Туберкулез ауруыныњ індеттануы жєне балау



бет8/10
Дата01.05.2023
өлшемі51.76 Kb.
#473059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
туберкулез курстық жұмыс

Балау. Туберкулезге диагноз індеттанулық деректер мен клиникалық белгілерін талдау, аллергиялық, серологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық, микробиологиялық және биологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде қойылады.
Клиникалық әдіс туберкулезге диагноз қою үшін оншама маңызды емес. Мысалы, туберкулезді зерттеудің көрнекті маманы академик М.К. Юсковец туберкулезге шалдыққан 600 сиыр, мен 250 бұзауды мұқият клиникалық тексеруден өткізгенде тек қана екі жағдайда ауруға дәл диагноз қойған екен. Тіпті аурудың айқын белгілері болған жағдайда да диагноз қою үшін арнайы әдістермен қосымша зерттеулер жүргізілуі қажет.
Жануарларға тірі кезінде диагноз қоюдың негізгі әдісі – аллергиялық зерттеу. Малды туберкулинмен ауруға тексеру екі айлық жасынан басталады. Ол үшін туберкулездің қоздырушысының өсінінен алынған дәрмек – туберкулин қолданылады. Туберкулиннің үш түрі болады: альттуберкулин, сүт қоректілерге арналған құрғақ тазартылған туберкулин /ППД/, құсқа арналған құрғақ тазартылған туберкулин /ППД/. Туберкулинді тері ішінде және көз коньюнктивасна жібереді. Тері ішіне жіберу туберкулиндеудің негізгі әдісі болып саналады. Сиыр, буйвол, зебу /енеке/, бұғы мен маралға мойынының ортаңғы үштен біріне тері ішіне шприц немесе инесіз инъектор арқылы жібереді. Шошқаға құлағының түбіне тақау сырт жағынан жібереді. Қой, ешкі, ит, маймыл, терісі бағалы аңдарға /күзеннен басқа/ санының ішкі бетіне, күзенге жоғарғы қабағына интрапальпевральдік әдіспен, түйеге құрсақ қабырғасының шонданай бұдырының тұсындағы терісіне, тауықтың сырғалығына, күрке тауыққа жағының астындағы қалтасына, үйрек пен қазға жағының астындағы тері қатпарына жібереді. Туберкулинді жіберетін жердің жүнін қырқып /қауырсындарын жұлады/, 70% - ті спирт жағады. Туберкулин жіберу үшін теріге дәрмек жіберетін арнайы ине және сиымдылығы 1 – 2 мл шприц қолданылады. Малға туберкулин жіберу үшін инесіз инъекторларды кең түрде пайдаланады. Туберкулиннің дозасы сүтқоректі жануарларға 0,2 мл, маймыл мен күзенге және құстарға 0,1 мл. Реакцияны сиырда, буйволда, зебуде, түйеде, маралда, бұғыда 72 сағаттан соң, ал қой, ешкі, шошқа, ит, маймыл, терісі бағалы аңдарда – 48 сағат, құстарда 30 – 36 сағат өткен соң есепке алады да, нәтижесін «оң» немесе «теріс» деп бағалайды. Егер туберкулин жіберген жер жайылған айқын шекарасыз қабынып, консистенциясы иленген қамыр құсап, орны шектелген температурасы көтеріліп, гиперемия байқалса, реакция оң болып есептеледі. Кейбір жануарларда реакция контуры айқын, тығыз, ауырмайтын қабыну ретінде байқалады.
Сиыр, буйвол, зебу, түйе, марал, бұғының туберкулинге реакциясы жоғарыда айтылған белгілермен қоса терінің қатпары сол маңдағы туберкулин жіберілмеген жердегі тері қатпарымен салыстырғанда 3 мм және одан артық қалыңдаса, онда тексерудің нәтижесі «оң» делініп бағаланады.
Аталық бұқаға, егер туберкулин құйрық түбіндегі тері қатпарына жіберілсе, ол жер ісініп тері қатпары 2 мм және одан артық қалыңдаса, онда реакцияның нәтижесі «оң» болып бағаланады.
Қой, ешкі, шошқа, ит, маймыл, терісі бағалы аңдар мен құста туберкулин жіберілген жерде қандай бір болмасын ісік пайда болғанда, реакцияның нәтижесі «оң» деп табылады, ал күзеңде бұндай қорытынды үшін туберкулин жіберілген қабағының ісінуі негіз болады.
Тері ішінде туберкулиндеу – туберкулезге тән балаау әдісі болып табылады. Бірақта бұл әдістің де кемшілігі жоқ емес. Біріншіден, қоңы төмендеген, әлсіреген жануарларда, сонымен қатар туберкулез денеге жайылған жағдайда организм туберкулинге реакция бермейді немесе реакция әлсіз болады /анергия/. Екіншіден, туберкулин жібергенде туберкулезге тән емес парааллергиялық реакция да байқалады. Мұндай реакция мал организмінің басқа микробтармен, мысалы құс туберкулезі мен паратуберкулездің қоздырушыларымен зардапты емес атиптік микобактериялармен сезімталдандырылу нәтижесінде болады. Тән реакция мен тән емес реакцияны ажырату үшін сүт қоректілерге және құсқа арналған екі түрлі туберкулинді қатарынан симультанды қолданады немесе бұл мақсатта атиптік микобактериялардан даярланған КАМ туберкулині пайдаланылады.
Туберкулинді көзге тамызу арқылы тексеру 5 – 6 күндік үзіліспен екі мезет жүргізіледі. Көз түтікшесі арқылы төменгі қабақтың коньюнктивасына немесе көздің қасаң қабығына 3 – 5 тамшы туберкулин тамызылады. Реакцияны есепке алу туберкулинді бірінші рет тамызғанна соң 3, 6, 9 және 12 сағат өткенде жүргізіледі. Егер көздің ішкі шетінен қоймалжың немесе іріңді сора ағып, коньюнктива қызарып, домбығатын болса реакция оң болып есептеледі.
Егер туберкулинге реакция берген 2 – 3 малды сойғанда ішкі ағзалары мен сөл түйіндерінде туберкулезге тән патологоанатомиялық өзгерістер табылса, ал ондай өзгерістер болмаған жағдайда бактериологиялық, гистологиялық немесе биологиялық зерттеулер оң нәтиже берсе, туберкулезге диагноз қойылды деп есептеледі де, шаруашылық туберкулезден сау емес деп жарияланады.
Туберкулезді балау үшін әртүрлі серологиялық реакциялар байқаудан өтті. Солардың ішінде айтарлықтай нәтиже бергені – конглютиндеуші кешенді ұзақ байланыстыру реакциясы /ККҰБР/. Бұл реакцияны туберкулинмен зерттеу әдісіне қосымша сау емес шаруашылықтарда сауықтыру шараларын іске асырғанда қолдануға болады.
Емі. Туберкулезбен ауырған малды емдемейді, оны сою қажет. Сау емес аң фермаларында туберкулезді дауалау үшін тубазид /изониазид/ қолданылады. Дәріні жемге қосып күніне бір рет 10 мг/кг дозада 75 күн қатарынан береді. Басқа жануарларға, атап айтқанда ірі қараға, туберкулезге қарсы қолдану ойдағыдай нәтиже бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет