129
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта
келгенде, «Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді
оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында
жазылған диссертациялық жұмыс қай кезде болмасын өзінің өзектілігін
жоймайтындығын зерттеу барысында оның нысаны, пәні, мақсаты, ғылыми
болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, дерек көздері,
зерттеудің
әдістері мен негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық
мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндау барысында байқадық.
«Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық
пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері» деп аталатын
бірінші бөлімде оқу үдерісінде бастауыш сыныптардағы гуманитарлық
пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа
тәрбиелеудің тарихи-
педагогикалық алғышарттары, гуманитарлық пәндер арқылы оқушыларға
патриоттыққа тәрбиелеуде бастауыш білім беру сатысындағы өзіндік
ерекшеліктері, бастауыш мектептегі гуманитарлық пәндерінің негізінде
бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу
әлеуеті анықталды,
бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды
патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық моделі жасалып, оның өлшемдері мен
көрсеткіштері, деңгейлері берілсе. «Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық
пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің әдістемесі»
атты екінші бөлімде бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту
арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу жұмысының мазмұны мен
әдістемесі сипатталды. Бастауыш сынып оқушыларына арналған факультатив
курсының бағдарламасы және электронды оқу құралының практикалық мәні
көрсетілді. Педагогикалық-тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі,
әдістемені
іске асырудың тиімділігі негізделіп, ұсыныстар берілді.
Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың барысында
үлгілері әзірленген материал ұсынылған. Педагогикалық
- тәжірибелік
жұмыстар Талдықорған қаласы №16 орта мектеп гимназиясы КММ және
Алматы облысы Алакөл ауданы Токжайлау орта мектебі КММ жүргізіліп,
оқу үдерісіне зерттеу нәтижелерін енгізу актілері ұсынылды.
Сонымен педагогикалық-тәжірибелік жұмыстар барысында қол жеткен
нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері айқындалды;
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері анықталды;
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің
құрылымдық-мазмұндық моделі
жасалды;
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің әдістемесін даярлау және оның
130
тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында тексеріліп,
ғылыми негізделген ұсыныстар дайындалды.
Теориялық қағидалар мен тәжірибелік жұмыс нәтижесінде бастауыш
сыныптардағы гуманитарлық пәндерді
оқыту арқылы оқушыларды
патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында төмендегідей
ұсыныстар жасалынды:
- Бастауыш мектептің оқу мазмұнын анықтайтын гуманитарлық
пәндер бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға талдау жасау арқылы
олардың патриоттыққа тәрбиелеу мүмкіндіктерін айқындап, тиімділері
таңдалып, жүйеленді және бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді
оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа
тәрбиелеу әсер ететін шағын
мәтіндер топтамасын жасау.
-
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Отансүйгіштік құндылық
бастаулары» атты факультатив курсының бағдарламасын тәжірибеде
қолдану.
-
«Бастауыш сынып оқушыларын халық фольклоры негізінде
отансүйгіштікке тәрбиелеу» атты электронды оқу құралын қашықтықтан
оқыту барысында тәжірибеде пайдалану.
-
«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
білім беру
бағдарламасына лайықтап дайындалған «Бастауыш сынып оқушыларын
халық фольклоры негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу» атты оқу-әдістемелік
құралын оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының
патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: