Туралы таным



Pdf көрінісі
бет58/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

130
Мәзһаб туралы таным
ОЛ: Мен шама-шарқымша істеймін мұны.
МЕН: Мен сенің бір мәжілісте отырғаныңда 
«бір сөзбен айтылған «үш талақ» бір ғана талаққа 
жүретіндігі жайлы пәтуа бергендігіңді білемін. Сен осы 
пәтуаңнан бұрын ғалымдардың сөздері мен дәлелдерін 
қарап шығып, кейін сараптап, соған қарай пәтуа бердің 
бе? Уаймир ибн Ажланидің пайғамбарымыздың (с.а.у.) 
мәжілісінде әйеліне «үш талақ» бергені жайлы хадис 
бар. Енді сол хадис және оның аталмыш мәселеде 
алатын орны көпшілік имамдардың көзқарасына дәлел 
болады ма, әлде Ибн Таймияның көзқарасына ма? Бұл 
жайлы не білесің? (Ибн Таймия «үш талақ» мәселесінде 
төрт мәзһаб имамына қайшы пәтуа берген. Бұл жігіт 
сол Ибн Таймияның пәтуасын ұстануда)
ОЛ: Бұл хадиске қарамадым. 
МЕН: Дәлелдерінің қуаттылығы мен әлсіздігіне 
қарамастан қалайша төрт мәзхаб имамының келіс-
кен мәселесіне қайшы пәтуа бересің. Міне, сен 
өзің ұстанатын және бізді де соған шақыратын 
принципіңді тәрк еттің. Ол – дәлелдер мен үкімдерді 
сараптап қуаттысын алатын, өзің термин ретінде 
қалыптастырмақшы болған «муттабиғ» принципі...! 
Олардың ешбір дәлеліне қарамай тұрып, сені мұсылман 
ғалымдарының көпшілігіне қайшы пәтуа беруге 
асықтырған нәрсе не екен?
ОЛ: Мен не істеймін? Сұрақ қойылды... Жанымда 
да шектеулі ғана әдебиет бар еді.
МЕН: Ғұламалар мен имамдарымыз істеген нәрсені 
саған да істеуге болатын еді. Ол сенің «Мен білмей-
мін» деуің немесе ешбірімен пәтуа берместен төрт 
мәзһабтың көзқарасы мен қарсыластарының айтқанын 


131
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
білдіруің. Сенің бұған шамаң жететін. Әрі солай істеуің 
саған міндет...
Ал енді (өзің мойындап тұрғандай) дәлелдерге көз 
жүгіртпестен төрт имамның біріккен пәтуасына қайшы 
пәтуа беруің, оларға қарсы пікірдегілердің дәлеліне 
көңіліңнің бұруымен шектелуің – міне бұл бізді кінәлап 
жүрген «фанатизмнің» нағыз шегі.
ОЛ: «Шауканидегі», «Субулус-Саламдағы» және 
Сайд Сабиқтың «Фиқхус-суннасындағы» төрт имамның 
дәлелін қарап шыққан болатынмын.
МЕН: Бұл кітаптардың барлығы бұл мәселеде 
төрт имамның қарсыластарынікі. Барлығы бір тарап-
тан сөз қозғайды. Өз тараптарын қуаттайтын дәлелдер 
көрсетеді. Сен екі дауласушының бірінің ғана сөзін, 
куәсін, жақындарын тыңдап төрелік етуді жөн санайсың 
ба?
ОЛ: Мен өзімнің бұл әрекетімде сын тағылатын 
ешнәрсе көрмедім. Сұраушыға пәтуа беруім керек 
болды. Ал, менің түсінігіммен жеткен жерім сол 
болды. 
МЕН: Сен өзіңді муттабиғпін дедің. Әрі бәріміздің 
солай болуымызды парыз дедің. Муттабиғ болуды 
«мәзһабтардың көзқарасының барлығын қарап шығу, 
дәлелдерін оқу, сөйтіп сахих дәләлге ең жақынына 
сүйену» деп түсіндірген болатынсың. Енді әлгі 
әрекетіңде сен өз ұстанымыңды ысырып тастадың. 
Сен төрт мәзһаб имамдарының көзқарасы бойынша үш 
талақ берілсе, үш талаққа жүретінін білесің. Олардың 
бұл мәселе де дәлелдері барын да білесің. Әрі ол 
дәлелдерге қарамадың да. Бұған қоса олардың келіскен 
пікірінен өз нәпсің қалаған пікірге ауып кеттің. Әлде 


132
Мәзһаб туралы таным
одан бұрын мүжтаһид имамдардың дәлелдері теріс 
екендігін анық білген бе едің?
ОЛ: Жоқ. Мен іздестіріп те қарамадым. Себебі жа-
нымда жеткілікті әдебиет болған жоқ.
МЕН: Неге күтпедің? Аллаһ Тағала қайтсең де пәтуа 
бер деп жүктемесе де неге асықтың? Сенің имамдардың 
дәлелінен хабарсыз болуың, Ибн Таймияның дәлелінің 
қуатты болуына дәлел бола алады ма? Әлде, сендердің 
бізді айыптап жүрген «фанатизмдерің» бұдан басқа 
нәрсе ме?
ОЛ: Менің жанымда табылған кітаптағы дәлелдер 
мені қанағаттандырды. Аллаһ Тағала маған бұдан 
артығын жүктемейді де.
МЕН: Егер бір мұсылман өзі қарастырған кітаптан 
бір нәрсені дәлел етіп алуы, түсінігіне қайшы көрінген 
басқа мәзһабтардың дәлелдерімен таныспай-ақ, оларды 
ысырып тастауына шарт ретінде жеткілікті ме?
ОЛ: Оған сол жеткілікті болады.
МЕН: Дінге жаңадан бет бұрған, Ислам мәдениетінен 
ешбір хабары жоқ жас жігіт Аллаһ Тағаланың
Құрандағы: «Шығыс, батыс әр тарап Аллаға тән. Қай 
жаққа бет қаратсаңдар да, Алланың жүзі (разылығы) 
сол жақта»
99
– деген сөзін оқыды делік. Сөйтіп, сыртқы 
мағынасы көрсеткендей, мұсылманға намазда қалай 
қараса да болады деп түсінеді. Сонымен қатар төрт 
имамның «намазда қағба тарапына қарау шарт» деген 
пәтуаға бірауыздан келіскенін де естиді. Олардың 
дәлелі бар екенін біле тұра таныспайды да. Енді бұл 
адам намазға тұрғанда не істейді? Өзінің қолындағы 
бар дәлелден пайда болған тұжырымына ере ме, әлде 
99
«Бақара» сүресі, 115-аят




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет