Туберкулез ауруыныњ індеттануы жєне балау



бет6/10
Дата01.05.2023
өлшемі51.76 Kb.
#473059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
туберкулез курстық жұмыс

Індеттік ерекшеліктері.
Туберкулезге 50 – ден астам үй және тағы хайуандар, 20 – дан астам құстар шалдығады, олардың ішінде ең сезімталдары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара және тауық. Бұларға жуық шошқа, марал, түйе, ал терісі құнды аңдардан – күзен тұрады. Сирек ауыратын жануарларға ешкі /табиғи жолмен жұққанда сирек, қолдан жұқтырғанда жиі ауырады/, ит, құстардан – қаз, өте сирек ауыратындарға қой, жылқы және мысық жатады. Туберкулезге адам аса бейім келеді.
Инфекция қоздырушысының бастауы – туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микобактерияларды нәжіспен, қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады. Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны, қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды. Сондықтан қоздырушының берулі факторларына жем, шөп, су, төсеніш, көң, т.б. жатады.
Аурудың жұғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады, сондықтан инфекция жануарларға қорада ұстаған кезде жұғады. Жайылымда аурудың таралуы сирек байқалады, сүйтсе де егер жаз салқын және жауында болса, туберкулез жайылымдағы малға жа жаппай жұғады.
Микобактериялар сау малдың денесіне ас қорыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді. Бұзауға негізінен сүтпенен алиментарлық жолмен, ал ересек малға сонымен қатар аэрогендік жолмен жұғады. Шошқа мен құсқа негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шығатын балапанға трансовориальдік жолмен де беріледі.
Аурудың тарауына ықпал жасайтын факторларға бағып – күту жағдайлары жатады. Егер оларды қорада байлап ұстаса ауруға төзімділігі күрт төмендеп, туберкулезге бейімділігі артады. Қорада ұстау өзінен өзі туберкулездің себебі болып табылмайды, егер қолдағы малды ретті түрде серуенге шығарып, жайып тұрса, онда мал жайылымдағыдай ауруға төзімді келеді.
Туберкулезге бейімділіктің тұқым қуалайтындығы жоққа шығарылып келеді. Дегенмен Бестужев тұқымы төзімді келеді де, керісінше қара ала сиырлар туберкулезге бейімірек.
Әдетте туберкулез табындағы малда баяу тарайды да, жаппай жұғуы үшін бірнеше ай уақыт өтеді. Оның себебі жасырын кезеңінің ұзақтығы және ауырған малдың барлығы бірдей микроб бөлмейді.
Дерттенуі. Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегінде торшалардың пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығаруы нәтижесінде қабыну процестері өрбиді. Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоидты торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды. Торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бұдырмағы – туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар келмеген соң және микробтың уының әсерінен өліеттеніп, ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға /казеоз/ айналады.
Егер бастапқы туберкулез бұдырмағы тек қана қоздырушы енген жерде /өкпеде, ішекте/ пайда болса, ондай шектелген ошақ бастапқы эффект деп аталады. Одан қоздырушы әдетте сөл арқылы маңындағы сөл түйініне барады да, онда да дерттік өзгерістер өршиді. Ағза мен оның маңындағы сөл түйінінің бір мезгілде зақымдануын алғашқы толық кешен деп атайды. Егер өзгеріске тек қана маңындағы сөл түйіні ұшыраса, онда процесс толық емес алғашқы кешен деп аталынады.
Ауру әлсіз өрбігенде бастапқы ошақ әктеніп қатаяды да, оның сырты дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалып, инфекция процесінің одан ары өршуі шектеледі. Төзімділігі нашарланған организмде қоздырушының бастапқы ошақта капсуламен қоршалуы әлсіз болады. Дәнекер ұлпаның жеткіліксіз мөлшердегі регенерациясының нәтижесінде туберкулез бұдырмағының қабы ыдырайды да, микобактериялар сау ұлпаға өтеді. Оның нәтижесінде көптеген ұсақ, жартылай мөлдір бұдырмақтар пайда болады /милиарлық туберкулез/. Ұсақ туберкулалар бір – бірімен қосылып, ірі туберкулез фокустарын түзеді. Бұл фокустардан микобактериялар қанға өтуі мүмкін. Ондай жағдайда дерт бойды жайлап /генерализация/ әртүрлі ағзаларда /бауыр, көк бауыр, бүйрек т.б./ үлкендігі әрқилы туберкулез ошақтары пайда болады. Дерт өкпені ұзақ жайлағанда үлкен туберкулез ошақтары мен каверналар /қуыстар/ пайда болады, олардың үлкендігі кейде жұдырықтай болады. Олардың айналасында тығыз дәнекер ұлпалы қапшық жетіледі. Туберкулез каверналары бір – бірімен бронхалар арқылы байланысуы мүмкін. Мұндай жағдайда олардың ішіндегі іріміктері жөтелген кезде қақырықпен тысқа шығады. Туберкулез бойды жайлағанда өкпедегі ауқымды зақымның нәтижесінде газ алмасу бұзылады, эритроцит түзілуі тежеледі, анемия өрбіп, малдың күйі кетіп, өнімі азаяды, арықтап, ақыры өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет