61
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Имам Малик Құранды барлық дәлелдерден жоғары
қойған. Имам Малик Құранның жорамалды қажет ет-
пейтін ашық аяттарына сүйенетін.
Сүннет Құраннан кейінгі екінші дәрежедегі орынды
алады. Имам Малик мутауатыр пен мәшһур хадистер-
ді дәлел ретінде қабылдайды. Әдетте ең көп кездесетін
ахад хабарларды да шарттарына сай болса, дәлел деп
қабыл
ететін
60
.
Имам Малик сахабалардың пәтуаларына амал
етілуі қажет деп санайтын.
Имам Малик қиясты да
қабылдайтын. Истихсан мен масалихи-мурсала бұл
мәзһабтың көп қолданған дәлел көздеріне жатады.
Саддуз-зараиді де Имам Малик шариғи дәлелдерден
деп санайды. Оның
ижтихадтарынан мұны анық
байқауға болады. Мұның мәні мына қағидада: «Харамға
алып баратын барлық нәрсе харам, парызға алып бара-
тын барлық нәрсе парыз».
Малики мәзһабының дамуы және жайылуы
Қазы Ияд «Мәдарик»
атты кітабында Малики
мәзһабының таралған жерлерін былай баяндайды:
«Малики мәзһабы, Хижаз, Басра, Мысыр, Африка ел-
дерінде, Испания, Сицилия, Суданның мұсылмандар
тұратын аймақтарында кеңінен тараған. Бағдатта да кең
тарағанымен, һижраның 400 жылдарынан кейін әлсірей
бастады».
Малики мәзһабы пайда болып, дамыған жері Хижаз
аймағы болғанымен, тарихта бұл мәзһабтың Хижаздағы
жағдайы бірқалыпты болмады. Кей уақытта осы елдің
мәзһабы
халіне келсе, кейде бұл жерде толығымен
60
Әбу Зәхра М. Исламда сияси ве Итикади ве Фыкхи Мезхеплер
Тарихи. 294-297 бб.
62
Мәзһаб туралы таным
жойылған кездері болды. Малики мәзһабының ұзақ
елдерге тарауы және қолданылған әдістемелері мен
қағидаларының барлығы бұл мәзһабтың
пікірлерінің
артуына себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: