74
Мәзһаб туралы таным
Бұл екі қасиет мыналар еді:
1. Өзге тілдердің әсерінен ада, таза араб тілін
меңгеруі;
2. Қалтқысыз бойсұнуға итермелейтін таза ислами
болмысқа ие болу.
Құран мен сүннеттен үкім
шығаруда ғылыми
қағидаға сүйенуге деген қажеттілік – иә, араб тілі мен
әдебиетіндегі әлсіздіктен, иә болмаса тараптар арасында
бой көрсететін түсінік пен көзқарас айырмашылығынан
туындайтындығы білгілі. Сахабалардың заманында
әсіресе, алғашқы буынында бұл екі мәселе толығымен
жоқ еді. Бұған сол кездегі діни мәселелердің шектеулі,
аз болып Құран мен сүннеттегі айқын тақырыптардың
тысына
шықпағандығын қоссақ, алғашқы буын
сахабалардың қандай да бір ереже – қағидат жинақтарына
мұқтаж болмағандықтарын анық көреміз. Олар өз
араларында дау-жанжалға түспегендіктен, жүгінетін
арнайы жол да іздеген жоқ.
Тіл меңгеруде және арабша
түсінуде ешқандай қиындықтарға жолықпағандықтан,
тілдік ереже – құралдарға да зәрулік жоқ еді. Қияс
және басқа пікірлерді қолданатындай жаңа мәселелер
көбейген емес еді. Жалпы айтар болсақ, сахаба дәуірінде
мәзһабтың бүгінгі үлгіде құрылуына алғышарттар
болмаған еді. Сонымен қатар сахабалардың бұл
ұстанымдары ұзаққа созылмады.
Исламның жайы-
луынан туындаған өзгерістер оларды жаңа шешімдер
қабылдауға итермеледі.