Туѓан жер туралы маќал-мєтелдер


Жазба жұмысы. Бауыржан тағылымы



бет10/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.49 Mb.
#458128
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Жандарбекова Л.ҚАЗАҚ ТІЛІ

Жазба жұмысы. Бауыржан тағылымы.

Халқымыз Бауыржан Момышұлын солдат, даңқты қолбасшы, Ұлы Отан соғысының есімі аңызға айналған батыры, қаламы жүйрік талантты жазушы деп мақтан тұтады... Бауыржан Момышұлы алғашқы қадамын мұғалімдіктен бастаған.


Оның өмірі, азаматтық келбеті, майдандағы қаһармандық жолы бір өнегелік мектеп болса, оның жазушылық мұрасы, сөйлеген сөздері, ақын-жазушылардың ол туралы жазған кітаптары, естеліктері университет тағылымына пара-пар.
Бауыржан Момышұлының батырлық өмірі ғажайып. Ол жауынгерлерді 207 рет ұрысқа бастап кірген, 5 рет қоршауда қалып, 7 рет жараланып, 3 рет ауыр контузия алған. Бұл ежелгі батырларға ғана тән, адам нанғысыз, керемет аңызға лайық емес пе?

Көсемше. Мұқағали Мақатаев /Қазақ жері/


Көсемше - етістіктің негізгі бір түрі. Көсемшенің жұрнақтары басқа сөз таптарында кездеспейді.
Негізгі қимылды білдіріп, көбінесе күрделі етістік құрамында келетін етістіктің түрін көсемше дейді. Көсемшенің үш түрі бар:

  1. Ауыспалы осы – келер шақтық көсемше

  2. Өткен шақтық көсемше

  3. Келер шақтық көсемше

Ауыспалы осы – келер шақтық көсемше етістіктің түбіріне -а, -е, -й жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Балалар Жаңа жылды асығ-а күтеді (Дети ждут Новый год с нетерпением).
Өткен шақтық көсемше -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Әкесі қуан-ып, баласына қарады (Отец, обрадовавшись, посмотрел на сына).
Келер шақтық көсемше етістіктің түбіріне –қалы/-келі, -ғалы/-гелі жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мен мұнда сөйлескелі келдім (Я пришел сюда, чтобы поговорить).

1-жаттығу. Мына етістіктерге көсемшенің -ғалы/-гелі, -қалы/-келі жұрнақтарының тиістісін жалғаңыздар.


Бөлу, өткізу, көрсету, үйрену, шақыру, сөйлесу, апару, үйрету, жұмыс істеу.
2-жаттығу. Жақшадағы етістіктерден көсемше жасаңыз.
Мен саған (бару) жатырмын. Сені (көрмеу) үш жыл өтті. Досым туралы (білу) келдім. Асан кітапты (ашу) оқи бастады. Қонақтар (ән айту), биледі. Оның інісі университетке былтыр (түсу). Мен сені (асығу) күтемін. Жанар жұмыстан (шаршау) келді. Біз (жиналу) жұмысқа кеттік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет