Туралы таным



Pdf көрінісі
бет37/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Ижтихад нысаны
Құран Кәрім мен хадис шәріптің мағынасы айқын, 
нақты мәтінінен үкім шығару ісі ижтихадқа саналмай-
ды. Себебі бұл жерде соншалықты күш жұмсамастан 
мәтінінің меңзеген үкіміне қол жеткізуге болады. 
Сондықтан «Ижтихадтың нысанына» шариғи үкімі 
жайында мағынасы нақты аят пен хадис жоқ әрбір 
мәселе кіреді.
Бұл мәселелер екі түрлі болады: 
Біріншісі – оған қатысты аят пен хадистің бірнеше 
мағына қамтуы.


83
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Екіншісі – ол жайында ешбір шариғи мәтін кез-
деспеген мәселе.
Бірнеше мағына қамтитын Құран мен хадис 
мәтініне мысал ретінде «Бақара» сүресі, 228-аятын 
алайық. «Талақ болған әйелдер үш (қуру) етеккір мер-
зімі күтеді...» Бұл жерде «мүштарак» яғни омоним 
сөз бар, әрі оның қай мағынасы мақсат етілгендігіне 
ишара жоқ. Ол – аяттағы «қуру» сөзі. Бұл араб тілінде 
әйелдің етеккірі уақытына және екі етеккір арасындағы 
таза уақытқа да қолданылады. Осының нәтижесінде 
талақ етілген әйелдің күту мерзімі жайында мүжтаһид 
ғалымдар арасында көзқарас әркелкілігі туында-
ды. Қанша күтеді? Үш етеккір уақыты ма, әлде үш 
тазалық уақыты ма? Имам Малик пен Шафий «тазалық 
уақыты» деді. Имам Ағзам етеккір уақыты деген 
тоқтамға барды. Әрбір мүжтаһид ғалымды белгілі бір 
таңдау жасауға итермелеген өзіндік дәлелдері бар. Ал 
екінші топтағы Құран мен хадистен басқа дәлелдерге 
келетін болсақ, олар қияс, истислах, истихсан, ис-
тисхаб және ғұрып сияқтылар. Бұлар бар болмыста-
рымен ижтихад нысанына кіреді. Себебі бұлардың 
дәлел ретінде қабылдануы мүжтаһидтер арасында 
әртүрлі бағаланады. Бұларды қолдануда әр мүжтаһид 
бір-бірінен бөлек жолдар ұстанады. Тағы бір себеп
мүжтаһидтердің өмір сүрген ортасының әртүрлі болуы. 
Осыдан барып олардың бір істің игілігін анықтауы, 
әдет-ғұрыптар мен зәру қажеттіліктерді белгілеуі бір-
бірінен өзгеше нәтижеге алып барады. Осылардың 
барлығынан ижтихад нысанының ауқымдылығы және 
күрделілігі айқындалады. Сондықтан ижтихадпен айна-
лысатын мүжтаһидтің қабілеттілігі мен жарамдылығын 
белгілейтін шарттары бар.


84
Мәзһаб туралы таным


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет