Туралы таным


Екіншіден мәзһабты тәрк етушілерге



Pdf көрінісі
бет51/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Екіншіден мәзһабты тәрк етушілерге
Мәзһабтардан бас тартуға шақыратын, адамдардың 
барлығына жаңа ижтихад жолын жүктегісі келетін, 
бүгінгі мәзхабтар мен олардың имамдарына тіл тигі-
зетін келесі топқа келсек, жоғарыдағы мәзхабтардың 
ерекшеліктері мен имамдары жайлы жасалған баян-
дама оларға да қатысты. Сол арқылы оларды ұстанған 
мына жағымсыз жолдарынан қайтуға шақырамыз. 
Бүгін біз бөлінушілікке алып баратын мұндай жолдың 
орнына Ислам дұшпандарының қатерлі шабуылдарына 
қарсы бірлікке мұқтаж болып отырмыз. Сондай кезеңде 
олардың адамдарды адастыруын, іріткі салып саптарын 
бұзуын тоқтатуға шақырамыз. 
«Уа саллаһу алә сайидина Мухаммадин уа алә 
әлиһи уасаллама таслиман касиран. Уәлхамду лилләһи 
раббил аләмин.»


112
Мәзһаб туралы таным
Шариғатта тыйым салынған ихтилаф 
қайсысы?
Жоғарыдағы тақырыптардан кейін әлдекімнің былай 
сұрақ қоюы ықтимал: «Егер кейбір басты мәселелер 
мен ұсақ мәселелерде айырмашылық болуы табиғи 
қажеттілік, кеңшілік, қазына болса, онда Құран мен 
хадистегі қайшылыққа түсуден тыюдың не мағынасы 
бар?» 
Жауабы: Тыйым салынған қайшылықтың бірін-
шісі – қастандық пен құмарлықтан туындаған талас. 
Кітап иелерінен яһудилер мен христиандар сол үшін 
сөгіске ұшырады. Олар дәлелдің болғанына, аяттағы 
мақсаттың айқындығына қарамастан, дүниеқұмарлық 
пен менмендіктің кесірінен таласқа түсті.
Аллаһ Тағала Құранда бұл жайлы былай дейді: 
«Адам баласы жалғыз ғана үммет еді. Сонда Аллаһ 
қуандырушы, қорқытушы пайғамбарлар жіберді. 
Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім 
ету үшін олармен бірге хақ Кітап жіберді. Сол кітап 
берілгендер ашық дәлел келгеннен кейін араларындағы 
кекшілдіктен ғана қайшылыққа түсті. Сонда Аллаһ 
иман келтіргендерді олар тартысқан шындыққа өз 
ұйғаруымен жеткізді. Аллаһ қалағанын тура жолға 
салады»
75

«Аллаһтың құзырында шынайы дін – Ислам. Сондай 
кітап берілгендер өздеріне мәлімет келгеннен кейін 
араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа 
түсті. Кім Аллаһтың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз 
Аллаһ тез есеп көруші»
76
.
75
«Бақара» сүресі, 213-аят
76
«Әли-Имран» сүресі, 19-аят


113
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
«Расында Исрайл ұрпақтарына кітап, патшалық, 
пайғамбарлық және өздеріне таза ризық беріп, сондай-
ақ бүкіл әлемге үстем қылған едік. Сонымен қатар дін 
істерінде де оларға ашық түсініктер бердік. Деген-
мен өздеріне мәлімет келгеннен кейін өзара күншілдік 
қылып, мүлде талас-тартысқа түсті. Шын мәнінде 
Раббың қиямет күні араларындағы қайшылыққа 
түскен нәрселері жайында үкім береді»
77
.
Көріп отырғанымыздай сөгіс жариялануының 
себебі араларындағы қастандық пен күншілдік қана. 
Ал фиқһтағы талас мәселелерде өзара түсіністік пен 
жәрдем болатындығын айтып өткенбіз.
Тыйым салынған қайшылықтың екіншісі – 
үмметтің ауызбіршілігін бұзып, өзара дұшпандыққа 
алып баратын, ерегіс тудыратын және топ-топқа бөліп 
бір-біріне зиян келтіруге себеп болатын талас. Құран 
мен хадистің барынша қатты сақтандыратын таласы да 
осы талас. Құран Аллаһтан шынайы қорқу мен өлгенге 
дейін Исламға берік болуды әмір еткеннен кейін былай 
дейді:
«Барлығың бірдей Аллаһтың жібіне (дініне) 
жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе 
Аллаһтың берген нығыметін еске алыңдар. Өйткені 
бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын 
жарастырды, оның игілігімен туысқа айналдыңдар. 
Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді 
одан құтқарды. Осылайша Аллаһ сендерге аяттарын 
тура жолға түсулерің үшін баян етеді»
78
. Осы аяттың 
жалғасында бізден бұрынғылардың бөлінгеніндей 
бөлінбеуімізді әмір етеді: 
77
«Жасия» сүресі, 16,17-аяттар
78
«Әли-Имран» сүресі, 103-аят


114
Мәзһаб туралы таным
«Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай 
бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. 
Міне соларға зор азап бар»
79
.
Басқа бір аятта былай айтылады:
«Аллаһқа әрі елшісіне бойұсыныңдар, өзара 
жанжалдаспаңдар. Әйтпесе үрейленесіңдер де 
құттарың қашады. Сабырлы болыңдар, расында Аллаһ 
сабырлылармен бірге»
80
.
Кітап иелерінен бүлікшілер мен мүшриктердің дін-
дерін бөлшектеп топ-топқа айналғаны үшін былайша 
сөгеді:
«Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айырыл-
ғандармен ешбір байланысың жоқ. Сөзсіз олардың 
ісі Аллаһқа тән. Кейін оларға істеген істерін 
түсіндіреді»
81
.
Тағы бір аятта Аллаһ былай баяндайды:
«(Мұхаммед с.а.у.) Бәрінен бет бұрып жүзіңді 
Ислам дініне жөнелт. Аллаһ жаратылыста адам ба-
ласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуында 
өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ, адамдардың 
көбі түсінбейді. Аллаһқа бой ұсынған түрде одан 
қорқа отырып намаз оқыңдар әрі ортақ қосушылардан 
болмаңдар. Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға 
бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандар»
82
.
Ал фиқһ мәзһабтары арасында бөліну түсінігі 
болған емес. Керісінше дін тұтастығын сақтап келді. 
Мәзһаб иелері бір-бірін құрметтеп, қуаттап отырды. 
Бұған бүгінгі фиқһ әдебиеттері мен әр түрлі мәзһаб 
79
«Әли-Имран» сүресі, 105-аят
80
«Әнфал» сүресі, 46-аят
81
Әнғам сүресі 159
82
«Рум» сүресі, 30,32-аяттар


115
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
ұстанатын мұсылман елдеріндегі мұсылмандар дәлел 
бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет