Тулегенова газиза адилбековна


Зерттеудің практикалық маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет8/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 
- «Бастауыш сынып оқушыларын халық фольклоры негізінде 
отансүйгіштікке тәрбиелеу» тақырыбында І. Жансүгіров атындағы Жетісу 
университетінің ғылыми кеңесі ұсынған. (26.11.2020., хаттама №4) ISBN 978-
601-216-705-4 оқу-әдістемелік құралы дайындалып, тәжірибеге ендіріліп


11 
ендіру актісі және авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың 
мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы авторлық куәлік. 13.01.2021, 
№14407 алынды; 

«Бастауыш сынып оқушыларын халық фольклоры негізінде 
отансүйгіштікке тәрбиелеу» тақырыбында электронды оқу құралы дайындалып, 
авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік 
тізілімге мәліметтерді енгізу туралы авторлық куәлік. 17.03.2021, №15977 
жасалып нәтижесі тәжірибеде дәлелденуде; 
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде, қaзipгi қaшықтықтaн oқыту кeзeңiндe 
Quizizz плaтфopмaсын пaйдaлaнып «Кiм жeңiмпaз» бaйқaуы ұйымдaстыpылды.
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу әдістемесінің тиімділігі педагогикалық-
тәжірибелік жұмыстар арқылы тексерілді. 
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде бастауыш мектеп оқушысының 
дүниетанымы мен сенімдеріне, ұстанымдары мен мінез-құлқына, оның жас 
ерекшелігіне сәйкес әлеуметтік тәжірибесіне, өзіндік санасы мен сезімдік 
толғаныстарына негізделеді. Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді 
оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу - тұлғаның ұлттық 
келбетін анықтайтын өзіндік санасы мен адамгершілік құндылықтарға 
қатынасын көрсететін сенімі, көзқарасы, ұмтылыстары түріндегі ерекше 
тұлғалық құрылым; 
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің моделі;
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуге арналған әдістемелік кешеннің жүзеге 
асырылуы ұлттық тұлға қалыптасуының өзегі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет