123
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
сында басын ауыртудан әлдеқайда абзал. Өзгелерді де
өзі жүрген жолда көрген адам, өзгелерден ерекшеленіп
жүрген адамнан әлдеқайда көңілі жайлы болады»
96
.
2. Қателіктен пәк пайғамбар мен қателікке түсу
ықтималы басым біреуге ерудің арасын ажырату үшін
арнайы мәзһаб ұстанбау қажет. Себебі мәзхаб ұстанушы
адам пайғамбар мен жәй фиқһшы ғалымды тең көрген
болып саналады.
Жауап: Жоғарыда да айтылғанындай пайғамбарға
еру білім иелеріне ерумен, мәзһаб ұстану –
көпшілік
ғұлама қауымына ерумен болатыны белгілі. Ендеше
қалай ғана пайғамбарға еру мен мәзхабқа еруді екі
бөлек етіп көрсетуге болады.
Мұны айтқан кісінің
қатеден пәк пайғамбарға тікелей ерерліктей, шариғат
негіздерін зерттеп саралауға
осы ғұламалардан артық
шамасы жетер ме екен? Оған шамасы қайдан жетпек.
Бұл өмір шындығына қайшы ғой. Ол үшін бұл жолда
өзінен әлдеқайда лайығырақ адамдар бар. Олар –
мәзһабындағы ғалымдар қауымы. Сондықтан оларға
ереді. Олардың еңбектерін жоққа шығару – оларға
жала жабу, орынсыз табалау болып табылады. Яғни
ғұламалардың ізінен еру –
қатеден пәк пайғамбарға
еру деген сөз. Білімсіз, сауатсыз,
өз бетінше еруден
құтылып хақиқи үлгіде еру осылай болмақ.
Ғалым Мухаммад Саид әл-Бути «Әллә Мазха-
бия» кітабында: «
Егер бүкіл адам мағсум (қатеден
пәк) Пайғамбарымызға ерудің ақиқатын және Аллаһ
Тағаланың сөзін түсінудің жолдарын білсе, онда
муқаллид (еліктеуші) және мүжтаһид болып екіге
бөлінбес еді. Аллаһ Тағала бірінші топтағыларға «Егер
96
Мухаммад Ю.Х., «әл-Маусуғат-ул юсуфия». 5534-535 б.