Тулегенова газиза адилбековна



Pdf көрінісі
бет10/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, 
тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімі мен 
қосымшалардан тұрады. 
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, нысаны, пәні, мақсаты, 
ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, дерек 
көздері, зерттеудің әдістері мен негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы, 
практикалық мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды. 
«Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері» деп 
аталатын бірінші бөлімде оқу үдерісінде бастауыш сыныптардағы 
гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің 
тарихи-педагогикалық 
алғышарттары, 
гуманитарлық 
пәндер 
арқылы 
оқушыларға патриоттыққа тәрбиелеуде бастауыш білім беру сатысындағы 
өзіндік ерекшеліктері, бастауыш мектептегі гуманитарлық пәндерінің негізінде 
бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу әлеуеті анықталды, 
бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды 
патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық моделі жасалып, оның өлшемдері мен 
көрсеткіштері, деңгейлері берілді. 
Бастауыш сынып оқушыларындағы патриоттық тәрбие процесі олардың
әзірге шектеулі түрдегі тәжірибелерін, алған білімдерінің сипаты мен көлемін, 
оқыту мен тәрбие берудің жалпы міндеттерін ескере отырып құрылады. 
Ғылыми әдебиеттерді талдау бастауыш сынып оқушыларын білім беру 
процесінде қолданылуы керек осындай құнды психологиялық ерекшеліктермен 
сипатталатындығын көрсетеді.
Н.С. Лейтес меңгеру, білімді жинақтау кезеңі туралы, беделге сеніммен 
бағыну, жоғары сезімталдық, зейінділік артықшылықтары бойынша игеру 
кезеңі туралы сөз қозғайды [74]. 
А.А. Люблинскаяның көзқарасы бойынша білім беру процесінде осы 
психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, а) балалар өмірінің мазмұнын 
байытады; б) құрдастарымен қарым-қатынасты ажыратады, мұғаліммен әр 
түрлі жеке қатынастар орнатады [75]. 
Осы жұмыс аясында біздің зерттеуіміз үшін «бастауыш сынып 
оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу» ұғымын және онымен байланысты 
«патриоттық тәрбие» және «патриотизм» ұғымдарын талдау маңызды болып 
табылады. Ғылыми әдебиеттерде «патриоттық тәрбие» ұғымының әртүрлі 
түсіндірмелері берілген. 
Психологиялық-педагогикалық сөздікте патриотизм «өз Отанына деген 
сүйіспеншілік сезімі, өзінің жеке және топтық мүдделерін елдің ортақ 
мүдделеріне бағындыруға, оған адал қызмет етуге және оны қорғауға дайын 
болу» деп анықтама беріледі [14]. 
Үлкен энциклопедиялық сөздік «патриотизмді» «Отанға деген 
сүйіспеншілік; туған жеріне, тұрғылықты мекеніне деген ынтықтық» деп 
анықтайды [12, б. 11]. 


14 
Зерттеу барысында біз философиялық сөздікте берілген «патриотизм» 
ұғымының анықтамасын негізге алдық: «Патриотизм (грек. patris-отан, 
атамекен) - бұл адамгершілік пен саяси принцип және Отанға деген 
сүйіспеншілікті, оған деген адалдықты, өткені мен бүгіні үшін мақтанышты, 
Отан мүдделерін қорғауға деген ұмтылысты білдіретін әлеуметтік сезім» [6, б. 
5]. 
Философиялық еңбектерді талдау патриотизмді моральдық принцип 
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оның мазмұны Отанға деген 
сүйіспеншілік пен адалдықты, оның өткені мен бүгіні үшін мақтанышты, өз 
Отанының мүдделері үшін қызмет етуге дайын болуды білдіреді. 
С.Т. Иманбаева
 
«патриотизм» - жеке тұлғаның «табиғат-адам-қоғам» 
жүйесінде әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық 
қасиеті, сондықтан да патриотизмді философиялық категориялар тұрғысынан 
қарастыратын болсақ, онда патриотизм адамның табиғатпен үйлесе дамуының 
басты факторы, адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының 
дәйекті әсер ететін детерминант болып табылады. Осыған орай патриотизмнің 
мәні мен патриоттық тәрбиенің мазмұны «мәдениет - тарих - білім» деп 
аталатын қоғам дамуының макропарадигмалы логикасы арқылы дамиды деп, 
елдің мемлекеттік идеологиясына негізделген қазақстандық патриотизмді 
қалыптастыруға ерекше көңіл бөлді [53, б.25].

Патриоттық тәрбиемен байланысты проблемаларды талдау бастауыш 
мектепте патриоттыққа тәрбиелеу жүзеге асыру бастауыш сынып 
оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі керектігін нақтылауға
мүмкіндік береді, өйткені бұл жас аралығына патриоттық тәрбиені жүзеге 
асыру кезінде ескерілуі керек психологиялық сипаттамалар сәйкес келеді: 
- бұл жас кезеңі білімнің қарқынды жинақталуымен, олардың ішінара 
игерілуімен, мұғалімнің беделіне сенімді бағынуымен, жоғары сезімталдықпен, 
ұқыптылықпен сипатталады;
- бастауыш сынып оқушылары өздерінің мінез-құлықтарын біледі
өздерін басқалармен салыстырады; 
- бұл жас аралығында жүйке жүйесі жетіле түседі, баланың психикасы 
тез дамиды;
- бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы тұрақсыздықпен әрі 
жинақылықтың 
болмауымен, 
зеректікпен 
және 
балғындықпен, 
«пайымдаушылыққа құмарлықпен» сипатталады;
- назары еріксіз, жеткілікті түрде тұрақты емес, көлемі бойынша 
шектеулі болады;
- бастауыш сынып оқушыларының жасы - адамның іс-әрекет субъектісі 
ретінде әлеуметтік болмысының басталуы, бұл жеке тұлғаның жаңадан 
қалыптасуының факторы болып табылады. 
- бұл жас жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, оның ішінде патриотизмді 
тәрбиелеудің барынша секемшіл кезеңі болып табылады. Көнгіштік, 
оқушылардың иланғыштығы, сенгіштігі, еліктеуге бейімділігі және мұғалімнің 
орасан зор беделі бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуде 


15 
халықтық педагогика құралдарын қолдану мәселесін сәтті шешуге қолайлы 
жағдай туғызады. Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің 
өзіндік ерекшелігі осы жас аралығындағыларға патриотизмді жеке тұлғаның 
қасиеті ретінде дамыту ерекшеліктерімен, сондай-ақ жалпы бастауыш сынып 
оқушысы тұлғасының адамгершілік дамуының ерекшелігімен анықталады. Бұл 
ерекшелік, ең алдымен, осы жастағылардың ортақ белгілерімен алдын – ала 
анықталады, атап айтқанда, бастауыш сынып оқушысының сыртқы әсерлерге 
өте күшті сезімталдығы, оның эмоционалды саласының әсерленгіштігі, жаңаны 
игеруге бейімділігі, қабылдаудың айқындылығы. Бастауыш сынып оқушылары 
бейнелі түрмен ойлайды, ашық айқын, әсіресе, көркем түрге енген оқиғалар мен 
фактілерді эмоционалды түрде қабылдайды. Осылайша, патриоттық сезімдерді 
тәрбиелеу бойынша жұмысты ұйымдастыра отырып, оның педагогикалық 
тиімділігін қамтамасыз ету арқылы мұғалім жұмысты жоғары эмоционалды 
деңгейде жүргізуі керек. Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа 
тәрбиелеудің мақсаты - патриотизмді қалыптастыру. 
Н.В. Ипполитова патриотизмді моральдық принцип және күрделі 
мазмұны бар 
интегративті 
моральдық 
сапа ретінде 
қарастырады.
Н.В. Ипполитованың пікіріне қосыла отырып, біз патриотизмді жеке тұлғаның 
интегративті сапасы ретінде қарастырамыз. Бастауыш сынып оқушысының 
патриотизмі оның жеке басының адамгершілік келбетінің бір жағы ретінде 
танылудың айқындығымен және эмоционалдылығымен, сонымен бірге 
ұғынудың жеткіліксіздігімен, патриоттық идеялар мен сезімдердің жеке 
тұлғаның жалпы бағдарымен жеткіліксіз түрдегі байланысымен сипатталады. 
Патриоттық тәрбиенің маңызды белгілерінің бірі ретінде жеке адамды 
қоғаммен үйлестіру, оған жеке адамды бағындыру қабілеті бастауыш мектеп 
жасында әлі жеткілікті дамымаған[178, б.12].
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, патриоттық тәрбие 
бастауыш сынып оқушыларының жеке басының негізгі құндылықтарын, 
олардың 
ұлттық 
сана-сезімін, 
патриотизмін, 
ұлттық 
бірегейлігін 
қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі деп қорытынды жасауға болады. 
Ғылыми әдебиеттерді талдау бастауыш сынып оқушыларын патриоттық 
тәрбиелеуге арналған көптеген зерттеулерге қарамастан, осы аталған жан-
жақты мәселенің барлық аспектілері жеткілікті түрде шешілмегенін көрсетеді. 
Қазіргі заманғы қоғам жағдайында патриоттық тәрбиеге ерекше назар 
аудару қажеттілігі, сондай-ақ бала тәрбиесін ерте жастан бастау керек екендігі 
ешкімге күмән тудырмайтыны анық, алайда кейбір мәселелер зерттеушілердің 
назарынан тыс қалып келуде. Атап айтқанда, біз қарастырып отырған мәселеге 
сәйкес қазіргі заманда бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу, 
жалпы білім беретін мектепте осы процесті теориялық және әдістемелік 
тұрғысынан негіздеу қызығушылық тудырады. 
Жалпы білім беретін мектептердегі теория мен практиканың жай-күйін 
талдау барысы: 

қазақстандық патриотизмнің мәнін, мазмұнын, құрылымын, 
қазақстандық қоғамда болып жатқан негізгі өзгерістер контексінде оның 


16 
өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі рөлі мен орнын неғұрлым терең және 
жан-жақты талдау қажеттілігі; 
- қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, 
оқушылардың 
жас 
ерекшеліктерін, 
психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктерін, жеке және топтық мүдделері мен құндылықтарын ескере 
отырып, олардың бойында патриотизмге тәрбиелеу жөніндегі әрекеттерді
түбегейлі жақсарту, қазіргі заманғы болмысқа сәйкес келетін, бастауыш сынып 
оқушыларында патриотизмді тәрбиелеу құралдары. 
- қазақстандық білім беру жүйесін жаңғыртудағы жетекші бағыттардың 
бірі ретінде бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу 
қажеттілігін және оны мектеп практикасында жеткілікті нәтижелі іске 
асырылмауын мойындау арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауға 
мүмкіндік берді.
Осы қарама-қайшылықтарды шешу қажеттілігі мәселенің өзектілігі мен 
теориялық дамымауы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын таңдауды 
анықтап берді. 
Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлар білім беру мәні 
мен оның түпкі нәтижесін қайта қарауды талап етуде. Бүгінгі азаматтың 
білімділігі, шығармашылық ізденіске қабілеттілігі сияқты тұлғалық сапалары 
елдегі саясаттың, мәдени дамудың түпкі негізіне айналып отырған кезде барлық 
білім беру мекемелерінің басты назарында оқушының жеке тұлғасын 
қалыптастыру болары сөзсіз.
Педагог ғалым К.Ж. Қожахметова мектеп қабырғасынан бастап 
оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиені ұлттық салт пен 
дәстүрге негіздеп ұйымдастыру және жасұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде 
адамгершілік құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруды көздейтін 
этноәлеуметтік рольдерге баулуды ұсынады[52, б. 79]. 
Осы жағдайларды ескере отырып, зерттеу жұмысымызда бастауыш 
мектепке келген ақ ниетті, балғын бүлдіршіндердің патриоттық сезімін, саналы 
түрде түсініп, қабылдауына, сөйтіп, ата-бабасын, ата-анасын сүйіп, 
қастерлейтін, бауырмал, мирасқор, мұрагер, намысқой, салт, дәстүрлерін қадір 
тұтатын, елін сүйетін, рухы жоғары, патриоттыққа тәрбиелеу көзделіп отыр. 
Жалпы орта білім беру мемлекеттік құжаттарға сәйкес бастауыш және 
негізгі (орта), кәсіптік бағдар беру сатысы ретінде бөлінеді. Ал, жеке тұлғаның 
өзіндік қасиеттерінің қалыптасуы бастауыш мектепте қуатты жүреді. Бастауыш 
мектеп – кіші мектеп жасындағы балаларға бастауыш білім беретін оқу ордасы. 
Бастауыш білім тұжырымдамасында бастауыш мектептің маңызы мен қызметі 
оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен сабақтас болуымен 
ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының рухани өзегі қалыптасуы мен дамуы 
қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталады. 
Бастауыш мектептің өзінде оқушының танымдық және психикалық 
мүмкіндіктері жетіліп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты 
маңызды екеніне көзі жете бастайды. Сонымен қатар осы жас кезеңінде оқушы 
өзіндік сананың жаңа сатысына көтеріледі.


17 
Болашақ ұрпақты жас кезінен сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік 
тарихы бар құндылықтар негізінде тәрбиелейтін мазмұнды ақпараттар өте мол. 
Олар ғұлама ойшылдардың, педагогтар мен психологтардың еңбектерінде түрлі 
көзқарастарда баяндалып, атадан оқушыға ұласатын құндылық сезім ниеттер, 
ұмтылыстар, тұлғаның бағыттылығын анықтайтын ізгі қасиеттерді қамтиды. 
Бұл өз кезегінде ғылым әлеміндегі құндылықтар ұғымына байланысты алуан 
түрлі тұжырымдармен айқындалып, нақтыланып отырады. Әрбір ғылым саласы 
өзінің зерттеу бағытына сәйкес құндылықтарды түрліше деңгейде қарастырады. 
Қазіргі кезде құндылық термині философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, 
эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылуда. Біз 
патриоттық тәрбие мәселесіне арналған еңбектерден тақырыпқа сәйкес 
«патриот», «патриоттық сезім», «отансүйгіштік» ұғымдарының философиялық, 
педагогикалық мәніне баса назар аудара отырып, оларды өз зерттеуіміздің 
алғышарттары ретінде жүйелі түрде қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет