңгейін көтеру нәтижесінде ішкі сұраныстың өсуімен; сонымен қатар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінің қарқынының өсуімен қамтамасыз етілді, бұл ішкі және сыртқы сауда көрсеткіштеріне болымды әсерін тигізеді.
Нақты сектордың инновациялық құрамдасын дамыту бойынша жұмыс жүргізілді. Қазіргі күні облыс ЖООмен, «Риц «Максимум» ЖШС жобалар, бағдарламалар мен ғылыми-техникалық идеялардан мәліметтер қоры жинақталды.
2012 жылы Республика өндірісінің жалпы көлемінде ОҚО үлесіне мақта-талшығы өндірісінің 100,0 %, трансформаторлар өндірісінің 99,2 %, фармацевтикалық препарттар өндірісінің 48,0 %, бензин өндірісінің 46,1 %, жанар мазуты өндірісінің 22,9 %, цемент өндірісінің 16,8 %, сыра өндірісінің 16,7 %, шарап өндірісінің 24,9 %, ұн өндірісінің 15,0 % түседі.
2014 жылы Республика өндірісінің жалпы көлемінде ОҚО үлесіне мақта-талшығы, мақта-мата және трансформаторлар өндірісінің 100,0 %, минералды сулар – 53,7 %, дәрі-дәрмек препараттар – 28,3 %, бензин – 36,4 %, дизельді отын – 28,4 %, отындық мазут – 24,8 %, цемент – 27,1 %, сыра – 10,8 %, ұн – 21,7 % тиесілі.
ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2010 жылы белсенді өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндірістер саны 722, 2011 жылы – 760, 2012 жылы – 724, 2013 жылы – 811, 2014 жылы – 751 құрады.
ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына және 2013 жылы 1 қаңтарына жұмыс істейтін өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндірістердің саны тиісінше 2013 жылы - 949, 2014 жылы - 1094 құраған.
ОҚО ірі кәсіпорындары қатарында келесілерді атауға болады: «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Стандарт цемент» ЖШС, «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Алдын дән» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Шымкент-құс» ЖШС, «Алекс» ЖШС, «Састөбе Технолоджис» ЖШС, «Феррум-Втор» ЖШС, «Құрылыс металлоконструкциялар зауыты» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «3-Энергоорталық» АҚ, «Шымкент Ремсервис» ЖШС, «Ақ Жол» ЖШС, «Ақ-Берен» ЖШС, «Қоңыр-Ат» ЖШС, «Мырзакент» МӨЗ» ЖШС, «Контал» ЖШС, «Корпорация «Ақ Алтын» ЖШС және т.б.
Тау-кен өнеркәсібінде тауарлық өнім көлемі қолданыстағы бағаларда 2003 жылмен салыстырғанда 12,2 есе өскен, өңдеу өнеркәсібінде – 1,5 есе өскен, электр энергия, газ бен суды өндіру және бөлу 2,6 есе өскен.
2012 жылы кен өндіру өнеркәсібінде тауарлық өнім көлемі қолданыстағы бағаларда 2008 жылмен салыстырғанда 4,9 есе, өңдеу өнеркәсібінде – 2,0 есе, электр энергия, газ бен суды өндіру және бөлу - 1,8 есе өскен.
2013 жылы өнеркәсіпте тауарлық өнім көлемі қолданыстағы бағаларда 2008 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өскен, соның ішінде: тау-кен өнеркәсібінде - 5,1 есе өскен, өңдеу өнеркәсібінде – 2,2 есе өскен, электр энергия, газ бен суды өндіру және бөлу 2,4 есе өскен.
2008-2013 жылдар аралығында құрылыс материалдар, уран, отындық-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіру, трансформаторлар, технологиялық және электротехникалық жабдықтарды өндірістері қайта қалыптасты, бу және ыстық сумен жабдықтау, газ тәрізді отынды өндіру және бөлу, суды тазалау және бөлу көлемдері өсті.
2003-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі құндық мәнінде 2 есе өскен, әкімшілік-аумақтық бірліктер кескінінде жағдай келесідей: Бәйдібек ауданында өнеркәсіп өндірсі өнім 3,1 есе, Кентау қаласында – 3,7 есе, Түлкібас ауданында – 6,1 есе, Қазығұрт ауданында – 6,3 есе, Созақ ауданында – 14,0 есе дерлік өскен. Шардара және Мақтаарал аудандарында өндірістік өнім өндірісі сәйкесінше 34,4% және 66,9% төмендеген. Аталған аудандарда өнеркәсіптің осылайша күрт құлауын өнеркәсіптің басым үлесін мақта өндірісі алып отырғанымен түсіндіруге болады. «Мақта туралы» Заңның қабылдануымен қайта өңдеу кәсіпорны өндірісінің өндіріс көлеміндегі статистикалық есебінде қайта өңдеуге арналған қызметтер ғана есепке алынып, ертеде орын алған жағдай секілді, қайта өңдеуден өткен мақтаның толық көлемі көрсетілмейді.
2008-2013 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі құндық мәнінде 2,6 есе өскен, әкімшілік-аумақтық бірліктер кескінінде жағдай келесідей: Төлеби ауданында өнеркәсіп өндірісі 3,6 есеге өссе, Сайрам, Созақ аудандарында – 2,7 есеге, Ордабасы ауданында – 2,4 есеге, Мақтарал, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында – 2,3 есе, Кентау, Түркістан қалаларында – 2,1 есе, Қазығұрт, Отырар аудандарында – 1,2 есе, қалған аудан, қалаларда 1,5 есеге өскен.
2009 жылы 255827,4 млн.теңгеге өнім өндірілген, 2008 жылы нақты көлем индексі 102,7 % құрады, сәйкесінше 2010 жылы – 316357,7 млн. теңге (НКИ – 113,5 %), 2011ж. 377179,5 млн. теңге (НКИ – 101,9 %), 2012ж. 496767,9млн. теңге (НКИ – 106,7 %), 2013ж. 552 557,8 млн. теңге (НКИ – 102,3 %).
Облыстың Даму бағдарламасының 1-ші кезеңін (2011-2013 жж.) жүзеге асыруда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен: 2011 жылы – 377179,5 млн. теңге, 2012 жылы – 496768,0 млн. теңге, 2013 жылы – 552557,9 млн. теңгенің өнімі өндірілді, 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 111,2 % (2008 жылға қарағанда – 129,7 %) құрады. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 460348 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,1 % құрады.
Осы кезеңде өнеркәсіптің негізін қалаушы салаларының басым санында өндіріс өсуі ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, қызмет етіп отырған өндірістердің модернизациясы және қайта жабдықталуы, сонымен қатар өнімнің жаңа түрлерін шығаруды ұйымдастыруы есебінен қамтамасыз етілді.
Индустрияландыру картасы шеңберінде 146,7 млрд. теңгелік 103 жоба іске қосылып, 8873 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде: 2010 жылы – 7 жоба (33,7 млрд. тг., 1775 ж.о.); 2011 жылы – 22 жоба (57,3 млрд. тг., 1235 ж.о.); 2012 жылы – 29 жоба (14,7 млрд. тг., 2226 ж.о.); 2013 жылы – 46 жоба (41,0 млрд. тг., 3637 ж.о.); 2014 жылы – 41 жоба (43,3 млрд. тг., 3,1 мың ж.о.) .
2014 жылдың соңына дейін өнім көлемін 580 млн.теңгеге немесе 2013 жылға қарағанда нақты көлем индексін 105,8 % жеткізу көзделуде.
Тау-кен өнеркәсібі
Облыстың өнеркәсіп өнімінің 2012 жылы 23,4 %, 2013 жылы 26 %-дан астамын құрайтын тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемінің жыл сайын өсіп отырған қарқыны сақталуда. Кен қазып шығару аясында жұмыстар жүргізіліп, жалпы таралған, қатты пайдалы қазбалар, көмірсутегі шикізаты, жерасты және термальды суларды барлау, шығару, барлау мен шығаруды ұштастыру келісім-шарттары іске асуда. 2009 жылы осы сала кәсіпорындарымен 59969,3 млн. теңгеге өнім өндірілген, 2008 жылға қарай өнімнің нақты көлем индексі отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығаруды ұлғайту есебінен 171,6 %, 2010 жылы сала кәсіпорындары 72776,2 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2009 жылмен салыстырғанда НКИ 114,7 % құрады.
2012 жылы осы сала кәсіпорындарымен 140238,1 млн. теңгеге өнім өндірілген, 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 109,6 % құрады, бұл отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығарудың ұлғаю есебінен болды. 2013 жылы 146024,7 млн. теңгеге өнім өндірілді, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда НКИ 108,6 % құрады.
Облыстың Даму бағдарламасының 1-ші кезеңін (2011-2013жж.) жүзеге асыруда кен өндіру саласындағы кәсіпорындарымен: 2011 жылы – 81339,6 млн. теңге, 2012 жылы – 140238,1 млн. теңге, 2013 жылы – 146024,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді, 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 122,7 % (2008 жылға қарағанда – 241,5 %) құрады, бұл отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығарудың ұлғаюы есебінен болды.
Кен өндіру өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесінің 13,5 %-дан (2008 жылы) 23,4 %-ға дейін күрт өсуі 2009 жылы орын алды. Кен өндіру өнеркәсібінің жылдам дамуы экспортқа бағдарланған пайдалы қазбаларды, ең алдымен – уран, өндірумен байланысты. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліз құрылысының қарқынды жүргізілу де септігін тигізді.
2014 жылдың қаңтар-қыркүйекте сала кәсіпорындарымен 60840,4 млн. теңгеге өнім өндірілді, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 96,3 % құрады.
2009 жылы тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерінің саны 6448 адамды құраған, олардың ішінде металлургиялық кендерін шығаруда – 4809, тау-кен өндірісінің басқа салаларында – 1269 адам болған. Саланың еңбек өнімділігі жыл бойында бір адамға шаққанда 9,3 млн. теңгені құраған. Тау-кен өндірісі қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 158115,7 теңгені құрады.
2012 жылы кен өндіру өнеркәсібіндегі қызметкерлер саны 6810 адамды, олардың орташа айлық жалақысы 243490 теңгені құрады. Саладағы бір адамға шаққанда еңбек өнімділігі 24866,6 мың теңгені (166,8 мың АҚШ долларын) құраған. 2013 жылы 8376 адамды, олардың орташа айлық жалақысы 244183 теңгені құрады. Саладағы бір адамға шаққанда жылдық еңбек өнімділігі 19522,8 мың теңгені (127,6 мың АҚШ долларын) құраған.
Облыстың анағұрлым минералды-шикізат потенциалы бар: уран, қорғасын-мырыш, газ жер қойнаулары, бірқатар шағын алтын кен орындарының нысаналары, көптеген рудалық емес және жалпытараған пайдалы қазбалардың, тұщы және термоминералды жерасты суларының кен орындары бар. Бағдарламаға сәйкес, тау-кен өндірісі көлемін 2015 жылға қарай 2009 жылдың көрсеткішіне қарағанда 2,5 есе артық деңгейге жеткізу көзделуде.
Көлемдерді өсіру отын-энергетикалық пайдалы қазбаларвын шығаруды және басқа да тау-кен өндірісі салаларын өсіру есебінен арттыру болжамда, себебі өнімге деген объективті сұраныстың артуы байқалып отыр.
Рудалық емес шикізаттың және жалпы тараған пайдалы қазбалардың кен орындары (ЖПҚ) құрылыс индустриясының ірі мекемелерімен тұтынуда, мысалы: «Шымкентцемент» АҚ, «Састөбецемент» ЖШС, «Стандартцемент» ЖШС, «Шымкентдострой» ӨК, «Алтын құм» ЖШС, «Батсу» ЖШС, «Бадам тас» ЖШС, «Ақ-жол» ЖШС, «Шымкенттас» ЖШС және құм-гравий, саздақ, бетонитті балшық, ізбесті тас, гипс, минералды пигменттер, кварц құмдары мен т.б. қоспаларын шығаруға мамандандырылған көптеген басқа да ірі және орта кәсіпорындар. «Шымкентцемент» АҚ, «Стандартцемент» ЖШС және «Састөбецемент» ЖШС ЖПҚ-ды цемент өндірісіндегі шикізат есебінде қолданады. Қалған мекемелер жолдар, ғимараттар мен құрылыстарда материал ретінде қолданады.
Өңдеу өнеркәсібі
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемі мен анағұрлым маңызды деңгейі өңдеу өнеркәсібінің дамуымен анықталады, оның үлесіне жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2009 жылы 65,9 %, 2013 жылы - 64,3 % тиесілі.
2009 жылы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 168674,8 млн.теңге сомасында өнім шығарған, немесе 2008 жылғы деңгейге қатысты 98,3 %. 2010 жылы сала кәсіпорындары 211872,2 млн. теңгенің өнімін өндірді, 2009 жылмен салыстырғанда НКИ 113,1 % құрады.
Облыстың Даму бағдарламасының 1-ші кезеңін (2011-2013жж.) жүзеге асыруда өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарымен: 2011 жылы – 257396,6 млн. теңге, 2012 жылы – 312900,6 млн. теңге, 2013 жылы – 355264,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді, 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 104,2 % (2008 жылға қарағанда – 115,9 %) құрады.
2014 жылдың қаңтар-маусымында сала кәсіпорындарымен 183211,1 млн. теңгеге өнім өндірілді, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,1 % құрады.
2009 жылы өңдеу өнеркәсібі жұмысшыларының саны 25348 адам болған. Саланың еңбек өнімділігі жыл бойында бір адамға шаққанда 6,6 млн.теңгені (36,4 мың. АҚШ доллар) құраған. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қызметкерлерінің орташа айлық еңбек ақысы 48906,4 теңгені құрады.2010 жылы сала кәсіпорындарымен 186891,7 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл көрсеткіш 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 110,8 % құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде келесі салалардың дамуы күтілуде:
-
металллургия өндірісінің өсуі және металдарды 2,0 есе өңдеу;
-
тоқыма және тігін өндірісін («Оңтүстік» ЕЭА бірқатар кәсіпорындарды іске қосумен қатар) 2,0 есеге арттыру;
-
басқа да металл емес минералды өнімдерді шығару (жаңа цемент зауытын іске қосу, құрылыс индустриясының өндірісі);
-
мұнайды қайта өңдеу (ШМАЗ модернизациясы);
-
тамақ өнеркәсібі;
-
химиялық өнім өндірісіне 2,6 есеге дерлік арттыру;
-
фармацевтикалық өнімнің өндірісін 2,0 есеге өсіру.
2012 жылы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 312900,6 млн. теңгенің өнімін шығарған, немесе 2008 жылға (157704,4 млн. тг.) қарағанда өнім көлемі 2 есеге жуық өскен. 2008 жылға қарағанда НКИ 115,6 %-ға артты.
2012 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі персоналдың саны 26942 адам құрады. Саланың бір адамға шаққанда еңбек өнімділігі 11045,2 мың теңгені (74,1 мың АҚШ долларын) құрады. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қызметкерлерінің орташа айлық еңбек ақысы 71196 теңгені құрады.
ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан 150 жобаның ішінде 102 жоба өңдеу өнеркәсібіне жатады. Өңдеу өнеркәсібіндегі жобалардың жалпы құны 343 млрд. теңге құрайды.
Аталған кәсіпорындардың есебінен 15 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделуде.
2013 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі жұмысшылардың саны 25534 адамды, олардың орташа айлық жалақысы 81520 теңгені құрады. Саладағы бір адамға шаққанда жылдық еңбек өнімділігі 11429,1 мың теңгені (74,7 мың АҚШ долларын) құраған.
Өңдеу өнеркәсібінде келесі салалардың дамуы күтілуде:
-
тоқыма және тігін өнеркәсіп өндірісін (тоқтап тұрған («Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ,) және «Оңтүстік» АЭА аумағындағы бірқатар жаңа кәсіпорындарды, («АГФ Груп» ЖШС, «Балтекстиль») іске қосу есебінен) 1,3 есеге арттыру;
- өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруді (жаңа цемент зауыттарын және құрылыс индустриясының өндірістерін іске қосу) 1,5 есеге арттыру;
- мұнай өңдеу өнімдерін өндіруді (ШМӨЗ жаңғырту) 1,1 есеге арттыру;
- тамақ өнімдерін өндіруді 1,1 есеге арттыру;
- фармацевтикалық өнімдер өндіруді 1,1 есеге арттыру.
ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан 170 жобаның ішінде 146 жоба өңдеу өнеркәсібіне жатады. Өңдеу өнеркәсібіндегі жобалардың жалпы құны 608 млрд. теңге құрайды. Аталған кәсіпорындардың есебінен 18,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделуде.
Азық-түлік өнімдері мен сусындар өндірісін шығару
Тамақ өнеркәсібі облыстың тұрақты экономикалық дамуында аса маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады.
Соңғы бес жыл аралығында тамақ өнеркәсібінің өнім шығару көлемі 61,4 млрд. теңгеге асқан (2005 жылы – 27,4 млрд.теңге, 2009 жылы – 88,8 млрд. теңге, 2013 жылы – 144950,4 млн. теңге). Соңғы жылдары тамақ өнімдері өндірісінің үлесі облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымында 52,7 %. 2013 жылы облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы тамақ өнімдер өндірісінің үлесі 40,8 % құрады.
Облыстың тамақ өнеркәсібінің дамуы, азық-түлік өнімдері бағасының қолайлы динамикасымен, жергілікті экологиялық таза шикізаттың пайдалануға қолжетімді болуымен, түпкілікті өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне байланысты, салаға инвестициялар көлемін ұлғайтуға жағдай туғызу және жаңа кәсіпорындарды құру мүмкіндіктің болуымен түсіндіріледі.
2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындары, сусындар мен темекі өнімдерін есепке алғанда, тамақ өнімдерін 88,8 млрд.теңге сомасында шығарған, физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 114,6 % құрады.
2009 жылы тамақ өнеркәсібі жұмысшыларының саны (сусындар және темекі өндірісін қоса алғанда) 7 101 адамды құраған, олардың ішінде тамақ өнімдері өндірісінде – 4624 адам, сусындар өндірісінде – 2382, темекі өнімдері өндірісінде – 95 адам. Саланың еңбек өнімділігі жыл бойында бір адамға шаққанда 12,5 млн.теңгені құрады. Тамақ өнеркәсібі жұмысшыларының орта айлық еңбекақысы 38478,9 теңгені құрады.
Облыстың Даму бағдарламасының 1-ші кезеңін (2011-2013жж.) жүзеге асыруда сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы – 119120,8 млн. теңге (о.і.: тамақ өнімдері – 102883,7 млн. теңге, сусындар – 15072,9 млн. теңге, темекі өнімдері – 1164,2 млн. теңге), 2012 жылы – 125662,8 млн. теңге (о.і.: тамақ өнімдері – 108472,1 млн. теңге, сусындар – 16633,1 млн. теңге, темекі өнімдері –557,6 млн. теңге), 2013 жылы – 144950,4 млн. теңгенің (о.і.: тамақ өнімдері – 126289,6 млн. теңге, сусындар – 18660,3 млн. теңге, темекі өнімдері – 0,5 млн. теңге) өнімі өндірілді, 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 91,0 % (2008 жылға қарағанда – 110,0 %) құрады. 2014 жылдың қаңтар-маусымында сала кәсіпорындарымен 74777,1 млн. теңгеге (о.і.: тамақ өнімдері – 64097,3 млн. теңге (НКИ - 101,1 %), сусындар – 10679,8 млн. теңге (НКИ - 100,5 %) өнім өндірілді, немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,1 % құрады.
Салада 2012 жылы – 47, 2013 жылы 50 аса ірі және орта өнеркәсіп мекемелері қызмет етеді.
2009 жылы тамақ өнеркәсібінің 14 кәсіпорынында барлығы 694 жұмыс орны пайда құрылды, соның ішінде: тоқтап тұрған 2 кәсіпорынды іске қосу – 33 жұмыс орны; жаңа өндірістерді енгізу есебінен – 621 жұмыс орны (Сайрам ауданында кеспе өнімдерімен айналысатын «Барыс 2007» ЖШС-де); «Mansur Company» ЖШС-де жүмысқа 120 адам тартылған; Шардара ауданында «Хамит» СПК-да (мұздатылған балық және балық еті) – 150 адам; Арыс қаласындағы «Жаңа Ақдала» ЖШС-де (қызанақ пастасы) 90 жаңа жұмыс орны құрылған және т.б.; өндірістік кеңейту есебінен қосымша 40 жаңа жұмыс орны ашылды.
2010 жылдың қаңтар-қыркүйегін аралығында 23 өнеркәсіп кәсіпорынында 399 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 14 жаңа өндірісті ендіру есебінен жұмысқа 187 адам тартылды, 9 әрекеттегі кәсіпорынында өндірісті кеңейту есебінен қосымша 212 адам жұмыспен қамтылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында тазартылған өсімдік майы өндірісімен бірқатар ірі, орта және шағын кәсіпорын айналысады, соның ішінде 6 ірі және орта кәсіпорын: «Шымкентмай» АҚ, «Қайнар» ЖШС, «САНА» ЖШС – Шымкент қаласында, «Ақмай» ЖШС – Мақтарал ауданында, «Арай» ЖШС және «КАРМУ» ЖШС – Сайрам ауданында.
Республика бойынша өсімдік майының ең ірі өндірушілерінің бірі - «Шымкентмай» АҚ, оның шығарып отырған өсімдік майының жоғары тұтынушылық сапасы халықаралық көрмелерде алтын медальдармен аталған, «Доня» сауда маркасы тұтынушылар арасында аса танымал болғандықтан, ерекше сұранысына ие. 2009 жыл бойында 6884,5 млн.теңгеге немесе өткен жылдың осындай мерзіміне қатысты 92,2 % өнім шығарылған. 2013 жылы 9406,1 млн. теңгенің өнімі шығарылып немесе 2012 жылға қарағанда 76,5 % құрады (12292,0 млн. теңге).Өндірістің төмендеуі өсімдік май нарығының молықтыруымен және бәсекелестік жоғары болуымен түсіндіріледі.
Кәсіпорын өнімнің сапасын жақсартуға ерекше көңіл аударады.
«Корона» макарон фабрикасы» ЖШС Қазақстанның кеспе өнімдерін шығаратын ірі өндірістерінің бірі болып табылады – 2009 жылы 1434,2 млн. теңгеге 15436 тонна кеспе өнімдері дайындалған, немесе 2008 жылға қатысты бұл көрсеткіш 99,6 % құраған. 2013 жылы 1219,2 млн. теңгенің өнімі шығарылған, немесе 2012 жылға қарағанда 86,6 % құраған (1408,0 млн.теңге).
Фабрика заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, соның есебінен болашақта бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару көлемін арттыруға болады, сонымен қатар тутынушылар сұранысына бағыт алған өндірістік қуаттарды толық пайдалану, өнімнің сапасын тұрақты түрде жақсарту, ассортиментті кеңейту жоспарланып отыр.
2009 жылы кеспе өнімдерін шығарумен айналысатын «Барыс 2007» ЖШС пайдалануға тапсырылды. Фабрика толығымен «Ravan Mapimpiati S.P.A» итальяндық фирмасының кеспе өнімдері желісінің заманауи құрылғыларымен жабдықталған, бұл фабриканың өнімділігі жағынан Қазақстан мен Орта Азияда теңесі жоқ – 3500 кг/сағ қуатымен қысқа кеспе өнімдерінің өндірісі бойынша үздіксіз желі қондырылды.
«Барыс 2007» ЖШС «Мадина» сауда маркасы кеспе өнімдерінің келесі түрлерін шығарады қысқа кесілген кеспе өнімдері – 20 дейін атауы, түтік кеспелер - 5 түрі (ұлу қабыршақтары, шиыршықтар, дөңгелектер, айдарлар, қауырсындар, дәндер, алфавит, серіппе, кеспе және т.б.). Негізгі тұтынушылар қатарында Қазақстан Республикасы, Түркіменстан, Тәжікстан, Грузия, Ауғаныстан және т.б. 2013 жылдың қазан айында «Барыс 2007» ЖШС қосымша 50 жұмыс орны мен инвестиция көлемі 750,0 млн.тенгені құрайтын «Кондитерлік өнімдер шығаратын жаңа цех ашу» жобасын жүзеге асырды. 2013 жылы 1737,2 млн.тенге сомасында (2012 ж. - 1805,8 млн.тенге) немесе 2012 жылға қатысты 96,2 % өнім өндірді.
«Алтын дән» ЖШС 2009 жылы 7361,3 млн. теңге сомасында 190,8 мың тонна немесе 2008 жылға қатысты 1304,8 % ұн өндірген, 2013 жылы 7452,4 млн.тенге сомасында немесе 2012 жылға қатысты 83,4 % ұн өндірген.
«Дани-нан» ЖШС өзінің және «БТА» АҚ ОҚОФ нисиесі есебінен бидайды сақтауға арналған итальяндық жабдықты алған. 2009 жылы 1161,8 млн. теңге сомасында 30,3 мың тонна ұн өндірілді, 2013 жылы 3459,3 млн.тенге сомасында немесе 2012 жылға (2070,6 млн.теңге) қатысты 167,1 % ұн өндірілді.
«Рахат-Шымкент» ЖШС 2009 жылы 2,8 млрд.теңге сомасында өнім шығарған (2008 жылға қатысты өсу көрсеткіші 21,3% құрады). Мекеме үнемі шығарып отырған өнімінің ассортиментін үнемі жаңартып отырады, жаңа өнім түрлерін шығару бағытында жұмыс жүргізеді. 2001 жылдан бастап күлше (2002 жылы), карамель және монпансье (2003 жылы), парварда және нуга (2004 жылы) өндірісі игерілді. 2007 жылы қуаты 950 тонна зефир және 430 тонна жылтыр карамель шығару бойынша желілері іске қосылды. Кондитерлік өнімдер өндірісінің көлемі 2009 жылы 12407 тоннаны құрады, бұл құндық мәнінде 2757 млн.теңге болады. 2009 жылдың шілде айында вафли ассортименті кеңейтілді. Шығарып отырған кондитерлік өнімдер ассортименті тұтынушылар сұранысына бағытталған, әдеттегідей, бұл Қазақстан Республикасының тұтынушылары, яғни ішкі нарық. «Рахат-Шымкент» ЖШС негізгі шикізат жеткізушісі ретінде ҚР жеткізушілері болып табылады. 2013 жылы 3934,8 млн.теңге сомасында немесе 2012 жылға қатысты (3738,0млн.теңге) 105,3 % өнім өндірді.
Мекеме толық қуатында жұмыс жасап отырған жоқ, қайта құру жұмыстары мен жаңа өндірістік қуаттарды құру шаралары жүргізілуде. Өз қаражаты есебінен инвестициялар 5,4 млн. теңгені құрады. Барлық инвестициялар құрылтайшы есебінен немесе өз қражаты есенен жүзеге асырылуда. 2015 жылы «Сайрам ауыл округінде жаңа кондитерлік цехтың құрылысы» жобасын ендіру жоспарланып отыр, жобаны құны 4500,0 млн. теңгені құрайды. Жобаның іске асуымен өндіріс көлемін 5 760,0 млн.теңгеге өсіру және 200 жұмыс орнын құру күтіледі.
Түлкібас ауданының «ЭкоПродуктГрупп» АҚ 2004 жылы Түлкібас консерві зауыты негізінде құрылған. Өнімнің негізгі түрлері: «twist-off» бұралмалы қақпақтары бар еуро ыдыстарында шығарылатын тікелей сығу барысында алынған табиғи шырындар, маринадтар, компоттар, бірасамдар. 2006 жылы жүзім, алма шырындарының және қызанақ пастасының өндірісі бойынша цехтар іске қосылды.
Өнімнің импорттық өніммен бәсекелестігін қамтамасыз ету үшін шығарылатын өнім сапасын бақылаудың тиімді жүйесі енгізілген. Шикізат сапасын бақылауды жақсарту және оның тұрақты жеткізулерін қамтамасыз ету үшін, компания өзінің шикізаттық ауылшаруашылық бағытын дамытуда. 2013 жылы 2,6 млн.теңге сомасында немесе 2012 жылға қатысты (138,7 млн.теңге) 1,9 % өнім өндірілген.
Оңтүстік Қазақстан облысы термальды минералды суларының ауқымды қорымен белгілі. «Курорт Барс 2030» ЖШС-нің, «Әсем-ай» ЖШС-нің, «Алекс» ЖШС-нің, «ЮНИКС» ЖШС-нің («Тассай» суы) минералды және асханалық суы республика көлемінде кең танымал, облыс және облыс сыртында үлкен сұранысқа ие. Минералды суды және алкогольсыз сусындарды құйып үлестіруді 10 ірі және орта мекеме орындайды. 2009 жылы минералды суды шығарудың жалпы саны – 230357,1 мың литр, алкогольсыз сусындардың жалпы саны – 41392,7 мың литр. 2013 жылы 240702,3 мың. литр минералды су, 56526,1 мың. литр алкогольсіз сусын шығарылды.
«Шымкентсыра» ЖШС – Қазақстандағы сыра қайнататын ең ірі мекемелерінің бірі. Мекеменің республикалық сыра өндірісіндегі үлесі – 16,7 %. «Шымкентсыра» ЖШС-нің шығаратын сырасының атағы тек біздің республикада ғана шықпаған, оның сыртында да танымал, шымкенттік сыраның жоғары сапасы Халықаралық байқаулардың медальдарымен расталады. 2009 жылы өнім 59717 мың литр көлемінде 5587,9 млн.теңге сомасында немесе 2008 жылдың көрсеткішіне шаққанда 104,2 %. 2013 жылы 54273,9 мың литр көлемінде 6633,8 млн.теңге сомасында немесе 2012 жылға қатысты (6123,6 млн.теңге) 108,3 % өнім өндірілді. Мекемеде өндірісті қайта құру ісі жалғастырылуда.
«КиТ Со» ЖШС-де 2009 жылы алкогольды өнім мен минералды су 250,6 млн. теңгеге немесе 2008 жылға 72,2 % шығарылған. 2013 жылы 693,4 мың литр немесе 2012 жылға қатысты (618,6 мың литр) 112,1 % алкогольді өнім өндірілді.
«Визит» АҚ 2009 жылы 434,4 млн.теңге сомасында өнім шығарған. Мекемеде «Визит» тобының едәуір сапалы өнімдерінің санын арттыру, сонымен қатар салқын шай және «Лауритта» өнімдерін шығару есебінен ассортимент кеңейтілді. Мекеме 12 мың шөлмек сағатына өндіретін қуаты бар «Корнес» сусындарды құйып үлестірудің жаңа германдық желісін орнатумен өндіріс модернизациясын жүргізуде (жабдықтың құны – 2,9 мың еуро). Желінің іске қосылуы өндіріс көлемі мен өнім сатылымын арттырып, үлестіру нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. 2013 жылы 900,4 млн.теңге сомасында немесе 2012 жылға қатысты (888,3 мың.литр) 101,4 % алкогольсіз сусындар өндірілді.
«GTI Central Azia» 2009 жылы 1464,7 млн.дана темекіні 2275,6 млн.теңгеге шығарған.
2014 жылы басшылықтың шешімімен кәсіпорын жабылды, осы жылы 557,6 млн.теңге темекі өнімі өндірілді.
Облыстағы тамақ өнеркәсібінің потенциалы бәсекеге қабілетті өнім өндірісін қамтамасыз етуге, ішкі нарықты негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге, сыртқы нарыққа экологиялық таза өнім түрлерімен шығуға мүмкіндік береді.
ҮИИДМБ индустрияландыру картасы аясында тамақ өнеркәсібінде жалпы көлемі 2,9 млрд.теңге сомасында 521 жұмыс орнының ашылуымен 12 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда жалпы құны 1,7 млрд.теңге 355 жұмыс орнының ашылуымен 8 жоба іске қосылды.
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі
Сала кәсіпорындары 2009 жылы 12870,0 млн. теңгенің өнеркәсіп өндірісі өнімін шығарған, 2008 жылы өнімнің нақты көлем индексі 92,6 % құрады. 2010 жылы өндіріс көлемі 17819,1 млн.теңге немесе 2009 жылдың деңгейінде 114,1 % құраған.
Мұнай өнімдері өндірісінің үлесі 2009 жылы жалпы өңдеу өнеркәсібінің көлемінде 7,6 % құрады.
2010 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында өнеркәсіп өндірісі 13903,5 млн. теңгені немесе 2009 жылдың деңгейіне қатысты 121,6 % құрады
Сала кәсіпорындарымен 2012 жылы 24279,9 млн. теңгенің мұнай өнімдері шығарған, 2008 жылға (11975,7 млн.тг.) қарағанда өндіріс көлемі 2 есеге ұлғайды. Мұнай өнімдерінің өндіріс көлемінің жалпы өңдеу өнеркәсібінің көлеміндегі үлесі 7,8 % құрады.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 24676,0 млн. теңгені немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңінің 111,9 % құрады. Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы барысында сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы 20855,3 млн.теңге (НКИ - 100,7 %), 2012 жылы 24279,9 млн.теңге (НКИ - 102,8 %), 2013 жылы 31080,6 млн.теңге (НКИ -102,3 %), 2010 жылға нақты көлем индексі 105,9 % (2008 жылы - 111,9 %) құрады. 2014 жылдың қаңтар-маусымында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 19245,7 млн. теңгені немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңінің 99,2 % құрады.
Мұнай өңдеу өнімінің үлесі 2009 жылы жалпы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 7,6 %, 2013 жылы – 8,7 % құрады. Саладағы еңбек өнімділігі 2008 жылы 300,1 мың. АҚШ долларын жылына адам басына шаққанда, 2013 жылы 685,2 мың. АҚШ долларын жылына адам басына шаққанда немесе нақты көлем индексі 2008 жылы 168,6 % құрайды.
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» (ПКОП) - мұнай өңдейтін мекеме, негізінде давальды мұнай өңдеуімен айналысады. 2009 жылы 12 4222,3 млн.теңгеге өнім шығарған, физикалық көлем индексі 103,8 құрады. Мотор жанар майы - 810,6 мың тонна, керосин, соның ішінде керосин типті реактивті жанар май – 240,1 мың тонна, газойлдер (дизель жанар майы) - 1276,3 мың тонна, отын мазуты – 785,6 мың тонна, сұйытылған газ – 136,6 мың тонна, вакуумды газойлдер – 627,7 мың тонна.
2013 жылы 4679,8 мың.тонна мұнай немесе 25132,5 млн.теңге сомасында өнім өндірген, нақты көлем индексі 102,5 % құрады. Мотор жанар майы – 1038,2 мың тонна, керосин, соның ішінде керосин типті реактивті жанар май – 231,3 мың тонна, газойлдер (дизель жанар майы) – 1375,6 мың тонна, отын мазуты – 1053,0 мың тонна, вакуумды газойлдер – 826,5мың тонна. Компанияның жұмысшылар саны 2010 жылдың 1 қаңтарына 1 344 адамды құрады.
Зауыттың қайта өңдеу қуаты жылына шамамен 5250 мың тоннаға жетеді. 2009 жылы зауытта 4 004 мың тонна мұнай өңделген. 2010 жылы зауыт 4 300,0 мың тонна, 2010 жылы зауыт 4 427,0 мың тонна, 2013 жылы 4679,8 мың тонна мұнай өңделген.
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» компаниясының акцияларын CNPC (Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы) қытайлық компаниясымен (50 %) және «ҚазМұнайГаз» (50 %) ұлттық компаниясымен сатып алынуы мұнай саласындағы ең ірі келісімдер болып танылды, бұл жағдай мұнай өңдеу өнеркәсібі дамуының позитивті болжамдарын жасауға мүмкіндік береді.
Компания кәсіпорынның жаңғыртылуы мен қайта құрылуына жоба әзірлеген. Жобаның іске асырылу барысында 163,7 млрд.теңге инвестиция тарту көзделген. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаның қаржыландыру мәселесін қарастыруда. Жобаның іске асырылу мерзімі 2011-2016 жылдарға жоспарлануда.
Жобаның мақсаты өндіріс қуаттылығын жылына 6,0 млн.тонна мұнай өңдеу, ашық мұнай өнімдерін 90 % ұлғайту, мұнай өнімдерінің сапасын Евро-4 стандартына сәйкестендіру.
Жоба дизель отынын депарафиндеу қондырғысын жаңғыртуды, мазут крекингінің флюид-каталитикалық қондырғысын қайта құруды, каткрекинг жанармайын тазарту қондырғысын жөндеуді, сұйық газды тазартуды және бөліп алуды, полипропилен мен күкірт өндіріруді қарастырады.
Кәсіпорынның алдағы дамуы келесі бағыттағы мәселелерді шешумен жүзеге асырылады:
-
мұнай өңдеу көлемін арттыру;
-
мұнай өңдеу тереңдігін арттыру;
-
өндірілетін өнім ассортиментін кеңейту;
-
өндірілетін өнім сапасын жақсарту (бәсекеге қабілетті, соның ішінде сыртқы нарықта жанармай маркаларын, авиациялық және дизель отынының және т.б)
Өңдеу тереңдігінің бұдан әрі артуы жанармай өңдеу кешенін енгізуге зауыттың технологиялық дамуын сапасы жағынан жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Бұл мұнай шикізатын квалификациялық өңдеу мен экологиялық таза мотор майын өндіруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерге тауар өндіруші ретінде экспорттау рөлін күшейтеді.
2009 жылы компания 2 908,2 млн. теңге инвестицияларды игерген. Іске бірқатар өндірістік қуаттар ендірілген, орын алып отырған қондырғылар мен кешендер жабдықтарын ауыстыру және модернизациясын жүргізу шаралары өткзілді. ЛК-6у (үрдістің ағынды талдағыштары) қондырғысының аналитикалық жабдықтардың кешені пайдалануға берілді. Мекеменің өртке қарсы және экологиялық қауіпсіздігі бойынша жобалар енгізілді, резервуар саябақтарында өнімді автоматты жүйесі бойынша өлшеу жұмыстары жалғастырылды, ЛЗ қоймаларында ауадағы газдың жарылысқа жеткізетін концентрациясын хабалайтын (дабыл беретін) құрылғылар орнатылды, мұнайөнімдерін аудару және құю эстакадаларының электржарығының қайта құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді, жаңа РУ және контейнерлік орындалуындағы ТП-27 басқару механизмі монтажы орындалды.
Құрамына бензол төмен дәрежеде енген жоғары сапалы бензин өндірісі. Әлемдік нарық талаптарына сәйкес және бәсекеге қабілетті бензинді шығару үшін міндеттердің толық кешенін шешу қажет. Осы проблеманы шешу жолындағы негізгі қадамдардың бірі бензолтүзгіш көмірсутегілердің изомеризациясы үрдісін ендіру болады.
Құрамына күкірт төмен дәрежеде енген бензинді және дизель отынын өндіру. Түтін газының негізгі зиянды құрамдастары күкірт тотықтары болып табылады. Қысқа және орта мерзімді перспективада мотор жанармайларының қасиеттерін жақсарту аясындағы маңызды технологиялық мақсаты – олардың құрамындағы күкірт мөлшерін күрт төмендету болады.
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС Орталық Азияда жетекші мұнай өндіруші компания болуды көздейді, бұл әлемдік санаттағы қауіпсіздік техникасы бойынша көрсеткіштермен, озық технологиялармен, өндіріс сенімділігімен және өнім сапасымен, қоршаған ортаға деген жауаптылықпен анықталатын болады.
Бұрыңғы фосфор зауыты аумағында қуаты жылына 100 мың тонна машина жабдықтарына арналған майларды өндіретін «HILL Corporation» ЖШС жобасы пайдалануға ендірілген. Бұл жерде 226 жаңа жұмыс орындары құрылды. Зауыт нақты саланың көшбасы – Inc Exxonmobil, Shell, ChevronTexaco 76 және т.б. секілді мұнай өнімдерінің ірі өндірушілерінің зауыттарының басым санын құрып берген FMC Tehnologies американдық фирмасының технологиясымен және құралдармен жабықталған. Ең заманауи деген жағар майлардың сан-алуан түрлерінің өндірісіне қажетті присадкалары мен рецептурасын еуропалық химиялық өнеркәсіп көшбасы – Лубризол компаниясы жеткізіп тұрады.
Зауыттың қосымша жабдықтары да Испанияның, Италияның, Чехияның, Швецияның, Ресейдің және Тайландтың әлемдік өндірушілерімен жеткізілген.
Жоба әлемдік деңгейдегі жағар майлардың толық спектрін өндіруді қарастырған. Өндіріс осындай өнімнің Қазақстанда үлестіру құнын түсіруге, импортты алмастыруға және жағармайлардың экспортын арттыруға мүмкіндік береді.
Дайын өнімді үлестіру Қазақстан аумағында іске асып, шет елдерге экспортталады. Мекеме республика аумағында жоғары санатты жағармайларды шығаратын бірегей болады. Жоба 2010 жылы маусымда өңірлік индустриялизация Карта шеңберінде іске асырылады. Мекеме Республика аумағында жоғары санатты жағармайларды шығаратын бірегей кәсіпорын болып табылады. 2012 жылы 2039,5 млн.теңге сомасында 3483 тонна немесе 2011 жылға қатысты 3 есе көп өнім өндірілген. 2013 жылы 4112,5 млн.теңге сомасында немесе 2012 жылмен салыстырғанда 201,6 % өнім өндірген.
Химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп
Соңғы 5 жылда облыстың химиялық өнеркәсібінде табиғи және қаржылай мәнінде өнімді өндіру көлемдерінің өсу тенденциясы байқалады. 2005 жылы өндіріс көлемі 4603,6 млн. теңгені құраған, 2006 жылы – 5955,9 млн. теңге, 2007 жылы - 6720,8 млн. теңге және 2008 жылы 6459,8 млн. теңге болды. 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,98 есе өскен.
Химиялық сала облыстың өңдеу өнеркәсібі көлемінде 5,4 % құрайды. 2010 жылға өнім өндірісінің көлемі 12,4 млн.теңге немесе 2009 жылдың көрсеткішіне қатысты 136,3 %.
Бағдарламамен сала өнімін өндіру көлемі (химиялық және фармацевтикалық) 2015 жылға 2009 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіру көзделеді.
Іс жүзінде облыстың барлық негізгі химиялық мекемелері минералды бейорганикалық шикізаттан базалық химиялық өнімнің шектеулі спектрін өндіруге бағытталған. Облыста фармацевтикалық препараттар, фосфор мен оның қосылыстары, тұрмыстық сабын өндіріледі.
Соңғы 5 жылда облыстың химиялық өнеркәсібінде табиғи және қаржылай мәнінде өнімді өндіру көлемдерінің өсу тенденциясы байқалады. 2008 жылы өндіріс көлемі 1145,8 млн. теңгені құраған, 2009 жылы – 1544,3 млн. теңге, 2010 жылы – 2041,9 млн. теңге, 2011 жылы – 2851,1 млн. теңге және 2012 жылы – 3860,8 млн. теңге болды. 2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 3,4 есе өскен.
Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі
Фармацевтикалық сала бойынша облыста шығарған көлемі 2009 жылы 7576,33 млн.теңге, физикалық көлем индексі 2008 жылы 144,2 % құрайды. 2010 жылы өткізілген өнім көлемі 11171,8 млн. теңге немесе 2009 жылмен салыстырғанда 147,9 % құрайды. 2014 жылы бұл сала бойынша өңдеу өнеркәсібі облыс көлемінде 4,2 % құрайды.
Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013 жылдар) жүзеге асырылу барысында сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы - 10325,3 млн.теңге (НКИ-108,7 %), 2012 жылы 14802,4 млн.теңге (НКИ-73,0 %), 2013 жылы - 15110,6 млн.теңге (НКИ-73,7 %) өнім өндірілді, 2010 жылы нақты көлем индексі 58,5 % (2008ж.-124,7 %) құрады. 2014 жылдың қаңтар-маусымында өндіріс көлемі 7139,9 млн.теңге немесе 2013 сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75,3 % құрады.
Облыстың фармацевтикалық саласы келесі кәсіпорындардан құрылған: олардың ішінде ірісі – «Химфарм» АҚ, орталары – «Зерде-Фито» ЖШС, «Рауан» ҒӨО (ғылыми өндіріс орталығы) ЖШС және басқа да шағын мекемелер.
«Химфарм» АҚ - 1882 жылы Иванов пен Савинков көпестерімен негізі қаланған әлемдегі көне фармацевтикалық мекемелердің бірі. Зауыт 200 астам дженерикті және ерекше дәрілік препарттарды капсула, таблетка формасында, ампуладағы егу ерітінділерін, шырындар, тұнбалар, майлар, жұмсақ дәрілік формаларды (жаққыш майлар, линименттер, суппеозитрийлер), 24 фармакологиялық топтағы сулы және спиртті тұнбаларды өндіреді.
Ұзақ уақыт зауыт фармацевтикалық субстанцияларды шығару барысында нақтылай маманданды. Болашақтағы дәрілік өнімдер үшін шикізаттар Ресей, Белорусия, Украина, Прибалтика республикаларына және дайын препараттар өндірілетін алыс шет елдерге жеткізілетін.
2010 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында «Химфарм» АҚ фармацевтикалық препарттарды 8 091,0 млн. теңгеге шығарған немесе оның физикалық көлемінің индексі 2009 жылдың кезеңіне қатысты 105,8 % құрады. 2012 жылы негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің көлемі 14802,4 млн. теңгені, 2011 жылға қарағанда НКИ 73,0 % құрады. 2008 жылмен (5433,7 млн. тг.) салыстырғанда өндіріс көлемі 2,7 есеге ұлғайды. Мекемеде тұрақты түрде өндірістің модернизациясы және жетілдіру, өндірілетін өнім көлемдерін өсіру, тиімділігі жоғары сұрынсқа ие медициналық препартаттардығ ассрртиментін жаңарту шаралары жүргізіліп отырады, өнім сапасына аса көп назар аударылып отырады – осының барлығы мекеменің ТМД елдері арасындағы нарық кеңістігінде өсуге бейім және сенімді позицияларын анықтайтын негізқалаушы принциптер. Зауытта дәрілік заттарды сашеге үйлестіріп салу өндірісі игерілген. Желі қазіргі уақытта туберклезге қарсы препарат – парааминосалицил қышқылын шығаруда қолданылады. 2009 жылы 6,792 млрд. теңге сомасында 114 млн. бірлік үлестірілген, бұл, 2008 жылмен салыстырғанда, қаржылай мәнінде 45,4 % артық, және табиғи мәнінде 5,2 % төмен. Осы жағдай үстеме бағасы жоғары препараттардың сапалық өсімін білдіреді. Сонымен қатар, сатылымдадың жартысын дерлік (47 %) тендерлік жеткізулер қамтамасыз еткенін айта кеткен жөн, олар өз кезегінде 2008 жылмен салыстырғанда 15 % өскен. Жаңа перспективалық позицияларды игеру, ендіру және белсенді жалғастыру есебінен брендтерді үлестіру 34 % өскен. Жалпы жүк шығаруда брендтер үлесі 30 % құрайды. Брендетрдің сатылымының едәуір өсімі меншікті брендетрді дамыту бойынша стратегияны іске асыруда табысты білдіре отырып, «SANTO» сауда маркасының тұрақты жағдайын қамтамасыз етеді.
2010 жылы «Химфарм» АҚ ішкі нарықтағы отандық дәрілік заттардың өндірісіндегі үлесі (табиғи мәнінде) 7 % құрады. 2011 жылы 8 % және 2015 жылы Бағдарлама бойынша бұл көрсеткіш 11 % жетеді.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң елде меншікті фармацевтикалық индустрияның дауының қажеттілігі туындады. Бұл айырықша дайын дәрілік формаларын өндіруге қатысты. Осыған байланысты компанияның басшылығымен «Химфарм» АҚ (1993 жылы зауыт атауы осылай өзгертілді) базасында ірі заманауи өндірістік дайын дәрілік өнімдер шығаруға бағдарлама әзірленіп нақты жүзеге асырылды. 2003 жылдан бастап компанияның акциялары қазақстандық биржалық фондқа қолданысқа шықты және 2007 жылы олар «А» дәрежесіне енгізілді.
2012 жылы «Химфарм» АҚ сату көлемі 95 млн. АҚШ доллорды құрап елдегі фармацевтикалық нарығындағы 8 % жауып ірі отандық медикамент өндірісінің және фармацевтикалық өнімнің ішкі өнірісінің 50 % қамтамасыз етті. 2011 жылы тамыз айынанан бастап кәсіпорынның мажоритарлы акционері болып «Polpharmagroup» компанияның еуропалық тобы келді.
Бүгінгі таңда зауытта 1200 жоғары квалификациялы жұмысшылар істейтін ISO 9001:2008 сапа менеджмент жүйесі, ERP жүйесі, SARR3 BusinessSuite және GMP 2 өндіріс стандарттары бар 4 өндірістік және 6 көмекші цех құрылған.
Зауыт 200 астам әр түрлі фармацевтикалық топтағы медициналық өнімдерді өндіреді: 1,2 млрд. таблетка, капсула, драже; 246 млн.ампула; 24 млн. флакон; 20 млн. шырындар, 24 тонна фармацевтикалық субстанциялар; 5 млн. жаққыш май, гельдер және 20 млн. суппеозитрийлер.
Өндірістің орташа жүктелу қуаттылығы 85 % құрайды.
2010 жылы «Химфарм» АҚ 11655,2 млн.теңге сомада, 2011 жылы - 10426,2 млн.теңге, 2012 жылы – 14908,3 млн.теңге, 2013 жылы – 12589,2 млн.теңге немесе облыстағы жалпы фармацевтикалық өндіріс өнім көлемінің 99 % астам фармацевтикалық препараттары өндірілді. 2014 жылдың 6 айында 7 139,9 млн.теңге көлемінде өнім өндірген.
Кәсіпорын басшылығы өндірістің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Индустрияландыру картасының аясында «Химфарм» АҚ іске қосылуда - «Химфарм» АҚ құны 9,7 млрд. теңге көлемінде өндірістік қуатын кеңейтілуде.
Жобада жаңа өндірістік ампулалық форма, GMP инфузиялық ерітінділер, антибиотик ұнтақтар өндірісін жаңарту (жаңа GMP өндіріс сызықтарын құру), жаңа қатты дәрілік формаларын және қойма мен зертхана құру қарастырылып жатыр.
Жобаны іске қосу 350 млн. инъекционды ерітінді ампулалары және 4 млн. пакет инфузионды ерітінділер, 40 млн. антибиотик флакондарын, 1,2 млрд. таблеткалар өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның 1 кезеңі 2013 жылы желтоқсан айында енгізілді. Бүгінгі таңда валидация процесі болып жатыр. Бұл жоба Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнеркәсіптің 2010-2014 ж.ж Даму бағдарламасы аясында жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |