Туберкулез ауруыныњ індеттануы жєне балау



бет9/10
Дата01.05.2023
өлшемі51.76 Kb.
#473059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
туберкулез курстық жұмыс

Иммунитет туберкулез кезінде стерильді емес, сондықтан негізінен организмде аурудың қоздырушысы болғанда ғана сақталады. Иммунитеттің сақталуына туберкулез қоздырушысының сүзілетін түрінің /L - фома/ айрықша маңызы бар екені дәлелденді. Медицинада қолданылатын БЦЖ вакцинасымен туберкулезге қарсы күзенді етеді. Аурудан сау емес аң фермасында туғаннан соң 20 – 30 күн өткен күзен күшігіне осы препарат жіберіледі. Егілген аңда иммунитет 6 – 8 ай сақталады.
Дауалау және күресу шаралары. Туберкулезбен күресу шаралары сау шаруашылықтарды сырттан ауру әкелуден қорғауды, ауырған малды уақытысында анықтау үшін жүйелі түрде диагностикалық тексеру жүргізуды, сау емес шаруашылықты сауықтыру үшін ауру малды сойып, сау төлді жеке бөліп өсіруді, сыртқы ортада ауру қоздырушысын жоюға және сау малды қорғауға бағытталған ветеринариялық – санитариялық және ұйымдастыру шаруашылық шараларын іске асыруды және адамға ауру жұқтырмау жолдарын қарастырады .
Сау шаруашылықтардағы барлық шаралар сырттан ауру қоздырушысын әкелуден қорғауға бағытталады. Ол үшін фермаға туберкулезден таза шаруашылықтардан сау малды ғана алады. Әкелінген малды 30 күн карантин кезінде туберкулезге тексереді. Жемшөпті туберкулезден сау шаруашылықтардан ғана алады. Төлге берілетін көк сүт пастерленіп, жиналған ас қалдықтары термиялық өңдеуден өткізіледі. Малды күтуге туберкулезбен ауыратын адам жіберілмейді, ферманың территориясында құс ұстауға рұқсат етілмейды. Қора жайларды оқтын – оқтын дезинфекциялап, кемірушілер мен кенелерді жойып отырады. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда торфты төсеніш ретінде қолдануға және жемшөпке қосуға рұқсат етілмейды. Өйткені торфта болатын қышқылға төзімді микробтар туберкулинге парааллергиялық реакция береді.
Туберкулездің таралуына жол бермеудің ең басты шарты – аурудың шығуын уақытылы анықтау. Ол үшін ретті түрде тексеру жүргізіп тұру қажет. Міндеттті түрде туберкулезге тексерілуге тиіс малдар: сиырлар, құнажындар мен қабандар. Тексеру реті: ірі қараны асыл тұқымды шаруашылықтарда, мал кешендерін толтыру үшін мал беретін, балалар мекемелеріне, емдеу орындарына, демалыс үйлеріне және сауда жүйесіне тікелей сүт беретін шаруашылықтарада және туберкулезден сау емес мекендермен тікелей шекаралас болған жағдайда жылына екі рет тексереді.
Асыл тұқымды шошқа фермаларына және шошқаны өсімге беретін шаруашылықтарда мегежіндерді торайларын бөлген соң, ал қабандарын жылына 2 рет тексереді. Басқа шаруашылықтарда мегежіндерді, қабандарды, қажет болғанда 2 айдан асқан торайларды жылына 1 рет тексереді. Құс және терісі бағалы аңдарды өсіретін шаруашылықтарда туберкулезге бақылау негізінен сойылған немесе өлген жануарларды патологоанатомиялық тексеру арқылы жүргізіледі. Ал қажет болса аллергиялық зерттеу жүргізіледі. Жылқы, шошқа, қашыр, есек және қой туберкулезден сау емес шаруашылықтарда ғана тексеріледі. Сонымен қатар сойылған малдың етін сараптаудың, өлексені паталогоанатомиялық жолмен тексерудің туберкулезді дер кезінде байқау үшін маңызы аса зор.
Туберкулез шыққан жағдайда шаруашылықты сау емес деп тауып, карантин қояды да, сауықтыру шараларын іске асырады.
Туберкулезден сау емес ірі қара шаруашылықтарында реакция беретін жануарларды жедел оқшаулап 5 куннің ішінде етке өткізеді. Ауру малдан туған төлді оқшау жағдайда бордақылап етке өткізеді. Туберкулезге реакция бермеген қалған жануарларды әрбір 30-45 күн сайын қатарынан екі рет бүкіл табын бойынша теріс нәтиже алғанға дейын туберкулезге тексереді. Бұдан кейін тағыда үш ай үзіліспен екі рет бақылау тексерісін жүргізеді. Теріс нәтиже алған жағдайда, егер туберкулезге күдік туғызатындай басқа негіз болмаса, бұл табындағы малдарды туберкулезден сау деп есептейді.
Сау емес фермадағы туберкулезге реакция бермейтін сиырлардан туған бұзауларды оқшау жағдайда өсіреді. Оларға сау сиырдың сүтін немесе өз енелерінің зарарсыздандырылған сүтін ішкізеді. Екі айға толғанда туберкулинмен тексереді, оң реакция бергендерін оқшаулап, бордақылған соң етке өткізеді. Реакция бермегендерін 30-45 күн үзіліспен тағыда екі рет, одан кейін үш ай өткен соң тексереді.Бүкіл табын бойынша теріс нәтиже алынса, оларды сау деп тауып, шаруашылықтың өз ішінде ғана малданады.
Құс өсіретін шаруашылықтарда барлық туберкулезбен ауырған және күйі кеткен құстарды жедел оқшаулап, сояды да қалған басты түгелдей жемдегеннен кейін өткізеді. Аурудан сау емес құс фермасынан алынған жұмыртқаны нан-тоқаш тағамдарын пісіруге пайдаланады.
Шошқа фермаларында туберкулинге реакция беретін хауандарды оқшаулап, бірден немесе бордақылап етке өткізеді. Қалған шошқаларды екі айға толғанынан бастап түгелдей әрбір 30-45 күн сайын туберкулезге тексеріп, бүкіл табын бойынша екі рет қатарынан теріс нәтиже алғаннан соң оларды сау деп есептейді.
Жылқыны, егер ол туберкулинге реакция берсе, оқшаулайды да 45-50 куннен соң қайта тексереді, тағыда реакция берсе етке өткізеді. Қалған басты 45-60 күн сайын туберкулиндейді де, бір рет түгелдей теріс нәтиже алғаннан соң сау деп есептейді.
Қой мен ешкінің оң реакция бергенін сояды да қалған отарды 45-60 күн сайын бір рет теріс нәтиже алғанға дейін тексереді.
Аң өсіретін шаруашылықтарда, егер бір өндіріс айналымында өлген және сойылған жануарлардың ағзаларынан туберкулезге тән өзгерістер табылмаса, онда аурудан сауықтырылды деп есептейды.
Түйені туберкулезге қайтын мезгілдің алдында, ал ботасын 12 айға толғанда тексереді. Әрбір 60 куннен кейін бүкіл табын бойынша екі рет қатарынан теріс нәтиже алғанға дейын туберкулиндейді. Бұдан соң тағыда үш ай үзілістен соң екі мәртебе бақылау ретінде тексереді де, ауру табылмаса шаруашылық сауықтырылған болып есептелінеді.
Марал теңбіл және солтүстік бұғысын қараша –желтоқсан айларында, ал аталықтарын қосымша шілде мен тамызда тексереді. Туберкулинге оң реакция байқалса, жануарларды әрбір 30-45 күн сайын тексереді. Теріс реакция алынғаннан соң аталықтарына 2-4 айдан соң бақылау тексерісін жүргізеді, ал басқа жануарларды 8 айдан кейін тексереді.
Туберкулезге көп мал шықса ондай табынды ары қарай тексермей түгелдей етке өткізу аурудан сауықтырудың ең тиімді жолы болып табылады. Мұндай жағдайда қорытынды ветеринариялық –санитариялық шараларды мұқият іске асырып, жаңадан сау мал әкелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет