63
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Шафий жиырма жасына келгенде пәтуа беріп, хадис
риуаят ететіндей жағдайға жетті. Бірақ ол білім алуын
тоқтатпай Мәдинаға барып Имам Маликтен сабақ
алады. Мәдинаға аттанбастан бұрын әл-Мууатта кіта-
бын жаттап, оны Имам Маликке барып оқып тапсыра-
ды. Сосын Имам Маликтің жанынан айырылмай сабақ
алады. Имам Шафий Имам Малик қайтыс болғанға
дейін қасында болған.
Ұстазы Имам Малик қайтыс
боғаннан кейін Меккеге қайтып оралады. Содан кейін
Нәжран деген жерге барып, сонда қазылық қызмет
атқарады.
Суфиян бин Уаяинадан (ө. 198/813)
хадис риуаят
етті. Имам Шафийдің әр-Рисәлә, әл-Хижжа және
әл-Умм атты шығармалары бар.
Имам Шафий (195/820) жылы Бағдатқа барып екі
жыл болғаннан кейін Меккеге оралды. 198/813 жылы
қайтадан Бағдатқа барғанымен тек қана екі ай болып,
ол жерден Мысырға кетті.
Бағдатта Әбу Ханифаның
шәкірті Имам Мұхаммедпен, Ахмед бин Ханбалмен
және басқа да ғалымдармен кездеседі.
Каир қаласында хижри 204 жылы 54
жасын-
да қайтыс болады. Имам Шафий өзінен кейінгілерге
сарқылмас үлкен ғылым қазынасын тастап кетті.
Шафий мәзһабы алдымен Мысырда жайылды,
кейін Сирия, Иемен, Ирак және Хорасан жағына өтті.
Қазір Ирак, Сирия және Анадолының оңтүстік жағында
Шафий мәзһабын ұстанушылар бар.
Кейбір шәкірттері мыналар:
Юсуф бин Яхия әл-
Буауәйти (ө. 260/874), Ибраһим бин Яхия әл- Музани
(ө. 264/877).