Туралы таным



Pdf көрінісі
бет59/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

133
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
оның түсінігіне қайшы имамдардың бірауыздан келіс-
кен пікіріне ере ме? 
ОЛ: Әрине ол өз тұжырымына ереді!
МЕН: Мәселен, шығысқа қарап оқыса намазы 
дұрыс бола ма?
ОЛ: Иә. Себебі, ол өз тұжырымына еруге міндетті.
МЕН: Егер өзінің жеке тұжырымы оған көршісінің 
жарымен зина жасауға, арақ ішуге немесе өзгенің 
малын орынсыз тартып алуға шақырса, сонда Аллаһ 
Тағала оның «өзіндік жеке тұжырымының» арқасында 
осының бәрін ол үшін халал етіп қояды ма?
Жігіт біраз ойланып отырып:
– Қалай дегенмен, бұл айтқан оқиға ойдан 
құрастырылған ғой, хақиқи өмірде кездеспейді, – деді.
МЕН: Бұл ешқандай да қиял емес. Керісінше өмірде 
көптеп көрініс табатын оқиға. Бұдан да сорақысы кез-
деседі... Жарайды, (қиял десең де, ақиқат десең де) 
сен кез келген жағдайда «жеке тұжырымға» шешуші 
рөл бердің. Бұл сенің «муқаллидтер, муттабиғтер және 
мүжтаһидтер» деп үш топқа бөлуіңе қайшы емес пе? 
ОЛ: Негізінде оған ізденуі керек. Ол басқа аят 
немесе хадис оқымады ма сонда?
МЕН: Дәл сен пәтуа берерде таппағаныңдай, оның 
да жанында әдебиеттер табылмады. Құбыланың әмір 
етілуі мен бағыты жайлы басқа аят оқуға мүмкіндігі 
болмады. Сонда да сен әлі сол жеке тұжырымына 
сүйеніп, имамдардың ижмасын (пәтуа) тастайды деген 
пікірдесің бе? 
ОЛ: Иә. Егер зерттеу мен ізденіске шамасы келмесе, 
онда оны кешірімді санаймын. Ізденісі мен білімі неге 
бағыттаған болса, оған сол нәрсе жеткілікті болады. 


134
Мәзһаб туралы таным
МЕН: Сенің атыңнан мына сөздеріңді жариялай-
мын... Бұл сөздерің өте қауіпті, әрі таңқаларлық сөз 
болды.
ОЛ: Қалағаныңды жарияла. Мен қорықпаймын.
МЕН: Егер Аллаһтан қорықпасаң, менен қалай 
қорықпақсың? Сен әлгі сөздеріңмен Аллаһ Тағаланың 
«Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» деген 
сөзіне қарсы шығып отырсың.
ОЛ: Бауырым, ол мүжтаһид имамдардың 
қателеспейтіндігіне кепілдік жоқ. Ал менің сүйенген 
аятым – қатеден пәк Аллаһ Тағаланың сөзі. Қалай ғана 
пәк Аллаһ Тағаланың сөзін тастап, қателесуі мүмкін 
біреудің сөзін ұстанамын.
МЕН: Онда бері қараңыз! Қатеден пәк болған нәрсе 
– Аллаһ Тағаланың сөзіндегі хақиқи мағына, «Шығыс 
та, батыс та Аллаһтікі» дегендегідей. Құран мен Ислам 
мәдениетінен ұзақ әлгі жас жігіттің түсінген мағынасы 
емес. Ал енді мен екі түсінік арасын салыстыруда-
мын. Әлгі дінге жаңа кірген жас жігіт пен мүжтаһид 
ғалымның түсінігі. Екеуі де қателіктен ада емес. Бірі 
– білімсіздік пен үстірт ойлау дәрежесінде, екіншісі – 
ғылым мен ізденістің шыңында. 
ОЛ: Аллаһ Тағала оған өз ізденісінен артық ештеңе 
жүктемейді. 
МЕН: Онда сен менің мына сұрағыма жауап берші. 
Бір адамның суыққа шалдыққан науқас баласы бар. 
Оны сол елдегі барлық дәрігерлер тексеріп, арнайы 
бір дәрі беруге келісті. Балаға пенсилин салуға 
болмайтындығын әкесіне ескертіп, баланың өміріне 
қауіп төнетіндігін мәлімдейді. Алайда баланың әкесі 
денсаулық басылымдарының бірінен пенсилиннің 
суыққа қарсы пайдалы екенін оқығаны бар болатын. 


135
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Дәрігерлердің неге сүйеніп айтқанын білмегендіктен, 
өзінің жеке біліміне сүйеніп, олардың сөзіне қарсы 
шықты. Өзінің жеке тұжырымын іске асырып, бала-
сына пенсиллин салдырды. Нәтижеде баласы бақи 
дүниеге аттанып кетті... Енді осы адам істеген ісі үшін 
күнә алып, сұраққа тартылады ма, жоқ па?
Жігіт біраз ойланып, кейін былай деді:
– Екеуі екі бөлек нәрсе. 
МЕН: Жоқ, дәл бірдей жағдай. Қалай ғалымдардың 
келісімді пәтуасын тыңдағаны сияқты, дәрігерлердің 
де келісімді нұсқауын естіді. Бірақ оған құлақ түрмей, 
өзі оқыған Құран аятына сүйенгендей, әлгі әке де 
дәрігерлерге құлақ аспай өзі оқыған басылымға сүйенді. 
Екеуі де өздерінің жеке тұжырымдарын қолданды.
ОЛ: Бауырым, Құран нұр ғой, нұр...
МЕН: Құран нұры кез келген оқып, көз жүгірткен 
адамның ақылына сәуле бере салады да, Аллаһтың 
мақсат еткен мағынасын түсіне қояды дейсің бе? Егер 
барлығы бірдей бұл нұрдан керегін алып тұрса, онда 
«әһлі-зікір» (білім иелері) мен өзгелердің арасында не 
айырмашылық бар?! Жоғарыдағы екі мысал бірдей, 
араларында айырмашылық жоқ. Енді сен маған жауап 
беруге тиіссің: «Жәй ізденуші осы жағдайларда өзінің 
жеке тұжырымына ілесе ме, жоқ әлде арнайы маманға 
ілесіп, оның сөзін қабыл етеді ме?»
ОЛ: Әрине жеке тұжырымына. Өйткені ол – негіз 
болып саналады.
МЕН: Бір адам өз жеке тұжырымына сүйеніп, 
нәтижесінде ұлының қазасына себеп болды. Оған 
шариғи немесе құқықтық тұрғыдан қандай да бір жау-
апкершілік жүктеледі ме?


136
Мәзһаб туралы таным
Ол сенімді түрде:
«Жоқ, ешбір жауапкершілік жүктелмейді» – деді.
МЕН: Жә, сенің мына айтқан сөзіңнен кейін 
біз әңгімемізді тоқтатсақ жөн болар. Бұл сөзіңмен 
екеуміздің арамыздағы ортақ пікірге жетуіміз мүмкін 
болатын барлық жолдар жабылды. Сенің Ислам 
үмметінің келісімді пәтуасынан (білім иелерінен сұрау 
жайындағы) шығуыңа әлгі сөзің жеткілікті. Егер сен 
сияқты фанаттар болмаса, «жиіркенішті фанатизмнің» 
жер бетінде мән-мағынасы қалмас еді». 
Иә, білімсіз мұсылман Құраннан оқыған нәрсесімен 
пәтуа берсе... Бүкіл мұсылмандарға қайшы, құбыладан 
өзге тарапқа қарап намаз оқыса, онысы дұрыс санал-
са... Жәй бір адам өз тұжырымына сүйеніп, өз бетінше 
емдесе... Науқасты өз қолымен о дүниеге аттандырып 
«Аллаһ деніңе саулық берсін» десе...
Олай болса неге олар да бізді өз жайымызға 
қалдырмайды екен, біле алмадым. Біз де «өз жеке 
тұжырымымызға» сүйеніп, «діни үкімдер мен шариғи 
дәлелдерді меңгермеген адам құран мен хадисті өзінен 
гөрі жақсырақ түсінген мүжтаһид имамдардан бір 
имамның мәзһабын ұстануы тиіс» – дейміз. 
Олар үшін біздің бұл пікіріміз қаншалықты қате 
болса да, «жеке тұжырым» деген қорғаушы бар емес 
пе?! Құбылаға теріс қараса да, намазы дұрыс болған
адам мен баласын өлтіріп мұны ізденіс пен емшілікке 
балаған кісінің пікірін дұрысқа шығарған нәрсе біздің 
де пікірімізді дұрысқа шығаруда басшылыққа алын-
сын!


137


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет