Тураева Айгүл Тасболатқызы



бет17/30
Дата02.01.2022
өлшемі189.5 Kb.
#454231
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
автореферат

бір кемпір, Алтын дейтін молда отыр (Ж.Аймауытов "Қартқожа" 39-бет).

     Сонымен, зат есімдердің белгісіздігі

     а) бір, біреу конституенті арқылы беріледі:

     Қырындап, төмен қарап сөйлесіп отырған екі қазақ жалт қарады. Ел қазағы нұсқынды біреуі: "Әлік" алды. Аяғында орысша етігі бар ықшам шапанды, жекей қара тымақты, аузы-басы пияздай, қожаға айтқан нияздай, қара сұр жігіт ойнақы көзі жалаң етті де, ернін қыбырлатты, Бекболат амандасты (Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. І том 197 б.).

     ә) ілік септігі аффиксінің түсіп қалуы арқылы:

     Алдында жұмысшы факультеттің бір молдасына жолығып, ол губерниялық комитетке арыз жазып беріп еді. Комитет бастығын кеше жолықтыра алмай кеткен. Бастықтың босағасын құшақтап, бір сағат күтті. Қараңғы ойлар басып, қалғыған кісі тәрізденіп тұр еді: өңі жылы, ұзын бойлы, сарысақалды орыс портфелін қолтықтап келді де, Қартқожаға таңдана қарап, кабинетіне кірді. Қартқожа селк етіп, оянғандай болды, қағазын қолына ала артына ере кірді. Бастық "бері кел" дегендей, алақанын жайып ұстата берді (Аймауытов Ж. Шығ. І том 138 б.).

     Комитет бастығы деген тіркес арқылы сөйлеушінің онымен таныс еместігі көрінеді. Осыған байланысты ғалым Н.Уәлиев Ы.Маманов еңбектеріндегі белгілілік/белгісіздік категориясының танылуын сөз ете келіп: "Ауыл сыртында мен ауылдың сыртында деген құрылымның бір-бірінен өзгешелігі бар. Ілік септігінің арнайы айтылмауы заттың, нәрсенің жалпылама екенін байқатса, ауылдың сыртында деген құрылым белгілі бір ауылды, нақты бір ауылды білдіреді. Ал объектіні одан әрі нақтылай түсу қажет болса, осы, бұл сілтеу есімдігі қолданылады: осы ауылдың сыртында, бұл кітаптың авторы т.б. Сілтеу есімдігімен келген тұста ілік, табыс септігінің түсіріліп айтуға көнбейтін себебі объектінің сөйлеуші мен тыңдаушыға мәлім, белгілі болмауымен байланысты", - дейді [18].

     б) табыс септік жалғауының түсіп қалуы арқылы:

     Кешке таман қанжығаларына қатарлап қаз, үйрек байланып, бедеу мініп, қаршыға ұстаған күйеулері келе жатқанда, Ақбілек ақ отаудың жанында қарап тұрады... (Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. І том 234 б.).

     Табыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет