Туѓан жер туралы маќал-мєтелдер


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер



бет4/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.49 Mb.
#458128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Жандарбекова Л.ҚАЗАҚ ТІЛІ

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер


  1. Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қашан қол жеткізді?

  2. Қазақстанда жаңа астана қалай пайда болды?

  3. Саяси тәуелсіздікке қол жеткізген еліміз қандай республикаға айналды?

  4. Өкімет жүйесі неден тұрады?

  5. Үкіметті кім басқарады?

  6. Республика Президенті болып қандай азамат сайлана алады?

Мәтін бойынша тапсырма


Мәтінді сөздіктің көмегімен аударып, әңгімелеңіздер.


Фразеологиялық тіркестер.Туған жер туралы мақал-мәтелдер
Фразеологизмдер дегеніміз – сөздердің тұрақтанған тіркестері. Олар бірыңғай лексикалық мағынаға ие.
Фразеологиялық тіркестерді зерттейтін ғылым саласы фразеология деп аталады.
Қазақ тілі фразеологиялық тіркестерге бай. Оларға мақал-мәтелдер, қанатты сөздер жатады.
Мысалы: Көзді ашып-жұмғанша деген тіркес шапшаң дегеннің орнына қолданылады.

Грамматикалық тақырып бойынша жаттығу жұмыстары


1.Фразеологиялық сөздікті пайдаланып, мына сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі баламасын анықтаңыздар.
Бегать перед кем-то, угодить, бездушный, белая ворона, в его словах есть доля правды, глаза разбегаются, золотые руки, набрать в рот воды.
2.Мына сұрақты сөз тіркестерінің орыс тіліне аударыңыздар.
Талағы тарс айрылу, қолды-аяқты бала, сенімді аяқтау, ел құлағы-елу, су тегін, көздің жауын алу, қолы ашық, қырғи қабақ болу.
Туған жер туралы мақал-мәтелдер

Туған жердей жер болмас,


Туған елдей ел болмас.

Ел-елдің бәрі жақсы,


Өз елің бәрінен де жақсы.

Туған жердің қадірін


Шетте жүрсең білерсің.

Туған жердің ауасы да шипа


Ел іші – алтын бесік.


Туған жердің күніде ыстық, түні де ыстық.


Туған жерге туың тік.


Ит – тойған жеріне,


Ер – туған жеріне.

Туған жердің жуасы да тәтті.


Басқа жерде сұлтан болғанша,


Өз еліңде ұлтан бол.

1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.


2-тапсырма. Өздеріңіз білетін мақал-мәтелдерді айтып, мағынасын түсіндіріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет