Үшінші
кезеңде
(2020-2021
ж.ж.)
Бастауыш
сыныптардағы
гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуге
байланысты педагогикалық-тәжірибелік жұмыстары бойынша педагогикалық
тұжырымдар жүйеге келтірілді, нәтижелері диссертация мазмұнына енгізілді,
зерттеу
қорытындылары
негізінде
әдістемелік
ұсыныстар
берілді,
диссертацияның рәсімделуі аяқталды.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерге
теориялық
талдау
жасау,
бастауыш
мектептегі
оқу
бағдарламалары мен гуманитарлық оқулықтардың мазмұнына талдау жасау
бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін бақылау, талдау, модельдеу,
оқушылармен педагогикалық-тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру, алынған
мәліметтерді өңдеу, қорытындылау.
Зерттеу базасы: Тәжірибелік-зерттеу жұмыстары Талдықорған қаласы
№16 орта мектеп-гимназиясы КММ және Алматы облысы Алакөл ауданы
Токжайлау орта мектебі КММ жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері айқындалды;
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері анықталды;
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің құрылымдық-мазмұндық моделі
жасалды;
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің әдістемесі даярланды және оның
тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында тексерілді,
ғылыми негізделген ұсыныстар дайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |