Туралы таным



Pdf көрінісі
бет62/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

145
Сәләфия хақ жол ма?
осындай көзқарас айырмашылықтары болып жатса
онда барлық мұсылманды менің айтқаныммен жүр деп 
бір пікірге ғана мәжбүрлейтін бүгінгі сәләфияның қай 
жолды ұстанғаны? Мұндай ғылыми-әдістемелік жол 
қашан пайда болды? Енді соған келейік.
Имам Шафий бастаған сол заманның мүжтаһид 
имамдары Құран мен сүннет мәтіндерін тәпсірлеу 
ережесін және ижтихад негіздерін бекіту ісін баста-
ды. Бұл жолда олар жәһилия дәуірі мен Исламның бас 
кезіндегі арабтар қолданған таза арабша түсінігін үлгі 
етіп алды. Осы кезде ғана барлық мұсылмандар үшін 
ижтиһади пікрлерді таразылайтын Құран мен сүннетке 
тәуелді араб тілі ережелері дайын халге келді. Ал бұл 
уақыт сәләфус-салихиннің соңғы кезеңі еді. Осы ереже 
– ижтихад талаптарына сай жасалған тұжырымдар мен 
дүниелік мақсат үшін Құран мен хадисті бұрмалау 
арқылы туындаған шариғатқа қайшы пікірлердің 
арасын ажыратып тұрады. 
Бұл ережелер сол заманнан бастап барлық 
мұсылмандар үшін барлық жерде ортақ жол ретінде 
қабылданды. Хәләфтан бөлек сәләфқа немесе жекеле-
ген топқа тән емес. (Осы орайда, фиқһ мәзһабтары осы 
ережелер аясында құрылғандықтан жоғары құндылыққа 
ие екендігін айта кеткен жөн. Сондықтан уақыттың 
өтуі мен ортаның өзгеруіне қатысты туындайтын 
қиыншылықтарда осы ережелер аясында өміршеңдігін 
жалғастыра береді.) 
Яғни шариғи ғылымдарда зерттеу жасайтын адам 
осы ережелерден біреуіне бағынбаса, дінге жеңіл 
қарап, ойынға айналдырған болып саналады. Тіпті 
бұл оның Исламнан шыққанын көрсетеді. Дәл осыған 
керісінше, кімде-кім шариғи ізденісін осы ережелер-


146
Мәзһаб туралы таным
ге негіздесе, сол нағыз Құран мен Сүнетті ұстанушы, 
пайғамбарымыз өсиет еткен қауымға еруші деген сөз. 
Қай заманда өмір сүрсе де бәрібір. Өздерін «сәләфия» 
деп атайтын жамағат оны дұрыс деп қабылдаса да, 
қабылдамай жолдан таюшы деп қараса да ешнәрсе 
өзгермейді. 
Осы ережелердің шегінен шықпай ижтихад жа-
саушы адам өзі тоқтаған пікірін дұрыс деп есептеуге 
құқылы. Бірақ сол мәселедегі басқа пікірлерді қабыл 
етушілерді адасушы, хақ жолдан таюшы деп тануға 
хақысы жоқ.
Қорыта айтар болсақ, бүгінгі «сәләфия» жолының 
ешбір ғылыми мазмұны да, мұсылман жамағатына 
сәйкесетін тұсы да жоқ. Бұл сөзіміздің тағы бір 
айғағы – олардың өздері «сәләфия» сөзін Аллаға және 
пайғамбарына иман келтірген, Исламның қайнар 
көзі Құран мен сүннетті шынай түрде ұстанған 
мұсылмандардан өздерін ажыратып тұратын белгі, 
ерекше сипат ретінде қолдануда. 
* * *
Біз бұл тақырыпта анықтаған мәселелерімізге шолу 
жасар болсақ:
– бүгін «сәләфия» сөзі делінген сәләфус-салихин 
өздерінің үш ғасырлық дәуірінде сөздерінде немесе 
күнделікті істерінде қатып қалмағандығы анықталды;
– олардың Құран мен хадисті түсінуде ұстанған 
жолдары – бүгінгі «усулул-фиқһ» және «тәпсір 
қағидалары» деп аталатын ғылым саласы екендігі 
анықталды; бұл – мұсылмандардың барлығының ис-
ламды іс жүзіне асырудағы ұстанатын жолы, төрт 
мәзһаб осы қағидалар аясында құрылған.


147
Сәләфия хақ жол ма?
Сондай-ақ, ол қағидаларды қолдану мұсылман-
дардың ішінде белгілі бір жамағатқа кірудің белгісі 
бола алмайды. Бұл ережелер мен қағидаларды барлық 
мұсылман Құран мен хадисті түсіну үшін басшылыққа 
алуы парыз. Бұл мәселе нағыз тіл ережелеріне бағыну 
сияқты. Егер тіл ережелерін өзгелерден бөлек бір ғана 
жамағатқа тән ету мүмкін болған да, бұл ережелерді де 
бір ғана жамағатқа тән қылуға болар еді. Сондықтан 
хақ жолды өз жамағатына ғана тән етіп алушылардың 
қаншалықты хақ жолдан алыс екенін көреміз.
Енді былай деп айтуымыз ғана қалады: «Ислам 
үмметі тарихының алғашқы үш буыны өздерінен кейін 
келген ұрпақтан жалғыз нәрсемен ғана ерекшеле-
нетін. Ол – тақырыптың басында айтып өткен белгілі 
себептерге байланысты оларды пайғамбарымыздың 
«абзалдықпен» атауы. Ал бұл себептердің осы үш буын 
өкілдеріне арнайы бір жамағат қалыбын кигізіп, бүгінгі 
бір-біріне алакөз ислами жамағаттардың қатарын 
көбейтетіндей әсері жоқ. Яғни сәләфус-салихиннің атын 
жамылып жамағат қалыптастырудың, оны өзгелерден 
бөлектенудің қаруы етудің ақиқатқа еш қатысы жоқ. 
Тағы бір анықталған нәрсе – «сәләфия» сөзі тек 
қана тарихтағы «өткен уақыт бөлігін» білдіретін-
дігі. Бұған бар қоса алатынымыз пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) ол кезеңді абзалдықпен сипаттағандығы. 
Алайда, пайғамбарымыз сәләф дәуірінен кейінгі ке-
летін ғасырдың әрбірін өзінен кейінгі келетін ғасырдан 
абзалырақ деп сипаттаған болатын. Сондықтан бұл 
сипаттаудан бүгінгі мағыналарды шығаруға еш себеп 
жоқ.
Демек, «сәләфия» сөзімен өзіне тән белгілі жолы 
бар ислами жамағат мақсат етілсе, әрі оған кір-


148
Мәзһаб туралы таным
гісі келген адамға белгілі шарттар қойылса, онда ол 
пайғамбарымыздан кейін пайда болған көп бидғаттың 
бірі болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет