120
Мәзһаб туралы таным
Яғни мәзһаб имамдары мен олардың еңбектері
жайлы хабарсыз болудан туындаған қате түсінік екенін
көреміз. Осы орайда Ибраһим Салқини өзінің «Усулу-л
Фиқһ әл-Ислами» атты еңбегінде былай дейді:
«Фиқһ негіздеріне көз жүгіртіп,
зерделеген адам
Ислам фиқһындағы мол мұралардың жазылуында кәміл
ғылыми жол ұсталғандығына және оны жазғандар
әрдайым сенімді де күрделі қағидаттардың шеңберінде
ізденіс-зерттеулерін жүргізгеніне куә болады. Зерттеп
қараған кісі олардың жеке қалауын қанағаттандыру үшін
әуестікпен немесе дүниелік мақсат-мүддесіне қол жеткі-
зу үшін сыртқы күштің итермелеуімен жазбағандығына
кәміл сенеді. Әрі олардың терең түсініктері мен
ұстанған жолдарынан өнеге тұтарлық мысалдар алады.
Сонымен қатар имамдар мен мәзһабтары арасындағы
қайшылықтардың негізгі
себебі жеке көзқарастары
емес, керісінше ғылыми қағидалар екеніне көзі жетеді.
Егер біз мәзһабтар арасындағы айырмашылықтардың
ғылыми қағидаттардан туындағанын түсінсек, онда
мұндай айырмашылықтың болуы Құран мен Сүннеттен
үкім шығаруда және сол жолда ізденіс жасауда жеңілдік
әрі мүмкіншілік екенін түсінеміз. Әйтпесе, мұны Құран
мен сүннеттің негізі мен мазмұнынан ауытқу деп түсіну
дұрыс емес. Шариғаттың негізгі принциптерінің ая-
сында әрбір мүжтаһид ғалымның арнайы қағидалармен
жеткен көзқарасы жарамды саналады.
Сондықтан
осы ғылыми жолдың нәтижесінде пайда болған
айырмашылықтар мен қайшылықтар тыйым салынған
қайшылықтарға жатпайды»
93
.
Ал Шейх Юсуф Набахани өзінің «әс-Сихамус-
Саиба» атты еңбегінде былай деді: «Кімде-кім Имам
93
әс-Салқини. И., «әл-Муйәссәр Фи Усул- ул Фиқһ». 24 б.
121
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Зәйлағидің «Хидая» кітабындағы хадистердің сілтеме-
леріне қараса Имам Әбу Ханифаның мәзһабының да
басқа мәзһабтар сияқты хадис білгірінің мәзһабы екені-
не көзі жетеді. Себебі барлық имамдардың кез-келген
мәселеде сүйенер басты дәлелдері бірінші – Құран;
одан
дәлел таппаса, Пайғамбар сүннеті (хадистер);
сүннетте табылмаса ғұламалар ижмасы; онда табылма-
са, осы үшеуінде үкімі белгілі болған мәселелердің ең
жақыны мен ұқсасына салыстыру тәсілі «қияс» болып
табылады»
94
.
Шейх Әбдус-Салам Ират:
«Мәзһабсыздардың айтып жүрген «мүжтаһид
имамдар сахих хадиске қайшы амал жасады немесе
оларға және ізінен ергендерге сахих хадистер жетпей
қалды» деген сөздерін зерттеуге тырыстым. Нәтижеде
бұл хадистердің барлығы оларға және ізінен ерушілер-
ге толық жеткенін көрдім. Бірақ олар бұл хадистерден
мәзһабсыздардың түсінгенінен өзге нәрсе түсінген.
Құран мен сүннеттің жалпы ұғымына қайшы келген ха-
дистерді алмаған. Ал мәзһабсыздарда ғылыми-әдістеме
және сараптау қағидалары болмағандықтан мұны қате
түсінуде. Фиқһ және оның негіздері жайында жазылған
кітаптар, мәзһаб ғұламаларының өз мәзһабтарын
әбден тексеріп зерттеуден өткізгендігіне,
әрі басқа
да мәзһабтардың дәлелдерінен хабардар болып,
соның ішінде Құран мен сүннетке ең жақын дегенін
алғандығына үлкен дәлел»
95
.
94
Мухаммад Ю.Х., «әл-Маусуғат-ул юсуфия» 523 б.
95
Мухаммад Ю.Х., «әл-Маусуғат-ул юсуфия». 524 б.