85
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
жүзге жуық үкім аяттарын кейбір фиқһшы тәпсіршілер
тәпсірлеуге ден қойды.
Олардан бірі тәпсірлеуде
Құрандағы реттік жүйеге қарай тәпсірлесе, бірі тақырып-
тақырып етіп қарастырды. Әрбірі өз мәзһаб имамының
көзқарасына сай түрде зерттегеніне қарамастан өте бай
фиқһи қазына қалдырып кетті. Мүжтаһид болатын кісі
бұларды назардан тыс қалдыра алмайды.
Сонымен қатар Құрандағы үкім аяттары бір
сүреде немесе аз ғана сүреде реттеліп жинақталған
емес. Әрбірі өзіне қатысты оқиға себебімен әр түрлі
уақытта түсті. Одан кейін Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
уахи басшылығындағы нұсқауымен сүрелерге реттеліп
қойылды. Ізденуші бір
тақырыпқа байланысты аят-
тарды бір орында жинақталған күйде таба алмайды.
Түсу мезгіліне байланысты тәртіппен табуы да оңайға
соқпайды.
Әрбір ижтихадпен пәтуа беруге бел байлаған адам
үшін осы аяттарды және олардың фиқһи мағынасын
білуі керек. Бұл іс әуелі аяттарды түгел теріп топ-топқа
бөлуді қажет етеді, содан кейін үкім шығара алуы үшін
тәпсірлеу керек. Одан кейін де ол аяттардың түсу се-
бебін, аяттағы мағынаның айтылу себебін, аят пен осы
аяттың тәпсірі жайында айтылған хадистердің арасын
байланыстыруды меңгермейінше тәпсір жасау оңай
болмайды. Бұған қоса мүхкам
мен муташабих, насих
пен мансух, захир мен хафи,
мутлақ пен муқайяд
сияқты Құранның әдеби саласына қатысты ғылымдарды
меңгеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: