Туралы таным


Біріншіден мәзһабтар арасы айырмашылық



Pdf көрінісі
бет50/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Біріншіден мәзһабтар арасы айырмашылық 
төңірегінде.
Ислам елдерінде мәзһабтар арасында болатын пікір 
айырмашылығы екі түрлі. 
А) Итиқади мәзһабтардағы айырмашылық. 
Ақидадағы айырмашылықтар – Ислам елдерінде 
көптеген қиындықтарға алып барушы күрделі жағдай. 
Мұсылмандардың саптарын бұзып, берекесін алады. 
Өкінішке орай бұл – болмауы тиіс нәрсе. Сондай-ақ 
«Сендер менің және менің әділетті халифаларымның 
жолын ұстаныңдар» деп Пайғамбарымыз (с.а.у.) білдіріп 
кеткен пайғамбар заманындағы және оның жалғасы 
болып саналатын әділетті халифалар заманындағы әһли 


110
Мәзһаб туралы таным
сүннет уәл-жамағат жолында мұсылмандардың бірігуі 
тиіс.
Ә) Фиқһи мәзһабтардағы айырмашылық.
Кейбір мәселелердегі мәзһабтар арасы фиқһи 
айырмашылықтар – Аллаһ Тағаланың ерекше 
даналығының нәтижесінде міндетті түрде болатын 
жәйт. Бұған көптеген ғылыми себептер бар. Мәселен, 
Аллаһтың құлдарына деген мейірімі, Құран мен хадис-
тен үкім шығару нысанын кеңейту арқылы құлдарына 
кеңшілік жасау. Сонымен қатар бұл кеңшіліктің 
арқасында Аллаһтың игілігі мен фиқһи байлыққа қол 
жеткіземіз. Ислам үмметі дін мен шариғат істерінде 
кеңшілікте болғандықтан бұл салада тығырыққа тіреліп 
шектеліп қалмайды. Керісінше егер мұсылмандар бір 
имамның мәзһабында қандайда бір уақытта немесе бір 
істе қиындыққа түссе, басқа мәзхабта жеңілдік, кеңшілік 
табылады. Шариғи дәлелдердің басшылығымен бұл 
ғибадатта да, әлеуметтік жағдайларда да, отбасылық 
немесе қазылық мәселелерде де болуы мүмкін. Осы 
екінші түр мәзһабтар арасы фиқһи айырмашылықтар 
дінімізде кемшілік немесе кереғарлық болып санал-
майды. Бұлардың болмауы мүмкін емес. Себебі осы 
фиқһи ижтихади айырмашылықтарсыз толық құқықтық 
жүйесі бар ешбір қауым жоқ. Себебі негізгі шариғи 
мәтіндерде (Құран мен хадистер) бірнеше мағынаны 
білдіретін сөздер көп. Сонымен қатар Құран мен хадис 
бүкіл оқиғаны қамтуы мүмкін емес. Сондықтан бұл 
екеуі шектеулі, ал оқиғалар шексіз құбылып отыра-
ды. Ғұламалардың бір тобы былай деген: «Қияспен 
үкімдердің себебін, шариғат иесінің мұраты мен 
шариғаттың көздейтін жалпы мақсаттарын зерттеу ісі, 
сондай-ақ солар арқылы жаңа мәселелерге үкім беру 


111
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
міндетті түрде қажет». Жаңа мәселеге үкім тағайындау 
үшін тұжырым жасауда және екі ұшты мәселені сараптау 
кезінде ғұламалар әр түрлі қорытындыға барады. Содан 
барып барлығы ақиқатты көздеп, іздегенімен шығарған 
үкімдері әр түрлі болады. «Кімде-кім дұрыс тапса екі 
сауап, қателессе бір сауап алады». Міне осы қағиданың 
арқасында кеңшілік орнап, қиыншылық кетеді. 
Мәзһабтар арасындағы осы айырмашылықтардың 
болуы атап өткеніміздей игіліктер мен кеңшіліктерді 
қамтуымен қатар ең үлкен шариғи қазына болып са-
налады. Сондай-ақ бұл – Ислам үмметі мақтануға 
лайықты ерекшелік. Бірақ теріс үгіттеушілер мұсылман 
жастарының ислами сауатының аздығын пайдаланып, 
осы мәзһабтар арасы фиқһи айырмашылықты итиқади 
қайшылық сияқты көрсетіп, «шариғаттың кереғарлығын 
көрсетеді» деп жалғандықпен орынсыз азғыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет