Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша индустриализациялаудың республикалық Карта жобаларының тізбесі
№
|
Жобаның атауы
|
Жобаның өтінім берушісі
|
Жүзеге асыру мерзімі, жылдары
|
Пайдалануға беру, жылы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
«Жоғары санатты жағар материалдарын өндіретін зауытын салу»
|
«Hill Corporation» ЖШС
|
2007-2010
|
2010
|
2
|
«Цемент зауыты»
|
«Стандарт Цемент» ЖШС
|
2008-2010
|
2010
|
3
|
«Керамогранитті жылына 2,5 млн. м2 қуатымен өндіретін зауыты»
|
«Азия керамик» ЖШС
|
2006-2010
|
2010
|
4
|
«Битум зауытын салу»
|
ТОО «Битум»
|
2009-2011
|
2011
|
5
|
«Өсімдік май өндірісін ұйымдастыру»
|
«Бақдәулет» ЖШС
|
2009-2011
|
2011
|
6
|
«Металлоконструкция (үйлесім) өндірісі»
|
«Alageum Electric» АҚ
|
2009-2011
|
2011
|
7
|
«Шошқа бағу, қарқынды жем беру ісін үдету, ет өнімдеріне арналған шошқа етін қайта өндіру өнеркәсіптік технологиясын енгізу арқылы бұрын жұмыс істеген шошқа фермасын жандандыру»
|
«Племенной комплекс Ордабасы» ЖШС
(«Ордабасы асыл тұқым комплексі» ЖШС)
|
2009-2011
|
2011
|
8
|
«Өсімдік май өндірісін ұйымдастыру»
|
«Шардара май-жем комбинаты» ЖШС
|
2009-2012
|
2012
|
9
|
«Минералды тыңайтқыш өндірісі»
|
ТОО «Қайнар»
|
2008-2011
|
2011
|
10
|
«Шымкент қаласында сауда-логистикалық орталығын салу»
|
«Торгово-логистический центр г.Шымкент» ЖШС
|
2009-2015
|
2015
|
11
|
«Келес өзенінде орналасатын шағын гидроэлектростансасын салу»
|
«Келес-гидрострой» ЖШС
|
2009-2013
|
2013
|
Туризм
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның тарихи орталығы болып табылады. Облыста 2010 жылы - 1111, 2013 жылы - 1209 тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан. Облыс аймағында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Домалақ Ана кесенесі, сонымен қатар, ежелгі қаланың орны «Отырар», «Сауран» және көптеген басқа да тарихи нысандар орналасқан. Өңіріміз этнографиялық, тарихи-археологиялық нысандармен қамтылған және әлемдік туристік нарықта сұранысқа ие табиғи демалыс аймақтарына Ақсу-Жабағлы, Сайрам-су, Өгем, Қырыққыз, Біркөлік шатқалдарын жатқызуға болады. Жыл сайын облыстық, республикалық маңызы бар жолдар ағымдық және күрделі жөндеуден өткізілуде, мұның өзі туризмді дамытуға үлкен үлес қосады.
Облыста туризмді дамытуда төмендегі басымдық бағыттарда жұмыстар жасалынуда:
- мінәжат ету туризмі;
- экологиялық туризм;
- емдеу-сауықтыру туризмі;
- балық, аң аулау туризмі.
Облыс өзінің туристік мүмкіндігін халықаралық туристік іс-шараларға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуын қамтамасыз етуде.
«Оңтүстік Қазақстанның туристік мүмкіндіктері» Веб-сайтының ақпараттары тұрақты жаңартылып отырады. «Оңтүстік Қазақстанға қош келдіңіздер!» атты бейне таспасы шығарылды.
Оңтүстік Қазақстан облысының туристік өнімге маркетинг жүргізу мен өткізуді ұйымдастыру мақсатында «Оңтүстік Қазақстан» атты деректі фильмі, сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық сәулет өнері» атты фильм дайындалып түсірілді. Фильмді электронды нұсқада қолданушыларға ағылшын және орыс тілдерінде 500 данасы шығарылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 4 стандартты жарнамалық-ақпараттық буклеттер дайындалды: «Орта ғасыр сәулет өнері», «Тау-экологиялық туризм», «Шымкент», «Этникалық туризм».
Көрсеткіштер атауы
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж. 6 айында
|
Туристік ұйымдардың саны
|
25
|
31
|
52
|
89
|
114
|
114
|
Қонақ үй (бірлік)
|
62
|
63
|
71
|
99
|
104
|
109
|
Театр (бірлік)
|
8
|
8
|
8
|
8
|
8
|
8
|
Театрға келушілер саны (1000 адамға шаққанда)
|
116
|
122
|
115
|
124
|
118
|
116
|
Кинотеатр (бірлік)
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Мұражай (бірлік)
|
12
|
12
|
13
|
13
|
24
|
24
|
Мұражайға келушілер саны (1000 адамға шаққанда)
|
86
|
88
|
87
|
91
|
92
|
91
|
Кітапхана (бірлік)
|
431
|
435
|
432
|
434
|
432
|
432
|
Кітапханаға келушілер саны (1000 адамға шаққанда)
|
220
|
212
|
208
|
207
|
201
|
198
|
Клуб (бірлік)
|
287
|
266
|
267
|
271
|
268
|
264
|
Демалыс саябағы мен жануарлар саябағы (бірлік)
|
8
|
12
|
13
|
13
|
13
|
11
|
Қонақ үйлермен көрсетілген қызмет көлемі (млн.тг.)
|
403,5
|
453,6
|
800,5
|
1030,9
|
1398,2
|
1399,2
|
Қонақ үйлермен қызмет көрсетілген туристер саны (адам)
|
83055
|
92648
|
80990
|
101877
|
117785
|
64250
|
Резидент емес (адам)
|
7211
|
7700
|
7160
|
8012
|
14638
|
5817
|
Бір реттік сыйымдылық төсек-орындар
|
2181
|
2347
|
2323
|
4167
|
4224
|
4708
|
Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі ( млн.тг.)
|
356,9
|
518,1
|
681,3
|
1085,6
|
1398,2
|
1455,2
|
Туризм саласының 2009-2014 жылдарға арналған көрсеткіштері
Сонымен қатар, ОҚО әкімдігінің арнайы жүргізген сараптамасы бойынша, 2014 жылдың 6 айында туристердің, экскурсанттардың қызмет кґрсету орындарына, мұражайларға, кесенелерге келушілер саны: ішкі туризм - 823 287 адамды, сыртқы туризм - 23243 адамды, соның ішінде ТМД елдерінен - 10 307 адамды құрады.
Сондай-ақ, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2013 жылы туристік саладан түскен жиынтық табыс көлемі 6 798 812,0 мың тг. құрап 2012 жылмен салыстырғанда (6 346 900,0 мың тг.) 8 %-ға өсіп отыр.
Туризмнің әлеуетті салалары анықталып отыр, яғни, Түркістан қаласы және Отырар ауданындарын орталық ете отырып тарихи-танымдық туризм, Сарыағаш ауданын орталық ете отырып емдік-сауықтыру, Төлеби ауданын орталық ете отырып экологиялық туризм және тау-шаңғы және жағажай туризмін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде – «Қасқасу» және «Шардара».
1. Төлеби ауданында тау-шаңғы курортын дамыту мақсатында «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің құрылысын жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылы «Қазақстан Республикасы туристік индустриясының әлеуетті салаларын дамыту бойынша 2011-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасының» аясында «Қасқасу» IРК инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына» республикалық бюджеттен 103,5 млн. тг. жобалық-сметалық құжаттар (ЖСҚ) әзірленді. Жобаның жалпы құны – 2 899,745 млн. тг.
2013 жылы «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 200,0 млн. тг. және облыстық бюджеттен 100,0 млн. тг. қаржы бөлінді.
2. Сарыағаш ауданында минералды және термальді су көздерін қолдану арқылы емдік-сауықтыру туризімін дамыту мақсатында жаңа курорт аумағын салу жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
2014 жылы облыстық бюджеттен 27,0 млн. тг қаржы бөлініп егжей-текжей жоспары әзірленуде.
Облыс әкімдігімен «Сарыағаш» жаңа курортты қалашығында минералды және термальді суларды 2020 жылға дейін дамыту бойынша шебер-жоспар әзірлеу үшін «IPK International» неміс консалтингтік компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
3. Шардара су қоймасы аумағында жағажай туризмін дамыту мақсатында 245,0 га жер учаскесі анықталып, ол жер учаскелері орман қорының балансында болғандықтан, қазіргі таңда елді мекен санатына ауыстыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2014 жылы облыстық бюджеттен 16,2 млн. тг. қаржы бөлініп Шардара су қоймасы жағажайының жоспары әзірленуде. Қазіргі таңда, әлеуетті инвесторлар анықталып отыр.
4. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында Түркістан қ., Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында 4 жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында 84 номерлі «Holiday Inn» халықаралық брендтік қонақ үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылдың аяғында іске қосылуы жоспарланып отыр.
Жыл сайын туристік нысандарға алып баратын жолдардың құрылысы және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, соңғы үш жылда Сауран қалашығы, Үкаш ата және Гауһар ана кесенелеріне кіре беріс жолдар салынды, сондай-ақ, «Ақ бура» туристік кешеніне баратын жолдың құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.
2014 жылы Сайрам ауданы Ақсу ауылында жолбойында қызмет көрсету орталығы «Алматы motel» нысаны салынды.
Бұдан бөлек, қалған 3 ауданда инвесторларға жер телімдері бөлініп, эскиздік жобасы әзірленді.
2010-2013 жылдары облысымызда 45 туристік нысандар құрылды, оның ішінде «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны - 6,8 млрд. теңге құрайтын 28 нысан жүзеге асырылды.
Төлеби ауданында бірқатар демалыс аймақтары салынды: «Алтын дан», «Тау самалы», «Eco village Kaskasu», «Науытсай- Керегетас», және Сарыағаш ауданында «Aray de luxe», «Kazakhstan KZ» шипажайлары және т.б..
Төлеби ауданында «Изуми» 50 орындық (жоба құны 148,0 млн. тг.)және «Тау-самалы» емдік-сауықтыру орталығы 200 орындық (жоба құны 1 104,0 млн тг.) демалыс аймақ құрылыстары жеке инвестициялардың есебінен жүргізілуде.
Шымкент қаласында 2014 жылы 180 орынды бес жұлдызды «Rixoss Shymkent» қонақ үйін іске қосылуы жоспарланып отыр, бұл жоба «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асып отыр. Жобаның жалпы құны 9 150,0 млн. тг.
Сондай-ақ, мінәжат ету туризмін дамыту мақсатында жергілікті бюджет есебінен Түркістан қаласында «Саяхатшыларға қызмет көрсету орталығы», «Халық қолөнері шеберлері орталығы» және «Тарихи-мәдени этнографиялық мұражайы» іске қосылды.
Туризм саласындағы маңызды бағыттардың бірі туристік имиджді қалыптастыру және ұлттық туристік өнімді алға жылжыту.
Облыс делегациясы жыл сайын халықаралық туристік көрмелер мен форумдарға қатысуда.
Оңтүстік Қазақстан облысының туристік тартымдылығын насихаттайтын жарнамалық-ақпараттық материалдар (буклеттер, туристік карта, туристік жол сілтегіштер) әзірленіп шығарылды.
2014 жылы ОҚО туристік тартымдылығы туралы 5 минуттық және 45 секундтық бейне роликтер мен 26 минуттық фильм әзірленді. Бүгінгі күні Еуропа, Азия және Африка елдеріне арналған CNN телеарнасында 45 секундтық ролик, «Хабар», «Қазақстан», «Бірінші арна Еуразия» телеарналарында 26 минуттық фильм трансляцияланды.
Сонымен қатар, Еуропа және ТМД елдеріне арналған National Geographic телеарнасында 5 минуттық роликті трансляциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысының туристік тартымдылығы мен туристік нысандары бойынша «Travel talk», «FVW Daily», «FVW Magazines», «BIZ», «Central open Asia» халықаралық журналдарында 120 000 тиражды жарияланым шығарылды.
Кіру және ішкі туризмін дамыту мақсатында облыс көлменіде бірнеше ірі туристік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:
-
«Бард әндері» халықаралық фестивалі;
-
«Сарқылмас саяхат» республикалық жәрмеңкесі;
-
шет елдік туристік ұйым БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур ұйымдастырылып өткізілді.
-
бірқатар этникалық, және балалар туризмін дамыту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
2014 жылы қазан айында халықаралық туристік-инвестициялық форум өткізу жоспарлануда.
2009-2014 жылдар аралығында туризм дамуының
көрсеткіштерінің динамикасы
Атауы
|
өлшемі
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
9 айында
|
Келу туризмі
|
мың адам
|
7,5
|
7,3
|
7,1
|
8,0
|
14,7
|
14,9
|
Ішкі туризм
|
мың адам
|
83,0
|
81,0
|
73,8
|
93,7
|
103,1
|
105,0
|
Туристік іс-шаралар саны
|
саны
|
16
|
15
|
15
|
15
|
11
|
10
|
Туризм саласындағы негізгі проблемалары:
- туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы;
- жоғары дәрежелі экскурсоводтардың, әсіресе шет ел тілін меңгерген (ағылшын, италян) туризм нұсқаушысының жоқтығы;
Агро-өнеркәсіп кешені
Ауыл шаруашылығы – тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін Оңтүстік-Қазақстан облысының негізгі салаларының бірі. Облыстың мақта, темекі, көкөніс бақша дақылдары мен жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.
2003-2008 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақсыз болды. Осы жылдарда мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты жағдайында, өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тербелісі байқалған. Егер 2003 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 72%-ын өсімдік шаруашылығы, сәйкесінше 27,5 %-ын мал шаруашылығының өнімдері құраған болса. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын қолдауының және облыс әкімдігі тарапынан атқырылған жұмыстардың арқасында 2008 жылдан бастап бұл қатынас теңеліп, 2012 жылы мал шаруашылығының өнімінің үлесі ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 44,6 %, өсімдік шаруашылығының үлесі 55,0 % құрады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 259,2 млрд. теңгеге жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 51,3 млрд.тг ұлғайды. Нақты көлем индексі 108,5 % құрап, Республикада бірінші орынға шықты.
Ал 2013 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі өткен жылдан 37,8 млрд.тг ұлғайып 297,0 млрд. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі 104,1 % құрады. 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге немесе 159,1 млрд.тг. артты (2009 ж. 137,9 млрд.тг., 2010 ж. 163,8 млрд.тг., 2011 ж. 207,9 млрд.тг., 2012 ж. 259,2 млрд.тг.).
Көрсеткіштердің атауы
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі (млрд.тг.)
|
137,9
|
163,8
|
207,9
|
259,2
|
297,0
|
Нақты көлем индексі (%)
|
106,6
|
106
|
111
|
108,5
|
104,0
|
Облыстың ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4485,1 мың. га құрайды, оның ішінде 2003 жылы егін алқабына 740,0 мың га қолданылып, су шаруашылығы нысандарының істен шығуына және басқа да себептерге байланысты 2009 жылы 641,0 га дейін төмендеген. 2009 жылы мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық, облыстық бюджеттен 14,0 млрд теңге қаржы бөлініп, су шаруашылығы объектілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп 2009 – 2012 ж.ж аралығында 104,0 мың суармалы жер қосымша айналымға қосылды. Нәтежиесінде 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптары 742,2 мың га орналыстырылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі орташа есеппен 20 % артты. Оның ішінде бақшадан 1100,0 мың тонна (148 %), мақтадан 380 мың тонна (113 %), картоптан 242,0 мың тонна (114 %), көкөніс 750 мың тонна 103 %), жүгері 94 мың тонна (110 %), майлы дақылдардан 73 мың тонна (101 %), жеміс-жидектен 78 мың тонна (143 %), жүзімнен 51,0 мың тонна (132 %) өнім жиналды.
Облыс бойынша гектар түсімділігі 2011 жылмен салыстырғанда жүгеріден 3,6 цн/га, көкөніс, бақшадан 14,0 цн/га, картоптан 10,4 цн/га,мақта 4,4 цн/га, жеміс-жидектен 5,4 цн/га артты.
Сонымен қатар облыста 292,0 мың га суармалы жерлердің көлемін кезең-кезеңімен қосымша ұлғайту бойынша облыс әкімдігінің қаулысы қабылданды. Іс-шара бойынша 40,0 мың га іске қосылды (2012 ж 21,2 мың га, 2013 ж 18,6 мың га).
2013 жылы егіс көлемі өткен жылдан 32,0 мың га артып, 774,3 мың га жетті (2012 ж 742,2 мың га). 2015 жылы егіс алқаптарын 813,6 мың га жеткізу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі дәнді дақылдардан 471,4 мың тонна (2012 ж. %-бен 166,8%), бақшадан 1100,0 мың тонна (100,2 %), мақтадан 396,7 мың тонна (104,5 %), картоптан 238,4 мың тонна (98,6 %), көкөніс 756,2 мың тонна (100,9 %), жүгері 99,7 мың тонна (106,1%), майлы дақылдардан 94,3 мың тонна (129,8%) өнім жиналды. Облыс бойынша гектар түсімділігі 2012 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдардан 6,2 цн/га, жүгеріден – 1,3 цн/га, бақшадан – 1,4 цн/га, картоптан – 2,0 цн/га, мақтадан – 2,5 цн/га, майлы дақылдардан 2,7 цн/га артты.
Оңтүстік-Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының жүйелік мәселесі, суғару суының жетіспеушілігі. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – суғару тиімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу. Егін алқаптарын суғаруда бір гектарына орташа 6000-7000 метр куб су жұмсалынады. Бұл көрсеткіш алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп жатқан шаруашылықтарда, тамшылатып суғару есебінен су шығыны гектарына 3000-3500 метр кубқа қысқарған. Есептеулер көрсетіп отырғандай, қолдағы бар көлеммен, қазіргіге қарағанда, ОҚО алқаптарын 5-6 есеге артық суғаруға болады. Соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісі ендірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары ұлғайуда.
2013 жылы тамшылатып суғару әдісі жалпы 26,8 мың га ендірілді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 26,5 есеге артық (2008 ж. 1,0 мың га, 2009 ж. 2,1 мың га, 2010 ж. 7,2 мың га, 2011 ж. 14,8 мың га, 2012 ж. 20,8 мың га). Бұл Республикадағы көрсеткіштің 83,8 % құрады. 2015 жылға тамшылатып суғару әдісін 40,0 мың га жеткізу жоспарлануда.
Қазір республикадағы негізгі мәселенің бірі – республика халқын көкөніс-жеміс өнімдерінің барлық сапалы түрлерімен жыл бойына қамтамасыз ету болып отыр. Ерте пісетін көкөніс өнімінің көлемін ұлғайтуда жылыжайлардың қосатын үлесі мол. 2013 ж. жылыжайлар көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 8 есеге артып 720 га жетті. Бұл Республикалық көрсеткіштің 85,7 % құрады (2008 ж. 90 га, 2009 ж. 124,1 га, 2010 ж. 200,0 га, 2011 ж. 371,0 га, 2012 ж. 565,4 га). Жылыжайлар есебінен 2013 жылы 115,0 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. 2015 жылы жылыжайлардың көлемін 930 га жеткізу көзделуде.
Азық-түлік теңгеріміне сәйкес облысымыз бүгінгі таңда халыққа қажетті 14 түрлі негізгі өнімдердің 11 түрімен толық қамтамасыз етіп отыр. Осыдан үш-төрт жыл бұрын қысқы және ерте көктемгі мезгілдерде жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының тапшылығынан азық-түлік қорын жинақтауда бір-шама қиындықтар кездескендігі баршамызға белгілі. Осы мәселені шешу бойынша облыс әкімінің тікелей ықпалымен қаржы институттарын тарта отырып, нақты жұмыстарды үйлестірудің арқасында, бүгінгі таңда жеміс - көкөніс сақтау қоймаларының сиымдылығы 34,0 мың тоннадан 200,0 мың тоннаға дейін немесе 6 есеге ұлғайды. Осы қоймаларда бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар картоп, пияз, көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін сақтап, азық-түлік бағаларының көтерілуіне жол бермей, жыл бойына облысымызды сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді.
«Агробизнес – 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты АӨК-ні қаржылық сауықтыру бағыты бойынша, 2013 жылы 9 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №816 қаулысымен «Қаржылай сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау туралы» Қағида бекітіліп, қолданысқа енгізілді.
Қағидаға сәйкес, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2013 – 2014 ж.ж ауыл шаруашылығы техникалары жылдық 12,8% берілуде, оның 7% мемлекет субсидиялап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жылдық пайыздық мөлшерлеме 5,8 пайыздан түсуде. Нәтижесінде 2013 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қосымша 642 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан сатып алып, оның 122 бірлігі «ҚазАгроҚаржы»АҚ арқылы лизингке алынды. Бүгінгі күнге облыс бойынша жалпы 17,7 мың тракторлар, 1,7 мың комбайндар, 2,5 мың жүк көліктері және 43,3 мыңнан астам түрлі түрдегі агрегаттар еспте тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |