Сумен қамту
Облыста 2009 жылы 572 800 адам тұратын, 482 елді мекендерінің тұрғындары немесе 53,7 %, 2014 жылы 603 499 адам тұратын, 665 елді мекендерінің тұрғындары немесе 71,5 %, Шымкент қаласының орталықтандырылған көзден ауыз суын қолданады.
2009 жылы 545330 адам тұратын, 405 елді мекендерінің тұрғындары немесе 44,9 %, 2014 жылы 434757 адам тұратын, 264 елді мекендерінің тұрғындары немесе 28,4 %, орталықтанбаған көздердің суын қолданады (құдықтар, өздігімен құйылатын скважиналар, бұлақтар және ашық сужинақтары).
Ауыз суды тұрмыстық қажеттілікке пайдаланушылар: тұрғылықты халық, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік мекемелер ауыз суды тұрмыстық - қажеттілік су құбыры жүйелерінен пайдаланушылар болып табылады.
Пайдаланудағы сапалы ауыз су көлемі, Оңтүстік Қазақстан облысында 2010 жылдың 1 қаңтарына 1012 мың м3/тәулік құраса, оның ішінде қала тұтынушылары 625 мың м3/тәулік, ауылдық 387 мың м3/тәулік .
Облыс қалаларындағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жалпы ұзындығы 4558,1 км құрайды, оның ішінде Шымкент қаласында 2651,3 шқ, Арыс қаласында 147,0 шқ, Жетісай қаласында 156,4 шқ, Кентау қаласында 268,3 шқ, Сарыағаш қаласында 357,2 шқ, Леңгір қаласында 459,2 шқ, Шардара қаласында 298,4 шқ, Түркістан қаласында 247,3 шқ.
Облыста елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 қаулысымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған салалық «Ақ-Бұлақ» бағдарламасын іске асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында 2011 жыл – «Ауыз су» жылы деп жарияланды және 114 елді мекенді ауыз сумен жабдықтау құрылысына, 43 нысанды ағымдағы жөндеуге, 14 қала, аудандардағы сумен жабдықтаушы мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорындарға арнайы техникалар сатып алуға 2011 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден 17 601,0 млн. теңге қаралды.
2012 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес, 125 елді мекенде ауыз сумен жабдықтау нысандары салынды, оған 19 852,04 млн. теңге қаралды. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 31 елді мекенде, облыстық бюджеттен 94 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл қорытындысымен 92 нысан пайдалануға тапсырылды. Нәтижесінде 107 мыңға жуық тұрғын қосымша таза құбыр суымен қамтамасыз етіліп, жалпы құбыр суы бар елді мекендер саны 649 (69,8 %) құрады.
Жалпы облыс көлемінде құбыр суымен қамтылған тұрғындар саны 2,2 млн. жеткізілді.
2013 жылы орталықтандырылған су құбыры бар елді мекендер саны 649, оның ішінде
-
225 елді мекенге құбыр суы 2002-2012 жылдары жаңадан салынған;
-
156 елді мекені жарамды ескі су құбырларынан пайдалануда
-
194 елді мекенде ауыз су құбырларын қайта құруды қажет етеді
-
74 елді мекен топтасқан ауыз су құбырларына қосылған.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 12,2 млрд. теңгеге ауыз сумен қамтамасыз етуге 38 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілді. (Оның ішінде 30 елді мекендегі құрылыс жұмыстары осы жылы пайдалануға тапсырылып, 8 елді мекендегі құрылыс жұмыстары 2014 жылға өтпелі) Нәтижесінде, 16 елді мекенде жаңа ауыз су құбырлары, 14 елді мекенде қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 18 838 халық ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жыл қорытындысымен құбыр суы бар елді мекендердің саны 665-ке немесе 71,5 % жеткізілді.
2014 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жалпы 30 нысанның құрылысына 8759,8 млн. теңге (оның ішінде РБ есебінен 14 нысанға – 4047,2 млн. теңге, ОБ есебінен 16 нысанға – 4712,6 млн. теңге) қарастырылып, құрылысы жүргізілуде.
Алдағы уақытта, облыс бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет елді мекендер саны 346 құрайды. Оның ішінде, бірінші кезекте орталықтандырылған құбыр суы жоқ 155 елді мекенде, екінші кезекте қолданыстағы су құбырлары тозған қайта құруды қажет ететін 191 елді мекенде жүргізілетін болады.
Кәріз жүйесі
Облыста кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 754,6 шқ, оның ішінде Шымкент қаласында 512,4 шқ, Арыс қаласында 29,1 шқ, Жетісай қаласында 8,6 шқ, Кентау қаласында 28,4 шқ, Сарыағаш қаласында 13,5 шқ, Леңгір қаласында 66,5 шқ, Шардара қаласында 49,7 шқ, Түркістан қаласында 46,4 шқ.
Барлық кәріз желілері қалалардың коммуналдық меншігінде. Жалпы кәріз желілерінің 468,7 шқ (немесе 62,1 %) тозған. Шымкент қаласында 498,3 шқ кәріз желілері «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не сеніп басқаруға тапсырылған.
Талдау көрсеткендей, кәріз желілері мен имараттары, сумен қамту нысандары сиякты осыдан 30-40 жыл бұрын пайдалануға берілген немесе жөнделген. Біртұтас алғанда, нормативтік пайдалану мерзімі 25 жыл, шамамен 63 % толық жөндеуді немесе ауыстыруды талап етеді.
2009 жылы «Жол картасы» аясында 8 қалалар мен аудандардың 10 елді мекенінде бюджеттен 344745,0 мың теңге қаржы бөлініп, 51,4 шқ кәріз желілері ағымдағы жөндеуден өтті.
2012-2013 жылдары Шардара қаласының кәріз желілері мен тазалау имаратының құрылысына бюджеттен 1109,4 млн теңге қаржы бөлініп, 31,9 шқ кәріз желілері салынды. Шардара қаласының тұрғындары кәріз жүйелерімен қамтылды.
Сонымен қатар, 2012-2013 жылдары Шәуілдір ауылындағы магистральды кәріз желілері мен тазалау имаратының құрылысына бюджеттен 1023,1 млн теңге қаржы бөлініп, пайдалануға тапсырылды.
Ал, 2013 жылы Леңгір қаласындағы КТИ-1, КТИ-2 кәріз тазалау имараттарын салуға бюджеттен 389,9 млн теңге қаржы бөлініп, құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда, халық игілігіне пайдалануда.
2014 жылы кәріз желілері мен тазалау имаратының құрылысына республикалық бюджеттен 56,1 млн теңге бөлінді. Арыс қаласында қосымша 2 шқ кәріз желілері салынып, 2 мектеп және орталық стадион кәріз жүйесіне қосылды.
Шымкент қаласы Жаңатұрлан мөлтек ауданындағы - 11,1 шқ кәріз коллекторының сарқынды сулар өткізгіштігін ұлғайту мақсатында 2013-2014 жылдары облыстық бюджеттен 138,1 млн теңге қаржы бөлініп, пайдалануға тапсырылды.
Түркістан қаласындағы кәріз тазалау имараты мен кәріз желілеріне 2010-2014 жылдары 5422,9 млн теңге бөлініп, жаңа заманауи технологиямен жабдықталған кәріз тазалау имаратымен 127 шқ магистральды кәріз желілері 2014 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.
2014 жылдың қорытындысымен Жетісай қаласындағы жаңа кәріз тазалау имаратының 21,4 шқ кәріз желілерін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Тұрғын үй секторы
Облыс бойынша тұрғын үй қорының жалпы көлемі 14,4 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 10,0 млн. шаршы метрі қалалық елді мекендер және 4,4 млн. шаршы метрі ауылдық жерде.
Облыста 2009 жылы 2811, 2013 жылы 3152 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Облыс бойынша 2009 жылы 1461, 2013 жылы 1697 көпқабатты үйлер кондоминиум объектісі ретінде Әділет басқармасында тіркелген.
Көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі инженерлік жүйесі, шатыры, лифт шаруашылығы және негізгі құрылымдардың 40 % (1873), 2013 жылы 48 % (1520) күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етуде.
2009 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы санының (2811) облыс бойынша 1243 тұрғын үйлерінің ( Шымкент қаласында - 914, Ленгер қаласында-314, Арыс қаласында - 15) күрделі жөндеу жұмысын керек етсе, 1420 тұрғын үйлердің негізгі құрылымдары және фундаментері, 910 үйдің ішкі инженерлік жүйесі күрделі жөндеу жұмысын керек етеді.
2013 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы санының (3152) облыс бойынша 1520 тұрғын үйлерінің (Шымкент қаласында - 914, Кентау қаласында – 221, Арыс қаласында – 51, Түркістан қаласында -72, Ленгер қаласында-28, Сарыағаш қаласында – 55, Шардара қаласында 53, аудан орталықтарында-126) күрделі жөндеу жұмысын қажет етсе, 1472 ағымдағы жөндеу жұмысын керек етеді.
Абаттандыру
2008 жылы облыс бойынша жалпы пайдаланылатын жасыл желектер 1189 мың бірліктер құрады, 2003 жылмен салыстырғанда 417 мың бірлікке ұлғайды; 2008 жылы бір тұрғынға 0,49 бірлік келетін.
2012 жылы облыс бойынша жалпы пайдаланылатын жасыл желектер 2035 мың бірлікті құрады, 2008 жылмен салыстырғанда 846 мың бірлікке ұлғайды.
Облыс бойынша абаттандыру негізгі жұмыстарға жатады: қаланың сыртқы жарықтығы, фонтандарды, ескерткіштерді т.б. күту, аулаларды көркейту және абаттандыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау.
Облыстың аудан қалаларда жарық шамдарды орнату 2008 жылғы 7424 данасынан 2013 жылы 13 734 данасына дейін өсті немесе 2 есеге. Жалпы облыс бойынша күл-қоқыс тастайтын алаңшаларда 3 есе, немесе 2008 жылға 425 данадан 2013 жылы 1414 данаға дейін артты.
Абаттандыру бойынша проблемалары:
- қаланың шағын аудандарында жасыл желектердің аздығы және көше жарықтардың төмендігі, аулалардың нашарлығы, көше жарықтардың автоматтандырылған жүйесінің жоқтығын;
- техникалардың жағдайы қанағаттанарлықсыздығы және арнайы техниканың жоқтығы елді мекендердің санитарлық келеңсіздіктер орын алуда;
- күл-қоқыс тасталатын алаңшаларды күрделі жөндеуден өткізу және жаңа алаңшалардың құрылысының қажеттігі.
Көлік
2009 жылы облыстағы көліктің барлық түрлерімен 69306,7 мың тонна, 2013 жылы 132 951,4 мың тонна жүк тасылып, бұл көрсеткіш 2008 жылдағы деңгеймен салыстырғанда 100%-ды, 2012 жылмен 107,4 %-ды құрайды. Жүк айналымы 4023,8 млн. тонна/км-ді, 2013 жылы 7 616,9 млн. т/км-ді құрады.
2009 жылы 1115,1 млн, 2013 жылы 2 257,6 млн жолаушылар тасылып, бұл көрсеткіш 2008 жылдағы деңгеймен салыстырғанда 104,1%-ды, 2012 жылмен 105,0 %-ды құрайды. Жолаушылар айналымы 7662,1 млн км-ді, 2013 жылы 15 712,8 млн. км.-ді құрады.
2009 жылы Шымкент қаласына қарай жүк айналымы бойынша қызмет көрсетудің ең көп үлесі Сайрам, Сарыағаш аудандарында 56,9 %-ға тең, ал Түркістан қаласы бойынша жүк айналымы қызметін көрсетудің 7-8 % аралығында өзгеріп отырады, ал басқа қалалар мен аудандар бойынша қызмет көрсету үлесі көлік қызметін көрсетудің жалпы мөлшерінің 7 %-н ғана құрайды, 2013 жылы Шымкент қаласына 65%тиесілі, Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Түркістан қаласында 10-12 % аралығында өзгеріп тұрады, ал басқа қалалар мен аудандар бойынша қызмет көрсету үлесі көлік қызметін көрсетудің жалпы мөлшерінің 8 %-н ғана құрайды.
2012 жылы облысымызда көліктің барлық түрімен (жекеменшік автокөлік иелері тасыған жүк көлемін қоса есептеп бағаланғанда) 123848,6 мың тонна жүк және 2149,9 млн. жолаушы тасылды. Жалпы тасымалдың едәуір үлесі автомобиль көлігіне: жүк тасымалы бойынша – 100 % жолаушы тасымалына – 99,9 % тән болып отыр.
2013 жылы облысымызда көліктің барлық түрімен (жекеменшік автокөлік иелері тасыған жүк көлемін қоса есептеп бағаланғанда) 132 951,4 мың тонна жүк және 2 257 633,4 млн. жолаушы тасылды.
Автомобиль көлігімен (жекеменшік автокөлік иелері тасымалдаған жүктердің көлемі мен жолаушыларды қоса бағалағанды) 2012 жылы 123847,8 мың тонна жүк, 2013 жылы 132 950,4 мың тонна жүк және 2148,8 млн. жолаушы, 2013 жылы 2 256 523,8 млн. жолаушы тасылды, жүк айналымы 7123,9 млн.тонна-шқ, 2013 жылы 7 615,4 млн.т/шқ, жолаушы айналымы - 13685,5 млн. жолаушы /шқ, 2013 жылы 13 729,2 млн. жолаушы/шқ құрады.
Автомобиль көлігі
2010 жылы облыстық автокөліктік құралдар саябағында 390134 бірлік, 2014 жылғы 1 шілдеде 545 371 бірлік, сонымен қоса тиісінше 13657 және 16 721 автобус және микроавтобус есептелінді. Облыстағы көліктік құралдардың саны тұрақты болып, орта есеппен жыл сайын 14 мың бірлікке артты.
Облыс бағыттарының жүйесі 394 маршрутпен белгіленген: 129 маршрут қалаішілік, 137 – аудан ішілік, 128 – қалааралық және аудан аралық бағыттар болып табылады.
Облыстағы көлік жерлері болмаған жерлердің барлығы толығымен көліктік жолаушылар бағыттар желісімен қамтылған. Бұл елді мекендердегі негізінен темір жолдың бойында тұратын жолаушылар қала маңайындағы теміржолдың тасымалдауымен жүреді.
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жұмыстарымен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру келісім шарты арқылы 63 жекеменшік тасымалдаушы айналысады.
Облыста, автовокзал және автостанциялардың Реестрінде 30 автовокзал және автостанциялар қамтылып, олардың құрамындағы 5 автовокзал және 1 автостанция Шымкент қаласында орналасқан. Олардың барлығы жекеменшік формада жұмыс жасайды.
Шымкент қаласындағы жолаушылар ағымының өсу темпі жол инфрақұрылымының құрылыстарының темпінен асып түсуде. Шымкент қаласындағы жолаушылар ағымының тұрақты өсуі және бұл қаланың болжамдар бойынша жақын 2-3 жылдың ішінде миллиондық қалаға айналуы қоғамдық жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру, автокөлік қозғалысын реттеу құралдарын жетілдіру мәселелеріне айрықша жанасу қажеттілігін талап етеді.
Жекеменшік жеңіл автокөліктермен тасымалдау кең өріс алып келеді. Шымкент қаласының өзінде олардың саны 3000 бірліктен астам және бұдан да артық көбеюге деген тұрақты тенденциясы да жоқ емес. Олар айтарлықтай әрқайсы қалалық автобустық аялдаманы, көше қиылыстары мен адамдар көп тұратын орындарда, әсіресе, қаланың орталығында, жеңіл машиналардың тұрақтарында сағаттап жолаушыларды күтеді. Мұнда олар қоғамдық жолаушылар көліктеріне автобустық аялдамаларға тоқтауында үлкен кедергіліктер жасайды.
Шымкент қаласы ауалық бассейнді ластау бойынша аса қолайсыз болған қалалардың тізіміне ендірілген. Бұған басты себеп, автокөліктердің қозғалысының нәтижесінде шығарылатын зиянды заттардың шығарылуына аса мән бермеу болып саналады. Автокөліктерді аса экологиялық тұрғыда таза жанармайда, газда жүруі үшін қайта жабдықтау жұмыстарына мүлдем көңіл бөлінбейді.
Қозғалыстағы құрамның жасаған жол - апаттық жағдайлары, олардың нәтижелерінің ауырлығы 1000 бірлікке дейін төмендеуіне қарамастан, бұл жағдайларда қайтыс болғандардың саны 12,7 %-ды құрады.
Жол полициясының ресми мәліметтері бойынша 2009 жылы 2446жол - апаттық жағдайларының 2235 немесе 91,4 %, ал, 2013 жылы 1442-нің 1303-і (90,3%) жүргізушілердің кінәсінен жасалынған.
2010 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 87,6 %-ды құрап, теріс динамиканы, 2014 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 81,0 %-ды құрап, оң динамиканы иемденіп отыр.
Күн сайын тұрақты болмаған үлкен сыйымдылыққа ие болған 250-300 автобустың жүргізушілері ешкім тарапынан қадағаланбайтын, легалды болмаған облысаралық жолаушыларды тасымалдау жұмыстарымен айналысады. Құзырлы органдардың олардың заңсыз жолаушылар тасымалдау қызметін қадағаламауы себебінен көптеген адамдар қаза тауып, зардап шеккен ірі жол-көлік апаттарының орын алуына жол берілуде. Олардың қатысуымен болған жол - апаттық оқиғалардың үлес салмағының саны тұрақты маршруттарда жұмыс жасайтын автобустарға қарағанда 6-7 мәртеге өскен.
Шымкент қаласында жолаушыларды тасымалдауға жұмылдырылған 1235 автобустан 729-ында (59 %) ғана 10 жылға жуық пайдалану мерзімі болып, олардың техникалық жағдайына баса назар аударуды қажет ететіні сөзсіз.
Жолаушыларды тасымалдаудың ең негізгі мәселесі – бұл маршруттардағы автобустардың қозғалыс кестесін қатаң түрде сақтауы болып саналады. Өкінішке орай, қалалық автобустардың жұмысында, әсіресе кешкі уақыттағы жұмыстарында көптеген кемістіктер кездесуде. Ал, автобустардың жұмысын тексерудің мұндай ахуалы, тасымалдаушылардың жұмыстарына шынайы бағалауға мүмкіндік бермейді.
Оның себебі, жолаушыларға көліктік қызмет көрсетудің сапасын бағалау бойынша салықпен кері байланыс орнатылмаған.
2012 жылы облыста 58589,7 мың жолаушылар, 2013 жылы облыста 225652,3 мың жолаушылар тасымалданды. Автокөлік жолаушылар айналымы 2012 жылы 1034,5 млн. жолаушыларды құраса, 2013 жылы 1372,9 млн. жолаушыларды құрады.
Автомобиль жолдарының негізгі проблемалары:
- жол жамылғысының көтергіш қабілетінің үлкен жүк автомобильдермен бұзылуы;
- жалпы пайдалану жолдары бойындағы сервистің (кемпинг, эстакадалар, автотұрақтар, қонақ үйлер, шұғыл көмек көрсету пункттері) жеткілікті дамымауы;
- жол саласындағы білікті мамандардың және инженерлік құрамның жетіспеушілігі;
- жобалау-сметалық құжатта лабораторлық жұмыстарды жүргізуге қаржы қаралмағандығы лабораторлық сараптаманың сапасына теріс әсерін тигізеді;
- облыстық маңызы бар жолдарды жалға беруге рұқсат беретін құқықтық негіздің болмауы.
Саланың негізгі проблемалары:
- облыстағы қоғамдық көліктің қозғалыс құрамының табиғи ескіруі;
- қоғамдық көліктің жұмысын қажетті деңгейде қадағаланбауы және Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жолаушыларға қызмет көрсету сапасының төмендігі;
- ауаны ластайтын заттарды шығаруды төмендету қажеттілігінен туатын мақсаттарға қол жеткізу бойынша автотасымалдаушыларды, сонымен бірге автокөлік құралдарының иелерін ынталандырудың болмауы;
- табиғи газда жүретін автокөлікті қайта жабдықтау үшін экономикалық тұрғыда жағдайдың жасалынбауы;
- газбен қамтамасыз ететін станциялар жүйесін кеңейту үшін қолайлы жағдайлардың болмауы;
- табиғи газбен жүретін автокөліктерді жүргізетін тасымалдаушылар үшін тұрақты жолаушылар бағыттарын бөліп беру бойынша байқауларды өткізуде преференциялар жүйесінің болмауы;
- жол полициясында автокөлік құралдарының бақылаумен, экологиялық нормаларды бұзатын автокөлік құралдарын анықтау, алдын кесу және олардың иелеріне әкімшілік шара қолдану өкілеттіктері бар болған экологиялық взводтардың болмауы;
- болашақ үшін көлікті дамытудың кешенді бағдармаласынын жоқтығы;
- облыстық ЖОО-да бар болған ғылыми потенциалды жеткілікті тұрғыда қолданбау.
Азаматтық авиация
Шымкент қаласының аэропортынан аптасына Астана, Алматы, Ақтау, Қызылорда, Атырау қалаларына және де Ресей, Әзербайжан, Грузия, БАЭ, ҚХР мемлекеттеріне 34 рейс жасалынады. Шымкент әуежайынан Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтау қалаларына және шет елдерден Ресей, Түркия, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттеріне тұрақты авиатасымалдар орындалады.
Облыстағы авиациялық инфрақұрылым саласында республикалық коммуналдық меншігіне қарасты 100 %-дық мемлекеттік акциялар пакеті болған «Шымкент аэропорты» АҚ қызмет жасайды.
ОҚО-нан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистралының өтуі және Шымкент қаласының аэропортына жақын жерде сауда - логистикалық орталықтың жұмыс бастауы авиациялық тасымалдауларды жаңа деңгейге көтерудің нақты шарттарын жасап отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жақын болашақты ескере отырып, Шымкент қаласының аэропорты арқылы жолаушылар ағымы мен жүк тасымалдау ағымын ұлғайту бойынша 2010 жылдың 30 қыркүйегінде бекітілген №1006 2010-2014 жылдарға арналған транспорттық инфрақұрылымның Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде заманауи жолаушылар терминалын құру жоспарлануда.
2014 жылдың 9 айында Шымкент әуежайынан 471,1 тонна жүк және 188,1 мың жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сәйкесінше жүк тасымалы 7 % төмен болса, жолаушы тасымалы 3,2 % жоғары.
«Аэропорт Шымкент» АҚ-ы облыс әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №211 қаулысына сәйкес, облыстың коммуналдық меншігінен республикалық меншікке (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне) берілді.
Қазіргі уақытта, «Аэропорт Шымкент» АҚ-ы «KTZ Express» АҚ-ның сенімгерлік басқаруында.
Осыған орай, бүгінгі күні Шымкент әуежайының республикалық меншікте болуына байланысты, Шымкент әуежайын модернизациялау мәселелерімен республика деңгейінде тиісті орталық органдар айналысатын болады.
Қолданыстағы аэровокзал (жолаушылар терминалы) бар болғаны сағатына 100 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Жолаушылар ағынының жоғарылауына және жүк тасымалының өсуіне байланысты, кем дегенде сағатына 400 жолаушыға арналыған жолаушылар терминалын және жүк терминалын қажет етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында бұрынғы Шардара әуежайын реконструкциялауға техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) және жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеуді жергілікті бюджеттен жүргізу көрсетілген.
Қазіргі уақытта бұл мәселеге бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Әуе көлігінің негізгі проблемалары:
- авиациондық кадрлардың жетіспеушілігі;
- Қазақстан Республикасында кадрларды дайындау деңгейі және саны қажетті талаптарға сәйкес келмейді;
- жаңа авиациондық арнайы техникамен қайта жабдықтау;
- аэропорт инфрақұрылымының заманауи талаптарға сәйкес келме
№1 кесте. 2010-2013 жылдарға арналған көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жолаушылар тасымалының өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Көліктердің барлық түрлерімен тасымалданған жолаушылар (Т/Ж қоспағанда) млн.
|
Өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырғанда, %
|
Автокөлікпен жолаушылар тасымалданған, млн.адам
|
Өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырғанда, %
|
2010
|
1337627,5
|
120,0
|
1336963,2
|
119,9
|
2011
|
1800509,0
|
134,5
|
1799613,2
|
134,6
|
2012
|
2149895,5
|
119,4
|
2148799,7
|
119,4
|
2013
|
2 257 633,4
|
105,0
|
2 256 523,8
|
105,0
|
№2 кесте. 2010-2013 жылдарға арналған жолаушылар айналымының өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Көліктің жолаушылар айналымы (т/ж ескермей), млн.жол/км
|
Өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырғанда, %
|
Автокөлікпен жолаушылар айналымы, млн. жол/км
|
Өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырғанда, %
|
2010
|
9100,7
|
118,8
|
7911,6
|
112,9
|
2011
|
12038,7
|
132,3
|
10507,4
|
132,8
|
2012
|
13685,5
|
113,6
|
11764,5
|
112,0
|
2013
|
15 712,8
|
114,9
|
13 729,2
|
116,7
|
№3 кесте. 2010-2013 жылдарға арналған көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау мөлшерінің өзгеру динамикасы
-
Жылдар
|
Автомобиль көлігі, млн.тн
|
Өткен жылдармен салыстырғандағы қарқыны, %
|
Жүк тасымалдау
|
Өткен жылдармен салыстырғандағы қарқыны, %
|
2010
|
77468,0
|
111,8
|
77468,0
|
111,8
|
2011
|
106503,3
|
137,5
|
106504,8
|
137,5
|
2012
|
123847,8
|
116,3
|
123848,6
|
116,3
|
2013
|
132 950,4
|
107,4
|
132 951,4
|
107,4
|
№4 кесте. 2010-2013 жылдарға арналған көліктің барлық түрлерімен жасалынған жүк айналымының өзгеру динамикасы
-
Жылдар
|
Автомобиль көлігі, млн.тн
|
Өткен жылдармен салыстырғандағы қарқыны, %
|
Жүк тасымалдау
|
Өткен жылдармен салыстырғандағы қарқыны, %
|
2010
|
4506,5
|
112,0
|
4507,4
|
112,0
|
2011
|
6370,6
|
141,4
|
6371,4
|
141,4
|
2012
|
7123,9
|
111,8
|
7125,0
|
111,8
|
2013
|
7 615,4
|
106,9
|
7 616,9
|
106,9
|
Достарыңызбен бөлісу: |