Туѓан жер туралы маќал-мєтелдер


Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті



бет6/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.49 Mb.
#458128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Жандарбекова Л.ҚАЗАҚ ТІЛІ

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 1991жылы 1 желтоқсанда халықтың сайлауымен Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.


Ол - Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті. Елбасы қазіргі таңда Қазақстан Республикасын көтеруде көптеген қызмет атқаруда. Ардақты президент ұстанған саясат елдің әлеуметтік жағдайын біршама көтерді. Қазақстан Республикасын күллі әлем таныды. Қазақстан қазір 130-ға жуық мемлекетпен экономикалық байланыс жасап отыр. Көптеген елдерде Қазақстаннның елшіліктері бар. Қазақстаннның тәуелсіздігін бүгін дүние жүзі мойындады. Президент елі, жері үшін адал, аянбай еңбек етуде.


Сөздік
Сайлау - выбирать,избрать, выборы
Тұңғыш - первенец,первый
Көптеген - множество, многие
Қазіргі таңда - на сегодняшний день
Күллі әлем - весь мир
Дүние жүзі - мир
Байланыс - связь
Әлеуметтік - социальный


Тіркесті сөздер. Қысқарған сөздер. Қазақстанның табиғат байлықтары.

Екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп келіп, бір тұлға ретінде қызмет етуін тіркесті сөздер дейміз.


Тіркесті сөздерге күрделі есімдер (күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу), күрделі етістіктер жатады. Мысалы, «Лениншіл жас», су инженері, колледж директоры – зат есім, қара ала, ұзын бойлы – сын есім, он жеті, бір жүз сексен төрт сан есім, тұра тұр, жазып отыр, ұйықтап жатыр – етістік.

Екі немесе одан да көп сөздердің қысқарып, бір тұлғада келуін қысқарған сөздер дейміз.


Қысқарған сөздер үш түрлі жолмен жасалады:



  1. Сөздердің басқы әріптерінен құралады. Мысалы: ҚММА (Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы)

  2. Бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан жасалады. Мысалы: ҚарМУ (Қарағанды мемлекеттік университеті)

  3. Сөздердің басқы әріптерінен құралады. Мысалы: ҚММА (Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы)

  4. Бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан жасалады. Мысалы: ҚарМУ (Қарағанды мемлекеттік университеті)

  5. Алғашқы сөздің басқы буыны мен соңғы сөзден құралады. Мысалы, медколледж (медициналық колледж).

  6. Бұдан басқа қысқарған сөздердің ТУ-114, ДТ-56, см, кг, мм сияқты түрлері бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет