Тулегенова газиза адилбековна



Pdf көрінісі
бет34/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

1. «Құнды сөз» ойыны. 
Ойынның шарты: мұғалімнің тапсырмалары салынған алтын сандықты 
алып, оның ішіндегі тапсырмаларды орындау. 
1. Парақтағы тапсырма түрлері: тиым сөздерді толықтыру. 
- Дастарханды, ________________баспа(тамақты). 
- Үйді айнала _________________ (жүгірме). 
- Тізеңді _____________________(құшақтама). 
- _____________ ысқырма(үйде). 
- Құстың ____________ бұзба(ұясын). 
- Жұрт көзінше _________, _________(кекірме, керілме). 
Ойынның қорытындысы бойынша осы тиым сөздердің құндылығы бар 
екенін дәлелдейді. 
2. «Ұлағатты ұғымдар». 
Алтын сандықтың түбінде жатқан сандарды (3,5,7) алу арқлы жұмыс 
тобын құрып, оқушылар орындарына отырады. Үш жұмыс тобы 
құрылады.Үш, бес, жеті сандарына байланысты тірек сөздер беріледі. Әр топ 
өздерінің санына байланысты ұлттық ұлағатты ұғымдар айтады. 
Берілген тірек сөздер:
I топ.(3 саны)
Үш дана (Абай, Шоқан, Ыбырай); 
Үш арыс (Сәкен, Бейімбет, Ілияс); 
Үш жақын (Жан, мал, жар); 
Үш арсыз (Ұйқы, күлкі, тамақ). 
II топ.(5 саны)
Бес асыл, бес дұшпан (Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі); 
Бес қатер (От, жау, борыш, ауру, сөз); 
Бес жаратылыс (Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн); 
Бес қару (Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта). 
III топ. (7 саны) 


105 
Жеті қазына 
(Ер жігіт. Сұлу әйел. Ақыл, білім. Жүйрік ат. Қыран 
бүркіт. Берен мылтық. Жүйрік тазы); 
Жеті жұт(Құрғақшылық, жұт(мал қырылу). Өрт. Оба. Соғыс. Топан су. 
Зілзала); 
Жеті ата (Бала, әке, ата, арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата); 
Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жекенбі). 
Қазақ ырымдары: 
- Оқушының желкесінен сүйсе, қырсық болады; 
- Бөпе тоқтық тартса, тоқтық болады; 
- Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады 
т.б. 
Тиым сөздер: 
- Жұлдызды, адамды санама; 
- Тұзды, күлді шашпа; 
- Бей уақытта жылама, ұйықтама; 
- Саусағыңды кеземе т.б. 
Мұғалім оқушыларға Сейіт Кенжеахметұлының «Жеті қазына» кітабын 
тауып оқу, ырым-тиымдарды еске сақтау, әдет-ғұрып шараларын білуді 
тапсырады.
Осындай кешенді түрде ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде 
бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі тану 
қабілеті қалыптаса бастайды, әлеуметтендіру, яғни әлеуметтік тәжірибені 
меңгеруі, өзін қоғамға қатыстыруы іске асады.
Факультативтік курс сабақтарында электрондық оқу құралы кеңінен 
пайдаланылды. Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны қолдану 
оқушылардың жаңа мәліметтерге қызығушылығын туғызды.
Бастауыш сынып оқушылары сөзбен берілген ақпараттан гөрі көрнекі 
үлгідегі 
хабарларға 
ерекше 
қызығушылық 
білдіреді. 
Сондықтан, 
электрондық оқу құралындағы оқу материалын қабылдау кезінде көрген 
обьектілердің ерекше, айрықшаланған тұстары жадында қалады.
Оқушылардың патриоттыққа тәрбиелеу іс-әрекет дағдыларын 
жетілдіру үшін іскерлік ойындар, тренингтер, педагогикалық жағдаяттар 
тәрбиелеу әдістері ретінде пайдаланылды. 
«Отансүйгіштік құндылық бастаулары» атты факультативтік курс 
бағдарламасы бойынша жүргізілген сауалнама үлгілері:
1. Өткен тақырыптардың ішінде өзіңе ұнағаны қайсысы? 
2. Отан-Ана дегенді қалай түсінесің? 
3. Ата-анаңды не үшін жақсы көресің? 
4. Досыңның қандай қасиеттерін бағалайсың?
5. Қалай ойлайсың, достарың сенің қандай қасиетіңді бағалайды?
6. Осы қасиеттердің қайсысының өзіңде болғанын қалайсың? 
7. Саған әкеңнің, анаңның қандай қасиеттері ұнайды?
8. Сіздің отбасында қандай дәстүрлер орындалады? 
9. Өзің ырым-тыйымдардың қайсысын орындайсың? 


106 
10. Бос уақытыңда немен шұғылданғанды ұнатасың? (Патриотизм 
туралы сұрақ қосу керек). 
Курстың кейбір сабақтарына ата-аналар да қатыстырылды. Бұндай 
бірлескен ынтымақтастық сабақтарының балаларға әсері мол болғанын 
байқадық. Ата-аналар да өз кезегінде ынталылық танытып отырды. 
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында ата-аналармен әңгіме және 
сұхбат нәтижесінде аталған факультатив курсын бастауыш сыныпта 
жүргізудің өзекті де маңызды екеніне көзіміз жетті. Мәселен, 7 сұрақтан 
тұратын сауалнамалық парақты 8 сыныптың 115 ата-анасына тараттық. 
Ата-аналарға берілген сұрақтар: 
1. Балаңыздың қандай азамат болып өскенін қалайсыз? 
2. Үйде қандай салт, дәстүрлерді орындап отырасыз? 
3. Балаңызға өзіңізді және өзіңіздің ата-аналарыңызды сыйлату үшін 
қандай әрекет жасайсыз? 
4. Балаңыздың бойында қандай қасиеттерді қалыптастыруды көздейсіз? 
5. Балаңыздың әділ пікірімен санасыз ба? 
6. Балаңыздың достарымен, көршілерімен қарым-қатынасы қандай деп 
ойлайсыз? 
7. Балаңыздың теріс қылықтарына қалай жауап бересіз? 
Балаңыз қандай қазақ тіліны, теле хабарларды, компъютерлік 
ойындарды ұнатады? (Патриотизм туралы сұрақ қосу керек). 
Осы сауалнама бойынша ата-аналардың 92 % факультатив сабақтары 
қажет екендігін, өйткені оқушының ұлттық тәрбиесіне әсері мол және бұндай 
тәрбие оқушының неғұрлым жас кезінде берілгені дұрыс деп есептейтіндігі 
туралы өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, отбасылық дәстүрлерге деген оң 
көзқарас білдірген ата-аналар 97 %- ды құрады. Факльтатив сабақтарына 
белсенді қатысып жүрген ата-аналардың бірі осы сабақтар туралы өзінің 
жылы лебізін былайша білдіреді: «Мен «Отансүйгіштік құндылық 
бастаулары» атты факультатив сабақтарына бірнеше рет қатыстым. Сабақтар 
оқушылардың өз ұлтының дәстүрлерін тереңірек біліп, оларды сақтап 
отыруына игі ықпал жасайды деп есептеймін. Оқушыларды өзіндік пікір 
айтуға, белсенді қатысуға қызықтыратын жұмыс түрлері көп екен».
Факультатив курсындағы оқушылардың танымдық ынтасының 
қаншалықты болғанын да сарапқа салдық (Кесте 9). 
Кесте 9 - Бастауыш сынып оқушыларының факультатив курс сабақтарына 
қатысу ынтасы (%) 
Сыныптар Өте 
қызығады 
Қызығады Қызықпайды 
Жауап беруге 
қиналады 
3-сынып 
72% 
24,5% 
3,5% 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет