Тураева Айгүл Тасболатқызы


бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай… Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Сол баланың



бет11/30
Дата02.01.2022
өлшемі189.5 Kb.
#454231
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
автореферат

бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай… Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Сол баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай оңдап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа…

     Жазушы Қартқожаны алғаш таныстырған кезде бір бала деген тіркес арқылы, яғни бала сөзін бір сан есімімен тіркестірсе, екінші рет атағанда, бала сөзін сол сілтеу есімдігімен тіркестірген. Жіктеу есімдіктері сияқты сілтеу есімдіктері де референттілігі жоғары тұлғалар қатарына жатады.

     Белгілілік/белгісіздік категориясында есімдіктер өз алдына өріс орталығын құрайды. Есімдіктер белгілілік және белгісіздік мәнін білдіруде өіндік ерекшелігі мол, әлеуеті күшті лексикалық құралдар қатарына жатады.

     Есімдіктер мағыналық ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге жіктелгенмен, белгілілік және белгісіздік мәнді білдіруде әрқайсысының өзіндік орны бар. Мәселен, есімдіктердің бір тобы белгілілік мәнді білдіру үшін жұмсалса, енді бір тобы белгісіздік мәнді білдіру үшін қолданылады. Мысалы:

     Әрбiр пәннiң програмы әр жылға арналып‚ бөлек-бөлек жасалатын‚ оның үстiне бастауыш мектептердiң програмы бiрнеше түрлi‚ екiншi басқыштығы тағы неше алуан боп жасалып‚ әр мектептiң өзi бiр бөлек ауыл боп өмiр сүретiн‚ түрлi мектепке түрлi ат қойылатын... (Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. 5-том‚ 11-б.).

     Өзі бір саудыраған, ақ көңіл, бала сияқты адам. Не десең соған нанады. Ағатайымның бар-жоғын білдірмейді. Келген кісімен еркекше сөйлеседі. Менің көзімді ашқан со жеңгем ғой, әйтпесе... (Аймауытов Ж. Шығ. І том 291-б.).

     Бiрақ ескiлiк сөздер батырдың батырлығын‚ бидiң шешендiгiн‚ ханның хандығын‚ салтанатын жетiлдiртiп‚ ескектетiп айтқанына келiсушi едi‚ ол кездегi халықтың рухы да‚ тұрмысы да ескек‚ асқақ сөзге лайық келушi едi. Халықтың мiнезiн суреттеп‚ мiнiн айтып‚ терең пәлсәпа сөздердi желдiртiп‚ ескектетiп айту бұл заманда артық‚ ұнаспайды (Аймауытов Ж. Шығ. 5-том‚ 131-бет).

     Бұл орайда өздік есімдіктері мен әр сөзінің қатысуымен жасалған жалпылау есімдіктері негізінен белгілілік мәнді білдіру үшін қолданылатынын көреміз. Ал болымсыздық, белгісіздік есімдіктері, сұрау есімдіктері белгісіздік мәнді білдіру үшін жұмсалады екен. Мысалы:

     - Қалабек келсе бұ кісілерді еріктірмес еді, - дейді біреуі. - Сол ма? Ол жындының жүрген жері думан ғой, - дейді тағы біреуі. (Аймауытов Ж. Шығ. 5-том‚ 256-бет).

     Жазғы курста оқыған ауыл мұғалiмдерiнiң оқыту жөнiнен кейбiр нәрселердi сұрағаны болды. Сұрауларына сол кезде жауап берiлiп өтсе де‚ кейбiрi жалпыға естiртерлiк‚ өмiр жүзiнде таңдайына тиiп жүрген сұрау болғандықтан‚ жаңа комплекске де қатысы барлықтан‚ бұл жерде көрсете кетудi лайық көрдiк. (Аймауытов Ж. Шығ. 5-том‚ 92-бет).

     Қазіргі қазақ тіл білімінде жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық есімдіктері деп жіктеліп жүрген есімдіктердің мағыналық топтары А.Байтұрсынұлы еңбектерінде мүлде басқаша сипатта берілген. А.Байтұрсынұлы есімдіктерді жіктеу, сілтеу, сұрау, шектеу, танықтау деп 5 түрге жіктейді де өздік, жалпылау, есімдіктерін шектеу (анықтау) есімдігінің ішінде сөз етеді [9]. Шектеу (анықтау) есімдігіне танықтау есімдігін қарсы қойып, анықтау есімдігі - жеке адамды немесе топты, танықтау есімдігі - нәрсенің жоқтығын (ешкім, ештеңе, ешбір), белгілі еместігін (әлдекім, әлдене), түгел еместігін (кейбір, қайсыбір) көрсететінін айтады. А.Байтұрсынұлы әркім, әрқайсысы, бәрі, барша т.б. есімдіктерін де анықтау есімдіктері қатарында атайды. Осы орайда ғалым есімдіктердің атауы ретінде "анықтау есімдігі" дегенді ұсынады да, оған "танықтау есімдігін" қарсы қояды. Яғни "анықтау есімдігі" - жеке адамды немесе топты көрсетсе, "танықтау есімдігі" - нәрсенің жоқтығын, белгілі еместігін немесе түгел еместігін білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, бүгінгі таңдағы өздік есімдігі, жалпылау есімдігі деп танылып жүрген есімдіктердің басын қосып, "анықтау есімдігі" деп атайды да, белгісіздік есімдігін "танықтау есімдігі" дейді. Бұл орайда ғалымның белгілілік және белгісіздік категориясының өзіндік ерекшеліктерін терең түсінгені, оларды ортақ мағынаны, яғни белгілілік пен білгісіздікті білдіруіне қарай топтастырғаны байқалады.

     Қазақ тіліндегі зат есімдердің белгілілігі бірнеше тәсілмен беріледі. Мәселен, Абайда:

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет