бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай… Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Сол баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай оңдап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа…
Жазушы Қартқожаны алғаш таныстырған кезде бір бала деген тіркес арқылы, яғни бала сөзін бір сан есімімен тіркестірсе, екінші рет атағанда, бала сөзін сол сілтеу есімдігімен тіркестірген. Бір бала белгісіздік мәнде жұмсалса, сол бала белгілілік мәнде қолданылып тұр. Зат не адам туралы алғаш сөз болғанда, бір сан есімінен басқа дейтін, деген сияқты көмекші етістіктер қолданылады: Сол жақта қатарласып, кемпірдің баласы, тағы да бір-екі қожа, тағы
Достарыңызбен бөлісу: |