2.2 Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту
арқылы
оқушыларды
патриоттыққа
тәрбиелеудің
тәжірибелік
әдістемесі
Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс, яғни әрбір
ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар
аудару қажет. Болашақ ұрпақтың ұлттық тәрбиесінің негіздері отбасы мен
балабақшадан басталып, бастауыш сыныпта жүйелі жалғасын табады.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күнделікті өмірде болып
жатқан дүниелерге қызығушылығын ояту, патриоттық тәрбие туралы
108
білімдерін жетілдіру, соның негізінде жан-дүниесіне адами қасиеттерді сіңіре
отырып, өзіндік сана-сезімін, қажеттіліктері мен ұмтылыстарын реттеуді
үйретудің тиімді жолдарын қарастыру біздің педагогикалық-тәжірибе
жұмысымыздың келесі бөлігінің мақсаты болмақ.
Кезінде белгілі қоғам қайраткері, педагог М. Жұмабаев: «Тәрбиеден
мақсұт – оқушының тәрбиесін дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз
заманына лайық қылып шығару» - деген болатын [37, б. 16].
Ал профессор Р.К.Төлеубекованың мына бір пікірлері осы тұжырымды
жетілдіре түседі: «Тәрбиенің негізгі мақсаты – ұлттық сана-сезімі мол,
рухани деңгейі биік, іскер, еңбекқор, иманды, әдепті адамды тәрбиелеу» [100,
б. 101].
Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмыстарының өзіндік ұлттық
ерекшеліктерін айқындауда соңғы жылдары жасалып, қолданысқа енгізілген
тәрбие бағдарламаларының маңызы ерекше. Атап айтатын болсақ, ғалым
М. Құрсабаевтың басшылығымен құрастырылған «Атамекен» бағдарламасы
11 бағыттан құрала отырып, әрқайсысы оқушылардың ақыл-ойын, еріктік-
сезімдік, ұлттық адами қасиеттерін қалыптастыра отырып, халықтық тәрбие
түрлерінің жас ұрпақтың бойына сіңірілуін көздейді. («Салт-дәстүр»,
«Шежіре», «Сөнбес жұлдыздар», «Асыл мұра», «Шаһар», «Достық», «Дін
тарихы», «Әдебиеттік оқу» т.б.). Ұлттық тәлім-тәрбие негіздеріне сүйеніп
құрылған, «Атамекен» бағдарламасында еңбек, дене, ақыл-ой, адамгершілік,
азаматтық-патриоттық, эстетикалық, экономикалық, экологиялық және
құқықтық тәрбие түрлері түгелдей қамтылған. Бұл бағдарлама патриоттыққа
тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыру үшін баға жетпес ғылыми әдістемелік
әдебиет болып табылады[169].
Сондай-ақ, 1993жылы жарық көрген З. Ахметованың «Кәусар бұлақ»
бағдарламасы да қазақ халқының көне тарихын, ұлттық мәдениетін қадір
тұтатын ұрпақ тәрбиелеу мәселесін қарастырады. Оқушылардың рухани
мәдениетінің аса маңызды ажырамас бөлігі – қазақ тілінің мәдениетті
қалыптастыруды ұлттық негіздерге сүйене отырып жүзеге асыруды көздеген
«Елім-ай»
бағдарламасының
да
бастауыш
сыныптардағы
тәрбие
жұмыстарына бағыт-бағдар беруде рөлі зор[170].
Бүгінгі бастауыш сынып мұғаліміне тәрбие жұмысы бойынша
қойылатын басты талап – ол тәрбие үдерісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның
біліктілігін, өмірде кездесетін түрлі жағдайларды жеңуге көмектесетін
қажетті күш-жігерді, анықталған құндылықтық бағдарларын қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттыққа тәрбиелеу жұмысы
мұғалімнің осы бағыттағы атқаратын тәрбие жұмыстарына тәуелді.
Оқушылардың патриоттық тәрбие туралы білімін молайтып, белгілі бір
құндылық бағалау, қатынас қалыптастыру үшін мұғалімнің шығармашылық
сипаттағы іс-әрекеті, тұлғалық бағыттылығы, рефлексиялық қабілеттілігі мен
осы жұмысқа дайындығы ерекше рөл атқарады[125, б. 7].
Осы жайды анықтау үшін бастауыш сынып мұғалімдеріне сауалнама
жүргіздік. Сауалнамаға 16 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Мұндағы
109
«патриоттық тәрбие дегенді қалай түсінесіз?» деген сауалға нақты анықтама
беруге көптеген мұғалімдер қиналды. Өйткені, мұғалімдердің 8-і салт,
дәстүрді ғана патриоттық тәрбие деп түсінетіндігі, 5-ы отбасы шеңберінде
қарастыратындығы айқындалды, қалғандары түсініктерін нақтылай алмады.
Жалпы мұғалімдерге берген сұрақтар төмендегідей болды:
1. Патриоттық тәрбие дегенді қалай түсінесіз?
2. Патриоттыққа тәрбиелеу жұмысы бастауыш сыныпта қажет пе?
3. Патриоттық тәрбие объектілерге не жатады?
4. Патриоттыққа тәрбиелеуды тәрбие шараларында қалай жүзеге
асыруға болады деп ойлайсыз?
5. Патриоттық тәрбиенің мәнін ашатын, арнайы бағыттайтын мәтіндер,
аңыз әңгімелер бастауыш сыныптың оқулықтарында жеткілікті деп ойлайсыз
ба?
6. Патриоттыққа тәрбиелеу үшін қандай жұмыстар қажет деп
есептейсіз?
Сауалнама барысында бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларға
патриоттық тәрбие туралы мәліметтер беріп отыратындықтарын айтты.
Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің 30 %-ы патриоттық тәрбие қажет деп,
ал 40%-ы мүмкін керек шығар деген жауаптарды берді. Мұғалімдердің
патриоттық тәрбие беретін, патриоттық тәрбиенің мәнін ашатын мәтіндерді,
аңыз әңгімелерді аз пайдаланатынын, арнайы бағыттап отыру жеткіліксіз
екендігін тәрбие шараларына қатысу барысында анықтадық.
Сонымен бірге тәрбие сағаттарында субъекті-субъектілік қарым
қатынас талаптары орындалмайтыны да аңғарылды. Өйткені, оқушылардың
өзіндік ізденістері мен дербес шешім қабылдауына мүмкіндік беретін жұмыс
түрлері аз қамтылған. Талдықорған қаласы №16 орта мектеп гимназиясы
КММ және Алматы облысы Алакөл ауданы Токжайлау орта мектебі КММ
бастауыш сыныптарындағы тәрбие жоспарларына талдау жүргізіліп,
мұғалімдердің тәрбие жоспарларында ұлттық, жалпыадамзаттық патриоттық
тәрбиенің тәлім-тәрбиелік маңызын ашу бағытындағы жұмыстарының
жеткіліксіз екені анықталды. Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық
пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуді тәрбие
үдерісі барысында жүзеге асырудың жағдайын анықтауға арналған
педагогикалық-тәжірибе жұмысына 6 бастауыш сынып мұғалімі, 235
оқушылары қатысты. Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмыстарын бақылау
арқылы кешенділік сақталмайтынын анықтадық.
Ал, ата-аналармен өткізілген тест, сұхбат нәтижелері отбасында
халқымыздың салт, дәстүрлері, әдет, ғұрыптары, рәсімдері сақталатынын
көрсетеді. Мәселен, ата-аналардың 60-65%-ы отбасылық дәстүрді
сақтайтынын әңгімеледі. Атап айтқанда, оқушының тұсауын кесу, сүндетке
отырғызу, тілашар, тоқым қағар т.с.с. шараларды ұйымдастыратындығы
белгілі болды. Педагогикалық тәжірибенің алғашқы кезеңінде анықталған
жағдайларға байланысты бастауыш сынып оқушыларының патриоттыққа
110
тәрбиелеу мақсатындағы зерттеудің келесі кезеңінде тәрбие үдерісінің
мүмкіндіктері қарастырылады.
Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңдегі басты міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелік деңгейіне сай,
патриоттық тәрбиені танып білуге ықыласы мен қызығушылықтарын
туғызатындай тәрбие шараларын қарастыру;
- оқушылардың патриоттық тәрбие жүйесіндегі жинақтаған білімдерін
өмірде қолдана білуі үшін тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ұтымды
формаларын, әдістерін таңдап алу;
- патриоттық тәрбиені қазіргі өзгерген, жаңарған заман жағдайына
негіздей отырып, ол құндылықтар арқылы қоғамда әлеуметтік бағдарлануға
әсер етудің тиімді жолдарын іздестіру;
- тәлім-тәрбиелік іс-шараларда бастауыш сынып оқушыларының
мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланға көңіл бөлу.
Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін бастауыш сыныптағы
тәрбие шараларының әр түрлі формаларын пайдаланамыз. Олар –
пікірсайыстар, байқаулар, кездесулер, көрмелер ұйымдастыру, шағын
мұражайлар ұйымдастыру, конференция, т.б. Сыныптан тыс тәрбие
шараларының
осындай
алуан
түрлерінің
әр
қайсысын
өзіндік
ерекшеліктеріне қарай дұрыс ұйымдастырып, қазіргі заман талаптарына сай
өткізе білу мұғалімнен шығармашылық ізденісті қажет етеді.
Біз таңдаған тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушылардың Отан,
туған жер, отбасы, әдебиеттік оқу, ел тарихы, рәміздері туралы түсініктерін
кеңейте түсу арқылы белгілі бір құндылық қатынас қалыптастыру. Соның
нәтижесінде патриоттық тәрбиені тани білетін, оларға ұмтылатын, оларды
таңдайтын өзіндік сана-сезімі жетілген тұлғаны тәрбиелеу. Олай болса,
бастауыш сыныпта жүргізілетін тәрбие сағаттарының негізгі бағыттарын
төмендегідей топтастыруға болады:
- Отан, туған жер, отбасы, әдебиеттік оқу, ел тарихы, рәміздері
туралы қызықты мәліметтермен ақын-жазушылардың шығармаларымен
таныстыру арқылы бұл ұғымдардың мәнін ашу, білімін тереңдету;
- осы ұғымдардың құндылығын түсініп, бағалауға үйрету, сыни
ойлауын жетілдіру;
- патриоттық тәрбиені тануға, таңдауға мүмкіндік туғызу;
- патриоттық тәрбие негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру,
тұлғалық жетілуін қамтамасыз ету.
Отан, туған жер, әдебиеттік оқу, ел рәміздері туралы түсінікті
3-сыныптан бастап таныстыруға бағытталған жұмыстардың кешенді жүйесі
құрыла отырып, оқушылардың бұл түсініктерді біртіндеп тереңдету
мүмкіндіктері ескеріледі.
Психологтардың
тұжырымдары
бойынша,
бастауыш
сынып
оқушылары сыртқы әсерді тез қабылдағыш, айтылған нәрсенің
шынайылығына иланғыш, адамгершілік нормалардың қажеттігіне сенгіш.
Сондықтан оқушыларға берілетін мәліметтер өмірмен байланысты,
111
күнделікті тұрмыста басшылыққа алу мүмкіндігі бар дүниелер болғаны жөн.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды
патриоттыққа тәрбиелеу қатынасы ата-баба дәстүріне сыйластық көзқарасы,
туыстық парызды ұғынуы, ұлттық намыс, достық, жолдастық, ар, ұят
сезімдері арқылы және әдебиеттік оқу қастерлеуі арқылы көрініс тауып
отырады. Сондықтан әдебиеттік оқу деген саналы көзқарас қалыптастыруға
көмектесетін тәрбиелік шараларды түрлі формаларда бала тәжірибесі мен
мүмкіндігін ескере отырып жүргіземіз.
Сыныптан тыс өткізілетін шаралардың мақсаты - бастауыш сынып
оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, күнделікті өмірде болып
жатқан дүниелерге қызығушылығын оятып, патриоттық тәрбие туралы
білімдерін жетілдіру, патриоттыққа тәрбиелеу бағыттау. Сонымен қатар,
рухани жетілуіне мүмкіндік беріп, ұлтымыз қастерлейтін адами қасиеттерді
санасына сіңіру арқылы әр оқушының өзін-өзі тәрбиелеуінің мүмкіндіктерін
кеңейту.
Осы мақсатта бастауыш сынып оқушыларына отбасы құндылықтарын
меңгертуді жүйелі түрде, кешенді жүргізуді қамтамасыз ететін бағдарлама
жасақталды. Неғұрлым кең ауқымдағы жұмыстар жүзеге асырылса,
соғұрлым тұлғаның патриоттық тәрбие әлемі баи түседі. Бұл өз кезегінде
оқушылардың патриоттық тәрбиесін анықтайды. Этнопедагогикалық,
психологиялық құралдардың көмегімен ойын, өнер арқылы патриоттыққа
тәрбиелеуді көздейтін тәрбие жұмысының арнайы бағдарламасын ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |