Адамзат-человечество
Ғана-только
Бөгет-запруда,пруд
Қалдық-отход
Қырылу-гибнуть
Тарату-распространять
Өркениет-цивилизация
Пайда болған кезден бастап-с момента появления
Кездойсоқ-случайный
Қосылу-соединяться
Табиғи жолмен-естественным путем
Өндіру-производить
Өңдеу-обрабатывать
Шек-предел,граница
Тозаң-пыль
Араласу-смешиваться
Түзілу-образоваться
Көтерілу-подниматься
Ұшырау-подвергаться
Жөке-липа
Сәкен Сейфуллин. “Көкшетау” поэмасы.
Сәкен Сейфуллин – қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, революционер, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
С.Сейфуллин 1894 жылы Ақмола уезі, Нілді қаласының 1-аулында туған. 1938 жылы өмірден өтті.
Оның “Көкшетау” поэмасы қазақ елінің ең әдемі жерлерінің бірі Көкшетауға арналған. Бұл поэмада Көкшетау жерінің әсем табиғаты, “Оқжетпес” тауы, “Бурабай” көлі аңыздар арқылы суреттеледі.
Мәтін бойынша тапсырма
“Көкшетау” поэмасынан үзінді жаттаңыздар
Етістіктің райлары. Ашық рай. Бұйрық райдың болымсыз түрі.
Салт-дәстүр туралы. Беташар. Асар.
Қазақ тілінде ең жиі қолданылатын мағына мен формаға бай категория етістіктің рай категориясы. Етістіктің жаққа, шаққа т.б түрленуін етістіктің райы дейміз. Етістіктің төрт түрлі райы бар: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.
Ашық рай.
Осы шақ, Келер шақ, Өткен шақ мағыналарының сөйлемде анық көрінуі ашық рай деп аталады. Мысалы: жазамын, жазасың, жазып отырмын, келерсің, боларсыз, келіп жүрмек т.б.
Бұйрық рай.
Істің бұйрық мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады: Мысалы: (Сен) оқы, кел, тұр, бар, айт. (Сендер) оқыңдар, келіңдер, тұрыңдар. (Сіздер) оқыңыздар, келіңіздер, тұрыңыздар. (Ол, Олар) оқысын, келсін, тұрсын т.б.
Етістік түбіріне –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғанып бұйрық райдың болымсыз түрін білдіреді. Мысалы: айт-па, сөй-ле-ме, жаз-ба т.б.
30 жаттығу. Жақшаның ішіндегі сөздерді бұйрық райдың болымсыз түріне қойыңыз
Үлгі: Сейсенбіде (дүйсенбіде) кел. - Дуйсенбіде келме.
1. Сейсенбіде (дүйсенбіде) кел. 2. Сен кітап (газет) әкел. З. Жұмыс күні (демалыс күні) оқыңдар. 4. Бүрсігүні (бүгін) оқу залында дайындалайын. 5. Жұма күні (сенбі күні) хат жазайық. 6. Жексенбіде (бейсенбіде) қонақ шақырайық. 7. Сағат үште (сағат екіде) демалыңыздар. 8. Сенбіде (дүйсенбіде) паркте қыдырыңыз. 9. Есікті (терезені) жапсын. 10. Сыныпта (асханада) отырайын. 11. Мейрамда (жұмыс күні) үйде бол. 12. Бейсенбіде (дүйсенбіде) оқулық алыңыздар. 13. Жексенбіде (сәрсенбіде) далада ойнасын. 14. Жазда (күзде) демалыңдар. 15. Сағат онда (сағат он екіде) жатайық.
11-жаттығу. Етістіктерге бұйрық райдың болымсыз түрінің жұрнағын қойыңыз
Үлгі: ұрысу «ругать» — ұрыс «ругай» — ұрыспа «не ругай»;
Ұрысу – ругать күлу – смеяться
Үйрену – учиться үйлену – жениться
Жүгіру – бегать жұту – глотать
Ұйымдастыру – организовывать ұнау – нравиться
Тұру – стоять ұшу – летать
құю – лить бүліну – портиться жүру – ходить жүргізу – водить жүктеу – нагружать күресу – бороться құру – исчезнуть бұйралау - делать завивку
түнеу – ночевать ұйықтау – спать
түзеу – исправлять ұялу – стесняться ұсыну – предлагать
жүдеу – худеть тұздау – солить ұру – бить құлау – падать жұлу – рвать күту – ждать бұқтыру – тушить құрметтеу – почитать
түсіну – понимать
бұзылу – портиться
күту – ждать үтіктеу – гладить
түсіру – опускать
бұлттану – покрываться тучами
үндемеу – молчать
түсу – спускаться құрғату – сушить
ұстау – держать сүрту – вытирать
жүзу – плавать үйрету – учить
құбылу – меняться жұму – закрывать
Беташар
Жаңа түскен келінді “Беташар” дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі беташар жасалынады. Оған барлығы тегіс қатысады. Мұнда беташар жыры айтылып, келінге оның қайын атасы, енесі, басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар көрімдік береді. Бет ашатын жігіт әнді көңілді айтуы керек.
Сөздік
келін – сноха, невеста ене – свекровь
таныстыру – знакомить қайын ата – свекор
дәстүр – традиция, обычай иілу – наклоняться
Асар
Бір отбасының қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары асарға шақырылады. Мысалы: үй көтергенде, егін салғанда, шөп шабуға тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырушылар еңбегі үшін ақша талап етпейді. Оның есесіне асарға шақырушы адамдарға арнаулы мал сойып, қымыз құйып, жақсы әзірлеп, тойғызады. Асар – қазақ елінің ұжымдық топта жұмыс істеуінің бір көрінісі деп қарауға болады.
Мұндай жақсы дәстүр ел ішінде әлі де бар.
Сөздік
атқару – исполнять, выполнять ұжымдық – коллективная
шақыру – звать, приглашать бір көрінісі – один из признаков
талап етпеу – не требовать қарау – смотреть
тойғызу – накормить досыта ел ішінде – в народе
әзірлену – подготовиться
Достарыңызбен бөлісу: |