Туралы таным


Ихтилаф – Аллаһтың мейірімі



Pdf көрінісі
бет48/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Ихтилаф – Аллаһтың мейірімі
Шариғатта 
кейбір 
мәселелердің 
болжамға 
сүйенгендіктен әркелкілік қабыл ететіндігі табиғи 
қажеттілік екендігін байқадық. Алайда кейбір адамдар 
«(Мұхаммед) егер Раббың қаласа адамдарды жалғыз 
үммет қылар еді. Олар үнемі қайшылықта тұруда, 
бірақ Раббыңның мейіріміне бөленгендер басқа. Оларды 
73
«Фатыр» сүресі, 27,28-аяттар


106
Мәзһаб туралы таным
сол үшін жаратты. Раббыңның: «әрине тозақты 
бүкіл жандар мен адамдарға толтырамын» деген сөзі 
тура шықты» деген «Һуд» сүресінің, 118,119-аятта-
рын мәзһабтар арасы айырмашылыққа қатысты етіп 
көрсетеді. Бұл аяттағы қайшылықтың мәзһабтар арасы 
айырмашылыққа қаншалықты қатысы бар екеніне алда 
тоқталатын боламыз.
Имам Шатибидің «Иғтисам» атты кітабында их-
тилаф жайында пайдалы зерттеулері және ихтилаф-
ты шариғаттан тыс көрушілерге дәлелді жауабы бар. 
Имам Шатиби өткен үмметтердің қайшылыққа түсуі 
мен хақ жолдағылардың бірлігін баяндағаннан кейін 
былай дейді: «Осы бірлікте болғандардың өзі кейде 
дұшпандық мақсатымен емес, тек ізденіс нәтижесінде 
бір-біріне қайшы пікірге жолығады. Аллаһ Тағала 
өзінің даналығымен бұл үмметтің ұсақ мәселелерінің 
көптеген пікірлерді қабылдайтын болжамдар нысаны 
болуын қалады. Әрбір көзі қырағы кісі үшін болжам 
жүрген жерде келісімді шешімнің болмайтыны анық. 
Әрине бұлардың бәрі негізгі ұстанымдарда емес, тек 
ұсақ мәселелерде ғана болады. Сондықтан мұндай 
әркелкіліктің зияны жоқ. Тәпсір ғалымдары Хасаннан 
жоғарыдағы аят жайлы былай дегенін жеткізеді: «Мей-
ірімге бөленген қауымға келер болсақ, олар зиянды 
таласқа түспейді. Себебі олардың таласы арнайы мәтін 
жоқ ізденісті қажет ететін мәселелерде ғана болады. 
Қайта олар үшін рұқсат пен үлкен кешірімділік бар. 
Сонымен қатар шариғат иесі Аллаһ қайшылықтың бұл 
түрін білгендіктен, жүгінетін билік орнын да көрсетіп: 
«Әй мүміндер! Аллаһқа бой ұсынып Пайғамбарға әрі 
өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Егер 
бір нәрсе жайында таласқа түссеңдер, оны Аллаһқа, 


107
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Пайғамбарға ұсыныңдар. Егер сендер Аллаһқа, 
ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы 
қайырлы да нәтижеде жақсы»
74
деді. Осы үлгідегі 
барлық қайшылықтарда бірінші Аллаһ Тағала, яғни 
Құранға, сосын Пайғамбарға (егер тірі болса өзіне, 
қайтыс болғаннан кейін сүннетіне) жүгініп, салыс-
тыруды Аллаһ әмір етті. Ғұламалар солай істеді де. 
Демек «Һуд» сүресі, 118,119 – аятындағы «мейірімге 
бөленген» қауымның қайшылығы мен «қайшылықта 
қасарысып тұратындардың» қайшылығы екі бөлек 
нәрсе. Жоғарыдағы Хасаннан жеткен сөз аяттағы мей-
ірімге бөленгендер жайлы еді. Ал тозақпен ескерту 
жасалғандардың қайшылығын «Шариғатта тыйым 
салынған ихтилаф қайсы?» деген тақырыпта қамтитын 
боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет