67
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Шафийдің кейінгі көзқарастарын Раби бин Су-
лейман риуаят еткен.
Раби оның кітаптарын оқытып,
жұртшылыққа танытқан. Раби бин Сулейман хижри
270 жылы қайтыс болды.
Имам Шафийдің шәкірттері Иракқа, Меккеге және
Мысырға, Шамға, Иеменге, кейіннен Нишабурға, Хо-
расанда білімдерін жайды.
Шафий мәзһабы Мысырда кең тараған. Сондай-ақ
Хижаз, Ирак, Хорасан, Кавказ, Солтүстік Африка, Ма-
уренахыр, Танзания; ІV ғасырдан бастап Испания, Ява
аралдары, Филиппиндер,
Индонезия, Қытай, Цейлон
секілді аймақтарына тараған. Әюбиліктердің дәуірінде
Мысыр мен Сирияда ресми түрде Шафий мәзһабы
бекітілді. Имам Шафийдің шәкірттері (Халифа әл-
Мүтәуәккилдың тұсында 232-248)
пәтуа мен жарлық
шығару дәрежесіне дейін көтерілген. Һижраның
ІҮ ғасырының орта шенінде Бағдатта Қадыл-
Құдаттыққа Шафийліктер тағайындалды. Мысырда да
Толунұлдарының дәуірінде Ахмет бин Толан (254-270)
Шафийліктерге қолдау көрсеткен.
Шафий мәзһабы хижри 13-ғасырдың соңдарына
Мерв және Хорасанға кірді..
Қазіргі таңда Шафий мәзһабы бұрынғы жайылған
жерлерінде жалғасын табуда.
Басты Шафий
ғалымдарының бір қатары
төмендегідей:
Маверди (ө.х.450), Такиюддин әс-Субки (ө.х.356),
Каффал әл-Кәбир әш-Шаши (ө. х.365), Бейһаки (ө.х.458),
әл-Жүуайни (ө.х.478), Ғазали (ө.х.505), Фаһруддин әр-
Рази (ө.х.606), Изуддин бин Абдис-сәлам (ө.х.660), әш-
Ширази (ө.х.476) және ән-Нәуәуи (ө.х.676). Бұлардың
68
Мәзһаб туралы таным
барлығы құнды еңбектерімен
арттарында өшпес із
салып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: