Туберкулез ауруыныњ індеттануы жєне балау



бет3/10
Дата01.05.2023
өлшемі51.76 Kb.
#473059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
туберкулез курстық жұмыс

Ветеринариялық санитария жұқпалы ауруларды қоздыратын зардапты микробтарды сыртқы ортада жою жолдарын қарастырады.
Індеттанудың тарихы мен жетістіктеріне қысқаша шолу. Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден – ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой - өрісі жетіліп, өнер – білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде – ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанда ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы /мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т.б./ бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын /микробиология, иммунология т.б./ тудыруға түрткі болады.
Ертедегі Грекия мен Рим ойшылдары /Гиппократ, б.д.д. 460 – 377 ж. Тит Лукреций, б.д.д. 96 – 55 ж.; Вергилий б.д.д. 70 – 19 ж. Д. Фракасторо, 1478 – 1553 ж./ адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларының табиғатын дөп басып, оларды қоздыратын бір адамнан екінші адамға, немесе малдан малға берілетін қандай да бір себепкердің болатындығын тұжырымдады.
Індеттен тез құтылу үшін ауруды қолдан жұқтыру әдісі бірталай халықтарда ерте заманнан – ақ белгілі. Бұл әдістің кең таралуына зор ықпал етіп, оны «вакциналау» деп атаған ағылшын ғалымы Дженнер болды /vacca – латынша сиыр, өйткені бұл әдіс бойынша адамға шешекті егу үшін осы ауруға шалдыққан сиырдың желініндегі қабыршақтар пайдаланылды/.
Жұқпалы аурулармен күрестің ғылыми негізі микробиология мен иммунологияның жетістіктерінен туындады. Атап айтқанда француз ғалымы Луи Пастер /1822 - 1895/, неміс ғалымы Роберт Кох /1843 - 1910/ ауру қоздыратын микробтарды ашып, олардан вакциналар даярлауы осы заманғы жұқпалы аурулар туралы барлық ғылымдардың іргетасын қалады. Бұл саладағы ғылымдарды дамытуға фагоцитарлық теорияның авторы рессейлік ғалым И.И. Мечников /1845 - 1916/, иммунитеттің гуморальдық теориясын жасаған неміс ғалымы П. Эрлих /1854 - 1915/, вирустарды ашқан орыс ғалымы Д.И. Ивановский /1864 - 1920/ үлкен әсер етті. Ал енді осы ғылымдардың аясынан індеттанудың (эпизоотологияның) жеке ілім болып қалыптасуына 1905 ж. Будапешт қаласында шыққан, одан бері 11 рет қайта басылған Ф. Гутира мен И. Марек жазған «Үй жануарларының арнайы патологиясы мен терапиясы» деген үш томдық еңбек айтарлықтай үлес қосты.
Малдың жұқпалы аурулары Ресейдің Петербург қаласындағы дәрігерлік – хирургиялық академиясында оқытыла бастауына байланысты осы оқу орнының профессоры П.И. Лукин /1790 - 1836/ 1836 жылы «Эпизоотологические болезни или скотские падежи» /Індет аурулары немесе малдың қырылуы/, белгілі зпизоотолог, профессор И.В. Всеволодов /1790 - 1863/ 1846 ж. «Жануарлардың жаппай өлім – жітімі және жұқпалы ауруларын зерттеу тәжірибесі» деген кітап жазып, сол кездегі жинақталған ғылымның осы саласындағы жетістіктерін қорытындылады.
Кеңес Одағында індеттану пәнін оқыту, оқулықтар жазу жолында академик С.Н. Вышелесский /1874 - 1958/, профессор М.С. Ганушкин /1863 - 1969/ елеулі қызмет атқарды. Жұқпалы ауруларды зерттеуде және індеттану ғылымын дамыту саласында бұрынғы Кеңес Одағының ғалымдары айтарлықтай табыстарға жетті. Олардың қатарында ауасыбағасыз микробтар қоздыратын ауруларды жан – жақты зерттеген академик Я.Р. Коваленко /1906 - 1978/, жылқының делбе, төлдің колибактериоз ауруларын зерттеген профессор Я.Е. Коляков, вирус аурулары бойынша академик Н.В. Сюрин, микоздар бойынша академик Н.К. Саркисов, листериозды зерттеуде академик И.А. Бакулов бар.
Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан өзінің сан ғасырлық тарихында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күресудің өзіндік мол тәжірибесін жинақтады. Оның ішінде атам заманнан қалыптасқан сиырда аусылды, қойда шешекті, ешкіде кебенекті ауру малдан сау малға егу арқылы осы індеттермен күресу әдістерін атауға болады. Сондай – ақ сол заманғы шаруашылық және тіршілік жағдайына сай жұрт жаңарту, жайылым ауыстыру, көші – қонды реттеу, ауру малды оқшаулау, өлексені көму, не өртеу сияқты шараларды алсақ, індеттің тарауына қарсы қалыптасқан тұтас бір жүйені көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет