Теміржол саласы
Оңтүстік Қазақстан облысында теміржолдың ұзындығы 915,6 шқ. құрайды.
Облыс аймағынан алыс бағытқа қарай жүретін поездер жолаушыларға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы мен Украина мемлекеттерінің қалаларына дейін жетуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, облысішілік Шымкент – Түркістан және Шымкент – Сарыағаш теміржол бағыттары бойынша 2 пойыз қатынайды.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындар үшін облысаралық, ауданаралық, қала маңайындағы теміржол маршруттарының әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, «Шымкент - Сарыағаш» және «Шымкент - Түркістан» қала маңайындағы теміржол маршруттарына жәрдем беру мақсатында облыстық бюджеттен әр жылы қаражат бөлініп отырады. Облыс тұрғындарының өтініші бойынша 2008 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент - Сарыағаш» қала маңайындағы теміржол маршруты Түлкібас станциясына дейін ұзартылды. Бекітілген кестесіне сәйкес, 4 вагоннан тұратын «Түлкібас-Шымкент-Сарыағаш» қатынасы аптасына 4 рет, ал «Шымкент-Түркістан» қатынасы аптасына 3 рет, 2014 жылы 4 вагонды құрайтын ЭР 9 М 510 маркалы электропойызы «Шымкент-Сарыағаш» бағытына аптасына 5 рет жүріп тұрады.
Шымкент қаласының теміржол вокзалының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 2009 жылы 71,8 млн.теңге, ал 2010 жылы 50,0 млн.теңге бөлінді.
Қазіргі таңда, облыс әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 97 және 2012 жылғы 9 қазандағы № 287 қаулыларына сәйкес, темір жол вокзалы ғимараттары республикалық меншікке қайтарылды. Бүгінгі күні «Темір жолы - Қызмет» ЖШС таратылған.
2014 жылы тасымалдаушының залалын субсидиялау мақсатында облыстық бюджеттен 153 094 млн. теңге қаржы бөлінді.
Теміржол көлік саласының негізгі проблемалары:
Теміржол вокзалдарының тек орындар мен перрондардағы алаңдарды жалға берумен ғана айналысатын іс-әрекеті рентабельді болмай қалады, себебі тасымалдаушылар мен жолаушыларға негізгі вокзалдық қызметтерді өзара бөлу функциялары (билеттерді сату, ұйымдасқан түрде отырғызу және түсіру, ақпараттық қамтамасыздандыру және т.б.) республикалық теміржол ұйымдармен құзыреттілігінде сақталып отыр. Осыған байланысты, 2010 жылы облыс аймағында орналасқан теміржол вокзалдарын «НК «КТЖ» АҚ тапсыру жоспарланған.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, зардаптарын жеделдетіп жою
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына қойылған міндеттердің маңыздылығын ескеріп, департаменттердің жұмыс топтарымен есептеулер жүргізілді. Тек зардап шеккендерді эвакуациялауға, тамақпен қамтамасыз етуге және 1000 адамдық бір лагерді жасақтауға алдын ала жасалған есеп бойынша қажетті қаражат көлемінде 44 203 812 теңге. Зардап шеккендерді тіршілікпен қамтамасыз ету заттарын сатып алуға қажет шығыстар 37 160 632 теңге (тұрғын шатырлар, жиылмалы кереуеттер, төсеніш заттар т.б.) 1000 адамға арналған 7 тәулікке азық-түлікпен қамтамасыз етуге 5 854 040 теңге. Бекітілген облыстың азаматтық қорғаныс жоспарларына сәйкес, жер сілкініс кезінде облыс бойынша 385 мың адам баспанасыз қалуы ықтимал, оның ішінен 133 мың адам Шымкент қаласында. Алайда, облыс бюджетінің мүмкіндіктерін және уақыт тығыздығын ескерсек, материалды-техникалық дайындыққа тіршілікпен қамтамасыз ету құралдары ықтимал апаттың тек бастапқы кезде 9000 адамға бұл шығын 929 млн.теңгені құрайды. Бұндай жағдайда ықтимал болжамды шығыс мөлшерін тамақтандыру шығындарымен қоса алғанда экономикалық тұрғыдан негізді болып табылады, нақты мерзімдері анықталған, оларды жүзеге асыру үшін, ол төтенше шаралар атқаруға мүмкіндіктер береді.
Біздің облыс үшін өрт сөндіруші аэромобильді жасақ авиациялық бақылауды ұйымдастыру, орманды алқаптарда өрт қауіпті кезеңдерде қиын және алшақ жерлерде өрттерді тез арада байқап, сөндіруді ұйымдастыруға жұмылдырылады.
Жабдықталған ерікті өрт сөндіруші құрылымдарды құру және іс-қимылға қосу 52 ауыл округтерінде болатын дала, тау сілемдеріндегі өрттердің санын азайтуға мүмкіндік беріп, өрт сөндіру қызметі жоқ және табиғи өрттердің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Облыстың қауіпсіздігін, қорғанысын, тәртібін және тіршілігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, басқа да жұмылдыру кезеңінде және қарулы қақтығыстар кезінде шұғыл тапсырмаларды шешу үшін арнайы әскери және әскери емес құрылымдар құрылады. Олардың дайындығы және жұмылдыруды қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың және орталықтандырылған мемлекеттік органдардың және ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастыруымен жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс құрылымдарының аумақтық және нысандық арнайы әскери емес құрылымдары облыстың экономикалық маңызды тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, жою салдарынан қазіргі заманғы құралдармен және басқа да экстремальды факторлардың зардаптарын жою мақсатында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізеді. Облыстың пайдасына құрылатын арнайы әскери құрылымдар санын облыстың жұмылдыру жоспары анықтайды.
Әскери емес арнайы құрылымдардың техникамен, құралдармен, мүліктермен сол құрылым жасақталған ұйым базасы есебінен сондай-ақ меншік түріне қарамай басқа да ұйымдар есебінен және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеменшік иелері есебінен қайтарымды негізде жүзеге асырылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 2013 жылдың төтенше жағдайлар бойынша оқиғалар саны 1373, 2012 жылмен салыстырғанда 6 % өскен ( 2012 жылы 1295 оқиға тіркелген). Жапа шеккендер саны 562 адам (2012 жылмен салыстырғанда 21 % төмендеген, яғни 711 адам), олардың 92 адамы қайтыс болды (2012 жылмен салыстырғанда 36,6 % төмендеген, яғни 145 адам).
Материалдық шығын көлемі 793,8 млн. тенгені құраса, 2012 жылмен салыстырғанда 22,9 % төмендеп, 1029,2 млн. тенгені құрады.
Анализдік қорытындыға сәйкес, төтенше жағдайлардың орын алу техногендік сипаттағы жағдайларға байланысты болады, бұл көрсеткіш 65,7 %, 917 оқиға санын құрайды. 2012 жылымен салыстырғанда техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны 67 өсіп, 7,88 % құрады. Жапа шеккендер саны 115 адам (34,3 % аз, 2012 жылмен салыстырғанда - 175), олардың 63 адамы қайтыс болды (аналогиялық кезеңмен салыстырғанда 41,1% төмендеп, 2012 жылы – 107 құрады). Барлық техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың 55,1 % (885) орын алуы көбінесе тұрмыстық және өндірістік тілсіз жаулардан, яғни өрттің шығуынан болады. Бұл көрсеткіштің өсуі тұрғын үй секторларының көбеюі (562), барлық өрттің шығуынан 63,2%, жол көлік оқиғаларынан (178) болады.
Төтенше жағдайлардың пайда болу себептері:
-
жол ережесін сақтамауды;
-
эксплуатациялық жылу қондырғыларын орнатқанда өрт қауіпсіздігінің ержесін сақтамау; өндіріс орындарында техника қауісіздігін сақтамауы;
-
дербес тәртіпсіздік.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою проблемалары:
-
Қазіргі таңда облыста 30-дан 60%-ға дейін өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттары мен құрылыстардың сейсмотұрақтылығы талапқа сәйкес емес;
-
Облыс аумағындағы толыққанды сейсмикалық аудандастыру картасы жоқтығы жаңа ғимараттардың құрылысы және ескілерін сейсмокүшейту үшін тиімді барабар техникалық шешімдер қолдануға мүмкіндік бермейді;
-
Дауылды ескертулердің жеткілікті түрде нақтыланбауы осының салдарынан қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың болуы, сонымен қатар, су тасқыны кезеңіне арналған ұзақ мерзімді болжамдардың болмауы;
-
төтенше жағдайлар және нәтижелі алдын ала автоматтандырылған өңдеу үшін, мониторинг жасауға қажетті қазіргі заманғы геоақпараттық жүйе енгізудің әлсіз жүргізілуі.
Құқық тәртібі және қылмыспен күресу
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстың жағдайы бірқалыпты болып отыр. Бұл жағдайға бұрын жыл сайынғы (2006-2008 жылдар) қабылданған құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресу туралы аумақтық бағдарламаның әсері болып табылады.
Қоғамдық жағдайға және қоғамдық қауіпсіздікке әсері бар қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың саны соңғы жылдары төмендегені байқалады. Яғни, 2007 жылы бұл көрсеткіш 1420 құраған болса, 2008 жылы-1409, 2009 жылы-1389, 2010 жылы бұл көрсеткіш 1353 құраған болса, 2011 жылы-5799, 2012 жылы-7165 құраған, 2013 жылы - 9193, 2014 жылдың 7 айында – 5006 құраған.
Тұрмыстық жағдайда орын алған қылмыстар, сонымен қатар, алкогольді тұтыну жағдайында және есірткі затын қабылдап, жасаған қылмыстар саны әлі де болса көп таралуда. Заңсыз еңбекке тарту жайттары кеңінен өріс алуда.
Тұрмыстық жағдайда орын алған кісі өлтіру және денеге ауыр жарақат салу қылмыстарының көпшілігі ішімдікке салынудың нәтижесінде болуда. Арнайы емдеу-алдын алу мекемелерінің ішімдікке салынған тұлғаларды еріксіз түрде емдеуге толығымен жолдап, қоғамнан уақытша аластатуға мүмкіндіктері болмай отыр.
Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны өсіп келеді (2007ж.-335, 2008ж.-362, 2009ж.-374, 2010ж.-331, 2011ж.-425, 2012ж.-597,2013ж-533, 2014ж. 7 ай-212). Мүлікке қарсы қылмыстар саны, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау және тонау қылмыстары 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдермен көп жасалуда.
Осыған байланысты «мектеп» полиция инспекторларының санын көбейту қажет, облыстағы олардың саны өте жеткіліксіз (барлығы 140 қызметкер). Қалалық әр-бір және ауылды жерлердегі үлкен мектептерде бір полиция инспекторлардан болуы тиіс. Бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың ерте бастан алдын алуда мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары жол апатының негізгі көрсеткіштері төмендегені байқалады. Жол-көлік оқиғаларының жалпы тіркелген саны және олардың нәтижесінде жарақат алған азаматтар саны төмендеген. Алайда, жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болған азаматтардың саны өсуде (2007 ж. – 262 азамат, 2008 ж. – 202 азамат, 2009 ж. – 265 азамат, 2010 ж. – 478 азамат, 2011 ж. – 472 азамат, 2012 ж. – 534 азамат, 2013ж. - 529, 2014ж.7 ай - 28 азамат).
Жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштері төмендегенімен, олардың ауыр жағдайда аяқталуы жоғары деңгейде қалып отыр.
Автокөліктердің санының өсуі, облыстағы олардың саны 2012 жылы - 381493, 2013жылы - 458958 және соңғы үлгідегі автокөліктердің жылдамдық мүмкіндігі көше мен жол жүйесінің даму мүмкіндігінен әлде қайда жоғары. Республикалық маңызы бар жолдар қайта құрастыруды жүру жолының енін кеңейтуді қажетті жерлеріне шарбақтар орнатуды жол белгілерін қоюды қажет етеді.
Көлік тәртібінің сақталуы оған қатысушылардың арасында төмен деңгейде, бәрінен бұрын көлік жүргізушілер тарапынан. Жүргізушілер дайындау жүйесін барынша жақсартуды талап етеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ішкі істер департаменті темекі шегу, есірткі қолдану және ішімдікдің алдын алуда бірқатар іс-шаралар атқарды.
Алыс және жақын шет елдерден облысымызға келетін азаматтардың легі көбеюіне байланысты реттелмеген көші-қон мәселелері мен заңсыз еңбекке тартуға қолайлы жағдайлар туындауда. Көші-қон бағыты бойынша немесе қуғындар есебінен келетін шет ел азаматтары тарапынан қылмыс жасауға қолайлы жағдайлар қалыптасуы қауіп төндіруде. Бұл жағдай көші-қон бағыты бойынша жұмысты жандандыруды талап етеді.
Облыстағы құқықтәртібінің жағдайына, азаматтарды қорғау жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктерді қылмыстан қорғауға өзінше орны бар сыртқы және ішкі факторлар бірқатар маңызды жағдай жасауды жалғастыруда.
Әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан экономикалық қиыншылықтар, тұрғындардың жұмыспен толық қамтылмауы, оның ішінде жастар болуы тонау, ұрлық және басқа да зұлымдық пен зорлау қылмыстарының өсуіне негізгі себептердің бірі болуда.
Жедел жағдайдың қиындыққа соғуының негізгі факторларының бірі ұрлық қылмысы болуда. Жалпықылмыстық қылмыстардың ішінде олардың саны соңғы бірнеше жылдар бойы жартысын құрап келеді.
Облысымызда қылмыстардың ашылу көрсеткіші жоғарылағаны байқалады. Егер, 2007 жылы қылмыстың ашылу көрсеткіші 65,2 % құраған болса, 2008 жылы – 67,3 %, 2009 жылы– 67,8 %, аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші 2007 жылы - 85,1 %, 2008 жылы–88,6 %, 2009 жылы– 84 %, 2010 жылы-76,9 %, 2011 жылы–66,1 %, 2012 жылы – 78,5 %, 2013 жылы - 82,4 %, 2014 жылы 7 айында 74,0 % құраған.
Ішкі тұрақтылыққа облысымыздың аумағын есірткі тасымалдауға пайдаланып жүрген халықаралық қылмыс бірлестіктерінің әрекеттері барған сайын кері әсерін тігізіп келуде. Сыртқы есірткі тасымалы бірінші кезекте Ауған елінен келетін есірткі затын қабылдау болса, облысымыздағы ішкі есірткі жағдайы европа елдерінен келген әр түрлі синтетикалық есірткі заттарын тарату болып табылады.
2009 жылы есірткіге қатысты 168 қылмыс тіркелген болса, (2007 ж. - 186, 2008 ж. - 156) 389 кг есірткі заттары тәркіленген, оның ішінде 31 кг героин. 2012 жылы есірткіге қатысты 164 қылмыс тіркелген болса, (2010 ж. - 197, 2011 ж. - 145) 536 кг. 145 гр. есірткі заттары тәркіленген, оның ішінде 18 кг. 90 гр. героин 2013 ж.- 222 (576 кг. 185 гр. есірткі заты, оның ішінде 19 кг. 19 гр. героин), 2014 жылдың 7 айында 204 қылмыс (527 кг. 934 гр. есірткі заты, оның ішінде 12 кг.789 гр. героин).
Ішкі істер органдарының жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыруы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғап, олардың ішкі істер органдарына сенім арттыруын жоғарылатуға негіз бола алады.
2.2.4 Аймақтық (кеңістік) орналасуы
01.01.2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-территориялық бөлінуде былай көрінеді: 8 қалалар мен қалалық елді мекендер, олардың 4 облыстық елді мекендер статусы болса, 4 аудандық;
- 11 аудандар;
- 3 елді мекен;
- 868 ауылдар.
ОҚО урбанизация процесі Қазақстанның өзге аймақтарындағы осындай процестермен жалпы ұқсастығы бар, олардың негізгі төртеуі жоспарлы шаруашылық және индустриалдық принциптегі кеңістіктік даму уақытында құрылған. Бірнеше мыңжылдықтармен есептелінетін, ОҚО территориясының мекенденуінің бай тарихына орай, оның әлеуметтік-экономикалық дамуында есепке алу міндетті болып табылады, ОҚО урбанизациясының өзіне тән ерекшеліктері бар. Шымкент қаласы ОҚО әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім беру және мәдени орталығы. Бұл қала экономиканың алуан түрлі қызметімен, жан-жақты потенциалымен, тиімді экономика-географиялық орналасуымен ерекшеленеді. Осы сапалардың үйлесі Шымкент қаласын Оңтүстік Қазақстан облысының инновациялық генераторы және даму локомотиві етеді.
ОҚО өзге қалалары ірі қала тұрғындылығына жетпеген, ал урбанистикалық концентрация бұл қалаларда өзіндік көрініс тапқан.
Тар маманданған қалалар, әдетте, бір ғана салаға ие (Арыс және Түркістан қалалары - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, Кентау – электроқұралдар). Тар мамандану қалалардың өзге қызметтерді дамыту мүмкіндіктерінің болмағандығын, оларға салынған потенциалдарды жүзеге асырмағандығын білдіреді. Бұл қалаларда мәдениет және демалыс объектілері әлсіз дамыған.
Кіші қалалардың көп қызметті құрылымына қарапайым жоспарлаушылық құрылым сәйкес келеді: бір өнеркәсіптік немесе агроөнеркәсіптік аумақ.
Қала сырттай және мәні бойынша кәсіпорынға қосымша ретінде көрінеді. Қалалық инфрақұрылым әлсіз дамыған, осыған байланысты оның ауылдық белгілері көрініс тапқан. Ауылдық белгілер құрылыс объектілерін жоспарлауда, архитектурада және тұрғындардың өмір образында көрінеді. ОҚО 4 осындай қала бар, олардағы тұрғындар саны 50-ден 10 мың адамға дейін.
ОҚО дәстүрлі Қазақстанның өзге аймақтарынан ерекшеленеді, ондағы тұрғындардың үлкен бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Облыста 868 ауыл бар, онда облыстың барлық тұрғындарының 55% немесе 1300 мың адам тұрады.
Кесте 1 – Оңтүстік Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының нәтижелі кешенді бағалау
Облыс қалалары мен аудандары
|
Экономикалық әлеуеті бойынша қала мен ауданың алатын орны
|
Әлеуметтік сала бойынша қала мен ауданың алатын орны
|
Инфрақұрылым бойынша қала мен ауданың алатын орны
|
Аумақ дамуы бойынша қала мен ауданың алатын орны
|
Қорытынды орны
|
Шымкент қ.
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Арыс қ.
|
5
|
6
|
6
|
3
|
6
|
Кентау қ.
|
5
|
3
|
4
|
3
|
4
|
Түркістан қ.
|
3
|
3
|
6
|
2
|
3
|
Бәйдібек
|
5
|
6
|
5
|
6
|
8
|
Қазығұрт
|
3
|
4
|
6
|
4
|
5
|
Мақтарал
|
2
|
3
|
2
|
3
|
2
|
Ордабасы
|
3
|
6
|
7
|
4
|
6
|
Отырар
|
5
|
5
|
6
|
6
|
8
|
Сайрам
|
4
|
3
|
4
|
3
|
3
|
Сарыағаш
|
3
|
3
|
5
|
3
|
3
|
Созақ
|
3
|
2
|
3
|
6
|
3
|
Төлеби
|
3
|
5
|
7
|
5
|
6
|
Түлкібас
|
5
|
5
|
7
|
4
|
7
|
Шардара
|
3
|
6
|
7
|
5
|
7
|
Оңтүстік Қазақстан облысының территориялық бірліктері бойынша тұрғындарды қайта қоныстандыру типтерін идентификациялау төмендегідей бағалау әдістері негізінде жүргізілді:
1) урбанизациялаудың аймақтық типтерінің негізгі сандық сипаттамалары бойынша; 2) аймақ территориясының тепе-тендік даму дәрежесі бойынша (кесте 2).
Кесте 2 - Оңтүстік Қазақстан облысының территориялық бірліктер типологиясы
Аймақ
|
Балл сома-сы
|
Орташа балл
|
Орналастыру типі
|
Демографиялық
потенциал
|
Геоэкономикалық жағдайының ерекшелігі
|
Шымкент
|
1
|
1
|
Агломерациялық
|
Шымкентте жоғары, табиғи өсім оңтайлы және орта шамамен жылына 2%-2,5%, Шымкентке тұрғындар тығыздығы – 1890
Түркістанда ортадан жоғары, өйткені табиғи өсім оңтайлы және орта шамамен жылына 2%-2,5%, бірақ Түркістанда тұрғындар тығыздығы - 27 адам/км2
|
Агломерация ядросы, облыстың негізгі қалалары, орналастыру құрылымының тірек-каркасты түйіні. Түркістанның жоғары тарихи құндылығы бар. Шымкент қалалық агломерациясына жататын урбанизацияланған аймақ.
|
Түркістан
|
2
|
Арыс және Кентау қалалары
|
4
6
|
5
|
Теңдей кіші қалалы тармақ және қалалық типтегі мекен жайлар тармағы
|
Кентауда орташа, Арыста ортадан төмен. Екі қалада да тұрғындардың орташа жылдық өсу қарқыны 0,8%-0,88% құрайды. Арыс қаласында тұрғындар тығыздығы небары 10,3 адам/км2.
|
Арыс қаласында теміржол тармақтарының түйіні орналасқан.
|
Мақтарал
|
2
|
3
|
Кеңістікті-бірдей, орналастырудың ауылдық типі
|
Жоғары. Тұрғындар кеңеюде және табиғи өсім арту тенденциясына ие. Аудандар тұрғындардың жоғарғы тығыздығымен ерекшеленеді 150 адам/км2
|
Сайрам ауданның территориясында ШҚА орналасқан,
Мақтарал және Сарыағаш аудандары Өзбекстанмен шекаралас
|
Сарыағаш
|
3
|
Сайрам
|
3
|
Созақ
|
3
|
6
|
Кеңістікті-бірдей емес ауылдық тип басым келетін орналастыру
|
Орташадан төмен. Тұрғындардың төменгі тығыздығындағы аудандар
1,3 - 7,7 адам/км2. табиғи өсім оңтайлы болғанымен, тұрғындардың өсімі динамикасының артуы байқалмайды.
|
Созақ және Отырар аудандарының ШҚА өте алшақ орналасуы
|
Отырар
|
8
|
Бәйдібек
|
8
|
Төлеби
|
6
|
7
|
Нүктелі-орталық типі, бірдей емес.
Төлеби ауданының шығыс бөлігінде, Шардара ауданының батыс бөлігінде шаруашылықты игерілмеген территориялар пайызы үлкен
|
Табиғи өсім оңтайлы және тұрғындар санының өсу динамикасының тенденциясы айқын көрінеді.
|
Төлеби ауданы ШҚА тығыз шектесіп жатыр. Шардара Өзбекстанмен шекаралас
|
Шардара
|
7
|
Ордабасы
|
6
|
6
|
Шаруашылықты-игерілмеген территорияның басым-дылығымен қала айналасына шоғырланған орталық ұйымдастыру типі
|
Ортадан жоғары. Табиғи өсім оңтайлы, тұрғындардың орташа тығыздығы 25-42 адам/км2
|
Ордабасы, Қазығұрт, Түлкібас аудандары ШҚА шектеседі
|
Қазығұрт
|
5
|
Түлкібас
|
7
|
Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін кешенді талдау, аймақтың дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуының шектеулері мен мүмкіндіктерін анықтайтын, басымдықтандырылған SWOT- талдауда көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |