Туралы таным



Pdf көрінісі
бет57/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

127
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
ОЛ: Хафыс қырағатымен.
МЕН: Әрдайым оқисың ба, әлде әр күні әртүрлі 
қырағатпен оқисың ба?
ОЛ: Әрдайым сол қырағатпен оқимын.
МЕН: Не үшін ол қырағатты ұстанасың? Аллаһ 
Тағала оны ғана міндеттемей, пайғамбарымыздан 
сенімді түрде жеткен барлық қырағатпен оқуға рұқсат 
берді ғой. 
ОЛ: Себебі мен басқа қырағаттарды оқыған жоқпын. 
Менің шамам осы қырағатқа қана жетеді.
МЕН: Егер, шафий мәзһабы бойынша фиқх оқыған, 
басқа мәзһабтарды оқымаған, Аллаһтың дінінде сол 
имамның жолынан басқаға шамасы келмеген адамды 
барлық имамдардың дәлелін алу үшін солардың дәлелін 
оқуға міндеттейтін болсаң, онда саған да барлық 
қырағаттарды оқып, үйренуің міндет болады. Ал өзіңді 
бұл істен шамаң келмеушілікпен ақтасаң, онда белгілі 
бір имамға еруші адамға солай қарауың керек. Бұған 
қоса саған кім айтты, муқаллид бір мәзһабтан екіншісі-
не ауысып отыруы шарт деп. Шариғат бір мәзһабты 
жалғасты түрде ұстауды міндеттемегені сияқты, 
әрдайым бірінен біріне ауысып отыруды да міндетте-
ген жоқ. 
ОЛ: Бұл жерде харам болған нәрсе –оның мәзһаб 
ұстануды Аллаһ әмір етті деген сеніммен ұстануы. 
МЕН: Бұл бөлек нәрсе. Мұның дұрыс емес екен-
дігінде еш күмән, талас жоқ. Бірақ бір адам Аллаһтың 
өзіне жүктемегенін біле отырып, белгілі мүжтаһидке 
ерсе, қандай да бір күнә бар ма?
ОЛ: Ешбір күнә жоқ.
МЕН: Алайда мына сенің қолыңдағы дәріс беріп 
жүрген кітабың мұның терісін айтады. Харам дейді. 


128
Мәзһаб туралы таным
Тіпті, кейбір жерінде белгілі бір имамға ауытқымастан 
еруді күпірге шығаратын жері де бар.
ОЛ: Қайда.....? – деп кітабына үңіліп тақырыптарын 
оқи бастады. Кітап авторының «кімде-кім барлық 
мәселеде бір имамға ерсе, ол қателесуші, фанат, соқыр 
сеніммен еліктеуші. Ол діндерін быт-шыт қылып 
бөлушілерден» деген сөзіне үңіліп қарай бастады. 
Сосын:
– Бұл жерде «еру» сөзімен «шариғат бойынша 
парыз» деп сенуді айтып отыр. Мәтінде кемшілік бар...
деді.
МЕН: Автордың осындай мағынаны мақсат ет-
кеніне қандай дәлелің бар? Не үшін кітаптың авторы 
қателесті демейсің?
Жігіт сөйлемнің дұрыстығын жақтап тұрып алды. 
«Бұл жазылмай қалған жасырын мағынаға байланысты, 
әйтпесе автор қандай да бір қатеден аулақ» деп дес бер-
меді. 
МЕН: Не болғанда да, бұл сөз ешбір мұсылманға 
қатысты емес. Оның ешбір мәні де жоқ. Өйткені кез-
келген мұсылман төрт мәзһаб имамына ерудің қырық 
парыз секілді парыз емес екендігін біледі. Әрі кез-кел-
ген мұсылман мәзһаб ұстанғанда өз ерік-қалауымен 
ұстанады.
ОЛ: Қалайша...?! Мен көптеген адамдардан, тіпті 
кейбір ғалымдардан «белгілі мәзһабты ұстану шариғи 
тұрғыдан уәжіп және одан басқаға өтуге рұқсат жоқ» 
деп естідім.
МЕН: Саған осы сөзді айтқан халықтан немесе 
ғалымдардан бір адамның есімін айтшы.
Біраз үнсіз қалды. Бірақ менің сөзімнің рас 
болатындығына таңданып отырды. Адамдардың көбі 


129
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
бір мәзһабтан екінші мәзһабқа өтуді харам деп санайды 
деген ойынан арыла алмады. Содан кейін мен:
– Сен муқаллид пен муттабиғ арасындағы 
айырмашылықты қайдан шығардың? Бұл айырмашылық 
сөздік мағынада ма, әлде терминдік қолданыста ма? – 
деп сұрадым.
ОЛ: Екеуінің арасында сөздік ерекшелік бар.
Мен тілге қатысты әдебиеттерді алдына қойдым. Екі 
сөз арасында ешбір айырмашылық таба алмады. Оған 
әзіреті Әбу Бәкірдің сөзінде қолданылған «тәбәғун» сөзі 
(муттабиғ сөзінің түбірі)» ешбір талассыз, талқысыз 
келісу» деген мағынаға келетіндігін айттым. 
ОЛ: Терминдік ерекшелік болсын делік... Менің 
ешбір нәрсеге терминдік ұғым қалыптастыруға 
құқығым жоқ па?!
МЕН: Бар. Бірақ сенің терминің ешбір ақиқатты 
өзгерте алмайды. Сенің «муттабиғ» деп атағаның егер 
дәлелдерден және олардан үкім шығарудан хабардар 
болса, онда мужтаһид саналады. Егер дәлелдерді біл-
месе, иә дәлелдерді білгенімен үкім шығаруға шамасы 
жетпесе «муқаллид» саналады. Ал, кейбір мәселеде 
шамасы жетіп, кейбір мәселеде шамасы жетпесе, онда 
кейбірінде мүжтаһид, кейбірінде муқаллид деп атала-
ды. Қалай болғанда да екі-ақ топқа бөлінеді. Екеуі де 
түсінікті.
ОЛ: Муттабиғ дегеніміз – мәзһаб имамдарының сөзі 
мен дәлелдерін сараптап, ішінен тәуірін таңдап алады. 
Бұл муқаллидтің құр ере беруінен өзгеше іс.
МЕН: Егер сен имамдардың сөзін сараптау деп
дәлелі қуаттысы мен әлсізін ажыратуды айтып тұрған 
болсаң, бұл ижтихадта ең жоғары дәреже. Сен жеке 
басың мұны істеуге шамаң келе ме?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет