134
Мәзһаб туралы таным
МЕН: Сенің атыңнан мына сөздеріңді жариялай-
мын... Бұл сөздерің өте қауіпті, әрі таңқаларлық сөз
болды.
ОЛ: Қалағаныңды жарияла. Мен қорықпаймын.
МЕН: Егер Аллаһтан қорықпасаң,
менен қалай
қорықпақсың? Сен әлгі сөздеріңмен Аллаһ Тағаланың
«Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» деген
сөзіне қарсы шығып отырсың.
ОЛ: Бауырым, ол мүжтаһид имамдардың
қателеспейтіндігіне кепілдік жоқ. Ал менің сүйенген
аятым – қатеден пәк Аллаһ Тағаланың сөзі. Қалай ғана
пәк Аллаһ Тағаланың сөзін тастап, қателесуі мүмкін
біреудің сөзін ұстанамын.
МЕН: Онда бері қараңыз! Қатеден пәк болған нәрсе
– Аллаһ Тағаланың сөзіндегі хақиқи мағына, «Шығыс
та, батыс та Аллаһтікі» дегендегідей. Құран мен Ислам
мәдениетінен ұзақ әлгі жас жігіттің түсінген мағынасы
емес. Ал енді мен екі түсінік арасын салыстыруда-
мын. Әлгі дінге жаңа кірген жас жігіт пен мүжтаһид
ғалымның түсінігі. Екеуі де қателіктен ада емес. Бірі
– білімсіздік пен үстірт ойлау дәрежесінде, екіншісі –
ғылым мен ізденістің шыңында.
ОЛ: Аллаһ Тағала оған өз ізденісінен артық ештеңе
жүктемейді.
МЕН: Онда сен менің мына сұрағыма жауап берші.
Бір адамның суыққа шалдыққан науқас баласы бар.
Оны сол елдегі
барлық дәрігерлер тексеріп, арнайы
бір дәрі беруге келісті. Балаға пенсилин салуға
болмайтындығын әкесіне ескертіп, баланың өміріне
қауіп төнетіндігін мәлімдейді. Алайда баланың әкесі
денсаулық басылымдарының
бірінен пенсилиннің
суыққа қарсы пайдалы екенін оқығаны бар болатын.
136
Мәзһаб туралы таным
Ол сенімді түрде:
«Жоқ, ешбір жауапкершілік жүктелмейді» – деді.
МЕН: Жә, сенің мына айтқан сөзіңнен кейін
біз әңгімемізді тоқтатсақ жөн болар. Бұл сөзіңмен
екеуміздің арамыздағы ортақ пікірге жетуіміз мүмкін
болатын барлық жолдар жабылды.
Сенің Ислам
үмметінің келісімді пәтуасынан (білім иелерінен сұрау
жайындағы) шығуыңа әлгі сөзің жеткілікті. Егер сен
сияқты фанаттар болмаса, «жиіркенішті фанатизмнің»
жер бетінде мән-мағынасы қалмас еді».
Иә, білімсіз мұсылман Құраннан оқыған нәрсесімен
пәтуа берсе... Бүкіл мұсылмандарға қайшы, құбыладан
өзге тарапқа қарап намаз оқыса, онысы дұрыс санал-
са... Жәй бір адам өз тұжырымына сүйеніп, өз бетінше
емдесе... Науқасты өз қолымен о дүниеге аттандырып
«Аллаһ деніңе саулық берсін» десе...
Олай болса неге олар да бізді өз жайымызға
қалдырмайды екен, біле алмадым. Біз де «өз жеке
тұжырымымызға» сүйеніп, «діни үкімдер мен шариғи
дәлелдерді меңгермеген адам құран мен хадисті өзінен
гөрі жақсырақ түсінген мүжтаһид имамдардан бір
имамның мәзһабын ұстануы тиіс» – дейміз.
Олар үшін біздің бұл
пікіріміз қаншалықты қате
болса да, «жеке тұжырым» деген қорғаушы бар емес
пе?! Құбылаға теріс қараса да, намазы дұрыс болған
адам мен баласын өлтіріп мұны ізденіс пен емшілікке
балаған кісінің пікірін дұрысқа шығарған нәрсе біздің
де пікірімізді дұрысқа шығаруда басшылыққа алын-
сын!